Инспекторларға шабуыл жасаған браконьерлердің кім екендіктері анықталды
Қанды қол қылмыскерлерді құрықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облысында «Охотзоопромның» инспекторларына шабуыл жасағандардың кім екендіктері анықталды. Бұл туралы zakon.kz ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубабаевқа сілтеме жасап хабарлайды.
15-қаңтар күні елорданың №1 қалалық ауруханасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларының бірі қайтыс болған еді. Ол əріптесімен бірге 13-қаңтар күні қызметін өтеу барысында Қарағанды облысының аумағында браконьерлердің шабуылына тап болған.
«Аталған факт бойынша Қарағанды облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен ҚК 99-бабының 2-тармағына сәйкес (бір топ адам болып кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда тергеу жұмыстарының нәтижесінде аталған қылмысқа қатысы бар адамдардың барлығы анықталды. Соның аясында оларды құрықтау жұмыстары жүргізілуде», — деді Алмас Сәдубаев.
Ол қылмыскерлермен шайқас кезінде қаза болған инспектордың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.
Бұның алдында ҚР Бас прокурорының орынбасары Лукин, ол кім болса да Қылмыстық кодекске сәйкес жауапкершілкке тартылып, өз жазасын алатын болады деп айтқан.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/