Қазақстан өзендері. Өзен және олардың маңызы

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ИНСТИТУТЫ
ГЕОГАФИЯ КАФЕДРАСЫ

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан өзендері

ОРЫНДАҒАН: Мауленова Гүлдана
ТОБЫ: ПМИ 06-9К2

ҚАБЫЛДАҒАН: Алиасқарова Индира

ШЫМКЕНТ – 2008

Қазақстанның өзендері

Жоспар
1. Кіріспе
а) Өзен және олардың маңызы
ә) Қазақстан өзендері
2. Негізгі бөлім
а) Өзен жүйелері мен алаптары
ә)Жер бедерінің өзендер ағысына әсері
б)Өзендердің су шығыны және жылдық ағыны
в)Өзендердің су жинауы және режимі
г)Өзен аңғарының эрозия базисі
ғ)Қазақстанның өзендері және оны қорғау

3. Қорытынды

Қазақстан өзендері

Өзен және олардың маңызы. Өзендер – табиғи су ағыны салынған
арнамен үнемі ағып отырады және жер беті, жер асты суларымен қоректенеді.
Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері,яғни
өзендер,көлдер,жер асты суы мен мұздықтар жатады.Жер бедері мен климат
жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі.Климаты құрғақ шөл және
шөлейт аймақта су тапшы,ал жауын-шашын мол жауатын орманды дала аймағы мен
биік таулы аймақтар ағын суларға бай.Өзен суы егістікті
суаруға,шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар,арзан энергия
көзі де болып табылады.
Су – құрлықтағы сұйық,қатты және газ күйінде болатын,бір күйден екінші
күйге жеңіл өте алатын минерал.Республика аумағында ішкі суды төрт түрге
бөлеміз: 1) өзен; 2) көлдер; 3) жер асты суы; 4) мұздық суы.

Қазақстан өзендері: Қазақстан Республикасындағы ең ірі өзендердің
жалпы саны 85022, оның ішінде 84694 шағын өзендер (ұзындығы 100 км-ге
дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін), 23 ірі өзендер (500 мың км-ден
жоғары).Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында
(өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде
өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын
өзендер: Сырдария өзені, Шу өзені, Іле өзені, Ертіс өзені, Жайық өзені,
Есіл өзені, Тобыл өзені.

Қазақстандағы ең ірі өзендер.

Өзен аты Ұзындығы, км Алабының ауданы, км²
Ертіс (Қара Ертіспен 4331 (1698)* 1592000
бірге)
Сырдария (Нарынмен 3078 (1682)* 462000
бірге)
Жайық 2534 (1082)* 220000
Есіл 1900 (1400)* 144000
Тобыл 1678 (668)* 394600
Іле (Тегеспен бірге) 1384 (802)* 1538200
Нұра 911 53147
Елек 605 42000

* Қазақтан жеріндегі ұзындығы

Өзен жүйелері мен алаптары.Өзен алабы дегеніміз – жер бетімен әрі жер
асты өзенге су жиналатын аймақ.
Жер беті өзен алабы – жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге
су жиналатын кеңістігі.
Жер асты жинау алабы – осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты.
Қазақстан барлық өзендері негізінен екі алапқа бөлінеді:
1) Солтүстік Мұзды мұхит алабы
2) Ішкі тұйық көлдер алабы

Қазақстанның басты ірі өзендері

Өзен ұзындығы Алабының ауданы (мың
Өзен аттары (км) шаршы км²)
Солтүстік МұздыЕртіс 1700 (4248)* 234 (1643)*
мұхит бассейні Есіл 1700 (2450)* 113 (155)*
Тобыл 800 (1600)* 212 (237)*
Нұра 978 55,1
Каспий Жайық 1082 (2428)* 72,5 (237)*
теңізінің Елек 605 (623)* – (41,3)*
бассейні Ойыл 800 31,5
Жем 712 40,4
Үлкен өзен 217 (650)* –
Кіші өзен 296 (638)* –
Арал теңізінің Сырдария 1400 (2219)* 240 (482)*
бассейні Шу 800 (1186)* 62,5
Торғай 827 157
Сарысу 800 81,6
Талас 661 52,7
Балқаш көлінің Іле 815 (1001)* 68,4 (131)*
бассейні

* Өзеннің жалпы ұзындығы

Ішкі тұйық көлдер алабы
Каспий теңізі алабы – Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға:
Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен өзен, Кіші өзен жатады.
Жайық – Каспий теңізі алабындағы ең ірі өзен. Жайық өзені Орал
тауынан басталып, Каспий теңізіне барып құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2428
километр, оның 1107 километрі қазақ жері арқылы өтеді. Жайықтың ағысы
Каспий маңы ойпатында төмендеп баяулайды,арнасы кеңіп, жазық жермен ағады.
Суы сәуірдің екінші жартысында тасып, арнасынан шығып, жайылып кетеді.
Мамыр бойы суы мол болады. Бұл өзенге ең бағалы балық бекіре уылдырық
шашады. Ірі салалары: Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елік, Кіші қызыл, Үлкен қызыл
өзендері.
Арал теңіз алабына
– Оңтүстік және Орталық Қазақстан бөлігінің өзендері жатады. Оларға
Сырдария, Арыс саласы, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас.
Сырдария – Орталық Тянь-Шань тауларындағы Нарын мен Қарадария өзендері
қосылған жерінен бастау алады. Ең үлкен салалары: Арыс және Келес өзендері.
Балқаш – Алакөл алабы – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендерді
қамтиды. Олар: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан.
Іле – Балқаш-Алакөл алабындағы ең ірі өзен. Іле өзені Тянь-Шань
тауларынан бастау алып,Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан басталады.
Жалпы ұзындығы – 1439 километр,Қазақстан жеріндегі ұзындығы – 815 километр.
Ірі салалары: Талғар,Қаскелең, Күрті, Шелек,Қаратал, Шарын, Өсек,
Қаскелеңнің саласы Үлкен және Кіші Алматы өзендері.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы
Солтүстік Мұзды мұхит алабы – Сауыр-Тарбағатай,Алтай
тауларынан,Сарыарқадан және Оңтүстік Орал тауының оңтүстік-шығысынан
басталатын ірі өзендер. Олар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Нұра.
Ертіс – Солтүстік Мұзды мұмхиты алабындағы ең ірі өзен. Ертіс өзен
өзінің бастауын алтай тауларынан алады. Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы 4248
километр, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 километр, су жинайтын алабы
1643 мың км². Ертіс өзенінің ең ірі салалары: Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Шаған,
Үлбі, Шар, Күршім, Үлкен Бөкен, Қалжыр, Нарын, Алқабас, Ұлан, Қайыңды
бөгендері.

Жер бедерінің өзендер ағысына әсері. Қазақстандағы өзендер биік таулы
аймақтардан басталып жазықтарға қарай ағады. Қазақстан ірі өзендері
Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне құяды.
Өзен суын халықшаруашылығына пайдалану үшін (электр станциялар,
бөгендер, суғару жүйелерін жасағанда) жер бедеріне байланысты болып келетін
өзеннің құламасын және орташа еңістігін білудің маңызы зор.
Өзеннің құламасы деп – оның бастауының сағасынан метр есебімен
көрсетілген биіктігін айтады. Өзеннің жеке учаскелеріндегі құлама – бір-
бірінен белгілі қашықтықта орналасқан екі нүкте аралығындағы биіктігінің
айырмасы. Мысалы, Жайық өзенінің бастауы мұхит деңгейінен 28 метр төменде
жатыр; сонда Жайық өзенінің құламасы:
226 – ( – 28) = 254 … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz