Мұғалімнің оқушылармен әңгімесі | Скачать Курстық жұмыс
Қазақстан Републикасының Ғылым және Білім министрлігі
Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстарын жүргізу
Оқу бөлімі: Сырттай
Мамандығы: Бастауыш білім беру
Біліктілігі:Бастауыш білім беру мұғалімі
Оқу курсы: 3 курс
Тобы: 32 б
Ғылыми жетекші:Жапарқұлова Н.А
Орындаған: Илесова Батпа
Алматы-2014 жыл
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мазмұндаманың негізгі мақсат, міндеттері
2.2. Дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру
2.3. Сурет бойынша мазмұндама
2.4. Кино, диафильм бойынша мазмұндама
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланган әдебиеттер
Кіріспе
Бастауыш мектепте жазу жұмыстарының жүйесін белгілеу өте маңызды. Онсыз оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге де, сауатты жазуға да үйрету мүмкін емес.
Жазу тілі сауаттылықты қажет етеді. Бастауыш мектеп оқушыларын дұрыс жазуға үйрету үшін, олардың есту сезімдеріне, сөйлеу аппараттарына, көру сезімдеріне, қол қимылы мен ой қызметтеріне ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені, жазуға үйретуде олардың әрқайсысының маңызы зор. Мысалы, белгілі бір сөзді қатесіз, дұрыс жазу үшін оны ести де көре де, айта да, жаза да білу керек және оның қалай дұрыс жазылатындығын есте сақтай да білу қажет.
Бастауыш сынып оқушылары әліппе кезеңінен бастап, естіген сөздерінің дыбыстық құрамын ажыратып, әр дыбыстың әріптерін қағаз бетіне дұрыс түсіріп бере алатындай дәрежеде болулары керек. Егер ауызекі сөздерді дұрыс ести білуге дағдыланбаса, оқушыларға емле ережелерін үйрету қиынға соғады. Сондықтан есту арқылы жеңіл сөздерді дұрыс жазу бірінші сыныптан бастап қолға алынады. Бұны сауатты жазуға үйретудің алғашқы кезеңі деп қарап, сол мезеттен бастап әрбір сөзді дұрыс айтып, дұрыс ести білуге ерекше мән берген жөн.
Сөздердің естілуі бойынша жазғанда, көбірек кездесетін қателердің бірі — әріп қалдырып жазу. Сондықтан сөздерді естілуі бойынша дұрыс жазуға үйретудің ең басты әдісі — сөздің буын және дыбыс құрамын талдатып, буындарын және дыбыстарын айыра білу. Сондықтан да оқу, жазуға үйрету кезеңінде балаларға жазуға берілетін сөздерді ең әуелі ауызша талдатып шығу қажет. Сонда оқушылар оқылған сөздерді қатесіз жазып үйренеді.
Оқушылар орфрграфия ережелерін дұрыс меңгеріп алулары үшін олардың білім алу дағдыларын дұрыс ұйымдастыру қажет. Мысалы, орфография ережелерін әдетте, мәтінді талдатып барып түсіндіру, бір грамматикалық форманы екінші грамматикалық формамен салыстыра отырып, олардың араларындағы өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету, мәтін ішінен зерттеліп отырған емле ережелеріне жататын сөздердің қалай жазылуына оқушылардың көңілін айрықша аудару, тиісті орфограммаларды анықтата отырып, морфологиялық форманың мағынамен байланысты болатынын ескерту, жаттығу материалын, әсіресе, оның сөздік материалын әр сыныпқа сәйкес етіп алу, үйретілетін орфограммаларды жеңілден бастап бірте-бірте күрделендіру қажет болады.
Кей жағдайларда оқушылар ережені біледі, бірақ жазып отырған материалының ішінен осы ережеге сәйкес келетін сөзді таба алмайды, сондықтан ережеге сүйеніп жазылатын сөзді айтылуы бойынша қате жазып қояды. Бұл сияқты қатені жаттығу арқылы ғана жөндеуге болады. Ол үшін грамматикалық-орфографиялық талдау, қатемен жұмыс жүргізу, терме диктант, т.б. сияқты жаттығулар жүргізіледі.
Сөздің морфологиялық бөлшектерін дұрыс ажырата алмайтын оқушыға мұғалім жалғау мен жұрнақтың айырмашылығын немесе олардың атқаратын қызметін түсіндірмек болған жағдайда оған қиынға соғары сөзсіз. Орфографиялық дағдыны қалыптастыру үшін әр түрлі жазба жұмыстары жүргізіледі.
Тіліміздегі дауыссыз дыбыстардың қалай жасалатындығы оқушыларға жете түсіндірілсе, ол дыбыстарды жазу оқушыларға соншалықты қиындықтар келтірмес еді. Сондықтан алғашқы рет жазуға үйретуде сөйлеу мүшелерінің қызметіне көңіл бөлудің айрықша маңызы бар.
Сөздерді жазуда жүйелілік болуы керек. Сөздердің біркелкі жүйелілікпен жазылуын орфография қарастырады. Оқушыларға орфографиялық ережелерді үйретпейінше, оларды дұрыс жазуға дағдыландыруға болмайды. Әрбір орфограмманы жақсы ұғынып, есте сақтауға үйреткен жөн.
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету үшін, диктантта оқылған мәтінді жақсылап тыңдап отыруға, көшіріп жазатын мәтін бойынша талданған орфограмманы жақсылап түсініп алуға, не жазса да оны түсініп жазуға, жазбаша орындайтын жұмыстың мәнін түсініп барып орындауға дағдыландыру керек. Әсіресе жаттығулардың мәнін түсінбей орындауға болмайды.
Оқушыларды орфографиялық дағдыларға үйретуде кітаптан, тақтадан оқыған сөздерді ұқыптылықпен байқап қарап оқудың пайдасы зор. Бұл әдіс сөздердің жазылуын есте сақтап отыруға септігін тигізеді.
Сонымен, есту, көру,сөйлем мүшелерінің қызметі, ой қызметі — осылардың барлығы оқушыларды сауатты жазуға үйретуде қосымша қызмет атқарады.
Оқушылар жуан айтылатын дыбыстарды жіңішке айтылатын дыбыстармен, ұяң дыбыстар мен қатаң дыбыстарды, қатаң дыбыстар мен үнді дыбыстарды шатастырмау үшін, әліппе кезеңінің өзінде оқушылардың қате жіберетін сөздеріндегі дыбыстарды соған ұқсас екінші бір сөздердегі дыбыстармен салыстырып көрсетіп отыру керек.
Оқушыларға жазба тілді үйретуге жеңіл-желпі қарауға болмайды. Жалпы жазба тілдің жүйелілігі, біртіндеп қалыптасады. Оқушылар орфографиялық ережелерді меңгермейінше, қатесіз, дұрыс жаза алмайтыны мәлім, бірақ қатесіз жазу үшін тек орфография ережелерін ғана біліп қою да жеткіліксіз. Сондықтан орфографиялық ережелерді іс жүзінде бірден қолдана білу дағдысын іске асыруды ерекше назарда ұстаған жөн.
Жазба тілде орфографиялық ережелерді дұрыс пайдалана білу жаттығу жұмысының түрлерін таңдап ала білумен және әрбір ережені оқуға, түсінуге байланысты жаттығулардың ретін тауып қолдана білумен тығыз байланысты болады. Орфографиялық жаттығудың мынадай түрлері бар: орфографиялық талдау, оқушылардың өз беттерімен істейтін жұмыстары, мазмұндама, шығарма жұмыстары, көшіріп жазу, жатқа жазу, диктанттар, т.б.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мазмұндаманың негізгі мақсат, міндеттері
Мазмұндама жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға іске асыруға жол бермеу керек.
Сондықтан қандай жағдайда болмасын, мазмұндама мұғалімнің басшылығымен дұрыс әдісі арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нәтиже береді. Көзделген мақсатқа жетеді. Ол үшін мұғалім бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптарды жақсы білуге тиіс. Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынандай мақсаттарды көздейді.
1. Оқушылардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету;
2. Оқушыларға қазақ әдеби тілі нормасына сай өз сезімін ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылар, шеберлікті қалыптастыру;
3. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алатын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп құрметтей білуге тәрбиелеу;
4. Қазақ тілі ғылыми табысы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну;
5. Мазмұндама мәтіндері арқылы балаларды өз отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, қозғалуымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге тәрбиелеу.
Осы жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптардың бастылары.
1. Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалын берілген тақырыптарға негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеуі қажет.
2. Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы, балалардың жазған мазмұндамалар орфографиясы жағынан ғана емес, мазмұнды жағынан да ойдың реңін білдіру, сөйлемдердің арасындағы байланыстардың дұрыстығы т.б. жақтарында бағалануға тиіс.
3. Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндалуы тиіс, яғни алдын — ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Оқушы әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алады.
Сөз сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн.
4. Оқушылар айтайын деген ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп, сөздерді материалдың ішіндегі негіздерін, таңдап қолдануға тиіс. Мәтін анализдеу, синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн.
5. Бас артық сөз қолдану, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.
6. Оқушы жазба жұмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болса,яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші сөйлем келер шақта тұрмасын (Мен тауға бардым. Күн ыстық болды).
7. Жергілікті ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздерді жазуда қолдануға дағдыланбау керек. (Там төбесін қар басып қалды, Жейдесі су болды, Азанда бүлдірген теруге кетті).
8. Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдыларын оқушылар міндетті түрде меңгерген болуға тиіс, яғни жазба жұмыстарының орфографиялық функциялық, лексикалық қателерін оқушы мұқият қарап, тексеріп кейбір қате қарастырылған сөйлемдерді жөндеуге де жол беріледі.
Міне бастауыш сыныптардағы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының барлығы да осы көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.
Мазмұндама дегеніміз белгілі бір шығарманың мазмұнын ауызша не жазбаша түрде баяндап беру.
Бұл оқушының алған білімін тиянақтап, тілін дамыту, жазуға төселдіру мақсатын көздейді.
Мазмұндама 1 — сыныпта оқу жылының екінші жартысынан басталып, 2 — 4 сыныпта бірте — бірте күрделендіре жүргізіледі.
Бастауыш мектеп оқушыларына мазмұндама алдымен дайын мәтін бойынша жаздырылады.
Мазмұндама мәтіндері жеңіл әңгімелерден басталып, бірте — бірте қиындай түседі. Бастауыш сынып оқушыларына арналған мазмұндама мәтіндерінің тақырыбы. Оларды адамгершілікке, достыққа, ерлікке, еңбекке, Отанын сүюге тәрбиелейтіндей мазмұны белгілі бір сюжетке құрылған оқиғасы тартымды әр сыныптағы балалардың ұғымына лайық болғаны дұрыс.
Білімділік жағынан оқушыларға таныс құбылыстарды аңғарту, байқату арқылы бірте-бірте таныс емес құбылыстарды да таныта алатындай мағлұматтар беретін композициялық құбылысы жағынан мәтіннің жеке бөлімдері оңай ажыратылатын болғаны жөн. Мәтіннің көлемі 1 — сынып үшін 40 — 50 сөз, 2 — сынып үшін 50 — 60 сөз, 3 — сынып үшін 60 — 80 сөз, 4 — сынып үшін 80 — 90 сөз болғаны дұрыс.
Бұл сыныптарда мәтіннің әңгімелеу түрінде болғаны дұрыс, өйткені баяндау, хабарлау түріндегі мәтін балаларды тез жалықтырып жібереді.
Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын уақыттың талап — тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында: Әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің неғұрлым жоғары болуы, ғылым негіздерінің берік игерілуі, идеялық — саяси және адамгершілік тәрбиенің этикалық және дене тәрбиесінің жақсартылуы қамтамасыз етілсін. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру міндеті қойылсын — делінген.
Оқу — тәрбие жұмысының негізгі әдісі дидактикалық заңдарын толық қолданып жаттықтыру, яғни білімді мазмұнынан туғызып, дағдыға айналдыру екенін әр кез есте ұстаған абзал. Мазмұндама жұмысы үшін әрбір мұғалім озат, тәрбиелі ұстаздардың іс — тәжірибесімен санасып, өз ізденісі туған жемісті әдіс — тәсілдерімен ұштастрып отыруы керек. Мазмұндама білімді жаттығуға негіздеп дүйелеп өткізуді талап етеді.
Мазмұндаманы сапалы етіп өткізу үшін мұғалім оның теориялық негізін жетк білуі тиіс. Сонда оған сабақтың теориясы мен практикасы айқын болады. Сонымен қатар мұғалім педагогика, психология әдістемелеріне сүйенеді.
Ал дидактиканың мәні — бір ғана тәрбие жұмысы емес, оқудың теориясы мен жүйесі. Оны қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин Біртұтас әдіс деп атаған. Сондықтан мұғалімнің мұны да ескермегені жөн.
Мазмұндаманы жазу әрі теориялық, әрі практикалық ұғымда қолданылады, яғни бұл әдіс мазмұндама жазу кезінде теориялық білім берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалық дағды мен тәлім — тәрбие берудің амалдарын саралайды. Соны практика жүзінде іске асырудың тәсілі мен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді. Оқушылардың білімі мен практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыс түрі оқыту әдістерінің құрылымына тікелей байланысты. Сонымен бірге мұғалімнің басшылығымен орындалатын мазмұндама жұмысының мазмұнына қатысты болады. Мазмұндама жазу әдістері мәтінмен жұмыс жүргізудің теориялық материалдарын психикалық функциялары негізінде меңгертіп, оны қалыптастыруды және практикада шығармашылықпен қолдана білуді үйрететін тәсілдер жиынтығы болып табылады.
А. Байтұрсынов: Әдіс — кезекшіліктен шығатын нәрсе, әдістің жақсы жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай, — депті. Орыс жазушысы Л.Толстой: Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Ол қылықтың белгісі — түрлі әдісті болу, орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек,- дейді.
Мәтінмен жұмыс жүргізу жүйесін теориялық жақтан үйрену әдістері оқу материалдарының теориялық негіздері мен заңдарын меңгерту мен бірге мұғалім тақырыптың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, мәтіндердің мазмұны мен көлеміндердің мазмұны мен көлеміне және әрбір мазмұндаманың құрамына сай жүргізу жүйесін белгілейді. Бұл бағдарламаның көлеміне негізделеді де, оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мұғалім әңгімені үнемі өзі мазмұндамай оған оқушыларды да қатыстырып, белсенділіктерін арттырып отырады. Мазмұндама жазуды меңгертуде әуелі мәтіннің ішкі қасиеттерін саралап, осыған лайықты дидактикалық материалдарды пайдаланған жөн. Сонмен оқыту әдісін түрлендіру, оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігін арттыру мәселесі бірінші кезекке қойылады. Осыған орай көрнекті педагогтарымыз оқыту әдісінің көп екенін анықтады. Оларға мыналар жатады.
1. Мұғалімнің баяндауы;
2. Мұғалімнің оқушылармен әңгімесі;
3. Мұғалімнің тәжірибелерді және оқылатын затты (объектіні) көрсету;
4. Көрнекілікті көрсету;
5. Экскурсия;
6. Оқулықтан және басқа кітаптардан оқушылардың өздігінен білім алуы;
7. Оқушылардың өздігінен бақылауы және тапсырманы орындалуы;
8. Жаттығулар;
9. Оқушылардың білімін тексеру әдісі (ауызша, жазбаша);
10. Түсіндіру;
11. Байқау;
12. Практикалық жұмыс;
13. Шығармашылық жұмыс;
Оқыту әдістерін саралағанда, тек олардың атаулары ғана жаңарады. Ал мазмұны жағынан қарастырғанда, педагогикаға бұрынан аян оқыту әдістері болады. Бұл — оқытудың жалпы әдістері ғана. Біз бұл әдістемелік еңбекте олардың бәріне бірдей тоқталып жатпаймыз, өйткені қай пәннің болмасын әдістемесі оқытудың жалпы әдістерінен өзіне тиімдісін ғана басшылыққа алып, өз пәннің оқыту әдістерін ғана баяндайды. Дегенмен, әдістердің мазмұнын аша түсу мақсатын көздеп, әрі мұғалімдердің оқыту әдістері туралы нақты бағыт — бағдар алуына, оны сабақ барысында пайдалану және әдістердің не екенін ұғынуға жеңілдік жасау үшін жүйелей отырып, сызбаша түсіру тиімді болар деп таптық.
Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндама түрлері мынадай:
1. Дайын мәтін бойынша
2. Сурет бойынша
3. Шығармашылық жолмен
4. Кино, диафильм бойынша
2.2. Дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру
Мазмұндаманың бұл түрі, атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, Қарлығаш пен торғай әңгімесін алайық. Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып алды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды. Қарлығаштар түгел жиналды. Олар торғайды ұядан қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өз ұясына қайтадан қоныстанды.
Бұл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын ала жазып дайындап алып келеді де, тақтаға іле қояды. Мітінді оқымас бұрын мұғалім балалардың торғайды, қарлығашты көрген — көрмегендерін, бұл құстарды бір — бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір — бірне қандай өзгешеліктері барын бұл құстар жөнінде қандай ертегілер, әңгімелер білетіндерін сұрап, ауызша ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1 — 2 күн бұрын ұйымдастыруға да яки сол мазмұндама жазатын күні ұйымдастыруғада болады. Торғай мен қарлығаштың үлкейтіп салынған сурет немесе муляжы болса, тіпті жақсы. Сабақ басталғаннан кейін дайын мітінді балалар оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды сөздері түсіндіріледі. Бұл сөздер синонимдері арқылы (дайын — әзір, шамасы келмеу — әлі жетпеу, күші жетпеу, орналасып алу — ұяға кіріп алу, ұяны меншіктепніп алу, ұяны иемденіп т.б.)ұғындырылады.Сонан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін ұя, қарлығаш, орналасып алды, шамасы келмеді, көмекке, қоныстанды, дайын, торғай сияқты сөздер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін сыныпта түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтін формасында берген жөн. Ал кейбір әр түрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.
Мәтін оқылып болғаннан кейін, сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтінге қарап сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.
Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мәтін құрылысын, тәртібін өзгертпей тек ондағы сұраулардың орнына ғана бір — екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы мәтін бойынша мынадай сұраулар қоюға болар еді. Қарлығаш не салды? Ұяға не орналасып алды? Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды? Көп қарлығаш ұядан нені қуып шықты? Қарлығаш қайда қоныстанды? Бұл сұрақтарға оқушылар мәтін есте қалғандары бойынша тағы да ауызша жауап қайтарады. Әуелі әр сұраққа жеке — жеке жауап алынады да соңынан қорытынды ретінде барлық сұраққа бір оқушы немесе екі — үш сұрақтан екі оқушы жауап береді. Балалар осы қайырған жауаптарын, тақтадағы сұрақтарға сүйене отырып, жазуға кіріседі.
Жазуға кірісер алдында тақтадағы сұрақтардың құрылысы мен тәртібін өзгертпей, ондағы сұраулардың орнына ғана сөз тауып жазу керектігін балаларға аңғартқан дұрыс.
Дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндаманың ІІ түрі.
Мұнда мәтіннің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз — кем өзгертіліп жазылады. Мазмұндаманың бұл түрінде балалар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін қайталайды да, негізінен сұрақтарға өз сөздерімен жауап қайтарады. Мысалы, мына сияқты мәтін алынды делік:
Қыс түсті. Өзен қатты. Марат пен Ерден конькилерін алды. Олар өзенге барды. Өзен жалтыр мұзға айналыпты. Олар мұз айдынында коньки тепті. Балалар онда ұзақ жүрді. Ерден қолын домбықтырып алыпты. (29 сөз).
Бұл мәтін бойынша жүргізілетін жұмыс та, алдыңдағыдай, яғни мұғалім: қыста ауа райының қандай болатыны, қысты гүні балалардың ойнайтын ойындарының түрлерін сұрақ — жауап арқылы әңгімелейді, қыста балалардың қандай ойынды жақсы көретіндіктерін айтқызады. Осындай әңгіменің жалғасы ретінде: — Енді сендер сияқты, Марат пен Ерденген балалардың да қыста қандай ойынды жақсы көретіндіктерімен танысайықшы, — деп, мұғалім мәтінді өзі біррет оқып шығады, сонан соң, алдыңғы көрсетілгендей, балалар екірет оқиды, талдайды; мұз айдыны, домбықтыру сөздерінің мағыналары түсініктеме сөздер арқылы түсіндіріледі. Коньки, мұз айдыны, домбықтырып сөздері тақтаға жазылып, оларды көшіру керектігі ескертіледі. Мәтін бойынша мынадай сұрақтар қоюға болады: Қыс жөнінде не айтылған? Өзен жөнінде ше? Марат пен Ерден не істеді? Ерденге не болды?
Дайын әңгіме бойынша мазмұндаманың үшінші түрі: мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгертіп жазу. Мұнда оқушылар 1 жақпен баяндалған оқиғаны ІІІ жақпен, немесе, керісінше мазмұндап береді.
Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың IV түрі — ықшамдап мазмұндау. Бұл кейде методикалық әдебиеттерде қысқаша түрде мазмұндау депте қолданылады. Мазмұндаманың алдыңғы түрлері сияқты, ықшамдап мазмұндау да балаларды шығармашылық жұмысқа дағдыландырады. Мұнда оқушылар мәтінді емін — еркін игеріп, қажетті жерін алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады. Ал мұның өзі мәтіндегі негізгі ойды аңғаруға, мәтіннің мазмұнын сұрыптап, таңдап, талғап алуға үйретеді, ойды аз сөзге сыйғызып айтуға, сөзді таңдап қолдануға, Сөйлем құрауға дағдыландырады, тілдерін дамытады.
Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың V түрі — толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керісінше, аз сөзден көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда белгілібір әңгіменің жеке бөлімдерін сипаттайтын бірнеше сөйлем беріледі. Сол сөйлемдерді толықтырып, таға да бірнеше сөйлем қосып, балалар түсінікті бір сюжетке құрылған әңгіме айтып беруге және жазып беруге тиіс. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктері мен ойын жүйелеу дағдысына төселуге үйретуде жұмыстың бұл түрінің атқаратын рөлі орасан зор.
Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін алынатын мәтін оқушылардың бұрын өз көздерімен көрген немесе оқыған материалдары шеңберінде болғаны жөн. Мысалы, балалар оқулықтан күз жөніндегі материалды оқығаннан кейін: Балалар орманға барды. Қорықты. Қалың жеріне жүгірді. Адасып кетті. Дауысы естілді. Балалар үйлеріне оралды, сияқты мәтінді жазып қойып, балалардың орманды көрген — көрмегендерін, орманның қандай болатынын т.б. сұрайды. Сонан кейін балаларға: Сен орманда адасып кетсең, не істер едің? Орманда қандай аңдар болады? Сен орманда аю көрсең, қайтер едің? т.с.с. сұрақтар қояды. Бүгін балаларға бірнеше жұмбақ сөйлемдер берілетіні айтылып, соның шешуін табу керектігі ұсынылып, тақтадағы жазулы мәтін ашылады. Балалар аз — кем ойлағаннан кейін: Бұл жұмбақ — сөйлемдерде не жөнінде әңгіме болады деп ойлайсыңдар? (бұл сөйлемдерде балалардың орманға баруы адасуы жөнінде айтылады) — Балалар орманға көбіне жылдың қай мезгілінде барады? Балалар орманға неліктен күзде барады? (Күзде орман іші өте әдемі онда жеміс жидектер де піседі.) — Олар неден қорықты деп ойлайсыңда? (қасқардан, аюдан, сыбдырдан т.б.). Орманның қалың жеріне неге жүгірді? (Балалар қорыққасын орманның қалың жеріне жүгірді.) — балалар неден адасып кетті? (Олар жолдан адасмып кетті.) — Дауыс естілді сөйлемін қалай шешшер едіңдер? (Арбаның, машинаның, олрды іздеген адамның дауысы естілді.) — Сол кезде балалар не істеді? (Олар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді.) т.с.с. Балаларға ат қойылады, барлық сөйлемдер осылайша толықтырып, әңгіме құрастырылады, оған ат ойластырады, жоспар жасалады, жоспар тақтаға жазылады. Сөйтіп, жоспар бойынша балалар әңгімені ауызша мазмұндайды, қажет болса, жазады.
2.3. Сурет бойынша мазмұндама
Бастауыш сыныпта сурет бойынша мазмұндама:
А) Дайын сурет бойынша;
Ә) Оқылған мәтінді бейнелейтін сурет бойынша жаздырылады;
Б) Дайын сурет бойынша мазмұндама жаздыру;
Сурет арқылы жаздырылатын мазмұндаманы бір сюжетке салынған бір сурет не бір сюжетке салынған бір сурет арқылы ұйымдастыруға болады. Сонымен бірге бр сюжетке салынған яғни оқылған мәтінді бейнелейтін бірнеше суреттің орынын ауыстырып беріп, түзеттіруге болады. Бұл жұмыс оқушыларға оқиға желісін аңғаруға, әңгіменің мазмұнын жүйелеп айтуға жәрдемдеседі. Балалар өз пікірін бір жүйеге түсіріп оқыған әңгімелерін жоспар жасауға дағдыланады.
2 — сыныпта мазмұндаманың түрі қиындай түседі, суреттің де мәтіндегі сөйлемдердің де орындары ауыстырылып беріледі, балалар алдымен суреттің ретін жөнге келтіреді, содан соң мәтінді түзетеді, сонан кейін мәтіннен түсінгендерін сурет бойынша жазады. Мұны 2 — сынып оқушыларын жоспар жасаудан бұрын үйреткен дұрыс.
3 — сыныпта сурет бойынша мазмұндама жаздыру мына түрде жүргізіледі.
1. тақтаға сурет ілінеді.
2. Мәтін оқылады.
3. Қиын сөздермен жұмыс жүргізіледі.
4. Мәтін мазмұны сурет бойынша талқыланып, жоспар жасалады.
5. мазмұндама жаздырылады.
Ә) Оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер бойынша жаздырылатын мазмұндама.
Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін де бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Дайын сурет бойыша мазмұндама. Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді ал оқушылар сол сурет бойынша мәтін құрайды. Мазмұндаманың түрі бастауыш сыныптарда бір сюжетті бейнелейтін бір сурет арқылыда бір сюжетті бейнелейтін бірнеше сурет арқылы да жаздырылады. Сонымен бірге бір сюжетке салынған бірнеше сурет бойынша мәтін беріп, ондағы сөйлемдердің орнын ауыстырып (деформаланған мәтін), ондағы оң жүйесіне қарай түзеттіруге болады. Бір сюжетке салынған бір сурет бойынша жүргізілетін мазмұндамаға мысал келтірейік: Бүлдірген тере барғанда суреті бойынша.
1. Мұғалім кіріспе әңгімесінде балалардың жазғы демалыста не істегендері, не көргендері туралы сұрақ — жауап арқылы әңгімелеседі. Онда көбіне жазғы даланың көрінісіне көңіл аударылады.
2. Тақтаға суретті іледі, оның атын жауып қойып, балаларға суреттегі бейнеленгендерді қарап шығу тапсырылады. Аздан соң, мұғалім: — Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген деп ойлайсыңдар? — деген сұрақ қояды. Суретте жаз мезгілі көрсетілнен. — Суретте жаз мезгілі көрсетілгенін нендей белгілерден байқап отырсыңдар? (Суреттегі ағаштың жапырақтары көкпеңбек, балалар көйлекшең, аспан шайдай ашық, шөп көкпеңбек).
Бұл жауаптың дұрыстығын қуаттай отырып, мұғалім оқушылардың зейінін ағаш көлеңкесінде дем алып тамақ ішіп отырған балаларға, олардың қастарындағы жидекке толып тұрған ыдыстарға ауадарып: — Балалар не істеп отыр? (олар тамақ ішіп отыр.) — Ал мынау тұрған нелер екен, байқайсыңдар ма? (олар: шелек, себет.) — Бұл ыдыстардың ішінде не бар? (ыдыстардың ішінде жидек бар.) — Осы балалар бұл жерге неге келді екен? (Олар жидек теруге келген болар.) — Оны қайдан … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz