Ш дыбысымен танысу
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Логопед, дефектолог Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Барлық сыныптар
Ш дыбысымен танысу. Ш дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс, анық, айтуға үйрету. Буындық және дыбыстық-әріптік талдау дағдыларын дамыту
Мақсаты: Ш дыбысымен танысу. Ш дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс, анық, айтуға үйрету. Буындық және дыбыстық-әріптік талдау дағдыларын дамыту.
Көрнекіліктер: қуыршақ, тышқандар, карточкалар, ойыншықтар.
Сабақтың өту барысы:
— Дем алу жаттығулары.
— Балалар бүгін бізге Айша есімді қуыршақ қонаққа келді.
— Балалар Ш дыбысы бар қандай есмідерді білесіндер? ( шолпан, раушан, шынар, шырын, шыңғыс т.б.)
— Айша барлық әріптерді біледі және дұрыс айта алады екен, бірақ та Ш дыбысын дұрыс айта алмайды екен. Біз бүгін оған осы дыбысты дұрыс айтуға көмектесуге қалай қарайсыңдар, балалар?!
— Осы дыбысты айтқанда біздің ерініміз қандай күйде болады? Кәне Ш дыбысын айтып көрейікші, қандай екен. (Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді). Ал тіліміз қайда орналасады? (Үстінгі тістердің артында) Тіліміз жалпақ па? Жіңішке ме? (Жалпақ, кесе сияқты). Ш дыбысы дауыстыма, дауыссыз ба? (Дауыссыз). Ш дыбысын қандай түспен белгілейді? (Көк).
— Енді Дыбысты ұста ойынын ойнайық.
Мен сендерге допты дыбыс түрінде лақтырамын, ал сендер буын түрінде қайтарасындар.
Ш, А – ША А, Ш – АШ
Ш, О – ШОО, Ш – ОШ
Ш, У — ШУ У, Ш – УШ
-Енді Айшамен бірге саусақ жаттығуын жасайық.
— Ал енді Айшаға Ш дыбысын машықтандыру үшін біз білетін сөз ұйқастарын айтып берейік.
Ша-ша-ша
Балалық шақ тамаша
Шу-шу-шу
Әжем шашты шашу
Шы-шы-шы
Қойды бақты қойшы
Аш-аш-аш
Қарағай, шырша ағаш
Ше-ше-ше
Біздің апай ерекше.
— Балалар Айшаға сыйлық таңдап көрейікші. Бірақ сыйлықтардың атауларында Ш дыбысы болуы керек. (тышқан)
Кәне балалар келген қонағымыз Айша шаршаған сияқты. Сондықтан орнымыздан тұрып біраз дем алайық.
Сергіту сәті
Ұшты-ұшты ойыны
Ұшты, ұшты тұлпар ұшты.
Ұшты, ұшты қаз ұшты.
Ұшты, ұшты үйрек ұшты.
Ұшты, ұшты қой ұшты.
Ұшты, ұшты ұшақ ұшты.
Ұшты, ұшты кесе ұшты.
— Айшада жақсы көретін заттары бар, оны тақтадан көруге болады. Айшаға заттар атауларының қай жерінде Ш дыбысы тұрғанын анықтауға көмектесейік. Шапан, шұлық, кеудеше, ішік.
— Енді Айшаны Ш дыбысымен таныстырайық, ол неге ұқсайды? (Тараққа, айырға). Оны таяқшалармен немесе жарма үстінде салуға болады. Ш әріпінен қандай әріптерді құрастыруға болады? (П, Г).
— Бізге Айша Англияның балаларынан хат алып келіпті. Біз Ш-ның пайда болуы туралы ертегі құрастыру керекпіз.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде. П әрпі орман ішінде серуіндеп жүріпті. Жолдың бойында ол таяқшаны тауып алды да, онымен ойна бастады. Таяқшаны айналдырып, айналдырып, өзін сиқыршы ретінде елестеді. Ауада таяқшаны сілкіп, Ш дыбысына айналып кетті. Бірақ, әріптің сипаты өзгеріп кетіпті. Ол шулы дыбыс болып кетіпті. Сонда да басқа әріптер оны жақсы көре беріпті.
Қорытынды: балалар бізге қонаққа бүгін кім келді? Біз оны қандай әріппен таныстырдық? Осы әріпті айтындаршы? Ол әріпке сипаттама беріндерші.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.