Жанұя тәрбиесі | Скачать Материал

0

Оқушылардың тәрбиесіндегі қоғамдық мекемелердің рөлін көрсетіңіз

Жоспары

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазіргі қоғамдағы оқушылар тәрбиесінің мақсат-міндеттері мен
мазмұны
2. Мектептегі, жанұядағы, қоғамдық ұйымдардағы тәрбие процесі,
оның ерекшеліктері
3.Қазіргі кездегі мектепте, жанұяда, қоғамдық ұйымдарда тәрбие
жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-
жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан
ұрпақ тәрбиелеп өсiру – отбасының, орта және жоғарғы бiлiм беру ошақтары
мен барша халықтың мiндетi. Бұл процестiң стратегиялық негiздерi Қазақстан
Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халықтық жолдауындағы Қазақстан —
2030 стратегиясында (1997); Қазақстан Республикасы Бiлiм туралы заңында
(1999); — Бiлiм беру жүйесiнiң басты мақсаты, ұлттық мәдениетiмiз бен халық
педагогикасының негiзiнде, әрбiр жеке тұлғаның қалыптасуына қажеттi жағдай
жасау – деп көрсетiлген. Осы тұжырымдарды Бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң
II-шi съезiне (2001) қатысушылар алдында сөйлеген Президент: — Бiлiм беру
iсiндегi рухани дәстүрлердi сақтап, жаңаша жетiлдiре дамыта беру керек. Бұл
жүйедегi – оқыту мен тәрбиелеудiң бiрлiгi – үзiлiп қалды. Сiздер мен бiздер
тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы азаматтық қадiр-қасиеттердiң мәнi
мен маңызын түсiнетiн, жаны да, тәнi де таза бiлiмдi азаматтар тәрбиелеуге
мiндеттiмiз. Олардың отаншылдық сезiмдерiн тәрбиелеуде, бiлiм берудiң
мектепке дейiнгi жүйесi мен жоғары оқу аралықтарын үндестiре ұйымдастыру,
көкейкестi мәселе болып табылады, — деп атап көрсеткен едi.
Қазiргi уақытта ұрпақ тәрбиесi туралы мәселеге, мүлдем жаңаша
психофизиологиялық көзқараспен қарауды, замана сипаты ерекше талап етуде.
Бүгiнгi таңда жалпы адам тәрбиесiне де, сонымен бiрге келешек ұрпағымыздың
тәлiмiне де, халық педагогикасының тигiзер жерлерiн, тiптi ештемемен
салыстыруға келмейдi. Бұл жайында ғұлама-педагогтар (А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ж.И.Намазбаева, Х.Арғынбаев, Қ.Жарықбаев,
С.Ұзақбаева, С.Қалиев, Қ.Қожахметова, З.Абилова, Б.Мұқанова, К.Оразбекова,
А.Бейсенбаева, А.Қалыбекова және т.б.) тамаша зерттеулерi бар.
Әр халықтың тәлiм – тәрбиелiк мұрасы ұлттық мәдениетiнiң маңызды
бөлiгi болып табылады. Ертеңгi өркениеттi қоғам мүшесi, өз ұлтының рухани
байлығын, iзгi қасиеттерiн бойына сiңiрген, өз жерi мен елiн қорғай алатын
ұлтжанды, жоғары мәдениеттi адамды тәрбиелеудiң негiзi – халықтық тәлiм-
тәрбие. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне деген көзқарасының өзіндік
ерекшелігі бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-
баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын
мәдениеттілікке, зерделілікке баулып, халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпын
тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстанған.

1. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат-міндеттері мен
мазмұны

Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты,
жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға
меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Тәрбие
материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға
бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде
күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және
моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін
меңгереді.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың
нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Тәрбиенің мақсаты – бұл жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен
жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына
тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық
құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Себебі қоғамның материалдық
жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат-
міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға
сәйкес жақсарып отырады,
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына
сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиешілердің өз
қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның мемлекеттің әл-
ауқаты және оның саясатымен әрқашанда тығыз байланысты болады.
Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді.
Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке-дара
атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады.
Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір
ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге
дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу
процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе
жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқында
дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды.
Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие — көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу,
қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының
міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекет қадағалап, бағыт-бағдар
беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып
отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:
— отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға
дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін,
еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
— ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және
өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игеру білуін тәрбиелеу;
— адамгершілік қаситтерін барынша құрметтеушілік, адамдарға деген
қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық,
шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
— еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілі үшін материалдық өндіріс
саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек
адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
— әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан
ажырата білуді, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын,
құштарлығын, табиғатта сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
— денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене
шынықтырумен, спортпен үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
— табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам
өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу,
сақтау рухында тәрбилеу, т.с.с.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам
құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге
асырылады.
Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы
дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани
өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады. Соған сәйкес
мектеп тәрбие беру ісіе бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын
қамтамасыз етеді.
Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру
тәрбиенің салалары: ақыл-ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік
тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, мінез-құлық тәрбиесі,
экономикалық тәрбие, патриоттық тәрбие, экологиялық тәрбие, жыныстық тәрбие
т.б. көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады .
2. Мектептегі, жанұядағы, қоғамдық ұйымдардағы тәрбие процесі, оның
ерекшеліктері

Тәуелсiз Қазақстан Республикасының өркениеттi ел қатарына қосу жолында
келер ұрпақты жоғары мәдениеттiлiк пен имандылыққа тәрбиелеуде жаңа ғылыми
көзқарас қалыптастыру мiндетi тұр. Солардың бiрi жастар тәрбиесiне
байланысты, олардың дүниеге келген күнiнен бастап аса көп көңiл бөлуi
қажет, педагогикалық негiзiнде салт-дәстүрiмiзге жақындатып оны рухани
өрлеу құралына айналдыру қажет.

Кез келген халықтың бүкiл адамгершiлiк – рухани өмiрi халық
педагогикасында екендiгiн әрбiр халық мойындайды. Осы заманғы тәрбиенiң
мәнi – халықтардың ғасырлық, прогресшiл, адамгершiлiк дәстүрлерiнiң
сабақтастығын нығайтуға мүмкiндiк туғызып отыр.

Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті
мүдде-мұраттарына орайластырылады. Қазақ педагогикалық
энциклопедия сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі:
“Отбасы тәрбиесі – туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға
үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. “Отбасы тәрбиесінің
мәнін ашу үшін “тәрбиелеу” және “әлеуметтендіру” ұғымдарын байланыстырып
түсіндіру қажет. Ұлы ғұлама әл-Фараби “Бақытқа жету жолында” деген
еңбегінде: “Тәрбие деп – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық
ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз” деп анықтама береді. Болашақтағы
еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды,
адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті. Жанұялық
тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-
дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін
қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси,
жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады.

1. Балалар мен жастардың отбасындағы тәрбиесі салауатты өмір болмысына
негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібін, спорттық жаттығуларды, дене
шынықтыруларын т.б. қамтиды.

2. Отбасындағы сана – сезім тәрбиесі ата-аналардың өз балаларын
білімдермен байытып, соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсінуін
қалыптастырып, оларды үздіксіз жаңалап бару ұмтылыстарын баулуға
негізделеді. Танымдық қызықсыну, қабілет, бейімділіктер мен нышандарды
дамытып бару бала тәрбиесіндегі ата-аналардың аса өзекті шаруасы.

3.Отбасындағы адамгершілік-имандылық тәрбиесі тұлға қалыптастыру
жолындағы қатынастардың бұлжымас төркіні. Бұл орайда алғы шетке тартылатын
мәселе мәңгілікті өзгермес адамзаттық мораль құндылықтары – сүйіспеншілік,
құрмет пен сыйластық, әділдік пен ар-намыс, қадір-қасиет пен борыш
сезімдерін тәрбиелеу. Адамгершілік сапа, қасиеттердің басқа да түрлері:
парасатты қажетсіну, тәртіптілік, жауапкершілік, дербестік пен ұстамдылық
та осы отбасында баулынады.

4. Отбасындағы эстетикалық тәрбие балалардың таланты мен дарынын
дамытуға бағытталып, өмір болмысы әсемдіктері жөнінде тағлым беруге
арналады.

5. Отбасындағы еңбек тәрбиесі балалардың болашақтағы адал өмірінің
негізін қалайды. Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған баланың есейген кезде
де бар есіл-дерті “жеңілдің астымен, ауырдың үстімен” жүріп, шалқып өмір
сүру.

Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие –балалардың тән-дене

және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге
негізделген үздксіз жетіліп барушы процесс.

Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы
мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-
жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес,
дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:

— әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен
ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;

— тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне

орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне
құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б.
тәуелді.

Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-

сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес.
Қаншама ата-ана болса, әдістер түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру,
қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және
жазалау. Әдістер атан-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді
келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz