«Канело» төрт чемпиондық белбеу үшін Джейкобспен жұдырықтасатынын мәлімдеді — Бокс

0

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және The Ring белбеулерінің иегері мексикалық Сауль «Канело» Альварес (51-1-2, 35 КО) осы дивизионда IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпиондық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек 4 мамырда Мексиканың ұлттық мерекесі «Синко де Майо» күні өтеді. Жекпе-жек туралы боксшылардың өзі, промоутерлер мен DAZN стриминг агенттігі ресми мәлімдеді. Алайда әзірге өтетін қала мен арена аталмай отыр.

Альварес те, Джейкобс та соңғы рет Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан: мексикалық 15 желтоқсанда үшінші раундта ұлыбританиялық Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBA белбеуін тартып алған, ал Джейкобс 27 қазанда төрешілер шешімі бойынша украиналық Сергей Деревянченконы (12-1, 10 КО) жеңіп, IBF чемпионы атанды.

Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жекке қызығып отырған жоқ — мексикалықтың промоутері


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz