Ойындар топтамасы

0

Ойын: «Сымсыз  телефон»

Ойын  бастаушы:  

Қызық  ойын  бұл  өзі,

Аты  «Сымсыз  телефон»

Ол  хабарын  үзеді,

Кібіртіктеп, бөгелсен.

Ал,балалар!

Баған  боп,

Қатар-қатар  тұрындар.

Жүрмес  үшін  алаң  боп,

Ойын  шартын  ұғындар.

Ең  сенімді, батылың,

Тұр  тізбенің  басына.

Сыбырлаймын  ақырын,

Жақын  келіп  қасына.

Қайта  сұрап  өршіме,

Ойын  шартын  ұғын  да,

Не  естідің, көршіңе,

Сен  де  жаймен  сыбырла.

Көршің  естіп,  ұққаның,

Көршісіне  сыбырлар.

Мықты  болсын  ұстамын,

Даурықпандар  дыбырлап,

ойын түрлері, ойындар, балаларға арналған, ойын, ойын сабақ

Ойын  басталды.

Ойын  бастаушы Бұл  ойынға  сай, жаңа

Тізбек  басы  қай  бала?

(Балалар  атын  айтады.)

Менің  атым  Айбала

Ойын  бастаушы:

Айтқан  сөзді  ұғып  ал,

Құлағына  құйып  ал!

Жеткіз, білсін  бар  адам.

(Сыбырлайды  «Барабан»)

Ескерту:                  

Бастаушымыз  өзіңнен:

«Не  естідің?» — деп  сұраса.

Айт, жаңылма  сөзіңнен,

Кідірме  де  тым  аса.

Кешірмейді  мініңді,

Қате  болса  жауабын.

Сым  қай  жерден  үзілді,

Іздестіріп  табады.

Сөзді  қате  естіген,

Және  қате  жеткізген,

Бала

Айып  орнына,

Тұрар  тізбек  соңына.

Жасырылатын  сөздер: (тырна, сүлгі,жаңадан).

«Соқыртеке»  ойыны.

Ойын  бастаушы: Тартынбайық  жатырқап,

Қатарға  тұр, кел  енді.

Ал  ойнайық  асыр  сап

«Соқыртеке»  дегенді.

Ортамыздан  біреуді,

«Соқыртеке»  сайлаймыз.

Сүзбес  үшін  бұл

Елді,

Көзін  тас  қып  байлаймыз.

Қалғандарын  дауыстап,

Дейсің:

«Соқыртекесің»…..

Өздеріңді  сақ  ұстап,

Бір-бір  түртіп  өтесің.

Ұстаймын  деп  біріңді,

Ол  іздейді  жүгіріп.

Сен  шығарма  үніңді,

Ұстатпа,

Қаш  бұрылып.

Ол  ұмтылса  біріңе,

Түрткілеңдер  екіншің.

Бос  қарманып,

Түңіле,

Өз-өзінен  өкінсін.

Ойын  басталды:

Соқыртеке  болған  бала:

Қараңғыда  көзім  жоқ,

Тиіп  кетсе  сөзім  жоқ.

Ұстап  алсам  өзіңді,

Мен  ашамын  көзімді.

Ойынға  қатысушы  балалар:

Суқараңғы  текесің

Бақылдайсың: «Бақ-бақ!»

Текке  лағып  кетесін,

Өзіңді  өзін  мақтап.

(Соқыртекені  балалар  түртеді  де,  қаша  жөнеледі):

Кіммін,  қане,

Тап! Тап!

Ескерту:                 

Ұстап  алса  біріңді,

«Соқыртеке»  ойнында.

Кешірмейді  мініңді,

Жеңілісті  мойында!

«Қараңғыда  көзім  жоқ,

Тиіп  кетсе  сөзім  жоқ…»

Деп  ойынды  жалғастыр

«Соқыртеке»  өзің  бол.

Загрузка…

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

erketai.org