Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы.

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы.

Автор: Биғабылова Мейрамкул

Бағыты: Химия Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-17


Материал туралы қысқаша түсінік

Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы.




4 сабақ Күні: ———————Химия пәні. Сынып:11 «А» Сабақтың тақырыбы: §1.4 Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы.Сабақтың мақсаты: органикалық химия ғылымы нені зерттейтіні,органикалық химияның даму кезеңдері, органикалық заттардың ерекшеліктері жөніндегі түсініктер беру.А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теорияс теориясы жөніндегі оқушылардың білімдерін дамыту,бекіту.Сабақтың міндеттері: 1.Оқушылармен органикалық химияның даму тарихының кезеңдерін талқылау. 2. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы,оның негізгі қағидаларын,органикалық заттардың құрамына кіретін элементтердің валенттіліктерін ескерте, құрылымдық формулаларын жадырту арқылы меңгерту. 1.Оқушылармен органикалық химияның даму тарихының кезеңдерін талқылау. 2.Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы,оның негізгі қағидаларын, органикалық заттардың құрамына кіретін элементтердің валенттіліктерін ескерте, құрылымдық формулаларын жадырту арқылы меңгерту. Күтілетін нәтиже: 1.Органикалық химияның даму тарихының кезеңдерін біледі. 2.Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы,оның негізгі қағидалары мен изомерлерін ,молекулалық және құрылымдық формулаларын жаза алады.Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың түрі:Аралас сабақ Қажетті құралдар мен көрнекіліктер:Интерактивті тақта ,бор, ватман ,бейнетаспа, түрлі-түсті стикер,маркер,органикалық заттардың үлгілері,парафин шамы,спиртшамы т.б.

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі: 3минут Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық ахуал тудыру, С,Н,О,N –элементтерінің таңбасы жазылған қима қағаздарын беру арқылы топқа бөлу.Бағалау парағын тарату. Оқушылар топқа бөлінеді.1-топ С2-топ Н3-топ О4-топ N
ІІ.Қызығушылықты ояту: 1топ«Көзге көрінетін айғақ» әдісі.Әр топқа суреттер беріледі. 2 топ «Жасырын сөзді тап»ойыны3 топ4 топОқушылардың органикалық химияның нені зерттейтіні жөніндегі білімдерін жетілдіру үшін,9-сыныпта алған мағлұматтарын пысықтау үшін сұрақтар беріледі.«Конверт-сұрақ»әдісі1.Органикалық сөзінің мағынасы қандай?2.Органикалық заттар табиғатта қай жерде кездеседі?3.Барлық органикалық заттардың құрамына кіретін қай элемент?4.Жалпы органикалық заттар құрамына кіретін элемент түрлерінің аз екендігіне қарамастан органикалық қосылыстар неліктен көп болады? Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.
ІІІ.Мағынаны тану: Жаңа сабақ 1.«Ойлан,бірік,бөліс»-әдісі. 1-топ Органикалық заттар-көміртек қосылыстары.2-топ Биосферадағы бейорганикалық және органикалық заттар арасында жүретін химиялық реакциялардың белгілері.3-топ .Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы.4-топ.Құрылымдық формула.3.Сергіту сәті.«Қара жорға биі» Әр топ мәтінмен танысады. Постер арқылы өз ойларын түсініктерін жеткізеді.Оқушылар орындарынан тұрып денелерін сергітеді.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.