Роналду науқас қырғыз қызының жағдайын сұрап барды

0

Әйгілі футболшы Криштиану Роналду мен оның әйелі Джорджина Туринде емделіп жатқан кішкентай қырғыз қызының хал-жағдайын білуге келген.

Бұл жаңалықпен Facebook жілісінде қырғызстандық онколог-дәрігер Дамира Байзақова бөліскен.

Дәрігердің мәліметінше, Юна есімді жергілікті кішкентай тұрғыннан сүйек саркомасы анықталған. Балақай қазір Италияның Турин қаласында ем қабылдап жатыр.

Әйел адам қыз баланың халін білуге ФК «Ювентус» бірнеше ойыншысы келгенін оның арасында әйгілі Криштиану Роналдудың да болғанын мақтанышпен айтты. Ол науқас қызға әйелі Джорджинаны ерте келген екен. Олар Юнаға сыйлықтарын табыстаған.

Байзақова өз кезегінде қыз баланың өмірі үшін күресіп жатқан ақ халаттыларға үлкен алғысын айтса, желі қолданушылары балақайдың тезірек сауығып кетуін тілеуде.



prosports.kz