Алматыда тікұшақ құлады
Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға туралы ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті растады.
Төтенше оқиға сағат 16.00 шамасында Наурызбай ауданындағы “Таусамалы” ықшамауданында болды.
“Алатау” шипажайының ашық аумағында Sky Service әуе компаниясының Eurocopter-130 маркалы жеке тікұшақ құлап қалды, тікұшақ өртенген жоқ, – деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Тікұшақ бортында болған 1968 жылы туған пилот Валентин Шитов жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Әуе көлігі Боралдай әуежайынан Үлкен Алматы көліне бағыт алған.
Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!
Дереккөз: Baribar.kz