Шығын инфляциясы | Скачать Материал

0

1. Шығын инфляциясы
Шығын инфляциясы өнiмге баға белгiлеуде әсер ететiн ақшасыз факторларға
байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуi.
Тауар бағасының өсуi халықтың табысын төмендетiп, жалақыны қайта
индекстеу қажеттiгiн талап етедi. Жалақы өсуi өз кезегiнде өнiмдi өндiру
шығындарыныңөсуiне, пайданыңтөмендеуiне, қолданып жүрген баға бойынша
шығаратын өнiм көлемiнiң қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу
мақсатында өндiрушiлер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесiнде
инфляциялық серiппе пайда болады: бағаныңкөтерiлуi жалақыныңөсуiн талап
етсе, жалақының өсуi бағаны көтередi. Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық
серiппе” теориясы деп аталады.
Шығын инфляциясы өнiмнiңәр бiр өлшемiнiңшығыны көтерiлiп, соған
байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын
элементтердiңтек бiреуi ғана. Сонымен қатар тауар өндiрiсi шикiзат, энергия
көздерiн алу, транспорт қызметiн алу, транспорт қызметiн төлеу шығындары
көтерiлуiне байланысты да қымбаттайды. Шикiзат пен энергия ресурстарының
және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығынының өсуi бүкіл
әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор — өнiмнiң әр бiр
өлшемiнiң шығындарын төмендететiн жаңа технологияны пайдалану.
Өнеркәсiбi дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан-жылға
ауысатын бiр қалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерiнiң жобалауынша
инфляцияның бұл түрі өндiрiс пен жалпы ұлттық өнiмнiңөсуiн ынталандыру
мүмкін. Ал дамушы елдерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады.
Инфляцияға әсер ететiн факторлар, оның түрлері және инфляцияныңәлеуметтiк-
экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдiң экономикалық өсуiнiң
ерекшелiктерiне байланысты болады.

2. Халықаралық сауда қызмет жасаудың өзіндік белгілері
Халықаралық еңбек бөлінісі ғылыми теориясындағы классиктердің басты
жетістігі халықаралық сауда туралы экономикалық ілімнің негізгі өндірістік
шығындардың “салыстырмалы теориясы” болып есептелінеді. Салыстырмалы
артықшылықтар теориясының негізіне әртүрлі жағрафиялық және табиғи ортада
өмір сүретін елдер экономикаларының арасындағы табиғи өзгешеліктер идеясы
қойылған. Бір елдер өнеркәсіпті дамыту, басқа бір елдер ауылшаруашылық
өнімдерін, шикізатты өндіру керек. Өнімдермен өзара айырбас жалпы тұрмыстың
жақсаруына әкеледі. Осы шарттардың бұзылуы ұлттық өндіріс шығындардың
елеулі өсуін білдіретін болады. Мысалыға: Шотландияда жүзім өсіруге болады,
бірақ оның құны айтарлықтай жоғары, ал одан алынған шарап сирек
қолданылатын болар еді. Осы және басқа тауарларды өндіруге кететін
шығындарды салыстыру мынадай қорытындыға әкеледі: сұранс бар барлық
тауарларды өндірудің орнына, шығындарды аз қажет ететін белгілі бір
тауарларды өндірудің пайдалы екендігі. Өндірістің осы тауарға мамандануы
айырбас арқылы сыртқы нарықта басқа барлық тауарларды иемденуге мүмкіндік
береді. Халықаралық коммерциалық және қаржылық практикадағы қолданылатын
әдет-ғұрыптарды жүйелеудің маңызы зор болып отыр. Мысалы, Инкассо бойынша
үйлестірілген әдет-ғұрыптар мен ережелерінің 1978 жылғы жүргізген
редакциясын айтуға болады. Сондай-ақ, халықаралық сауда тәжірибесінде
қалыптасқан әрі қолданылатын табиғаты жағынан халықаралық әдет-ғұрыпқа
келетін сауда терминдерін түсіндіруге орай жасалған Халықаралық терминдер
жүйесін де (Инкотермс) де мысал ретінде келтіре кетуге болады. Инкотормсті
қолданғысы келген жақтар өздерінің келісілген шарттарында бұл жөнінде
көрсетуі тиіс. Инкотермстің 1990 жылғы жасалған нұсқасында халықаралық
коммерциялық тәжірибеде қолданылатын контрактылардың 13 үлгісі бар. Мұндай
контракт түрлерін бір-бірінен айыруға базистік терминдер (мәселен, СИФ,
КАФ,т.с.с.) мүмкіндік береді. Базистік жағдайлар (терминдер) тауарды
тасымалдауды және сақтандыруды, тауарға меншік құқығы алмасуын, тауардың
кездейсоқ бұлінуі мен қаупін, сондай-ақ сатушының тауарды сатып алушыға
өткізуін қамтиды. Контрактылардың базистік жағдайлары сатушы мен сатып
алушының құқықтары мен міндеттерін қалай үйлестіруге болатындығын
белгілейді.

4. Халықаралық несиенің маңызы
Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің
жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері,
банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz