Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні | Скачать Курстық жұмыс
Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе
1 Қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні
1.2 Қаржылық жоспарлаудың түрлері
1.3 Қаржылық жоспарлаудың нарықтық экономикадағы рөлі
2 ҚР қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
2.1 ҚР қаржысының жоспарлаудың субьектілері
2.2 ҚР Бюджеттік жоспарлау және атқарылуын бақылауы
2.3 ҚР кәсіпорындардың қаржылық жоспарлаудағы тәуекелдерді төмендету әдістері
3 Қаржылық жоспарлауды жетілдіру жолдары
3.1 Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірбиесі
3.2 ҚР қаржылық жоспарлаудың мемлекеттік бағдарламалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
7
12
16
16
17
24
27
27
28
32
34
кІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмі болжау мен жоспарлау болып табылады, яғни олардың экономиканы басқаруда рөлі жоғары. 90 — жылдардың басында мамандар Экономиканы жорспарлаудың керегі жоқ, оның дамуын нарықтың өзі — ақ ретейді — деген қате пікір айтты. Енді одан 5 — 6 жыл өткеннен кейін халық шаруашылығы саларының даму барысын стратегиялық жағынан да болжау — жоспарлау керек екендігін өмір дәлелдеп берді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігін құрды.
Ал индикативті жоспарды әзірлеу алғашында экономика министрлігіне, кейін Экономика жоспарлау агенттігіне тапсырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 13 қазанында қол қойылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесін жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы Жарлығына сәйкес жоғарында аталған функцияны қайта құрылған экономика және сауда министрлігі атқарады [1].
Жұмыстың мақсаты. Зерттеу жұмысына қатысты өзекті мәселелер қаралады, яғни жоспар дегеніміз — алдыға белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу, ал жоспарлау — экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік — экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты — экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1) қоғамның әлеуметтік — экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау;
2) жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;
3) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми — техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4) жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық өатынастарын) анықтау т.с.с.
Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік, кешендік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары (принциптері) мен әдістері жатады.
Ал, индикативтік жоспарға келсек, оның мынадай түрлері бар: стратегиялық, орта мерзімдік және жылдық жоспарлар.
Республика Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған Қазақстан — 2030 — жоспары стратегиялық жоспарға жатады [2].
Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлттық экономика дамуының ұзақ мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін жүзеге асыруды көздейді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеліп отырған Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері атты курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттен тұрады.
1 Қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі). Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлау экономикада қаржы жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмінің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлу экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылманған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпклікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі [3].
Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді (жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқауларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
* экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерін динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
* корреляциялық регрессиялық талдау;
* тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық үйлестіруші рөлді орындайды және қарды қызметінің субъектілеріне эконмикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік теттеуде және экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталды.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасады.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. Арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттрді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген аморизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляяцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдарлың нормалары [4, 26].
1.2 Қаржылық жоспарлаудың түрлері
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлеріндегі жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.
Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстын есеп қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық , қажеттерге (әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияяларының түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.
Жиынтық қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтын қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйласімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша кердеит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министраліктер мен ведомстволарға нақтылы бекітусіз жасалынадын. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілер, яғни мекен жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстардада сондай. Бұл баланстың көмегімен мемлекеттік бюджет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады [5, 30].
Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттігімен туындайды.
Мемлекеттік бюджет қаржы жоспарлары мен болжамдары мен жүйесінде бастысы болып келеді, өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен және халықпен өзара қатынастарын айқындай отырып оларды үлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпы мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функциялары оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Бюджет баланс нысанында жасалады, онда ағымдағы кезеңде арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына сәйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім көздерінің толық жиналуына бюджет қаражаттарының ұтымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне баса назар аударылады.
Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржы балансының бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес тек оның орталықтандырылатын бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық шаруашылық бойынша келтіріледі, ал мемлекеттік бюджетте олар тәптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін төлемдерінің нақты атаулары мен оларды төлеушілер, арналымы және оларды алушылар көрсетілген.
Шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесі мен қаржы жүйесі барлық буындарын мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспарлары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалды. Мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен тиісінше стихиялық апараттарды ескерту мен және оның зардаптарын жою мен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайтын. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді жоспарлайтын. Ол кәсіподақ ұйымдарының барлық ақша ресурстарының, кәсіподақтардың, республикалық және облыстық кеңестерінің бюджеттері, халықтың әлеуметтік қажеттерін, ВЦСПС-тың орталықтандырылған қаражаттарын біріктіреді.
Кей жылдары бүкіл ұлттық шаруашылықтың, жеке республикалардың жиынтық қаржы жоспарлары да жасалады. Оларда бюджет ресурстарынан, мемлекеттік сақтандырудың қаражаттарының басқа мемлекеттік кәсіпорындардың қаражаттары есепке алынады.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде бюджеттен басқа жалпы мемлекеттік бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталыұтандырылған қаржы жоспарлары жасалады. Көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арнлымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпымемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады. Айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес, сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейі бойынша да: жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлыры болып ажыратылады.
Салалық (ведомтволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кіріктіреді.
Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық қаржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және тағы басқа жоспарлары жатады.
Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомстволар қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, ортамерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.
Шаруашылық баланстар мен экономика теңдестігінің бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.
Бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінң қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке дара айналымын негіздеу қабілетінде болып келетіндігі, осыдар барып олардың айрықша арналымын бұл объектінің кірістер мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын тиісті қатынастарды анықтау [6, 30].
Бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың негізіне кірістердің, шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгарлік, кооперативтік кәсіорындардың, акционерлік қоғамдардың, бірлескен шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншік фирмалардың, қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.
Бұл топтардың әрқайсысының кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс өзгешелігіне, кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік қаржыландыру) қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша да (бірлестіктер, концернер, ірі, орта, шағын кәсіпорындар) топтастырылған орынды.
Қаржы жүйесінің барлық сфераларын, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарларының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалынады. Ұжымшылар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі деңгейлері бюджеттерді жасайды. Коммерциялық есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрылымы негізінен кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі,шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталады. Баланстың Кәсіпорындардың бюджетпен өзара қарым қатынастары бөлігі бюджетке түсетін түсімдердін және бюджеттен қаржыландыруды көрсетеді.
Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық — жүргізуші субъектілер екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кіріктіріледі.
Кәсіпорынның кірістер мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда шаруашылық қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер ақша қаражаттарының айналымдары болмайды [7, 45].
Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу арнаулы қаржы жоспарында — төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. Түсімдер бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс, банктардің қысқа мерзімді өткен дебиторлық берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі. Шығыстар бөлімінде тауар- материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбекақыға, салықтарды төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде ( бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылады. Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады.
Бизнес-жоспар — бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше
кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процестің жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды [7, 46].
1.3 Қаржылық жоспарлаудың нарықтық экономикадағы рөлі
Әлеуметтік экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қарастыру резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды таратуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындырын қарастыруды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:
Орталықтандарылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларының жасағанда екі негіздің (бастаудың) орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдардың нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігінің белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен
маңызға ие болып келеді. сонымен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;
Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қатысты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік түрлендірме әдісі жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау:
* жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді.
* бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пацдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсіндіреді;
* бюджет жасау жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі.
Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар :
* мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтер анықтауды есепке алмайды;
* материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады.
3. Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына көшіру.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.
5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық қаржылық жоспарлау әміршіл аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объектиті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.
Қаржылық жоспарлаудағы предметтік мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланысты жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықты резервтерді табуға мүмкіндік бреді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметедағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады [8, 132].
2 ҚР қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері
2.1 ҚР қаржысының жоспарлаудың субьектілері
Қаржыны жоспарлау — бұл белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған қаржы жоспарының жасалу және олардың белгілі мерзімдерде орындалуын ұйымдастыру үдерісі [9, 26].
Қаржыны жоспарлаудың нақты міндеті қаржы саясатымен анықталады. Бұл қаржылық тапсырмаларды орындау үшін қажетті ақша құралдары мен көздерінің көлемін анықтау; кіріс ьрезервтерінің өсуі, шығындардығы үнемділік, орталықтандырылған және орталықтындырылмаған қорлар арасында қаражаттарды тиімді бөлу және т.б.
Жоспарлау мына арқылы сипатталады:
1. Экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың шеңберін кеңінен қамтиды)
2. Интенсивтілігімен (озық техника мен әдістерді қолдануды білдіреді)
3. Тиімділігімен (нәтижесінде қаржылық басқару қоятын мақсаттарға жету қажеттігін білдіреді)
Қаржылық жоспарлауда мынадай жолдар қолданылады:
a) Автоматтық (өткен жылдардың мәліметтері келесі жылға ауысады. Инфляция кезінде мәліметтер инфляция коэфициентіне көбейеді). Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және уақыт жеткіліксіз кезде қолданылады;
b) Статистикалық (өткен жылдардың шығындардың шығындары қосылып, өткен жылдардың санына бөлінеді);
c) Нөлдік база (барлық позициялар қайта есептелу керек. Бұл әдіс нақты қажеттіліктер мүмкіндіктерімен байланыстырылады.)
Практикада жоспарлаудың келесі әдістері қолданылады:
* Экстрополяция: қаржылық көрсеткіштерде оладың динамикасын шығару негізінде анықтаудан тұрады; есепті кезеңдегі көрсеткіштер салыстырмалы тұрақты өсу қарқынына түзете отырып есептеледі; көрсеткіштер динамикасы болашаққа экстрополяцияланады.
* Нормативтік (белгілі нормалары бойынша);
* Математикалық модельдеу: үдеріс моделін құру және оны қаржылық салаға ауыстыру;
* Баланстық: қаржылық ресурстарды олардың құрылу көздері мен пайдалану бағыттарын реттеу үшін қолданылады;
* Сараптамалық бағалардың негізінде.
Қаржы жоспары — субъектінің қаржылық ортада қызмет ету шараларының жүйелік жиынтығы. Ол 1 жылдан 5 жылға дейін құрылады. Нысаны бойынша қаржы жоспары жоспарланатын кезеңге ұйымдастырылатын ұсыныстар мен сандар, мақсаттардың мазмұнын білдіреді. Кәсіпорында жоспарлау құн заңына негізделеді және бұл жағдайда жоспарлау экономикалық категория ретінде қатысады.
Қаржы жоспарының жүйесі қамтитын қатынастарының ауқымына, демек ресурстардың түсуге және пайдалануға жоспарланып отырған көлеміне байланысты әртүрлі жоспарлардан тұрады. Бұл нышаны бойынша олар бастапқы және жиынтық қаржылық жоспарлар деп бөлінеді.
Бастапқы қаржы жоспарына материалдық өндіріс саласындағы ШЖС-дің қаржы жоспарлары, өндірістік емес саладағы коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жоспарлары, шығындары толығымен немесе негізгі бөлігі бюджет есебінен қаржылынатын мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің сметалары жатады.
Жиынтық қаржы жоспарына жалпы мемлекеттік, салалық және аумақтық жоспарлар жатады. Жалпы мемлекеттікке мемлекеттің жиынтық қаржы жоспары, мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлар жатады.
Қаржы көрсеткіштері — ШЖС-де және жалпы ұлттық шаруашылықта ақша қаражаттарын құру, пайдалану және жинақтаумен байланысты қызметті сипаттайтын жоспарлық, есеитік немесе есеп-қисаптық мәліметтер. Қаржы көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы мөлшерде беріледі.
Абсолютті қаржы көрсеткіштерге:
# өнім өткізуден түскен табыс
# өткізілген өнімнің өзіндік құны
# жалпы табыс
# кезең шығындары
# незізгі қызметтен табыс
# қосымша қызметтен табыс
# табыс салығының сомасы
# таза табыс
Салыстырмалы қаржы көрсеткіштеріне:
# табыс деңгейі
# акциялар бойынша табыстылық
# негізгі және айналым капиталын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
# өтімділік коэффициенттері [10, 49].
2.2 ҚР Бюджеттік жоспарлау және атқарылуын бақылауы
Бюджетті жоспарлау — бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы; басқарудың әрбір деңгейінде бюджеттік ресурстардың көлемін, құралу көздерін, нысаналы мақсатқа пайдаланылуын анықтауға мүмкіндік беретін қаржы жоспарлауының құрамдас бөлігі. Бюджетгік жоспарлауда бюджеттік ресурстарды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмылдыру жолдары айқындалады. Нарықтық қатынастар жағдайында Бюджеттік жоспарлаудың мазмұны, әдіснамасы мен әдістемесі түбегейлі өзгерді. Ол директивалық жоспарлаудан индикативтік жоспарлауға айналды; онда жалпы шығындық көрсеткіштердің орнына пайда алуға бағдарланған өзге өлшеуіштерді пайдалануға мүмкіндік туды. [[1]]
Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесінбасқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар — бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады [11, 93].
Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың және оның маңызды құрамалы буыны — бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.
Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлағымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты — ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
* Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
* Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
* Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;
* Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
* Бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
Бюджетті жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz