Атышулы Жан Ахмадиевті “Байзақованың баласы менікі” деген сөзі үшін әйелі үйде “қырған”

0

Атышулы рэпер Жан Ахмадиев “Айжан Байзақованың әкесі менмін” деген сөзі үшін  үйде әйелінен сөз естіген. Анық-қанығын білу мақсатында біз рэпердің өзіне хабарласқан едік.

“Ең бастысы ол кімнің баласы болғаны емес, адамның баласы болса болды ғой, оны әзілдеп айтқаным көрініп те тұр ғой. Бірақ жұрт сенгіш болып кеткен де. Сондай нәрселерді ұнатады деген сияқты. Әркімнің ұясы бар, әркімнің құпиясы бар дегендей, бұл қалжың сөзім шындыққа жанаспайды”, – деді Жан Stan.kz сайтының тілшісіне.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желілерде Жан Ахмадиевтің басқа атышулы блогер Айжан Байзақованың баласының әкесі мен деген сөзі таралып кеткен еді.

Халықтың арасында көптеген пікір тудыратын блогер Айжан Байзақова 2018 жылдың 1 желтоқсанында, Президент күні, дүниеге ұл бала әкелген еді.