Отбасы сыры

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Отбасы сыры

Автор: Жолмуратова Слухан Колбаевна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-16


Материал туралы қысқаша түсінік

тәрбие сағаты




Сабақтың тақырыбы: Отбасы сыры Сабақ мақсаты: Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Атаанасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.Атаанасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.Көрнекілігі: атаана жайлы ұлағатты сөздер, шар,  Кіріспе:                            Мұғалім:Құрметті   ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Отбасыадамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірідүниеге ұрпақ әкелу, екіншісідүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Оқушы: Отбасысыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымытбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегіата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.  Оқушы:Отбасы — адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата-анасы. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Ұрпаққа берілетін тәрбие ісі де отбасының беріктігімен тығыз байланысты. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. Тәрбиенің сыншысы да, бағалаушысы да – халық Оқушы:Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеуМұғалім: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері , ұрпақ жалғасы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата- анадан алады.Әке мен ана шаңырақтың тірегі. Оқушы: Ата-ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы-Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтаимайтын халық та жоқ.Халықтың халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып емірене айтатын бесік жыры. Оқушы : Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше!Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау. Анам маған «Үлкенді сыйла» деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен. Үлкендерден  ауысқан кішілікті Үлкендердің өзіне сыйға берем. Атамнан қалған мұра-ізеттілік, Арымды соған қойған күзеттіріп, Адалдықменің сәби Айбарым ғой, Маңдайынан жүргені жүз өптіріп. Оқушы:Ана жанын ана болсаң ұғарсың. Алдыңдағы ол бір биік құзар шың, Балаң үшін биіктен де құларсың. Ана мейірі күн көзімен пара-пар. Тұла бойға қуат болып таралар. Өміріме шуақ шашып әрқашан Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар! Ән «Ана туралы жыр» Оқушы: Әке.Әке-әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу кернек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көпл өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол  болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Оқушы: Әке деген-биік шыңы адамның, Әке деген тірегі ғой ғаламның. Әке деген-бойыңда аққан қаның да, Шыққан тегің, ол негізің, жаның да. Не десең де әке жолы бір бөлек, Қайда жүрсең  қолтығыңнан тұр демеп. Нағыз әке ақылгөй де асқар жан, Барлық ұрпақ әкелерден басталған. Ән «Әке қуанышы» Оқушы: Қазақта «Ұлың-қымбат, немерең-ыстық» деген нақыл сөз бар.Немере үшін ең мейірімді жан-әже.Әжеңнің аялы алақаны, мөлдір мейірі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет. Әжемнің саясында ержетіп мен, Аялы  ақ бесікке тербетілгем. Әжемдей ақ ниетті абзал жанды Таппаспын айналсам да жер бетінен. Жүрегімде әжемнің әжімі бар, Жүрегімде достардың әзілі бар, Жүрегімде өмірдің қызығы  бар, Жүрегімде жанымның азығы бар. Ержетіп есейгенде балапаны Арайлап атады екен дала таңы. Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын Қымбат қой әжелердің алақаны.   Ата ана туралы дана сөздерді тыңдайық !Оқушы:Адам жеміске, атаана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата анаңды аялап бақсаң ,армандарың орындалады Оқушы: Ұлқыз атаанасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата ананың ұлқызы болып өседі. Оқушы:Әдепті , адал ұл қыздардың міндеті атааналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне аладыОқушы:Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту керекОқушы:Атаанаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болмаОқушы:Атаанасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы ,рақымсыздың рақымсызыОқушы:Атаананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.   Оқушы: Отбасы. Бала. Мектеп. Бірбірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен атаананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасыәр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарымқатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Мұғалім: Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынын басталады. Отбасы барша адамзатқа ең жақын , ең қасиетті ұғым.Енді осы тақырыптағы мақал мәтелдерге кезек берейік. 1 Бала тәрбиесі бесіктен2 Баланың жақсысы қызық, жаманыкүйік.3 Әке көрген оқ жонар,Шеше көрген тон пішер4 Бала көңілдің гүлі, көздің нұры5 Құс балапаны үшін тозаққа түседі,Адам баласы үшін азапқа түседі.6 Ата бәйтерек, бала жапырақҚорытынды :Отбасыбұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жанжақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.    







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.