Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары | Скачать Курстық жұмыс

0

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
I — Бөлім. Халықаралық экологиялық құқық
1.1 Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні
1.2 Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері
1.3 Халықаралық экологиялық құқықтың қағидалары
1.4 Халықаралық экологиялық құқықтың обьектілері

II — Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау аясындағы Халықаралық ынтымақтастық
Қоршаған орта проблемалар жөнінде халықаралық конференциялар
Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ұйымдардың рөлі
Мамандандырылған және Біріккен Ұлттар Ұйымының органдары
Үкімет аралық аймақтық ұйымдар
Үкімет емес халықаралық ұйымдар

III — Бөлім. Қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауға Қазақстан Республикасының қатысуы
Қазақстан Республикасының территориясындағы экологиялық проблемалар
Қазақстан Республикасының табиғатты қорғаудағы басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы
Қорытынды
Библиография

КІРІСПЕ

Адам — табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттан тыс, оның ресурстарын қолданбай, өмір сүру мүмеін емес.
Табиғат әрқашан адам өмірінің негізгі қайнар көзі бола отырып, физикалық өмір сүруіне және ойдың мүддесіне, өнегелігіне, әлеуметтік және рухани дамуына мүмкіндік жасап отырады.
Көптеген жылдар бойы адам табиғатты бағындыруға және оған үстемділік етуге тырыса отырып, азаматтың өзі кенеттен экологиялық апаттың шегінде тұр. Осы драматикалық жағдай, яғни, қоршаған ортамен бірге табиғаттың адам қатынасына, өзгеруіне біздің буын куәгер болып отыр.
Жер бетіндегі халықтың елді мекеннің қарқынды өсуі, сол сияқты ғылыми — техникалық дамуы адамның қоршаған ортаға деген мүмкіндігінің нығайуына әсер етіп отыр.
Адам жеңіп алған құқықтарын жақын болашаққа пайдалана алмауына нақты қауіп туғызып отыр.
Міне, осы себептен де жеке құқық құрамында қазір оған қауіп туғызбайтын өмір сүру құқығы қоршаған орта және еңбек шарты бірінші орынға жылжуда. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 бабында көрсетілгендей, мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.
Бүгінгі күні қолайлы қоршаған ортада адамның өмір сүру құқығын халықаралықсыз шешу мүмкін емес. Сондықтан, адамды қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға қазіргі және келешек ұрпақ үшін анықталған мақсаты болып, сондай-ақ ол халықаралық экономикалық және әлеуметтік дамумен, әлемдік негізгі анықталған мақсатқа жетуінде.
Бұл мақсатқа жету үшін кеңейтілген түрде мемлекет аралық ынтымақтастық және жалпы мақсаттағы халықаралық ұйымдардың қабылдаған шешімі, не негізгі мәселелердің өсуіне байланысты қоршаған орта аймақтық немесе халықаралық сипатқа және жалпы халықаралық аймаққа әсерін тигізуі қажет.
Осындай ынтымақтастықтың негізінде халықаралық құқықтың обьектив, жаратылыстық ғылым және экономикалық факторлар жатыр.
Табиғи экологиялық факторлардың мәні, табиғаттағы бір байлық қорының өзгеріске ұшырауы, қоршаған ортаның басқа обьектілеріне тікелей немесе жанама әсерін тигізеді, сондықтан табиғатты қорғауды мемлекет аралық ынтымақтастыққа жағдай жасауының маңызы осында.
әлеуметтік, экономикалықсілтемелер, ең алдымен табиғат байлықтарын қолданудағы көптеген жағдайлардың негізімен, өмірдегі экологиялық құралдардың дұрыс қолдануына халықтың көңіл қоюымен байланысты болады.
Қоршаған ортаны қорғауды халықаралық ынтымақтастығының рөлінің жоғарылығын адамзаттың жалпы түсінігі бойынша, оның өркениетті өмір сүруінің басты екі негізгі шартын айта кеткен жөн: биосферадағы ресурстар және кеңістікте шектелгендігі; осы шектелген жүйе шеңберінде жеке тұлға мен мемлекеттің келісіп жасаған әрекеті. Бұл жерде тиімді қоғамдық реттеу, сонымен қатар мемлекет аралық қатынас құқықтық механизімінің қажеттігіне сүйенеді.
Қоршаған ортаны қорғау аясында мемлекеттердің қатынасын халықаралық құқықтың реттеу қиын әрі өзгермелі процесс болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау аясындағыкөптеген ғылыми — техн.икалық ынтымақтастық келісімдер бірлесіп зерттеуді және дайындауды, ақпаратпен алмасуды, табиғат байлықтарын пайдаланудағы ұтымды тәжірбиені қарастырады.
Аталған келісімдер бірлестіру шеңберінде ғылыми және техникалық мүмкіндік әр түрлі елдердің ғылыми зерттеулеріндегі көзқарастарын топтастыруға, олардың нәтижесін едәуір көрсетуге мүмкіндік береді.
әлеуметтік құбылыстардың жағымдылығының ішіндегісі, ең алдымен қаршаған ортаның адам құқығына қолайлылығы көптеген елдерде тұжырымдалғанын бөліп айтуға болады.
Экологиялық ғылымның кеңеюі,қоршаған ортаны халықаралық құқықтың корғауды реттеуді кеңейтудің обьективтік сілтемесі болып тоыр.
Табиғи ортаның өзара байланысын, экологиялық байланыс түрлерінің бұзылуына қажетті жаратылыстану ғылыми халықаралық келісімі қоршаған ортаның ластануымен күрес аясында жасауға негізделуге, жоғалып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтауға, теңіздің экологиялық жүйесін қорғауға, тропикалық ормандар, озондық қабатты, климатқа және табиғатқа және тағы басқаларға деген әсерін реттеуді рқып білу қажет.
Қазіргі халықаралық бірлестікке халықаралық құқықтықжәне табиғатты қорғау нормаларынқұрастыру және қолдану әсер етуші факторлар жиынтығына қарай, сол үрдістің себепшісі мен тежеушісі. Бұл құбылыстар бір-біріне ұқсас тәртіпте(саяси, экономикалық, әлеуметтік) себепші ғана болып қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғаудағы реттеуінің тежеушісі болып отыр. Сондықтан да осы өрістің халықаралық табиғатты қорғаудағы әрекеттерінің дамуының көпжақты қозғаушы күші халықаралық құқық ғылымының бір міндеті.
Халықаралық құқықтық нормаларының тиімділігі теріс құбылыстарға және қоршаған ортаны қорғау аясындағы мемлекеттердің келісілген әрекеттерімен бара — бара жағдай қалыптастыру.
Әсіресе, саяси фактор, қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауда елеулі, себепші әсерін тигізеді. Халықаралық қысым әлемді берік орнықтыруға және қауіпсіздікті қарулы қақтығысқа тиым салуы және мемлекеттердің бір-бірімен ынтымақтастығы, мекндеуге қолайлы ортаны сақтауға қосымша материалдық ресурстарды бөлуді қажет етеді, қоршаған ортаны қорғаудың саяси жағдайда туындауы мүмкін мемлекет аралық келіспеушіліктерді халықаралық құқық нормаларына және қағидаларына сәйкес реттейді. Жанама пайдалы әрекеттер, жекелкген мемлекеттердің табиғатты қорғаудағы ынтымақтастықта өзінің халықаралықбеделін сақтап қалу, бекітуге ұмтылыс жасауы мүмкін.
Экономикалық құбылыстар — табиғатты қорғаудағы қарым — қатынастың халықаралық құқықта реттелген халықаралық еңбек бөлінісінің тереңділігімен байланысты. Табиғатты қорғау нормаларының теориалық негізі түпкілікті экологиялық түсінікте болуы қажет. Бірақ, шынайы іске асырушы норма қоғамдық дамуға және адамның өмір сүріп отырған аясын сақтауға негізделуі керек. Жоғарыда айтылып өткендей әр түрлі құбылыстар не мүмкіндік жасауға не халықаралық табиғаттықорғау бірлестігінің экологиялық талаптарына, сонымен бірге оның өмір сүру қабілеттілігіне және тиімділігіне әсер етеді. Осы орайда әлеуметтік құбылыстар табиғи экологиялық талаптарға жақын, сол себепті адам қоғамының әлеуметтік дамуы прогрессивті түрде саяси — қоғамдық құрылысқа (бір уақытта экологиялық мақсаттардың едәуір жинақтылығына ) өтіп, нәтижесінде адам құқығын қолайлы ортаға байланысты жағдайын жасап, сонымен қатар оның құқықтық кепілдік деңгейін қамтамасыз ету қажет.
Осыдан қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға байланысты халықаралық проблемаларды, барлық кіші және ірі мемлекеттердің теңдігі негізінде ынтымақтастық ретінде шешуге болады.
Көп жақты және екі жақты келісімдер немесе осындай басқа негіздегі ынтымақтастықтың, бақылаудағы тоқтатуды барлық аяларда өткізілген әрекеттерімен байланысты қоршаған ортаның кері әсерін шеттету өте маңызды және бұл ынтымақтастық барлық мемлекеттердіңегемендігін ескерк отырып ұйымдастырылу керек.
Соңғы жылдары отандық әдебиеттерде, сондай-ақ жақын және алыс шетел әдебиеттерінде ғалымдар Ққршаған ортаны қорғауға арналған мәселелердің зерттеуіне едәуір мәнберіп отыр.
Жоғарыда айтылғандардан шығар қорытынды, менің дипломдық жұмысымның мақсаты — адамзаттың маңызды проблемаларының бірі ретіндегі, қоршаған ортаны қорғауды оқып біліп, талдау болып табылады.
I Бөлім. Халықарлық экологиялық құқықтық саласының дамуына арналған. Мұнда халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, обьектісі, негізгі қағидалары және қайнар көздері тікелей қарастырылады.
II Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық, соның ішінде халықаралық табиғатты қорғау ұйымы және осы мәселелерді шешудегі халықаралық конференциялар сауалдары қамтылады.
III Бөлім. Халықаралық ынтымақтастыққа және Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға арналған.
Қорытынды барлық жұмыстыңнегізгісін қамтиды, онда қоршаған орта аясын халықаралық құқықтар қорғау бүгінгі күннің маңызды тақырыптарының бірі болып отыр, оны дұрыс және уақытында шешу бүгінгі және келешек ұрпақтың өмірі байланысты болып отыр.

I — БӨЛІМ

Халықаралық экологиялық құқық

Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі және пәні

Қоршаған орта — әлем, экономика, қоғам демократия категорияларымен бір қатарда тұрған қазіргі ғылымның және практиканың берік санаттарының бірі.
Қазіргі ұлттық және халықаралық құқықтың сатысына сәйкес, табиғатқа байланысты қоғамдық қатынасты құқықтық реттейтін интегралдық обьект табиғат емес, қоршаған ортаның өзі.
Қоршаған орта (Umwelt) түсінігін XIX ғасырдың екінші жартысында неміс биологі Якоб Икюль Экология ғылымына енгізілді. Оның айтуынша бұл — ішкі әлемді белгілеп, қоршаған ортадағы тірі ағзалар, жануарлардың ішкі сезім мүшелерімен және олардың белгілі бір жүріс-тұрысқа талаптануын көрсеті үшін жасалған.
Қоршаған орта түсінігі адамның өмір сүру шарттарымен байланысты элементтердің көп түрін қамтиды. Олар үш түрлі объектілерге бөлінген: жаратылыс (тірі) орта объектісі (флора, фауна); өлі (не живой) орта объектісі (теңіздік және тұщы су бассейндерінің — гидросфера); Жердегі ғарыш кеңістігі; адамның табиғатпен өзара қатынасы үрдісінде пайда болған жасанды орта объектісі.
Осылардың жиынтығынан барлық қоршаған ортаның жүйесін құрып, территориялық аумағына байланысты, глобалды (бүкіл жер шарын қамтитын), аймақтық және ұлттық болып бөлінуі мүмкін.
Осыдан қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғаумен парапар емес. Осы ғасырдың 50 жылдарының басында табиғатты қорғау және оның ресурстарының әлсіреу қорғау емес, экономикалық мақсат етеді, ал 70 жылдарда бұл міндеттің обьективтік факторы адамдарды қоршаған ортаны қорғауға ауыстырылды, дәлірек айтқанда сол мезеттеқалыптасқан глобалды мәселелерді қамтып көрсетті. Қазіргі адамды қоршаған орта 1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Стокгольмде өткен конференциясының тақырыбы болды.
Профессор Петров В.В. адамды қоршаған орта деп, антропогендік адамдардың әрекетінде қалыптасқан, экологиялық жүйенің органикалық бірлігіндегі, жаратылыстық, ауысымдылық, модификациялық жаратылыстың ортаның бір бөлігі деп түсіндіреді. Қоршаған ортаны қорғау аясындағы мемлекеттердің ынтымақтастығынын қажетті негізі, оны халықаралық құқықтың зерттеуі болып отыр. Атап айтқанда, қоршаған ортаны халықаралық құқықтық қорғауды реттеудің өзара келісіміндегі орнықтырылған толық жүйесі, ішкі құрылысын сонымен қатар нормативті негізін және қайнар көзін қамтиды.
Отанды құқықтық ғылымда, оның өзіндік институтының бар екендігі жөнінде пікір қалыптасқан. Қоршаған орта халықаралық құқық термині қалыптасуға шақ тұр, сондақтан қазіргі уақытта халықаралық экологиялық құқық түсінігі жиі қолданылып жүр. Бірақта қаоршаған орта халықаралық құқықтың құрылымдық қалыптасуы әлі бітпеген. Бұған куә — халықаралық құқықтың басқа саласындағы, әсіресе теңіз, әуеде қоршаған ортаны қорғауға қатысты кейбір жәйсіз қағидалармен норманың сақталуы. Сөз болып отырған мәселе, қоршаған ортадағы халықаралық құқықтың қалыптаса бастау шегімен халықаралық құққы институтын және ресурсты пайдалану саласының тығыз байланыстылығында.
Бұдан басқа қоршаған ортаны қорғауда қалыптасқан арнайы қағидалар мен нормалар нақты жеткіліксіз мазмұнының жоқтығынан да жапа шегуде.
Қоршаған ортаның халықаралық құқығы, халықаралық құқықтың өзіндік бір саласы ретінде біржолата бітуі үшін, елеулі түрде оны кодификациялау дәрежесі мүмкіндік тұғызатын еді. Бұл сауал бірнеше рет қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасының шеңберінде ұсынылған. Жан жақты кодификациялық акт ұқсастығы бойынша халықаралық құқықтағы басқа салалармен сол сферада қалыптасқан қағидамен норманы жүйелендіруге, сол сияқты, тең құқықтың негізіне және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттердің өзара қолайлы ынтымақтастығына мүмкіндік беретін еді.
Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық құқық актілердің саны біртіндеп көбеюі қорғау, пайдалану, қоршаған табиғи ортаны жақсарту жайында құқықты қосатын барлық құжаттарды топтастырып, халықаралық заңдылықтың бір саласы — экологиялық заңдылықты оқытуға алып келеді.
Халықаралық экологиялық құқық қазіргі дәрежеде халықаралық қолданыстағы экологиялық заңдылықтардың жинақталған, қазіргі даму үстіндегі халықаралық құқық және оның ғылыми болып табылатындығында.
Қоршаған ортаны қорғауда және жер ресурстарын пайдалануда халықаралық экологиялық құқықтың теңіз, атомдық, ғарыштық құқық салаларымен байланысты. Халықаралық және ішкі экологиялық құқықтың байланысы едәуір қиын жүйе болып отыр. Бұл жердегі қиындық ең алдымен, егер ішкі экологиялық құқықтың мемлекеттердің тиісті бірлігінің еркіндігі болса, халықаралық екі немесе бірнеше мемлекеттердің, не халықаралық ұйымдардың келісіміндегі еркіндігіне. Сол мезетте осындай экологиялық құқық нормаларының шектеу еркіндігіндегі басымдылық халықаралық құқықтық нормаларда.
Осы халықаралық құқықтың саласы екі түрлі мағына береді: бір жағынан халықаралық, экологиялық, құқықтың халықаралық ынтымақтастығының барлық нысанын реттейтін халықаралық жариялық құқықтың құрама бөлігі. Бұл құқықтық реттеудің қағидалары мен әдістеріне сипаттама беруге ықпал жасайды. Ал екінші жағынан, ол халықаралық, құқықтық реттеуді, мазмұнына сүйене отырып, ішкі экологиялық құқықтың жалғасы болып табылады. Бірақта, бұдан халықаралық құқықтық адамның, ұйымдардың, мемлекеттердің байланысын қамтитын өзінше құқық жүйесі болуын тоқтату емес, жекелеген мемлекеттердің экологиялық құқығының пәнінің және әдісінің қайнар көзі. Сонымен бірге осы қаатынастағы субъектілердің құқықтың реттелуі едәуір дәрежеде бөлігнеді.
Құқық теориясында құқықтың реттеу пәні деп — негізгі анықталған құқық саласындағы құқықтық нормалардың бөлінуі саналады.
Пән құқық саласының жүйесін құрастырушы фактор болып табылады. Құқықтық реттеудің пәні қоғамдық қатынас — тағы нақты анықталған, басқа құқық пәнән құрастырушы деп түсіндіріледі.
Біз қарастыратын аймақта құқықтық реттеудің объектісі табиғи орта және оның бөлек элементтері — жер, оның қойнауы, әлемдік мұхит, өсімдіктер мен жануарлар әлемі және осылармен байланысты адамның ықыласы, осыдан табиғатқа байланысты немесе қоршаған ортаға байланысты қоғамдық қатынас пәні болып табылады.
Осыдан халықаралық экологиялық құқықтың пәні болып, адамның қоршаған ортаны қорғау және жақсарту мақсатындағы өзара әрекетінің аясында жинақталған қарым — қатынасы қазіргі және келешек ұрпақтың ықыласы, халықаралық экологиялық қатынас танылады.
Сонымен, халықаралық экологиялық құқықтың пәні болып нені түсінеміз ? Жоғарыда айтылғандар негізінде халықаралық экологиялық құқық — өзіндік құқықтың бір саласы ретінде құрылған, өзінде халықаралық құқықтың нормаларының жиынтығы, оның қорғауындағы субъектілердің, халықаралық экологиялық ресурстардың рационалды пайдалануын және қоршаған ортаны зиянды әрекеттерден қазіргі және келешек ұрпақтардың ықыласымен қорғауды реттейтін қатынастар болып табылады.

1.2. Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері.

Материалдық мағынада халықаралық экологиялық қатынастың қайнар көзі деп — табиғи қоршаған ортаны рационалды пайдалануға және қорғауға бағытталған әлемдік бірлестіктегі мүшелерінің еркіндігін түсінуге болады. Ал формальды мағынада, халықаралық құқықтың экологиялық нормаларының қайнар көзі деп — халықаралық құқық нормаларына сәйкес жасалған құқықтық нысан — шарт, келісім, конвенция, халықаралық ұйымның және конференциялардың қарары (резолюция) және тағы басқаларды түсінуге болады.
Кейбір жеке жағдайларда халықаралық экологиялық құқықтың нормаларының қайнар көздері болып ішкі заңдылықтағы нормативтік акт қолданылады.
Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көзінің ортасындағы орталық орында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қарары және табиғатты қорғаудағы бүкіләлемдік Хартия танылады. Олар, халықаралық құқықтық экологиялық ынтымақтастықтың қағидаларының және ережесін іске асыруда анықталған мағынасы болып отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қарары: қоршаған ортаны қорғауға және дүниежүзілік табиғат ресурстарын рационалды пайдалануға арналған. 1962-ші жылы 18-ші желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Экономикалық даму және табиғатты қорғау туралы қарар қабылдады, онда ЮНЕСКО ұсынған тілек және ұсыныс мақұлданды. Қабылданған қарарда көңіл аударарлық үш кезең атап өтілді:
Бірінші, қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды, флора мен фаунаның жиынтығын тұтас қарастыру;
Екінші, табиғатты қорғау терминінің интеграциясы кеңейтілген қоршаған ортаны қорғау терминіне.
Үшінші, табиғатты қорғауды және экономикалық дамудың маңыздылығының органикалық мазмұны өзінің дамуы 1972-ші жылы қоршаған орта туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Стокгольмдегі конференциясында алған.
1968-ші жылы 3-ші желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қарар қабылдады, онда адам құқықтарының негізін сақтау үшін, экономикалық және әлеуметтік дамуға тиісті қоршаған ортаға қолайлы көңіл аударарлық рөлі байқалады. Осы мақсатпен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта туралы конференциясын 1972-ші жылы Стокгольмдегі шақыруға шешім қабылданды.
1980 жылы қыркүйек айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Мемлекеттердің қазіргі және келешек ұрпағы үшін жер табиғатын қорғауға айырықша жауапкершілігі туралы қарар қабылдады. Қарар барлық мемлекеттермен халықаралық халықты қоршаған ортаны қорғауға және қақтығысты қысқартуда нақты шара қолдануға шақырды.
1982 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы дүниежүзілік табиғатты қорғау Хартиясын бекітті.
Табиғатты қорғауда Дүниежүзілік Хартия 1982-ші жылдың 28-ші … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz