Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

0

Мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек 2019 жылдың көктеміне жоспарланған.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары – орта салмақтағы чемпион Сауль «Канело» Альварес пен IBF титулының иегері Дэниэл Джейкобс рингте кездеседі. Үздік боксшылардың арасында жекпе-жек 2019 жылдың 4 мамырына жоспарланған.

Алдағы жекпе-жек туралы боксшылардың өздері мәлімдеді. Дегенмен қай қалада және қандай аренада өтетінін хабарлаған жоқ, деп жазды sputniknews.kz.

«Синко Де Майо қарсаңында келесі жекпе-жегімді өткізетінімді қуана хабарлаймын. Жеңімпаз атанатыныма күмән келтірмеймін, сонда орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағына бар-жоғы бір қадам қалады», — деп мәлімдеді Сауль «Канело» Альварес.

Ал америкалық Дэниэл Джейкобс бұл кездесуді көп күткенін және жеңісті қолдан бермейтінін айтты.

«Бұл мүмкіндікті көп күттім. «Канелоны» жеңетініме әрқашан сендім, 4 мамырда оны дәлелдеуге мүмкіндік аламын», — деді Джейкобс.

Айта кетейік, бұған дейін екі боксшы да бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескен. 2018 жылдың қыркүйегінде екінші жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварес GGG-ді жеңіп, барлық белбеуін тартып алды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/