Ахмет Байтұрсынұлы, адамдық диқаншысы өлеңі

0
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5. Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
• Шығарма мазмұнымен таныса отырып, тірек ұғымдарды таба алады.
• Мәтінді мағыналық бөліктерге бөле отырып, өлеңнің идеялық мазмұнын анықтайды.
• Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ұсынады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды ажырата алады (метафора).
• Оқушылар мәтін мазмұны бойынша тың идеялар ұсына алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
• А. Байтұрсынұлы өмір сүрген кезеңнің тарихи сипатын түсіндіре алады.
• Өлең идеясын өз сөзімен тұжырымдай алады.
Бағалау критерийлері: • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
• Әңгіменің мазмұндық тақырыбы мен идеясын ажырата алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:
Өлеңнің мазмұнының идеясы мен тақырыбын түсінеді.
• Әдеби — теориялық ұғымды есте сақтайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Адамдық тұқымы, көңілін көгерту, қор болған еңбек, диқаншы, садақа, жүндеу, қамыт, жасық, бейнет, зейнет, таяққа еті үйрену, метафора, алмастыру.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Адамдық диқаншысы, Ахмет Байтұрсынұлы, «Малым — жанымның садақасы, жаным — арымның садақасы», қамыт кию, қамшы жеу, сөз маржаны.

Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Ақын өлеңді неліктен «Адамдық диқаншысы» деп атады?
2. Диқаншы деген кімдер?
3. Диқаншы мен «Адамдық диқаншысы» өлеңінің арасында қандай байланыс бар?
Сіз неліктен… екенін айта аласыз ба?
«Малым — жанымның садақасы, жаным — арымның садақасы» мақалы шығарманың негізгі түйіні дегенге келісесің бе?
Алдыңғы оқу: Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпаратпен таныс.
Мысал өлеңдер туралы біледі.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Тарих, Өзін — өзі тану, Биология.
Құндылықтарға баулу: «Мəңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын сақтау, еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу. Сын тұрғысынан ойлау. Жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезіну.

Сабақтың басы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесемін.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалаймын.
3. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу, бір — бірінің жақсы мінез — құлық қасиеттерін тани отырып, сыйластық пен достықты қалыптастыру мақсатында шеңбер бойында тұру ретіне қарай «Оң жағымда…» тренингі өткізіледі.
4. Сыныпқа қима қағаздағы «Әдептілік», «Ар — ұят», «Адамдық», «Белгі» сөздерін алғыза отырып, «Сөзден — сөйлем» әдісі арқылы топтарға біріктіремін.

ІІ. Үй тапсырмасы.
Сыныптық жұмыс. «Тәрбиенің қайнар бұлағы» тарауы бойынша алған білімдерін «Зымыран сұрақтар» әдісімен қорытындылаймын.
Кері байланыс:«Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісі

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/