Бердібек Сапарбаев «СНПС — Ақтөбе көлік компаниясының» басшысына қатаң талап қойды
Жұмысшылардың саны мен жалақысын арттыру жөнінде де талап қойылды.
Облыс әкімі өңірдегі ірі көлік тасымалдау компаниясының басшысына жаңа тапсырма берді. Бұл туралы zakon.kz Aktobenews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бердібек Сапарбаев «СНПС-Ақтөбе көлік компаниясының» жұмысшыларымен жыл сайынғы кездесуде болды. Қармағанда 1200-ге жуық адам қызмет атқаратын ірі компания басшылығына облыс әкімі жаңа тапсырма берді.
«Үшжақты меморандум түгелдей орындалып келе жатыр. Экономикалық көрсеткіш өткен жылдан төмен болмасын. Ақтөбеден өзге өңірлерде болатын тендерлерге қатысып, қосымша қаржы тапқан жөн. Жетім балаларға, мұқтаж отбасыларға биыл да көмек көрсету керек», — деді облыс әкімі.
Сонымен қатар жұмысшылардың жалақысы мен санын арттыру жөнінде талабын қойды.
«Ең үлкен мәселе жұмысшылардың саны қысқарып қалмасын. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты бойынша жыл сайын жалақыны 7-10 пайызға өсіру керек. Сіздерде де еңбекақымен қатар жұмысшылардың да саны көбеюі қажет. Бізде жоқ мамандар болмаса қытайлықтарды жұмысқа алуды тоқтату керек», — деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.
Шара соңына үшжақты меморандумға қол қойылды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/