Шешенстанда бір жылда 36 мешіт ашылды

0

Астана. 16 қаңтар. KAZISLAM – 2018 жылы Шешенстан территориясында 36 жаңа мешіт ашылды, тағы 200-ден аса ғибадатхана қайта жөндеутен өтті. «Грозный» мемлекеттік телерадиокомпаниясы мәліметінше, мешіт құрылыстары мен жөндеу жұмыстары Шешенстан республикасының тұңғыш президенті Ахмат қажы Қадыров атындағы қор қаражатына жүргізілген.

Қазіргі уақытта республикада 1101 мешіт жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек елде өзге де діни нысандар, оның ішінде 130 зиярат орны, 14 ислам медресесі, 6 хафиздер мектебі және 599 мұсылман қабірі бар.

Шешенстан басшысының кеңесшісі, мешіт құрылыстарына жауапты өкіл Амрудди Эдильгириевтің айтуынша, өткен жылы салынған барлық діни нысандар ішінде Беной елдімекенінде бой көтерген мешіттің орны ерекше. Бұл мешітке Шешенстантың тұңғыш президенті Ахмат қажы Қадыровтың үлкен атасының есімі берілген.

«Шешенстанда мешіт құрылыстарын жүргізу өте маңызды және жауапты жұмыс саналады. Мұсылман ғибадатханалары – Шешенстанмен бірге басқа да елдерден келетін жүздеген мың, тіптен миллиондаған мұсылманның басын біріктірерін, үйлестіретін орталық» деп атап өтті Эдильгириев.








Дереккөз: http://kazislam.kz/