Оқу сағаты «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Оқу сағаты «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»

Автор: Шотка Ганибат

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-16


Материал туралы қысқаша түсінік

бастауыш сынып мұғалімдеріне




Күні:Сынып: 1 Б «Теміртау қаласы №3 ЖББОМ»КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Шотка Ганибат
Сабақтың тақырыбы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау2.1 Оқу түрлерін қолдану1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Тілдік құзыреттілік
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басыЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыруминут Ойға толып санамыз,Бестік болып бағамыз.Баласындай бір үйдіңТату болсын арамыз.Көңіл күй сыйлайық:1 топ: Бір-бірімізге күннің шуағын,2 топ: Аспанның ашықтығын3 топ: Судың тазалығын,Бәрі бірге: Сыйлаймыз!!!Ширату: Жұмбақ шешеміз.1.Торын құрып қояды, Шыбындарды жояды. (өрмекші)2.Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа) 3.Құйқылжытып дала күйін, Үй ішіне салады үйін. (Қарлыгаш)Олай болса бүгін Ы.Алтынсарин атамыздың «Өрмекші, қарлығаш, құмырсқа» әңгімесін оқимыз.

Шаттық шебері

Сабақтың ортасыминут Кіріспе: Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. 1.Мәтінді мәнерлеп оқу.*рөлге бөліп оқу.*Атаның сөзін тауып оқы, содан қорытынды жаса.*Сұрақтарға жауап беру.Өрмекші неге өрмек тоқып жүр?— Құмырсқа не істеп жүр?— Қарлығаш неге шөп жиып жүр?-Мәтіннің мазмұнын айту. 1 топ: *Екі оқушы еңбекке қатысты мақал жазу. «Еңбек етіп ас ішсең, балдан тәтті болады».* Екі оқушы «Өрмекші» сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз жазу: Өрмек, көмір, екі, өр, ер, ішек, кем, өрік.*Екі оқушы өрмекшінің пайдасын жазу: өнерлі, мейірімді, өрмек-тұзағын құрып, шыбын, масаларды қорек қып, зиянкестерден тазартады.2 топ: *Екі оқушы еңбек туралы мақалды аяқтап жазу.Еңбектің наны тәтті,………. ( жалқаудың жаны тәтті)* Екі оқушы «Құмырсқа» сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз жазу: құмыра, қысқа, қар, қыс, қамыр, қасық.*Екі оқушы құмырсқаның пайдасын жазу: еңбекқор, әділдік, тазалық.өнерлі, тәртіпті, мейірімді. 3 топ: * Екі оқушы санды келтіріп мақал жазу.«Еңбек – адамның екінші анасы».Екі оқушы «Қарлығаш» сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз жазу: қар, ағаш, ар, ал, аш, қарлыға, қарлы, қаш, қарға.*Екі оқушы қарлығаштың пайдасын жазу: үй салады, өнерлі, мейірімді, қайырымды, оқулықпен жұмыс

таратпалар

сурет салу :1 топ- өрмекші, 2 топ: құмырсқа, 3 топ: қарлығаш
Сабақтың соңыминут Әңгіме не туралы, басты кейіпкерлерді кім айтады? — Басты кейіпкерлер: өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.— Әкесі баласына нені үлгі етіп тұр?Үш жәндіктің еңбегін әкесі баласына түсіндіріп, сен де еңбектен деп тұр.— Ендеше, балалар, әңгімеде әкесі баласына ғана айтып тұр ма әлде барлығымызға айтып тұр ма?Барлығымызға да босқа жүрмей еңбектеніңдер, осы кішкентай жәндіктердің ісінен үлгі алыңдар деп тұр екен.— Сонда бүгінгі таңда біздің еңбегіміз не екен балалар? — Оқу.— Сендер жақсы оқысаңдар, үйге көмектессеңдер, айналадағыларға көмектессеңдер, қамқоршы бола білсеңдер, бұл да үлкен еңбек екен, балалар! РефлексияБүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Смайликтер

Қолдау көрсету.Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағыОқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш. Ы. АлтынсаринАтасы он жасар немерсемен далада келе жатып, немересінен сұрайды:     — Анау өрмекшіні көрдің бе? Не істеп жүр екен?     — Көрдім, өрмек тоқып жүр.     — Анау құмырсқаны көрдің бе?     — Көрдім, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.     — Жоғары қарашы, көкте не ұшып жүр?     — Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр. Аузында кесе тістеген шөбі бар.        Сонда атасы айтты:     — Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған ғибрат болсын! Өрмекші маса-шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етерге. Құмысқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Ал қарлығаш балапандарына ұя жасау үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де жұмыс істеуге әдеттен.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.