Нұрлан Әлімжан екінші рет шаңырақ көтерді (фото)
Есімін жасырған NUR.KZ оқырманы танымал актер Нұрлан Әлімжанның шаңырақ көтергенін хабарлады.
Атын атамауды жөн санаған оқырманның айтуынша, актердің таңдауы 1997 жылғы Қазалының аруына түскен.
Алайда жеке өмірін құпия ұстайтын актер екінші рет отбасын құрғаны жайлы әлеуметтік желіде жақ ашпаған.
Еске сала кетейік, Нұрлан Әлімжан 2015 жылы Майя Бекбаеваның «Моя история» бағдарламасында бұрынғы жұбайымен жолы екіге айырлғанын айтқан еді.
Актердің бірінші әйелінен үш баласы бар. Балаларының анасына үлкен құрметпен қарайтынын айтқан актер тіпті жеке өміріне қатысты ел арасында жүрген алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойған болатын.
Айта кетейік, танымал әртіс әрі әнші «Небо моего детства», «Путь лидера», «Разрывая замкнутый круг» және тағы басқа фильмдерімен талайдың назарына іліккен.