Головкин – Альварес жекпе-жектерінің «айқын» жеңімпазы аталды

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

GGG мен «Канело» Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да екі жекпе-жек өткізді

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Батыстық Gambling.com порталы өз мақаласында қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен екі жекпе-жегі туралы ойын білдірді, деп хабарлады Sports.kz.

«Альварестің Головкинге қарағанда жеңімпаз болуға көп мүмкіндігі бар. Ол мұны екі рет дәлелдеді. Алғашқы жекпе-жектің нәтижесі жанкүйерлер мен БАҚ-тың наразылығын туғызып, соңы дауға ұласқан еді, дегенмен Альварес шын мәнінде Головкинді жойқын, басқа жасалған қарсы соққыларымен арбап тастады. Бұл тең нәтижеге жақын жекпе-жек болуы мүмкін, бірақ тонау емес екені анық. Альварес Головкиннің командасының қашып жүрді деген сөзінен шаршаса керек, екінші жекпе-жекте рингтің ортасында қасқайып тұрып, ашық айқасқа түсті. Нәтиже өте жақын болды, алайда Альварес айқын жеңіске жетті», — деп жазылған мақалада.

Естеріңізге сала кетейік, GGG мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең аяқталды. Бір жылдан кейін қарсыластар қайта жолығып, бұл жолы төрешілер жеңісті Альвареске берді. Екі кездесу де Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті.  


Дереккөз: https://sputniknews.kz/