Ғылыми жоба «Асқабақ дәнінің емдік қасиеті» слайд

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ғылыми жоба «Асқабақ дәнінің емдік қасиеті» слайд

Автор: Байбатырова Баян Ерлановна

Бағыты: Басқа Бөлімі: Презентация Сыныбы: 5 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-16



Материал туралы қысқаша түсінік

Орта буын оқушысына арналған дайын ғылыми жоба, асқабақ дәнәнің мың да бір дауаға ем екендігі жазылған. Оқушымның өзінің бақшасында жаз бойы өсіріп , бақылап жасаған жұмысы.







Семей қаласы “№ 44 жалпы білім берететін орта метеп” КММ Орындаған: Дауытбекова ДанараСыныбы: 5 “Г”Ғылыми жетекші: Байбатырова Б.Е Ғылыми жобаның мақсаты: Асқабақ дақылы мен дәнінің емдік қасиетін зерттей отырып, оның пайдалы қасиеттерін білу, өсіру, қорғау жолдарын қарастыру. Ғылыми жұмыстың өзектілігі Биология оқулығында асқабақ дәнінің емдік қасиеттер туралы мағлұмат аз берілген.Бұл жемістің дәнінің пайдасы өте зор. Адамдар жақсы көріп жей бермейтін жеміс дәнінің көптеген дертке дауа болатынын дәлелдеп көрейік. Міндеттері:1. Асқабақтың шығу тарихы және түрлерімен таныстыру. 2. Емдік мақсаттағы және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу. 3. Асқабақтан жасалатын тағамдардың жасалу жолдарын көрсету.  Мазмұны 1. Аннотация2. Кіріспе3. Зерттеу бөліміАсқабақтың шығу тарихы Жүрек пен қан тамырларына пайдасыМи жұмысын жақсартады Ішек үшін пайдалыАсқабақтың емдіік қасиеттеріАсқабақ дәнінің пайдасыАсқабақ және сұлулықАлып асқабақАсқабақтың пайдасыАсқазаныңыз қыжылдаса Асқабақ дәні – мың ауруға емАсқабақтан дайындалатын тағамдар4. Қорытынды5. Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе Менің зерттеуге алынған тақырыбым кәдімгі қарапайым асқабақ.Зерттеу жұмысымның тақырыбы «Асқабақ дәнінің емдік қасиеттері», яғни асқабақты және дәндерін неғұрлым көп пайдалансақ біздің денсаулығымызда зор болады, ал денсаулық болса біздің бағымыздың жанғаны. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мен асқабақтың денсаулыққа пайдалы екенін асқабақты жан-жақты зерттеу арқылы көз жеткіздім. Мен өз ауламдағы бақшамда асқабақтың бірнеше түрлерін егіп, баптап өсірдім. Бірақ бақылау барысында адамдардың асқабақты тамаққа аз пайдаланатындарын және ем ретінде қолданбайтынын байқадым.Енді мен асқабақтың пайдалы екендігін, тамақтың неғұрлым дәмді дайындалған түрлерін, тамақты дайындау әдістерін үнемі айтып жүремін. Асқабақ — ірі жемісті тағамдық, дәрілік, мал азықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұртшасы бар. Қос жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі. Асқабақтың Қазақстанда 9 туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, сәнқабақ (люффа) бар. Асқабақ қолдан егіледі, ал атпақияр, итжүзім, коңыраусары жабайы түрде өседі. Асқабақтың ұзын шырмалғыш сабақтарының ұшында дара не айыр мұртшалары болады. Асқабақ, асқабақтың дәндер көп ауруға ем. Асқабақтан да дәмді тамақ дайындауға болады. ҚорытындыМен зерттеу жұмысымда асқабақтың емге пайдасын қолдандым . Мысалы кішкентай балаларда болатын құрт ауруын асқабақ дәнегімен емдеп ,оның пайдасын көрдім. Дәмді тағамдар дайындауды, түрлі салат түрлерін жасап үйрендім. «Шипагер» шырынының пайдасы өте зор, әсіресе ағзасы жас балаларға ішкізсе, ауруынан да жазылады, оның дамып, өсуіне де үлкен пайдасы бар. Асқабақты зерттей отырып оның пайдасының көп екеніне көзім жетті. Зерттеу жұмысы әлі де толықтыруды қажет етеді. Мен әлі де жұмысымды толықтырып, зерттеуімді жалғастырамын. Қорытындылай келе баршаңызды асқабақты көп өсіріп, дәріханадан адамның бір ауруын емдеп , бір ауру тауып беретін жасанды әрі кез-келген адамның қалтасы көтере бермейтін дәрілерін қабылдағаннан гөрі өзіміздің бақшамызда өсетін асқабақты ауруларыңызға молынан пайдаланыңыздар демекпін. Ұсыныс: 1. Асқабақтың құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер көп болғандықтан асқабақтың түрлері жерімізде көптеп өсірілсе;2. Асқабақтан түрлі тағамдар дайындауға мүмкіндіктің барлығын біле отырып, өндірісте тұрмысқа қажетті тағамдар шығарылса;3. Асқабақтың дәні тазаланып, қуырылып, арнайы санитарлық зертханадан өткізіліп, қапшыққа салынып, сауда айналымына шығарылса;4. Асқабақтың емдік қасиеттері баспа беттерінде, теледидарда кеңінен насихатталса.








Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.