Адамзатты жаһандық апаттан қалай құтқаруға болады

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

168 0 0

Ғалымдардың пікірінше, азық-түлік өндірісінде түбегейлі өзгерістер енгізу қажет

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Ұлыбританияның Лондон университеті ғалымдары жаһандық апат  пен миллиондаған адамның Жер бетінен жойылып кетуінің алдын алу үшін не істеу керектігін анықтады. Бұл туралы Phys.org баспасөз хабарламасында айтылған.

Сонымен, ғалымдардың пайымдауынша, адам баласын қырылудан сақтау үшін азық-түлік өндіру әдістері мен тамақтану рационын өзгерту керек. Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, адамзат қызыл ет пен қантты екі есе аз пайдаланып, көкөніс, жеміс пен жаңғақты екі есе көп жеу қажет.

Қазір шамамен миллиард адам аштыққа ұшыраған, тағы екі миллиарды дұрыс тамақтанбайды. Осының салдарынан рак, семіздік, диабет және жүрек-қантамыр дерттері белең алып тұр. Жыл сайын денсаулыққа зиянды тамақтанудан туындайтын ауру салдарынан 11 миллион адам көз жұмады.

Ғалымдар есептегендей, 2050 жылы 10 миллиард адамды қорекпен қамтамасыз етіп, қоршаған ортаға зиян келтіруді азайту үшін азық-түлік жүйесінде түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Яғни, әр адам күніне 14 грамнан артық қызыл ет және 250 грамнан артық сүт өнімдерін пайдаланбауы тиіс. 

Зерттеушілердің жазуынша, осы шаралар арқасында атмосфераға шығарылатын метан көлемі қысқарып, мал өрісі үшін ормандарды жойылмайтын болады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/