Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының зерттелуі

0

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының зерттелуі
1.2 Ойынның педагогикалық тәрбиелік мәні

ІІ Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің әдістемесі
2.1 Ойын арқылы балалардың оқуға қызығушылығын арттыру
2.2 Мектепке дейінгі балалардың оқу іс — әрекетіндегі ойынның технологиялық маңызы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3

5
5
7

17
17

22

26
29

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер — мемлекетіміздің мығым тірегі — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас өспірімдердің жан — жақты даму негіздері — мектепке дейінгі мекемеден бастау алады.
Ерте заманнан — ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып — білудің, белсенді іс — әрекеттің алғашқы түрі заттық іс — әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте — бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс — әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап — сезу, байқап — тану арқылы емес, тікелей араласып, іс — әрекетке көшуін нақты қарым — қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным — түсінігі, іс — әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс — әрекетімен жалғастырылады. Ойын — бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын — айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл — қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді. Алайда, функционалдық тенденция концепциясының негізін салған Д. Узнадзе: Ойын артық әл-қуатты сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін — еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың өз бағыты бойынша бір — бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әр түрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді, — деген. Жетілгісі келіп тұрған күштердің қарбалас қимылына сәйкес келмейтін әрі оған ықпал етпейтін ойын мен ойыншық баланы тез жалықтырып жібереді. Көптеген функциялар 7-9 жасқа жеткенінше мейлінше жеделдете дамиды да, ойынға деген құштарлық осы кезеңде күшейе түседі, ал ойын дамуды басқаратын іс — әрекеттің түріне айналады.
Курстық жұмыстың мақсаты: ойын — мектепке дейінгі жастағы негізгі іс-әрекет ретінде түсіндіру.
Курстық жұмыстың мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
— мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің теориялық негіздерін анықтау;
— мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының зерттелуін талдау;
— ойынның педагогикалық тәрбиелік мәнін зерделеу;
— мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің әдістемесіне талдау жасау;
— ойын арқылы балалардың оқуға қызығушылығын арттыру
— мектепке дейінгі балалардың оқу іс — әрекетіндегі ойынның технологиялық маңызын түсіндіру.
Зерттеу объектісі: тәрбие ретіндегі ойын әдістері
Зерттеу әдістері: фактілерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық, тарихилылы әдістер қолданды
Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынының зерттелуі

Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым — қатынасты да нақтылап көрсетеді. Д. Элькониннің атап өткеніндей, мұнда балалар өзара сәйкес рөлдерді тасымалдаушылар (ересектерді өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға тікелей қатысушы болады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рөлдік ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.
Ойын балалардың негізгі іс — әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық — физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным — көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Осындай сәтте баланың өзіндік саналары, оның шындыққа, адамдарға қарым — қатынасы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу — бала талантын жеделдете дамытып, жан — жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз. Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады.
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында. Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже, ойын әрекеті адам іс — әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек.
Балалармен жұмыс істеу ойынында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты — баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Ойын процесі баланың қоршаған ортаға бақылау жасауы ретінде қарастырылады.
Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырылады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді жай фрустрациядан арылады.
Олар физиологиялық көптактіні сезеді, өз қажеттіліктерін қанағаттандырады, әлеуметтік формадағы агрессияға жауап қайтарады және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойын балаларда елесті бекітуге, мәдени байлықты сіңіруге және белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Бала ойнағанда бөтен тұлғаның рөліне тек еніп қана қоймайды, сонымен қатар өз жекелігін кеңейтеді, байытады және түгендетуге тырысады.
Ойын баланың ішкі әлеміне нақты форма мен өрнек береді. Ойында эмоциональды маңызды тәжірибені ой өрнегі алады. Ойынның негізгі функциясы шын өмірдегі бейнеленбейтін нәрсені жағдайдың бақылауына айналдыру. Бұл балаларға қиыншылықтарды білуге мүмкіндік беретін символикалық репрезентация арқылы жасалады. Ойын бала үшін өз пікірін білдіретін символикалық тіл болғандықтан, психолог ойынды пайдаланады. Балалар ойын арқылы қарым-қатынас жасайды. Егер ойынды коммуникация құралы екенін мойындасақ, балалар ойының бұдан да толық бағалауға болады.
Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелері мен сезімдерін шығару — табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.

1.2 Ойынның педагогикалық тәрбиелік мәні

Ойын — бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан өз ойымен бөлісуді талап ету; яғни автоматты түрде қарым — қатынастағы барьерді жасату. Жоғарғы қатынас денгейге көтерілу үшін сөзді пайдалануы қажет. Ойын сезімдердің берілуімен және кемшіліктердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вугвальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезгенін айту үшін когнитивті, вугвальды құралдары жетіспейді эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қабілетті емес екенің білеміз.
Сөз символдардан құралады, ал символдар — абстракция. Онда біздің сөзбен айтылатын дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таңқаларлық жай емес.
Баланың әлемі — бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын — бұл баланың нақты өз ойы және өз әлеміне қалыптасу тәсілі.
Ойын — бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс-әрекет. Бала ойын процесінен қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді. Оның нәтижесі маңызды да емес. Ойында баланың физиологиялық, сана-сезімдік, эмоционалды сапалары творчестволық процеске қосылады және оған әлеуметтік әрекеттері қажет болуы мумкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.
Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдаушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады. Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру мен қарым-қатынас құралы болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде балалар өз сезімдерін және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады. Балалардың кейбір қарым-қатынас жасау және айту динамикасы үлкендердікімен бірдей, ал біраз сезімдері бөлектеу (мысалы, қорқыныш, қанағаттану, бақыт).
Сезімдерін жеткізуде немесе бастап кеткендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзік сезінетін эмпатикасы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады. Балалар айта алмайтындарын айту үшін, өздері жасауға ыңғайсыз санайтын әдеттерді жасау үшін ойыншықтарды пайдалануы мүмкін. Ойын — өз ойын айту үшін символикалық тіл. Және ойын бала қандай күй кешкенін, оған қалай қарайтынын, қандай арман-тілектері бар, қандай қажеттіліктер туатынын ашып бере алады.
Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Ойын — бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Ойын жұп арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынастар жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады да баланың қабілеті, белсенділігі артады.
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мазмұндық-рөлдік ойында баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруға зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандырып, шаттанып, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын үстінде бала ересек адамдардың әрекеттерін қайталауға тырысады. Мазмұндық- рөлдік, әсіресе, интелекттік (ақыл-ой) ойындар белгілі бір ережелерді сақтап ойнауды талап етеді.
Осындай ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім процестерін де дамытады. Бала ойынына басшылық ету, мазмұндық-рөлдік ойындарын қадағалау, тәрбиелік маңызы бар ойындар ұйымдастыру — мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі.
Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді: бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т. б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойнаудың өзгеше бір сыртқы тізгегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі (және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы) ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды.
Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял мен ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.
Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі — балаларда қарым-қатынас пайда болады. Элькониннің айтуы бойынша, балаларға үлкендер әлемі идеалды форма болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі — ойын [31].
Сезімдерін жеткізуде немесе бастан кешкендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзік сезінетін, эмпатикалы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады.
Ойын баланың өз тәжірибесін, өз жеке әлемін ұйымдастыруға талпынысын көрсетеді. Ойын үдерісіне бала жағдайды бақылау сезімін бастан кешіреді, типті шын мәніндегі жағдайлар бұған қарсы келсе де. Баланың бұл талпынысын Фрэнк былай түсіндіреді: Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып, өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауға және қатынастарда араластыра отырып ойнайды.
Осылайша, бала өзінің «Мен» образын, өз мүмкіншіліктерін және міндеттемелерін үзіліссіз қайта қарап ашады.
Аналогия түріндегі ойында бала ойын материалдарымен манипуляция жасай отырып, өз мәселелері мен шиеленістерін шешуге тырысады.
Ойындағы бала әрекеті деген ұғым психологқа баланың ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін нұсқауды береді.
Бала әлемі — бұл іс-әрекеттер мен қозғалыстар әлемі болғандықтан, ойын әсерлері психологқа баланың қиындықтарын бөлісуге және эмоционалды өміріне қатысуына рұқсат етіледі. Бала ойынға толығымен енетін болғандықтан, экспрессия және сезім балаларда ерекше нақты және осы сәттік болып өтеді; Бұл баланың іс-әрекеті, сезімі және эмоциясына көңіл аударуға мүмкіндік береді.
Ойын арқылы әсер ету үдерісінің стадиялары мұғалім мен бала арасындағы өзара әрекет етуінің нәтижесі ретінде пайда болады.
Баланың ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсінеді. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістеріне ұялып, одан арылғысы келеді. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен бір бала өзінің ұйымдастырғыштық қабілетін байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық-эстетикалық қалыптастыруын әсер етеді.
Ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, оның құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады [30].
Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.
Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Ойын қызметіне деген бейімділік бәрінде болмайды және ол темперамент ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ұялшақ балалар ақыл — ой қызметін, спорттық немесе компьютерлік ойындарды қалайды. Бірақ бұл тең ауысым емес. Оларды дәстүрлі ойындарға қалай үйретуге болады?
Біріншіден, өзіңіз баламен ойнауыңыз керек. Бұрын өзіңіз, ата — анаңыз қалай ойнайды, қазір қандай ойындар бар туралы еске алып, айтып беруіңіз керек.
Екіншіден, ойынға делдал — қатысушыны — қуыршақты, көрші баланы, баланың ағасы немесе әпкесін қатыстыру керек.
Үшіншіден, баланың барлық мүмкінді белсенділік танытуын және қиял — елесін көтермелеп, оның жаңа сөздер, бейнелер, ассоциациялар, жаңа ойындар мен жаңа рөлдер ойлап табуына мүмкіндік жасау керек. Егер ол ұялатын болса және қажетті артистизмге ие болмаса, оған режиссер немесе сыншы болуды ұсыну керек.
Заттық іс-қимылдардың қажетті даму деңгейінен басқа ойынның пайда болуы үшін баланың үлкендермен жасайтын қарым-қатынастарының түпкілікті өзгеруі керек. Бала 3 жасқа жақындағанда ол өздігінен іс-қимыл жасауға қабілетті болады да, оның жақын адамдармен бірігіп қызмет жасауы ыдырай бастайды. Сонымен қатар ойын өзінің шығу тегі жағынан да, мазмұны жағынан да әлеуметті болып келеді. Ол жиі үлкендермен толыққанды қарым-қатынассыз және баланың үлкендер арқылы алатын түрлі әсерінсіз дами алмайды.
Ерте балалық және мектепке дейінгі кездің шекарасында балалар ойынының алғашқы түрлері пайда болады. Бұл бізге белгілі режиссерлік ойын. Онымен бірге бір уақытта немесе кейінірек рөлдік-бейне ойындар пайда болады. Онда бала өзін кез келген адамға және нәрсеге ұқсатады және соларға сәйкес іс-қимыл жасайды. Мұндай ойынның міндетті шарты болып ашық және қарқынды жан толғанысы табылады: баланы көрген оқиға таң қалдырғаны соншалық, ол ойындық іс-қимылдарында өзінің қатты эмоционалдық үн қатуын тудырған бейнені көрсетеді.
Режиссерлік және рөлдік-бейне ойындар мектепке дейінгі жастың ортасында өзінің дамыған түріне жететін сюжеттік-рөлдік ойынның бастауы болып табылады. Кейінірек одан ережелері бар ойындар бөлініп шығады. Жаңа ойындардың пайда болуы бұрын меңгерілген, ескі ойындарды толық жоймайды, олардың бәрі сақталады және жетілдіріле береді. Сюжеттік-рөлдік ойындарда балалар нақты адамдардың рөлін және қарым-қатынастарын көрсетеді.
Сюжет — ойында көрсетілетін нақты өмірдің саласы. Алғашында бала отбасымен шектелетін болғандықтан, оның ойындары ең алдымен отбасы, тұрмыстық мәселелермен байланысты болады. Кейін, өмірдің жаңа жақтарын меңгеру бойынша, бала аса күрделі сюжеттерді пайдалана бастайды.
Баланың ойында көрсететін үлкен адамдардың қызметіндегі және қарым-қатынастарындағы сәттер ойынның мазмұнын құрайды.
Бірте-бірте ойындық іс-қимылдар өзінің алғашқы маңызын жоғалтады. Нақты заттық іс-қимылдар қысқарады және жинақталады, ал кейде тіптен сөйлеумен орны ауысады.
Сюжет пен ойынның мазмұны рөлде көрініс табады. Мектепке дейінгі жоғары жастағы балалардың ойыны ережелері бар ойындармен жалғасады.
Сөйтіп, ойын өзгеріп отырады да, мектепке дейінгі жастың соңына қарай жоғары даму деңгейіне жетеді. Ойынның дамуында 2 негізгі саты немесе кезең бөлініп шығады. Бірінші кезең үшін (3-5 жас) адамдардың нақты іс-қимылдарының логикасын көрсету сипаты; ойынның мазмұны болып заттық іс-қимылдар табылады. Екінші кезеңде (5-7 жас) адамдардың арасындағы нақты қарым-қатынастардың үлгісі көрсетіледі және ойынның мазмұны болып әлеуметтік қарым-қатынастар, үлкен адам қызметінің қоғамдық мәні табылады.
Мектепке дейінгі орта және жоғары жаста балалар, өздеріне тән жекеленуге қарамастан, ойын кезінде де, алдын-ала рөлдерді бөлістіріп, бір-бірімен келісе алады.
Егер бір себеппен бірігіп ойнау бұзылатын болса, қарым-қатынас жасау үдерісі де бұзылады.
Ойын баланың құрдастарымен қарым-қатынас жасауын ғана емес, сонымен қатар оның ерікті тәртібін де қалыптастырады. Өзінің тәртібін басқару механизмі — ережелерге бағыну — ойын кезінде қалыптасады, кейін қызметтің басқа түрлерінде көрінеді. Өзін-өзі бақылау мектепке дейінгі жастың соңында пайда болады, сондықтан балаға алғашында сыртқы — ойын кезінде оның жолдастары жағынан — бақылау керек. Балалар алғашында бірін-бірі бақылайды, кейін — әркім өзін-өзі.
Ойында баланың қажеттілік — түрткі жағы дамиды. Оның қызметінің жаңа түрткілері және онымен байланысты мақсаттары пайда болады.
Бала ойыны — жеке қабілеттердің (елес+ес+қабылдау) жиынтығы емес, тәртіптің ерекше түрі деп есептей отырып, Д. Б. Эльконин ойынның сапалы ерекшелігі сақталып қалатын талдау бірлігін іздеді. Ол мектеп жасындағы рөлдік ойынның жайылған және дамыған түрін негізге ала отырып, рөл және онымен байланысты іс-қимылдар дамыған ойын түрінің негізгі, бөлінбейтін бірлігін құрайды деп болжады. Рөл мен оған сәйкес баланың іс-қимылдары сипатының арасында тек қана тығыз функционалдық өзара байланыс қана емес, сонымен қатар қарама-қайшы бірлік те бар.
Д. Б. Эльконин ойынның мазмұны мен оның сюжетін (немесе тақырыбын) ажыратты. Ол ойынның бір ғана тақырыбында немесе сюжетінде түрлі жастағы балалар түрлі мазмұнды көрсетеді деп жазды. Оның айтуы бойынша, ойынның бірлігі ретінде рөл өзінде жайылған, дамыған ойын түрін береді және шоғырландырады.
Ойынның толық және жайылған түрі екі такттан: «шақыру» және «шақыруға үн қатудан» тұрады.
Ойнап жүрген баланың субъектісі іс-қимылдар түрткісін сезінетін ерекше «функционалдық органды» — ойынның толық түрін құрайды. Ойынның толық түрінде бір рөлдік іс-қимыл (мәні айқындалатын) басқа рөлдік іс-қимылмен арнайы шақырылады; бала осы екі іс-қимылды байланыстырады да, біріншіден екіншіге өтуді құрастырады.
Ойынның бірлігі болып жеке алынған бір ғана рөл емес, басқа рөлдерге қатысы бар рөл, яғни рөлдердің арақатынасы саналады. Қазіргі бес жастағы балалардың ойынында ойынның толық түрімен бірге редуктелген екі тактілік ойын түрі де бар.
Ойын әрекетінен басқа бала әрекетінің бірі — сурет салу.
Зеньковский бойынша сурет салу стадиялары:
1-стадия — бұлғау. 1 жастан 1,5 жаста басталады. Бала қаламсап, қарандашты тұңғыш рет қолына алғандықтан, ересек адамның іс-әрекетіне еліктеу жасайды.
2-стадия — шимайлау аяқ асты сәтті болған сызық белгілі бір образға әкеледі. Осының нәтижесінде бала доп, шар т. б. сала бастайды.
3-стадия 4-5 жаста басталады да 9-10 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Обьектіні танып білуге болады, алайда ол схемалы. Ересектерге қарағанда балалар бір-бірінің суреттерін жақсы тани алады. Суреттің ерекшелігі олардың интеллектісінің дамуына байланысты.
4-стадия. 10-11 жаста басталады. Суреттер шындыққа сәйкес, схемалы түрден арыла бастайды.
Адамның жеке басының дамуы үшін ойынның неғұрлым маңызды мәні бар. Балалар өздері үлкендер ролін ала отырып, олардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын елестетіп, үлкендер өздері еңбек және қоғамдық қызметте, өзара қарым-қатынаста жетекшілікке алып жүрген мінез-құлық ережелері мен қағидаларының өздері түсінген түрлерімен танысады. Мысалы, бала шеберханадағы жұмысшының ролін орындағанда оның өз ісіне деген жауапкершілігін, ал дәрігердің ролін орындағанда ауруға деген қамқорлық пен ілтипаттылықты көрсете білуге тырысады. Ойын балаларды баурап алады. Бейнеленетін кейіпкерлер басынан кешетін сезімдер балаларға деген сүйіспеншілік, жан ашу, үлкендерді сыйлау т. б. — олардың шынымен-ақ толғандырады. Ойында пайдаланатын қуыршақтарға, ойыншық жануарларға балалар сүйіспеншілік, сүйемелдеушілік, мейірімділік көрсетеді. Ойынға қызығу рольді жақсы орындап шығу тілегінің күштілігі сонша — тіпті бұл жағдайларда балалар былайша алғанда қиын, тартымсыз іс-әрекеттерді орындап шығады немесе ойын барысында пайда болатын өзге тілектерін қанағаттандыруда бас тартады. Әйтсе де, ойында қол жеткен табыстарды балалардың тікелей басқа жағдайларға, өздерінің күнделікті мінез-құлқына аударуы мүмкін деп ойлаудың … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz