Лизинг шартының түрлері | Скачать Дипломдық жұмыс

0

ҚР-ғы лизингтік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері
Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..3

1. Лизингтік қатынастардың түсінігі және
мазмұны … … … … … … … … … 6
1.1. Лизингтің пайда болуы және қалыптасу
тарихы … … … … … … … . … … … 6
1.2. Лизингтік қатынастардың заңды
табиғаты … … … … … … … … … … … … …9

2. Лизинг шартының түсінігі және
түрлері … … … … … … … … … … … … … 15
2.1. Лизинг шартының құқықтық
ерекшеліктері … … … … … .. … … … … … … .15
2.2. Лизинг шартының
түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… …22

3. Лизингтік қатынастарды құқықтық реттеу және лизингтің мемлекеттің
дамуындағы
маңызы … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … .28
3.1. Лизингтің Қазақстан дамуындағы
маңызы … … … … … … … . … … … … … ..28
3.2 Халықарлық лизингтік қатынастарды құқықтық
реттеу … … … … … … … . .32
3.3 Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарды құқықтық реттеу … 38

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … ..43
Библиография
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … ..47
Қосымша

Кіріспе

Ғылыми-техникалық үрдістің өндіріс және айналым саласындағы
дамуы мемлекетімізде қалыптасып отырған эконмикалық жағдайлардың күрделі
өзгерістерге ұшырауына әкелуде. Бұл болса өз алдына елімізде қалыптасушы
халық шаруашылықтың материалдық-техникалық базалары мен әртүрлі меншік
нысаны бар, негізгі қорлық субъектілердің дамуына жаңа қалыптасқан салттан
тыс тәсілдердің енгізумен негізделеді.
Бәрімізге белгілі біздің республикамызда кіші және орта
бизнесті дамытуға көптеген реформалар қабылдануда. Азаматтық құқықтағы осы
шараларды бекітуге арналған өзгерістер кәсіпкерліктің бұл түрін реттеуге
және дамытуға көп серпіліс берді. Азаматтық кодекіске жаңа түсініктер
мысалы: лизинг, франчайзйнг, траст т.б. енгізілді.
Тақырыптың маңыздылығы Қазақстан өндірісінің дамуына елеулі кері
ықпал тигізетін тәндік және моральдық, тұрғыда ескірген қорлар, артта
қалған технологиялық ресурстар көлемімен байланысты келеусіз жағдайларды
шешуге бағытталған. Бірақ республикамызда тәжірибелік тұрғыда өнеркәсіптегі
әртүрлі сала жиынтығының қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы немесе
шығарылмайтындығы көптеген қиыншылықтарға әкеледі. Бұл мәселенің тікелей
шешілу кілті ретінде лизинг шарты қарастырылады. Себебі ол жолдаудың басқа
нысандарына қарағанда кешенді тұрғыда мазмұндалып сыртқы сауда, несиелік
және инвестициялық операциялардың элементтерін біріктіреді.
Лизинг шартының өзгелерден артықшылығы көп салалы қызметтермен
қамтылып осы нысан шегінде несиелеуді ұсыну қарастырылады. Жекелеп
қарастыратын болсақ ол өзіне: несиелеуді ұйымдастыру, қалыптастыру, монтаж,
техникалық қызмет көрсету, лизинг объектілерін сақтандыру, қосалқы
жабдықтармен қамтамасыз ету, кеңестік қызметтерді бекітеді. Лизинг алушы
уақытын бұған қатысты өзгеде сұрақтарды шешуді өнеркәсіптік құрал-жабдықты
құрайды. Бұлардың барлығы лизингтік несиелеудің икемділігіне, нарықтық
қатынастарда пайда болатын өзгерістерді қалыптасуына жедел көңіл бөлуіне
септігін тигізеді . Лизинг алушы тарап мәмілені қалыптастыру және оның
мазмұнын анықтауда қатыса алады, лизингтік компаниямен бірге несиенің
негізгі жағдайларын анықтай алады мәселен: жолдау мерзімі, (сомасы) бағасы
және жылдық төлем жиелігі. Лизинг инвестициясын несиелеудің демократиялық
нысаны болып табылады сонымен қатар ол, шаруашылық ұйымдардың орасан зор
өзінділігіне талқылау мүмкінділігін туғызады.
Соңғы мерзімдерге дейін Қазақстан Республикасының (әріқарай ҚР)
шаруашылық жүргізіші субъектілері аса қызығушылықпен лизингтік
операцияларға зейін салмаған болатын, оның басты себебі бұл нысанның
несиеленуімен құқықтық базаның үзілместігі туралы ақпараттың жоқтығында
болды. Бірақ 2000 жылы ҚР Қаржылық лизинг туралы заңының қабылдануы бұл
нысанды инвестициялауғы қызығушылық едәуір артты [1]. Дипломдық жұмысымның
тақырыбын зерделеудің басты жағдайлары бұлармен ғана шектелмейді.
Осы жұмыстың мақсаты ретінде: лизинг шартының құқықтық негіздерін аша
отырып дамыған мемлекеттермен Қазақстан құқықтық тәжірибесінде оны қолдану
ұлттық заңдылыққа енгізу мәселелері мен жағдайлары, заң шығару механизімін
дамыту арқылы лизингтік іс-әрекеттердің өркендеуіне қолайлы, тиімді
мүмкіндіктер беру сұрақтарын қарастыруда .
Халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, лизингтік операциялар тек
дамыған мемлекеттерге ғана тиімді емес, сонымен қатар халықаралық дәрежеде
аса көп қарыздары бар және шетел валюталық айналым құралдары бар
мемлекеттерге тиімді екендігі мәлім. Лизинг шартын несиелеу нысанының
баламалы түрі ретінде банктермен лизингтік компаниялар арасындағы
бәсекелестікті арттырады, саудалық пайыздардың төмендеуіне ықпал ете
отырып өндіріске капитал ағымының ұлғайуын қоздырады. Лизинг – сыртқы
экономикалық стратегиялық әрекеттік нысаны, ол экономиканың шикізаттық
бағдарын негіздеп елдің экспорттық потенциялын дамытып, жаңа машиналар мен
өндіріс технолгияларының құралдарын жаңартуға сыртқы нарықтық күресте
ұлттық экономиканың бәсекелесігін дамыту, мемлекеттің қауіпті
қарыздануының алдын алу және сол тәріздес тағы басқа жағдайларға септігін
тигізе алады. Лизинг инвестициялаудың нағыз қауіпсіз түрлерінің бірі болып
табылады, ол тікелей және портфелді инвестицияларға шетелдік несиелерге
қарағанда едәуір жақын.
Несиелердің барлық нысандарының алдында лизинг шартының тартымдылығы
мынада: лизинг қаржы институттарында несиелендіру саясатын жоғары кепілді
инвестициялық жоболарға артықшылық бере отырып, тиімді мүмкіндіктерді
ұсынады. Жалпы ережеге сәйкес лизингке берілетін мүлік өтімділіктің жоғары
дәрежесіне ие , сонымен бірге қаржы лизингісінің барлық мерзімінің
ұзақтығында лизинг берушінің меншігінде болады.
Қазіргі кезге дейін әдебиеттерінде лизинг түсінігіне қатысты
көзқарастар сирек екендігін атап өту керек. Бұл негізгі төрт себептермен
түсіндіріледі. Біріншіден – лизинг біздің елде ғана емес, сонымен бірге
шетелдегі кәсіпкерлік қызметтің ең жас түрі . Ежелде лизингтің жеке
элементтерінің қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары АҚШ пен Батыс
Европа елдерінде ХХ ғасырдың елуінші жылдар аяғындағана кеп таныла бастады.
Бірақ қазіргі кездің өзінде Батыс Европа елдерінде өндірістік
инвестициялардың жалпы көлемінде лизинг үлесі 12%-тен 19%, АҚШ – 25% ,
Австралияда- 31% құрайды. Сонымен бірге АҚШ, Ұлыбритания және басқа
елдердегі лизинг операцияларына қатысушылар мәнді салық жеңілдікткеріне ие.
Екіншіден лизинг- өзіне сыртқы сауда, несиелік және инвестициялық
операциялардың элементтерін енгізетін кешенді құбылыс. Үшіншіден, ағылшын
тілінен орысшаға лизинг жалға беру деп аударылады, осыдан кейбір
этимологиялық шатасу пайда болады. Төртіншіден, лизинг түсінігін әртүрлі
бағалау әр елдің құқықтық ерекшеліктеріне байланысты Лизингтің бірегейлігі
мен қиындығы мынада: бұл иниститутта бір уақытта заттық және шарттық
құқықтың элементтері бірігеді [2].
Мемлекет үшін лизингті қаржылай қолдау және техникалардың сатылуының
дамытуын бекітеді. Бұл салаларға, яғни лизингтік формаларға капитал
қаражаттарының молайып түсуі, ал олар өз алдына өндірістік қорлардың үнемі
жаңаруына мүмкіндік береді. Лизинг ұлттық экономиканың жедел дамуына және
халықаралық нарықта бәсекелестігінің артуын қамтиды.
Жұмыстың ғылыми негіздерін атақты цивилист – ғалымдардың және
экономисттердің еңбектері қалыптастырды, олардың ішінде Р.О Халфина,
Р.Быстрицкий, Р Джурович, Е.Б Қабатова, А.С Комаров, Л.Г Борисов, Н.М
Васильев, В.Г Горемыкина, Г Ахмадиева және т.б. ғалымдар.
Жұмыстың нормативтік базасы халықаралық – құқықтық актілермен-
Халықаралық қаржы лизингісі туралы конвенциямен, ұлттық заңдармен олардың
ішінде ҚР қаржы лизингісі туралы заңы (әрі қарай лизинг туралы заң), ҚР
Азаматтық кодекасі (Жалпы және Ерекше бөлімдер) . Бұлармен қатар жұмыс
барысында халықаралық және қазақстандық шарттық тәжірибе қолданылған.
Жұмыс құрылымы тақырыпты ашуда ішкі логикаға сүйене отырып оны
кіріспеге 3- тарауға, 7- бөлімге, қорытынды және қолданылған әдебиеттер
тізіміне бөліп қарастырдық.
Бірінші тарауда лизингтің паида болуы және тарихы, лизинг қатынастардың
түсінігі мен мазмұны, олардың заңды табиғаты қарастырылды.

Екінші тарауда лизинг шартының түсінігі, заңды мінездемесі мен түрлеріне
құқықтық талдау берілді.
Үшінші тарауда лизингтік қатынастардың дамуы Қазақстан экономикасында
алатын орыны және маңыздылығы туралы баяндалған. Сонымен қатар бұл бөлімде
лизингтік қатынастардың халықаралық дәрежеде реттелуіне және Қазақстан
Республикасындағы лизингтік қатынастардың құқықтық реттелуіне мазмұндама
жасалған
Қорытындыда теориялық және тәжірибелік материалдар шығармашышылығы
ескеріле отырылып ғылыми – тәжірибелік қорытындылар жасалынды, бұлардың
негізінде лизинг шарттарын азаматтық құқық теориясы мен құқық қолданушы
тәжірибеде пайдалануды дамытудың жолдары ұсынылды.

1 Лизингтік қатынастардың түсінігі

1.1. Лизингтің пайда болуы және қалыптасу тарихы
Лизинг – кәсіпкерлік, коммерциялық қызметтің, қызмет көрсету
саласындағы бизнестің жаңа нысаны және дүние жүзі экономикасының
динамикалық дамыуының жаңа туындыларының бірі.
Лизинг 50-жылдардағы Американдық өнер табыс болып табылады
деп саналады, ол жылдардан кейін Американдық кәсіпкерлермен Европаға, кейін
Жапонияға өткізген. Бірақ лизинг туралы мәліметтер 1066 жылы болғандығы
анықталған. Бұл уақытта Вельгельм жаулап алушы Британ аралдарын жаулап алу
үшін нормандық кеме иелерінен кеме жалдап алған. 1248 жылы алғаш ресми
лизинг шарты жасалғаны тіркелді, бұл шарт бойынша крестшілер кезекті
жорықтарына аттануына қажет қару – жарақтарын алды.
Ағылшын ғалымы Т. Кларк лизинг біздің эраға дейін белгілі болған деп
айтады. Ол б.э.д. 1800 жылы қабылданған Хамурапи заңдарында лизинг туралы
бірнеше ережелерді табады. Кейбір зерттеушілер Аристотельдің (риторикалық)
байлық меншік құқығына негізделген иеленуден емес, сонымен бірге оны
(мүлікті) пайдаланудан құралады деген пікіріне сүйенеді. Бұл жәй пікір
лизингтің негізгі ойын дұрыс анықтайды, пайда табу үшін меншікті өндіріс
құралы немесе басқа мүліктің болуы міндетті емес, тек оны пайдалану және
пайда табу құқығы болса жеткілікті. Лизинг бастауын Рим империясынан іздеу
керек деген көзқарас бар.
Орта ғасырлдардың өзіндеде Англияда қазіргі лизингке ұқсас
операциялар жүргізілген. Лизинг туралы алғашқы заңдардың бірі ретінде 1284
жылғы Уэльс заңын атауға болады. Ол уақытта лизинг операцияларының пәні
негізіне фермерлік құрал – жабдықтар мен заттар болды. X1X ғасырдың
басында Англияда өнеркәсіптің дамуымен жалданатын тауарлардың тізімі де
көбейді. Мұндай ерекше рөлді темір жол көлігі мен тас көмір өнеркәсібінің
дамуы алды [3].
Тас көмір кенінің иелері ең алдымен көмірді тасымалдау үшін
вагондар сатып алған, бірақ сол кезде қаржыландырудың мұндай нысаны тиімсіз
екендігі көрінді. Көмір өндіру көлемі үлкейді, жаңа шахталар ашылды, енді
көп вагондар қажет болды. Сонда бір қатар ұсақ кәсіп орындар капиталды
тиімді салу үшін қалыптасқан жағдайды пайдалануды шешті. Олар көмір тасу
үшін вагондар сатып алды және оны лизинг талаптарына сәйкес жалға берді.
Қызметінің жалғыз түрі темір жол вагондарының лизингі болып табылатын
компаниялар өсе бастады. Сонда да көптеген мамандар мен ғалымдар лизингтің
отаны оның қазіргі түсінігі бойынша АҚШ деп санайды.
1952 жылы Босх мырза Колифорнияда азық – түлік өнімдерін өндіру
бойынша кішігірім фирманы басқарған. Әскери веомствадан алынған ірі
тапсырманы орындау үшін машиналар паркісін үлкейту қажет болды, бірақ фирма
капиталы үлкен емес еді және бос құралдар болмады. Сонда Босх қажетті
көлікті жалдады және оларды алудың қаржыландыру процесін жүзеге асырды.
Мұндай операцияладың тиімділігіне көзі жетіп және бірқатар фирмалардың оның
үлгісі бойынша өздеріне қажетті көліктерді жалдағысы келетіндігін біліп,
Босх 20000 доллар капиталы бар U.S.Leasing фирмасын құрды.
Екі жылдан кейін бұл фирма 3 000 000 доллардан астам сомаға көліктер
мен құрал – жабдықтарды жалға берді. Кейін Босх мырза көпшілік жазылуды
жариялап, 400 000 долар капиталы бар Вооtht Leasing Corporation деп
аталатын екінші фирманы құрды. Бұл фирманың өзі үшін қаржыландырудың
лизингтік нысанының артықшылығын ашқан көптеген ізбасарлары пайда болды,
және 1959 жылдың өзінде лизинг операцияларының көлемі
300 000 000 долларды құрды. 1961 жылы бұл фирманың 2700 клиенті болды,
оның капиталы 8 000 000 долларды құрады және оның 66 000 000 доллар
сомадағы әрекеттегі контрактілері болды. 50 жылдардың аяғында Американдық
лизинг компаниялары өз назарларын шет ел нарығына аударды. 1959 жылы
U.S.Leasing Corporation Канадада өз филиалын құрды және Англияда филиал
құру туралы ойластырды. Осы жылы Mercantile Credit Company Ағылшын сауда
несиелік компаниясының басқарушы директоры АҚШ – қа келді.
Мұнда U.S.Leasing Corporation өкілдерімен кездесті, және бұл
кездесу Европада лизингтің даму тарихында маңызды болды. 1960 жылы 8
маусымда Англияда лизингті пайдалану үшін Mercantile Leasing Company
сауда лизинг компаниясы құрылды, оның 80 пайыз акциясына Mercantile Credit
Company және 20 пайыз U.S.Leasing Corporation ие болды. Компанияның
күмәнсіз және өте тез жетістіктері басқа Ағылшын қаржы компанияларының
назарын өзіне аударды. 60 жылдардың бірінші жартысының өзінде олардың
көпшілігі лизинг бойынша операцияларға қатысты. 1961 жылы Англиядағы лизинг
фирмаларының жалпы айналымы 280 000 000 доллады құрды.
Францияда лизинг компаниясы Bangue de Indoschine бастамасы
бойынша құрылды және Sepafites деп аталады. Ол өнеркәсіптік құрал –
жабдықтардың лизингісімен айналысты және бірінші келісімге 1961 жылы
ақпанда қол қойылды. 1962 жылы Sepafites Lokafrance деп аталды. 1965 жылы
Францияда 28 лизинг компаниялары әрекет етті және олармен жалпы сомасы
60 000 000 доллардан тұратын шарттар жасалынды.
1963 жылы Жапонияда бірінші лизинг фирмасы құрылды. 1967 жылдың
өзінде көліктер мен құрал – жабдықтарды жалдау шартының жалпы сомасы
42 000 000 долларға жетті.
Бірінші Италиян лизинг фирмасы 1966 жылы, яғни басқа Европалық
елдерге қарағанда кейіеірек қалыптасты. Қазір ол елде 30 000 қызметкерлері
және операция көлемі 3,448 млрд доллар болатын лизингпен айналысатын 3000
фирмалар әрекет етеді.
Сонымен, лизинг өзіне жол ашты, бірақ лизинг идеясы өз жақтастарын
тез тапты деп айтуға болмайды.
Дүние жүзілік экономикада лизингтің даму тарихын екі кезеңге бөледі:
1 кезең – жетекжі индустриуалды елдерінде лизингтің қалыптасу
кезеңіне (952 – 1970 жылдар);
2 кезең – лизингтік жарылыс кезеңі (1971 – 1990 жылдар).
Д.ж. нарықта лизинг қызметтерінің негізгі бөлігі (90%) қазіргі кезде
АҚШ Батыс Европа, Жапония үш бұрышында шоғырланған.
Қазақстандық заңдылықта лизинг шарттың түрі ретінде ең алғаш
рет 1995 жылы 24 сәуірде шыққан Салықтар және бюджетке басқада міндетті
төлемдер туралы ҚР заңында аталған. Осы заңның 43 – бабына сәйкес, егер
жалға беруші амортиззациялауға жататын негізгі құралдарды лизинг бойынша
жалға алушыға жалға берсе, онда салық салу мақсатында операция жалдап
алушының мүлікті сатып алуы ретінде қарастырылуы керек. Сонымен бірге
лизингке (лизинг бойынша) берілген (алынған) негізгі құралдардың бағасы
лизинг шартымен анықталады. Осы баптың екінші тармақшасында амортизацияға
жататын негізгі құралдарды жалға беру лизинг болып табылатын талаптар
көрсетілген. Бұған келесі талаптар кіреді:
• жалдау мерзімі негізгі құралдардың қызмет ету мерзімінен 80% асса;
• жалдап алушыда негізгі құралдарды келісімді баға бойынша сатып алуға
құқығы бар;
• жалдаудың аяқ кезінде жалға алынған негізгі құралдардың қалдық бағасы
жалдау басындағы олардың бағасының 20% төлемін құрады;
• барлық жалға алу кзеңінде төлемдердің қалдық бағасы жалға алынатын
құралдардың бағасынан 90% асады.
Лизинг операцияларында қатысты келесі нормативтік акт 1995 жылы 31
тамызда шыққан. ҚР банктермен банк қызметтері туралы заң күші бар ҚР
Пезидентінің жарлығы. Осы жарлықтың 30 – бабы 3 – тармақшасында ҚР Ұлттық
банк лицензиясының бар болуымен жүзеге асыруға құқылы операциялардың
тізбесі берілген. Яғни, осы жарлыққа сәйкес, лизинг беруші ретінде қатыса
отырып, нақты мүлікті иелене алады және лизингке беруге құқылы. Жарлықтың
30 – бабы 3 – тармақшасында мазмұндалған анықтама лизинг шартына тән мәнді
белгілерді көрсетпейді деп саналады, бірақ жекелеп бағасын толық төлейтін
лизингті білдіретін қаржы лизингісінің сипаты белгілерін көрсетеді [4].
Мұндай лизинг уақытша иелену мен пайдалануға берілетін мүлік мерзімінің
ұзақтығы бойынша мүлік бағасын толық немесе көп бөлігін эксплутациялау және
амортизациялау мерзіміне жақындалуы мен сипатталады.
Сонымен бірге, лизинг өзінің заңды бекітілуін тапқан негізгі
номативтік акт ҚР азаматтық кодексі болып табылады. Азаматтық кодекстің 565
– бабына сәйкес лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен
мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы
төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге
міндеттенеді. ҚР салық және бюджетке басқада міндетті төлемдер туралы
заңында және Банк және ҚР банк қызметтері туралы заң күші бар ҚР
Президентінің жарлығында мазмұндалған анықтамаларға қарағанда Азаматтық
кодекс лизинг түсінігінің заңды мәнін толық ашады, ҚР азаматтық кодексі
беретін лизинг түсінігінің сәйкес көрсетілген нормативтік актілерге бір
қатар өзгерістер енгізу қажет.
Өкінішке орай бір баптың шегінде әр түрлі инвестициялық жалдамалылық,
сыртқы саудамен және қаржылық қатынастарының кешені ретіндегі лизингпен
байланысты барлық мәселелерді қарастыру мүмкін емес, сондықтанда лизинг
шартының тек кейбір аспектілері қарастырылады. Сонымен Азаматтық кодекс
нормаларын талдай отырып, лизинг шартына тән бір топ белгілерді бөліп
көрсетуге болады, ол осы белгілері арқылы Қазақстанның азаматтық
заңдылығына белгілі басқа шарттардан ерекшеленеді.
Қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу механизімінде ерекше орынды
лизингпен байланысты лизингтік компаниялармен сақтандыру қоғамдары алады.
Олар лизингтік шарттардың типтік нысандарын жиі қолданады, контрагент тек
қол қояды. Лизингтік компаниялармен жасалған шарт нысандары лизингтік іс —
әрекетке елеулі септігін тигізеді, оларды құқықтық реттеу қайнар көздері
қатарына жатқызуға болады.

1.2. Лизинг қатынастарының заңды табиғаты
Әлемдік нарықтың талаптарын ескере отырып, әр түрлі елдердің
валюталық және сауда заңдылықтарын ретке келтіру мақсатында жасалған соңғы
анықтамаларға сәйкес, лизинг үш жақты күрделі мәміле ретінде танылады, ол
бойынша лизинг беруші лизинг алушы – фирманың ерекшелігіне сәйкес мүлікті
дайындаушыдан мүлікті сатып алып, оны пйдаланушының билігіне береді. Лизинг
шартын жасаған кезде келесі шарттар сақталуға тиіс:
• мүлік пен мүлік жеткізушіні таңдауды лизинг алушы фирма жүзеге
асырады;
• лизинг алушы құрал жабдықты өндірістік және кәсіби мақсаттарда
пайдаланады ;
• мүлікті оны лизинг алушы – фирманың пайдалануына беруді көздейтін
шарт негізінде лизингтік компания сатып алады.
• лизингтік фирма шарттың әрекет ету мерзімі ішінде пайдалануға
берілген
құрал жабдықтың меншік иесі болып қала береді .
• қаржыландырушы лизингтік фирма мен лизинг алушы арасындағы шарт
қарызды қайтару уақытарын ескере отырып анықталған мерзімге жасалады.
Лизинг тек лизінгті қаржыландыратын фирмамен ғана емес, сондай – ақ
тікелей өндірушімен жасалуыда мүмкін. Бұл жағдайда лизингтік операцияға ие
болып, қызмет көрсету операциясына айналуы мүмкін, оның әрекет ету мерзімі
пайдалануға берген құрал жабдықты пйдаланғаны үшін төленетін соманы өтеумен
байланысты болмайды. Лизинг шартының міндетті қатысушылары болып мыналар
танылады:
Лизинг беруші – банктермен бақыланатын, өндірістік немесе кәсіптік
мақсаттарға арналған жылжыйтын немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға
маманданған кәсіпорын;
Пайдаланушы — өндіріс кезінде пайдалану үшін өндіріс құралдарын жалға
алған өнеркәсіптік не сауда кәсіпорыны;
Жеткізуші – мүлікті жалға алушы таңдап алған өнеркәсіптік немесе
сауда кәсіпорыны;
Банк — лизингтік операцияларды қаржыландырыушы;
Брокер – делдалдық іс — әрекеттерді жасауға маманданған кәсіпорын,
барлық лизингтік мәміле кешенін ұйымдастырады, оның бүкіл қатысушыларын
байланыстырады.
Шартта көзделген жалдау мерзімінің сақталуына қарай және лизинг
берушімен келісілген мерзімді төлемдер төленгеннен кейін пайдаланушы:
жалға алуды төмендетілген баға бойынша келесі мерзімге ұзарта алады; лизинг
берушіге тауарды қайтара алады; қалдық құны бойынша тауарды сатып алуға
құқылы;
Лизинг қаржыландыруды үш бөлімге жүктеуге болады : коммерциялық
бөлім, қалыпты сатып алу бағаларын ұсыну, төлем жағдайлары туралы шарт
жасасу кезінде лизингтік фирманың көмектесуі; әкімшілік бөлім, құрал –
жабдықтың меншік иесі болғандықтан, лизингтік орындауға тиіс. Кеден
құжаттарын рәсімдеу, сақтандыру, тасымалдау лизингтік фирманың атынан
жүзеге асырылады; қаржыландыру, оны асырмалап бағалауға және бірінші
кезекте қоюға болмайды. Бұл мынаған байланысты, төменгі проценттер кезінде
тым жоғары сатып алу бағаларын қаржыландыруға қарағанда, төменгі сатып алу
бағалары болған ретте тым жоғары проценттерді қаржыландыру арзанға түсуі
мүмкін.
Әр түрлі елдерде лизингтік шарт жасаудың әр түрлі белгілері
қарастырылады. Мысалы, Белгияда лизинг шарты келесі белгілермен
сипатталады: пайдаланушы мүлікті тек кәсіби сипатта пайдалануы тиіс; мүлік
жалға берушімен оны кейіннен лизингке беру мақсатында сатып алынуы қажет
және келешекте пайдаланушы талаптарына сәйкес келуі тиіс; лизинг мерзімі
мүлікті пайдалану мерзімінен аспауға тиіс; келісімшарттың әрекет ету
мерзімі ішінде лизингтік мүлікке кеткен лизинг беруші шығындарының орынын
толтыратындай төлем төлеу көлемі бекітіледі; келісімшартта пйдаланушының
лизинг мерзімінің аяқталуына қарай, мүліктің қалдық құнына сәйкес келетін
шартта келісілген баға үшін лизингтік мүліктің меншік иесі болу құқығы
көзделуге тиіс.
Англияда шарт лизингтік болып есептеледі, егер шартта: мүлікті
пайдалану мерзімі сол мүліктің қызмет ету мерзімінің 75% -нен кем емес
уақытқа жасалса, шарттың әрекет ету мерзімі ішінде мүліктің толық құнының
немесе оның едәуір бөлігінің өтелуі қарастырылса, банктегі несиеге
қарағанда лизінгкті жеңілдетілген жағдайда жаңартудың мүмкіндігі козделсе.
Лизингтік операцияларды жүзеге асыруға кім құқылы деген сұрық әр
түрлі елдерде әр қилы шешілген. Мысалы, Францияда лизингтік операцияларды
банктер және банкке байланысты мекемелер жүзегее асыра алады. Бельгияда
оларды тек экономика жөніндегі министірліктің арнайы рұқсатын алған
мекемелер ғана жүзеге асыра алады. Италияда жалға беруші ретінде танылу
үшін фирмаға қажетті капиталдың көлемі туралы айтылады.
Лизинг және онымен байланысты қатынастар өзгермелі, тұрақсыз болып
келеді және мұндағы жоғары рөлді лизингтік тәжірибенің өзі атқарады. Бұны
АҚШ – тың мысалымен саралайық. Лизинг тараптарға елеулі салықтық
жеңілдіктер беретіндіктен, қаржы оргондары, ең алдымен олардың аталған
жеңілдіктерді пайдалану үшін ғана тараптар лизинг шартының нысанын берген
бүркеншікті сатып алу – сату шарты еместігін анықтайды. Сонымен бірге
тәжірибе бір қатар нормотивтік актілерге сүйенеді. АҚШ – тың Ішкі істер
қызметі лизингтің қандайда болсын мәселелері реттелетін ережелер шығарып
отырады, оларда лизинг шарты мен шартты түрде сатып алу – сату шартының
арасындағы айырмашылықтарды анықтаудың негізгі критерилері көрсетіледі [6].
Соңғы аталғандары мынаған келіп саяды:
— қарым – қатынастар салық жүктеу мақсаттарында лизинг шарты болып
есептеледі, егер жалға беруші мүлікті оның жұмыс істеу мерзімі ішінде
пайдаланбаса, лизингтік компания мүліктің меншік иесі ретінде
қарастырылады;
— меншік құқықығының пайдаланушыға міндетті өтуі қарастырылады;
— егер мерзімді төлемдер нақты мүлік түрін уақытша пайдалану үшін
көзделген төлемнің әділетті көрсеткіштерінің елелі түрде асатын болса,
шарт лизинг шарты ретінде қарастырылмайды.
Бұл жағдайда шарт негізіндегі төлемдер назарға алынады. Мұндай критериді
қабылдаудың алғы шарты болып мына мән – жәй табылады, шартты сату кезінде
сатушы мүліктің өзіндік құнын қайтарып алып, лизингктік компанияға
қарағанда кіріс табады. Сондықтан жоғарлатылған мерзімді төлемдер лизинг
емес, шартты түрде сатып ллу – сату шартының жасалғандығының дәлелі бола
алады. Егер сатып алуға арналған опционның құны басқа төлемдермен
салыстырғанда төмен болса, онда сатып алу – сату ретінде бағаланады. Лизинг
кезіндегі опционды лизинг берушінің мүлікті сату туралы бір жақты
міндеттемесі ретінде қарастыруға болады, ал егер пайдаланушы бұл мүлікті
меншігіне алу ниетін білдірсе , онда бір жақты міндеттеме сатып алу –
сату шартына айналады. АҚШ – та опцион лизингтің міндетті шарты болып
есептелмейді. Өзге елдерде лизинг кезіндегі сатып алуға арналған опционның
ролі әр түрлі бағаланады: оны лизингтік қажетті әрі ажырамайтын бөлігі
ретінде қабылдаудан лизинг кезіндегі опционды толық жоққа шығаруға дейін.
Бельгия және француз заңдылығы сатып алуға опционды лизинг шартының
міндетті элементі ретінде қарастырады. Англияда жағдай мүлдем басқаша –
мұнда опцион лизинг шарты талабы ретінде таныла алмайды, өйткені басқаша
болғанда ол жалдау – сатып алу шартына айналып кетеді.
Мүлікті сатып алуда лизингті қалай отырып, жалдаушы өзіндегі елелі
салықтық жеңілдіктерді жалға берушіге пайызға қаржыландыруға айырбастауы
мүмкін ал ол заемдық капиталға арналған пайыздық кәдімгі ставкасына
қарағанда едәір төмен болады.
Сатушы үшін қарапайым сатуға қарағанда артықшылығы мынада: белсенді
маркетингтің құралы — өз өнімдерін өткізудің қосымша жолдарын қамтамасыз
етуге тырысатын кәсіпорындар. Олар үшін лизинг нақты кеңейтудің құралы.
Өздерінің сату бағдарламаларында лизингті қолдана отырып, техниканы тұрақты
иеленуді қажет етпейтін немесе оны меншігіне сатып ала алмайтын не
техниканы іске пайдалануға көргісі келетін кәсіпорындардың есебінен
тұтынушылардың шеңберін кеңейтеді; кері байланыс жолын орнату құрал –
жабдықты қысқа уақытта пайдалану барысында құрылымдық кемшіліктер
анықталып, бұған қатысты бүкіл ақпарат дайындаушы – кәсіорындарға оларды
жою жөніндегі шараларды қолдану үшін беріледі; өнімдерді жаңарту үрдісін
күшейту – лизинг сияқты өткізу жолдарын иелене отырып, өнеркәсіптік
компаниялар моделдерді ауыстырып отыруды жеделдетіп, осының негізінде жаңа
нарықтарды жаулап алуы мүмкін; пайдаланылмайтын құрал – жабдықтан уақытша
құтылу мүмкіндігі; есеп айырысудың қолайлы болуы – сатушы коммерциялық
несиеге берусіз – ақ мәміле тікелей жүзеге асырылғаннан кейін тиісті соманы
алады. Лизингтік фирма 100% -дық қаржыландырылуы қамтамасыз етеді; ықтимал
төлем төлемеу тәуекелін алып тастау – лизинг мәмілесін қаржыландыру мен
сатушыға мәміленің объектісі үшін ақы төлеу лизингтік фирманың қызметі
болып табылғандықтан, оның өзі кепілдеме беру мәселесін шешеді; тиімді
жарнама – сатып алушылар өздерінің тәжірибесінде сондай ақ өзге де
жалдаушылардың тәжірибесіне ұсынылатын машиналар мен құрал – жабдықтардың
мүмкіндіктеріне көз жеткізе алады ; қосалқы құрал – жабдыққа сұраныстың
өсуінің есебінен сатудың көлемдерін ұлғайту .

Лизингтің кәдімгі несие операциясы нәтижесінде заемға алынған
қаражаттарға машиналар мен құрал – жабдықтарды сатып алумен салыстырғандағы
артықшылығы: өндірістің келешекие кемелдендірудің мүмкіндігі; машиналар мен
құрал – жабдыққа жеделдетіп жөндеу жүргізу, содан кейін оларды төменгі
қалдық құнымен сатып алу; жалдаушыны инвестициялық тауарды қаржыландыруы
мен бірге алуы; жалдаушының мұқтаждықтарын ескере отырып, келісімшарт түрі
мен мерзімін таңдау; жалдаушыға тиімді жағдайларда басқа жақтан
қаражаттарды тарта отырып 100% қаржыландыруды ұсыну; ағымдағы шығындардың
көрсеткіштері бойынша арендалық төлемді есепке алу; есептеудің
қарапайымдылығы ; кәсіпорынның несие алудағы мүмкіндіктерінің кеңеюі; құрал
– жабдықты алғаны үшін бастапқы шығын жарна төленеді; құрал – жабдықты іске
қосқаннан кейін арендалық төлемдердің есептеле бастауы; ұсақ
кәсіпорындардың құрал – жабдықтарға қол жеткізу мүмкіндіктерінің көбеюі;
қаржылық ақша қаражаттарының басқа инвестицияларға салу үшін басталуы;
тиімді қаржыландыру; өндірістік бағдарламаларының тиімділігінің артуы;
қосалқы бөлшектермен жабдықтауды ұйымдастыру; салық жеңілдіктерін алу;
лизингтік қызметтердің жиынтығы.
Лизингті қолданатын фирмалардың алатын пайдасы жаңа техналогиялардың
пайда болуына, өндіріс, тауарлар мен қызметтер көлемінің өсуіне септігін
тигізетін жалпы шаруашылықтық тиімділікпен ұштасады.
Лизингтің заңды табиғатына қатысты әр түрлі көзқарастардың болуы
қарастырылған қатынастардың күрделілігін алдан ала анықтады. Континентальды
Европада лизингтің заңды табиғаты, туралы көптеген теориялар қалыптасты,
бірақ лизингтік компаниялар ассоциациясының
Европалық Федерациясының 1 – ші сессиясында айтылғандай, лизингтің не
екенін ешкім нақты анықтай алмайды [7].
Шетел ғалымдарының алға тартқан концепсияларын сараптай келгенде, бұл
мәселені екі тұрғыда қарастырылатыны анықталады:
— лизинг жалдау, сатып алу – сату, заем, тапсырма шарттары тәрізді
азаматтық құқықтағы дәстүрлі институттардың көмегімен зерттелді;
— лизингтік қатынастардың күрделілігі мен өзіне тән ерекшелігі оларды
айрықша қатынастар ретінде қарастыруға негіз болады деп тұжырымдалады.

Кейбір жағдайларда лизингтің пәні болып бүкіл қарым – қатынастар
кешені, басқа жағдайларда — егер мұндай жағдай көзделсе, тек құрал жабдықты
оны кейіннен сатып алу құқығы мен уақытша пайдалануға беру туралы шартқана.
Теориялардың әрқайсысы лизингтің қандайда бір аспектісін басшылыққа қояды:
недайындаушы мен пайдпланушының ерекше қатынастары, немесе меншік иесінің
құқықтары мен міндеттерінің көлемі. Лизингтің заңды табиғатын бұрыннан
белгілі институттардың заем немесе тапсырма шарттарының көмегімен анықталып
оған қатысушылардың белгілі бір қатынастарының бөлігі осы институттың
шегінен тыс жататындығына әкеледі. Бұл шарттардың жағдайлары лизингке
қатысушылардың арасындағы қарым – қатынастарға ішінара қолданылса да, бірақ
пайдаланушы мен дайындаушының арасында келіспешіліктер туындалған кезде
жұмыс істемейді. Лизинг элементтерінің біреуінің жалдау шартымен
ұқсастығы лизингтің арнайы белгілері бар жалдау шарты ретінде
қарастырылатын концепцияның шығуына әкеп тіреді. Дегенмен лизинг шартында
тек арнайы белгілері ретінде бағалауға болмайтын ерекшеліктер бар.
Пайдаланушының құрал жабдықтар ықтимал сатып алу жағдайын енгізу
шарттың мазмұнын елелі түрде өзгертеді осыған байланысты оның бағасы
көрсетіледі. Сатып алу құқығын жүзеге асыру мерзімдері, сондай ақ меншік
құқығының және мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі тәуекелінің өтуі
кезеңі туралы сұрақтар көтеріледі. Лизинг алушы – бұл құрал – жабдықты
ықтимал сатып алушы.
Лизинг шартында лизинг беруші нақты дайындаушыдан нақты пайдаланушы
үшін құрал – жабдықты арнайы сатып алады [8].
Жалдау шарты бойынша жалға берушінің техникалық қызмет көрсету,
сақтандыру, күрделі жөндеу туралы міндеттемелері лизинг шартында, әдетте,
пайдаланушыға немесе бастапқы меншік иесіне жүктеледі. Бұл лизинг шартына
тиісті сілтеме енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Жалдау және лизинг шарттарының анағұрлым айқын айырмашылықтары
жауапкершілік пен тәуекелдің өтуі сұрақтарын шешуде байқалады. Жалдау
шартында жалға беруші жалға алушының алдында мүлікті жалдаушының иеленуіне
ұсынбағаны үшін, табылған кемшіліктер үшін жауапкершілікте болады. Лизинг
шартында шарттың пәніне қатысты жағдайларды бұзғаны үшін, пайдаланушының
мақсаттарына сай келмегендігі үшін, сапасы үшін құрал – жабдықты дайындаушы
тұлға жауапкершілікте болады. Нәтижесінде пайдаланушының алдында құрал —
жабдықтың меншік иесі емес, лизинг шартының тарабы болып табылмайтын құрал
– жабдықты дайындаушы жауап береді. Құрал – жабдықтың кездейсоқ жойылуы
немесе бүлінуі тәуекелі пайдаланушыда болады, ал жалдау шартында, әр түрлі
елдердің заңдылығымен қарастырылғандай, барлық тәуекелер меншік иесіне,
яғни жалға берушіге жүктеледі.
Лизингтің заңды табиғаты туралы айтқанда, мыналарды қатаң ажырату
қажет: лизингке қатысушылардың бүкілінің арасындағы қатынастар
қарастырыладыма, әлде тек құрал – жабдықты уақытша пайдалануға ұсынуы
туралы шарт қарастырылып отырма. Бірінші жағдайда қандайда болсын белгілі
бір шарт туралы, немесе sue genebis – ерекше тектегі шарт туралы сөз
қозғауға сатып алу – сату, құрал – жабдықты уақытша пйдалану бойынша , ал
кейбір кезде – заем, кепілдеме қатынастары кіреді. Бұл шарттардағы
талаптардың қарым – қатынастары, олардың өзара байланысы мен өзара
шарттылығы күрделі құрылымды береді, Және оның қандай да бір бөлігін
реттеу, қарастыру қарым – қатынасты реттеуге әкеледі. Құрал – жабдықты
уақытша пайдалануға беру туралы шарт, яғни лизинг шарты кешенінің бір
элементі ретінде жалдау шартымен көптеген жуықтығы бар. Екі шартта құрал
жабдықтың уақытша пайдалануға бру жөніндегі қатынастады қамтиды: бірақ
субъективтік құрамы, шарттардың мазмұны арқылы, лизинг шартында сатып алу –
сату шартының элементі болуымен бір – бірімен ажыратылады.
Жоғарыда қарастырылғандардың негізінде біз лизинг азаматтық құқықтың
жалдау, сатып алу – сату, заем, тапсырма шарттары сияқты дәстүрлі
институттардың көмегімен зерттеледі деген қорытындыға келдік. Сонымен қатар
зерттеуді және құқықтық реттеуді талап ететін ерекше қатынастар ретінде
қарастыруға негіз береді.

2. Лизинг шартының түсінігі және түрлер

2.1. Лизинг шартының құқықтық табиғаты
Лизинг терминінің өзі ағылшын to lease етістігінен шыққан. Ол
мүлікті үақытша пайдалануға жалға беруді немесе жалдауға алуды білдіреді.
Қазіргі уақытта шамалық есептеу бойынша лизингке байланысты қалыптасатын
қатынастардың күрделілігіне негізделген жүзден астам анықтама берілген.
Лизинг түсінігін келесі белгілер арқылы талқылауға болады:
— лизинг шартының экономикалық мазмұны және құқықтық нысаны;
— лизингтің мәміле объектілерінің шеңбері;
— шартқа қатысушылардың (субъектілердің ) саны мен құрамы;
— шарт мерзімі.
Континентальды Европада лизингтің құқықтық табиғаты туралы көптеген
теориялар пайда болды, бірақ Лизюров (Европада лизингтің даму мәселелерімен
айналысатын халықаралық ұйым) 1 – сессиясында белгіленгендей, ешкім
лизингтің не екенін анықтай алмайды.
Мысалы, Е.Кабатаева лизингке қатысты шетел құқықтық теорияларын толық
талдап, келесі негізгі концепцияларды ұсынды:
1. Бұл концепцияға сәйкес, лизинг шарты арнайы ерекшеліктері бар жалдау
шарты ретінде қарастырылады.
2. Лизинг шартында сатып алуға опцион болғандықтан, ерекше түрдегі
бөлшектеп сатып алу – сату шарты ретінде лизинг шартын жіктеу.
3. Лизингте тапсырма институтының белгілері бар деп саналатын концепция.
4. Лизинг үшінші тұлғаның мүддесіне қатысты шарт ретінде қарастыратын
теория.
Сонымен қатар, осы мәселені шешудің екі негізгі тәсілін айыра білу
қажет. Біреулері лизингті жалдау немесе машиналарды, жабдықтарды,
транспорттық құралдарды және өндірістік сипаттағы құрылыстарды ұзақ
мерзімге жалдау, сатып алу – сату, қарыз, тапсырма және тағыда басқа
шарттар, ал басқалары қатынастардың қиындығы мен түп нұсқалылығы, оларды
ерекше жеке қатынастар ретінде қарастыруға негіз болады деп айтады.
Көптеген әдебиеттерде лизингті жалдау немесе машиналарды,
жабдықтарды, транспорттық құралдарды және өндірістік сипаттағы құрылыстарды
ұзақ мерзімге жалдау деп түсіндіреді. Бірақ мұндай әдіс мазмұндау жағынан
лизинг түсінігінің тар талқылауына әкеледі және шаруашылық қатынастардың
мұндай нысанының мәніне толық ашып көрсетпейді.
Лизинг жалдаудан ерекшеленеді. Жалға алушыға қарағанда лизинг алушы
объектіні ұзақ пайдалануға ғана алмайды. Оған меншік құқығына байланысты
сатып алушының әдеттегі міндеттері жүктеледі: мүлікке ақы төлеу, мүліктің
кездейсоқ жойылуынан туындаған шығындарды өтеу, оны сақтандыру және
техникалық көмек көрсету, сонымен бірге жөндеу. Бірақ меншік иесі ретінде
лизинг беруші өзі қалады. Лизинг мәміле объектісінің жойылуы немесе
пайдалануға мүмкін болмаған жағдайда да борышты толығымен өтеу міндетінен
босатылмайды. Лизинг алушы жалға алушыға қарағанда лизинг берушіге
объектіні пайдалану құқығы үшін ай сайын (тоқсан сайын) емес, оның толық
бағасын төлейді. Лизинг мәмілесінің объектісінде ақау табылған жағдайда,
лизинг беруші кепілдік міндеттемелерінен бос деп саналынады және лизинг
алушы барлық талаптарды тікелей жеткізіп берушіге береді 9.
Мұндай әдіс негізді, өйткені лизинг беруші объектіні лизинг алушының
өтініші бойынша және соның мүддесіне сай алады. Сонымен бірге,
міндеттемелерді бұлай тарту лизинг алушының жағынан объектіге қарау
кепілдігі болып табылады.
Сонымен қатар мынаны есте ұстау қажет, егер жалдау жалға беруші жалға
алушының арасындағы екі жақты мәміле болып табылса, лизинг шарты үш жақты
немесе көп жақты сипатта болады.
Кейбір эконамисттер лизингті үшінші тұлға үшін меншік құқығында
анықталған тауарды алатын және оны қысқа, орташа және ұзақ мерзімге жалға
беретін мамандандырылған лизинг компанияларының көмегімен негізгі қорларға
капитал салуды қаржыландырудың негізгі нысаны ретінде қарастырады.
Экономикалық қатынаста лизинг капитал салуды жүзеге асыратын әдіс, қаржы
операциясының жаңа нысаны ретінде қарастырылады. Егер лизингті тез аралық,
қайтарымды және ақылы талаптарына сәйкес мүлікті уақытша пайдалануға беру
деп танылса, онда оны негізгі қорларға тауарлық несие ретінде жіктеуге
болады.
Қандайда болмасын лизинг шарттарының негізгі – қаржылық, яғни несиелік
операция болып табылады. Мүлік иесі (лизинг беруші) пайдаланушыға (лизиинг
алушы) қаржылық қызмет көрсетеді: ол мүлікті меншігіне толық бағасына және
лизинг алушының кезекті салымдары есебінен иеленеді 11.
Сондықтан экономикалық мағынада лизинг алушы лизинг берушіге мүлікті
пайдалануға беру нысанында ұсынылатын несие. Бұл жерде несиелік қатынас
субъектілері қарыз беруші тұлғасында – лизинг беруші және қарыз алушы
тұлғасында — лизинг алушы қатысады, ал сауда объектісі машина, құрылыс,
көлік құралдары және тағыда басқа негізгі құралдар болып табылады.
Лизингтің кең таралу себебі, оның жәй несиеден артықшылығында болып
табылады:
а) Лизинг 100% несиелендіруді болжайды және есеп айырысудың дереу
басталуын талап етпейді. Кәсіпорын мүлікті сатып алу үшін жәй несиені
қолданған кезде мүліктің 15% бағасын өзінің есебінен төлеу керек едеді.
Лизинг жағдайында шарт мүліктің толық бағасына жасалады. Жылдамдық есеп
айырысу, әдетте, жалдап алушыға мүлікті жеткізіп бергеннен кейін басталады.
ә) несиеге қарағанда, лизинг бойынша шартты алу оңай. Бұл әсіресе ұсақ
және орташа кәсіпорындарға қатысты. Кейбір лизинг компаниялары жалға
алушыдан ешқандай қосымша кепілдіктерді талап етпейді. Шарттың қамтамасыз
етілуіне жабдықтың өзі қызмет етеді деп есептеледі. Жалға алушы өз
міндеттерін орындамаған кезде, лизинг компаниясы өз мүлкін қайтарып алуға
құқылы.
б) Лизинг келісімі несиеге қарағанда икемді болып келеді. Несие әрдайым
борышты өтеудің шектелген мерзімдері мен көлемдерін болжайды. Лизинг
жағдайында жалға алушы өз табыстарының түсіміне есептей алады және жалға
беруші мен өзіне икемді қаржыландыру кестесін жүргізе алады. Есеп айырысу
ай сайын, тоқсан сайын және тағыда басқа жүргізіледі, есеп айырысу сомалары
бір – бірінен ерекшелене алады. Кейде борышты өтеу лизингке алынған
құрылыста өндірілген тауарларды іске асырғаннан алынған табыстардан кейін
жүзеге асырылуы мүмкін. Мөлшері белгіленген және ағымдағы бола алады.
в) Жабдықтың ескіру тәуекелі толығымен жалға берушіге беріледі. Жалға
алушы өзінің жабдықтар паркісін тұрақты жаңартуға мүмкіндігі бар.
г) Жалданған мүлікке есеп жүргізу артықшылығы. Лизинг операцияларының
есеп жүргізу бойынша Евролизингтің негізі қағидалары жалға алушының лизинг
келісімдерінен туындайтын өзінің қаржылық міндеттемелерін, сонымен бірге
лизингке алынатын мүліктің есеп жүргізуі мен амортизациялауы кәсіпорынның
баланысы бойынша жүргізілетіндегі туралы жағдайда жариялау.
д) жалға алушы сатып алу жағдайына қарағанда, лизинг кезінде оданда көп
өндірістік қуаттарды пайдалана алады. Лизингке қатысты уақытша босатылған
ақшаларды ол қандайда болмасын басқа мақсаттарға жібере алады.
ж) Лизинг көп уақыт бойы өнімді іске асырумен өндірісті даму құралы
болып табылатындықтан, мемлекеттік саясат лизинг операцияларын көтермелеуге
және кеңейтуге бағытталған.
з) Халақаралық валюталық қор ұлттық қарыздарды есептеу кезінде лизинг
мәмілелерінің сомасын есепке алмайды, яғни бөлек елдер бойынша қор
тағайындаған несиелік қарыз лиминттердің асыру мүмкіндігі бар. Сонымен
бірге, лизингтің бір қатар кемшіліктері де бар: жалға алушы жабдықтың
қалдық бағасын асырудан (көбінесе инфляцияға қатысты)
ештеңе ұтпайды; егер бұл қаржылық лизинг болса, ал ғылыми – техникалық
прогесс бұйымды ескертсе, жалдамалы есеп айырысу шарттың соңына дейін
тоқтатылады; ұйымдастырудың қиындығы; лизингтің бағасы несиеге қарағанда
жоғары деп саналынады, бірақ жабдықтың ескіру мерзімі жалға берушіде
болғандықтан, ол өтем ақы үшін үлкен комисся алатындығын ұмытпау керек.
Қаржылық лизинг жағдайында мүлікті өндірушімен оны пайдаланушының
арасында мәмілен қаржыландырудың өзіне алатын қарзылық делдал пайда болады.
Қаржы лизингі – бұл мүлікті меншікке алатын анықталған ақыға уақытша
иеленуге жалдауға алумен байланысты туындайтын мүліктік және экономикалық
қатынастар кешені [12].
Классикалық лизинг үш тараптың қатысуын қарастырады: лизинг алушы,
лизинг беруші, мүлікті сатушы (жеткізіп беруші). Лизинг операциясының мәні
келесідей: бос қаржы құралдары жоқ патенциялды лизинг алушы лизинг
мәмілесін жасау туралы іскер ұсыныспен лизинг компаниясына барады.
Осы шартқа сәйкес, лизинг алушы қажетті мүлкі бар сатушыны таңдайды,
ал лизинг беруші мүлікті меншігіне сатып алады және оны лизинг алушыға
лизинг шартында ескерілген бағаға пайдалануға және уақытша иеленуге береді.
Шарт аяқталған соң оның талаптарына сәйкес мүлік лизинг берушіге
қайтарылады немесе лизинг алушының меншігіне айналады.
Сатушы мен лизинг беруші немесе сатушы мен лизинг алушы бір тұлға болып
табылған жағдайда шартқа қатысушыларының құрамы екіге дейін қысқарады.
Қымбат бағалы жобаны іске асырған жағдайда шартқа қатысушылардың саны
көбейеді. Бұл лизинг алушы мәмілеге қаржылық құралдардың жаңа қайнар
көздерін (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар және
т.б.)тарту есебінен болады.

Мүліктік қатынастар көз қарасынан қараған жағдайда, лизинг мәмілесі
екі өзара байланысты құрамдастардан құралады: сатып алу – сату бойынша
қатынастар және мүлікті уақытша пайдаланумен байланысты қатынастар.
Міндеттемелік құқықтық көзқарасынан қарағанда бұл қатынастар шарттың екі
түрінің көмегімен іске асырылуы мүмкін: сатып алу – сату және лизинг.
Лизинг шартында шарт мерзімі аяқталған соң мүлікті сату қарастырылса,
мүлікті уақытша пайдалану бойынша қатынастар сатып алу – сату қатынастарына
ауысады. Бірақ бұл қатынастар лизинг берушімен мүлікті пайдаланушы арасында
болады.
Лизинг процессінің барлық элементтері бір – бірімен тығыз байланысты
екендігін атап көрсету қажет. Мүлікті уақытша пайдалану (лизинг шарты)
бойынша қатынастар тек сатып алу – сату шартын іске асырғаннан кейін ғана
пайда болады. Сонымен, бір шарттың орындалуы келесі шарттың туындауына
түрткі болады, ал лизинг процесінің қатысушылары әр түрлі кезеңдерде бір –
бірімен өзара тығыз әрекеттеседі.
Бірінші кезеңде жабдықты дайындаушы мен келешек лизнг беруші сатушы
және сатып алушы ретінде қатысады. Мүлікті пайдаланушы сатып алу – сату
шартында заңды түрде қатыспай жабдықпен нақте жеткізіп берушіні таңдай
отырып, осы шарттың белсенді қатысушысы болып табылады. Сатып алу – сату
шартын іске асыраиын барлық техникалық мәселелер (жеткізіп берудің
жиынтықтылығы, мерзімдері мен орыны, кепілдік міндеттемелер, қабылдау
тәртібі және т.б.) дайындаушы (жеткізіп беруші) мен лизинг алушының
арасында шешіледі, лизинг беруішіге мәміленің қаржылық қамтамасыз ету
міндеті жүктеледі.
Екінші кезеңде мүлікті сатып алушы лизинг беруші ретінде қатыса
отырып, оны уақытша пайдалануға береді. Бірақ екінші шарт бойынша
қатынастар пайдаланушы мен лизинг берушінің арасында шектелмейді. Мүлікті
сатушы лизинг берушімен сатып алу – сату шартын жасасқанымен жабдықтың
сапасы үшін пайдаланушының алдында жауапты болады.
Экономикалық табиғаты бойынша сырттай несиелік қатынастар және
инвестициялармен ұқсас. Сонымен, несиелік қатынастар үш қағидаларға
негізделеді: жеделдігі (несие анықталған кезеңге беріледі), қайтарымдылығы
(белгіленген мерзімді қайтарылынады) және ақылылығы (ұсынылған қызметтер
үшін си ақы беріледі).
Лизинг кезінде мүлік иесі оны белгіленген кезеңге уақытша пайдалануға
бере отырып, анықталған мерзімде қайта алады, ал ұсынылған қызметтер үшін
камиссиялық сый ақы алады. Осы жерде несиелік қатынастардың элементтері
көрінеді. Бірақ шартқа қатысушылар ақша құралдарымен емес, мүлікпен
(негізгі капиталмен) іс жүргізеді. Осыған байланысты лизинг кейде негізгі
қорларға тауарлық несие ретінде жіктеледі, ал нысаны бойынша ол
инвестициялық қаржыландырумен ұқсас.
Лизинг өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар элементтерінен
анықталған өз ара әрекеттестігін көрсететіндіктен, ол материялдық – заттық
негізгі зәне әлеуметтік – экономикалық нысанға ие.
Лизингтің әлеуметтік – экономикалық мазмұны меншік қатынастарымен
көлденең және тікелей бойынша бірлескен экономикалық қызметімен, сонымен
бірге меншіктің өзгеру талаптарымен анықталыды. Лизингтің материалдық –
заттық жағы өндірістің ұйымдастырушылық – құқықтық нысандарымен кәсіпкерлік
қызметтің заттық элемнттерінің барлығын немесе бөліктерін жалдаумен,
мүлікті сатып алу – сатумен, және несиелеу талаптарымен сипатталады.
Лизинг күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде көп құбылысты
экономиканы қалыптастыру және өндірістік қызметті активтендіру бойынша
маңызды қызметтерді орындайды [13]. Лизингтің көптеген қызметтерінің
төртеуін қарастырамыз: қаржылық, өндірістік, жабдықтау және салық
жеңілдіктерін пайдалану.
Қаржылық қызметті тауар … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz