Германия және фашистік режимнің күйреуі
Мазмұны
Мемлекеттік реттеудің тоталитарлық варианты (Германия негізінде)
1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 6
2. ІІ-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 13
3. ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 23
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … 30
Пайдаланылған
әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … 32
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы
дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі
әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік
тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті
болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы,
бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін,
өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда
демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл
толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және
Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma
деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық
саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып
табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп
төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-
әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән
сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік
бағыт ұстанды.
Ең алғашқы фашистік ұйымдар — Фаши ди комбаттименто (ағымның атауы
осыдан шыққан.) Италияда 1919 жылы наурызда пайда болды. Ол билік басына
монополистік буржуазияның және монархияның қолдуымен билік басына 1922 жылы
қазанда келді.
1919 жылдың басына қарай Германияда фашистік партия пайда болды. Ол
1933 жылы 30 қаңтарда монополистік буржуазияға, рейхсвердегі реакцияшыл
топтарға, юнкерлік — дворяндық топтарға сүйене отырып билік басына келді.
Осылайша билік басына келген Италия және Германия фашистік режиммінің
негізгі сыртқы саясаты дүниежүзінде үстемдік құру болатын. Олар жаулап
алған жерлерінде бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атып, әлем алдында кешірілмес
қылмыс жасады.
Фашизм — XX ғасырдағы көбінде Еуропалық саяси қозғалыс, мемлекетті
басқарудың арнайы түрі. Ол дүниежүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді.
Нақты айтқанда, Германия мен Италия сияқты фашистік мемлекеттер екінші
дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыптылары болды. Осылайша,
Италия мен Германия дүниежүзінің тарихи дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 61 жыл уақыт өтсе де, оның
зардабы әлі ұмытыла қойған жоқ. Адамзат тарихындағы үлкенді-кішілі
соғыстардың ішінде фашистік Германия мен Италияның тұтандырған екінші
дүниежүзілік соғысы ерекше орын алады. Бұл соғыс 50 миллион адамның өмірін
қиып кетті. Адамзат тарихында үлкенді-кішілі 14,5 мың соғыстар болған екен.
Бұл соғыстар 4 млрд адамның өмірін жалмап кетті. Олардың ішінде 7 жылдық,
30 жылдық, тіпті 100 жылдық соғыстар болды. Бірақ ең көп қан төгілген және
ең сорақысы — 6 жылдық II дүниежүзілік соғысы. Бұл соғысқа жер шарындағы
халықтарының 54 бөлігі қатысты. Қарулы қақтығыс Еуропаның, Азияның және
Африканың 40-тан астам елінде орын алды. Бұл соғыста жаңа заман талабына
сай әскери қару-жарақпен жабдықталған бірнеше миллион әскер қатысты. Егер
фашистер бастаған басқыншылар жеңіске жеткенде адамзат тарихында түнек пен
жабайылық орын алар еді. Бұл тарихта ең көп қан төгілген, Еуропаны қираған
үйіндіге айналдырған ең аяусыз соғыс болып табылады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты Италия мен
Германиядағы фашизм ерекшеліктерін, оның билік басына келу жолын егжей-
тегжейлі зерттеу.
-Италиядағы 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыстың алғышартын;
-фашистік диктатураның билік басына қалай келгендігін;
-фашистер өз кабинетін құрғаннан кейін Италияда империялық теңденцияның
күшеюін талдау;
-Германиядағы фашистік режимнің ерекшеліктеріне келер болсақ,
Германиядағы фашистік қозғалыстың пайда болуы;
-Адольф Гитлердің үкімет басына келуі мәселесіне талдау жасау;
-Екінші дүниежүзілік соғыс өртін Германия және Италия сияқты фашистік
мемлекеттер не себепті тұтатты? Фашистік Германияның агрессиясы қай елдерге
бағытталды? Соғыстан кейінгі жалпы халықаралық жағдайдың жай-күйі қандай
болды? Міне, осы секілді сұрақтарға дерек көздерін пайдалана отырып жауап
беру диплом жұмысының мақсаты болып табылады.
Тақырыптың тарихнамасы. Италия және Германиядағы нацизм мәселесі
бойынша арнайы. еңбектер жеткілікті. Еуропадағы және Германиядағы фашизмді
егжей-тегжейлі зерттеуде әдебиеттер екі топқа бөлінді:
І.Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер.
2.А.Гитлер және Муссолинидің билікке таласы, олардың сыбайластары
жөнінде жан-жақты жазылған монографиялар мен мақалалар.
Д.М. Проэктор, П.Ю. Райхшмир, Л.А. Безищенский өз еңбектерінде
Гитлердің билікке келгеннен кейінгі ішкі және сыртқы саясатына талдау
жасаған. Дипломдық жұмысын жазу барысында А. Гитлердің жеке басына
сипаттама беру үшін және оның билікке қалай келгендігін ашып көрсету
мақсатында Л.Чернойдың Коричневые диктатуры [1] еңбегі пайдаланылды.
Германия мен КСРО арасындағы соғыс яғни Ұлы Отан соғысы жөнінде
А.И.Еременконың Москва қаласын «Наука» баспаханасынан шыққан «В начале
войны» атты кітабы бар. Бұл кітапта соғыстың алғашқы кезеңіндегі Кеңес
әскерлерінің сәтсіздіктері, соғыс барысы қарастырылды. Германия фашистік
партиясының көсемі Адольф Гитлердің елді басқарып отырған жылдардағы
мақсаты, КСРО-ны алуды міндет етіп қоюы, әйгілі «Барбаросса» жоспары, Ұлы
Отан соғысының алғашқы кезеңдері П.А. Жилиннің Москвадан 1984 жылы шыққан
«А войне и военной истрии» атты кітабында жазылған. Италияда 1919 жылы
алғашқы рет фашистердің пайда болуы, оның билік басына келуі, ұстанған ішкі
және сыртқы саясаты және Германиядағы фашизмнің ерекшелігі, оның билік
басына келгеннен кейінгі ұстанған сыртқы агрессиялық саясатына қысқаша шолу
Москвадан шыққан «Великая Отечественная Война» атты энциклопедиялық еңбекте
қарастырылған.
Жалпы Германиямен болған соғыста КСРО-ның құрамындағы барлық
Социалистік Одақтас республикалар соғыс ауырпалығын жан аямай көтергені
баршаға мәлім Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі КСРО құрамындағы Қазақстан
майданға Қызыл Армия қатарына көптеген қазақстандықтар жіберді.
Қазақстаннан барған жауынгерлер отан үшін аянбай отқа түсті. Міне осы
жөнінде, яғни Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі туралы
С.Н. Покровскийдің Алматыдан 1968 жылы шыққан «Казахстан в Великой
Отечественной Войне» атты еңбегінде егжей-тегжейлі жазылды. Сонымен қатар
Кеңес халқының тылдағы ерен еңбектері, Кеңес әскерлерінің майдан шебіндегі
аңыз боларлық батырлықтары, соғыс барысындағы жағдайлар А.А. Гречконың,
А.А. Эпищев, П.А. Жилиннің, М.Т Иовчкутің, В.Г.Куликовтың, С.К.
Куроткинның, П.И.Феодосевтің Москва қаласы «Наука» баспаханасынан 1976 жылы
шыққан «Великая победа Советского народа» атты кітаптарында жазылған.
1945 жылы 8 мамырда Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы пактіге қол
қойғаннан кейін, соғыс қорытындылары, герман құрамындағы жаулап алынған
жерлердің яғни Шығыс Еуропадағы бірнеше мемлекеттер, Африкадағы, Азиядағы
отар жерлердің АҚШ, КСРО, Англия сияқты Ұлы державалық елдердің арасында
бөліске салынуы, соғыс біткеннен кейінгі дүниежүзінің екі жүйеге бөлінуі
және т.б. мәселелер В.А. Андреевтің Москвадан 1965 жылы шыққан «Великая
Отечественная Война Советского Союза» атты кітабында жан-жақты зерттеліп,
зерделеніп қарастырылған. П.Н. Поспеловтың және т.б. көрнекті ғалымдардың
қатысуымен жазылған «Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы» атты кітабында
фашизмнің шығуы, оның Кеңес Одағы территориясына 1941 жылы 22 маусымда
шабуыл жасағаны, Кеңес халқының фашистік басқыншыларға қарсы күресі,
тылдағы ерен еңбектері қамтылған.
Ал, Италия фашизмнің тарихнамасына келер болсақ, Муссолинидің жеке
тұлғасын зерттеуде «Италия тарихы» [2] (С.И. Дорофеев) еңбегі пайдаланылды.
Сонымен қатар, Италияда режим орнағаннан кейін фашистердің агрессиялық
саясатында қарсы қозғалыстарды көрсету мақсатында Л. Лонгоның
«Интернациональные бригады» [3] атты еңбегінен деректер алынды. Сондай-ақ
фашистерге қарсылық көрсеткен Италияның коммунистік партиясының көрнекті
қайраткері Антонио Грамшидің қызметін көрсету мақсатында және фашистік
Италияда жұмысшылардың жай-күйін, антифашистік қозғалыстардың жағдайын
талдау мақсатында Л.Ломбардо — Радиченің және Дж. Карбоненің Мәскеуден 1953
жылы шыққан «Жизнь Антонио Грамши» [4] атты еңбектері пайдаланылды.
Жалпы Италия және Германияның фашизм кезеңіндегі әлеуметтік,
экономикалық, саяси жағдайын зерттеу үшін 1 .Дәуірбаеваның Түркістаннан
2004 жылы шыққан «Еуропа мен Америка елдерінің тарихы» [5] атты еңбегі,
профессор В.К.Фураевтің «Новейшая история зарубежных стран Европы и
Америки» [6] атты кітабы, Н.И. Саморукованың «Новейшая история стран
западный Европы и Америки» [7] атты кітабы пайдаланылды.
Сондай-ақ фашистік Германияның КСРС-ға шабуылының басталуы, жоспары
туралы С.А.Стегарьдің «Практикум по новейшей истории» [8] атты еңбектен
алынды. КСРО мен Германияның 1939 жылғы ынтымақтастық жөніндегі келісім
шартын талдау мақсатында М.Е.Главацконың «Россия которую мы не знали» [9]
атты еңбегі пайдаланылды. Сонымен қатар, Германияда фашизмнің күйреуі,
одақтастардың екінші майдан ашуын көрсету үшін А.М. Самсоновтың «Крах
фашистской агрессии» [10] атты еңбегі пайдалынылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет басына келуі
Германияда революция өрті шыққанда және Веймар республикасының пайда
болуы кезінде А.Гитлер 1919 жылғы Версаль келісіміне қарсы тұру үшін
саясатқа араласа бастады. Бұл кезде ол ескі полкінің құрамында болатын,
оған саяси партиялардың ішінде тыңшылық жасау жүктелген. 1919 жылы
қыркүйекте Гитлерге неміс жұмысшылар партиясының анықтамасын алу табыс
етілді.
Бұл партияның ешқандай бағдарламасы, жосапары болмаған. Оның қорында
тек бірнеше марка болды. Бірақ Гитлерді оның идеясы қызықтырды. Гитлер бұл
партияға мүшелікке кірді. 2 жыл өтер-өтпес уақыттан соң Гитлер бұл
партияның жетекшісі болып тағайындалды. Гитлер неміс жұмысшылар партиясының
атын Германияның ұлтшыл социал жұмысшы партиясы атына өзгертті. (НСДАП)
Осыдан кейін ұлтшылдық социалист сөзінен шыққан «нацизм» термині пайда
болады. Гитлер өз қызметін партияның қалыптасуына арнау үшін әскерден
кетеді. Бұл мақсатқа жету үшін Германияда жағдай қолайлы еді. Экономикалық
жағдайларға наразылық және жеңген елдерге қарсылық туып жатқан болатын.
Гитлер 25 пункттен тұратын өз бағадарламасын жасады. Оның мазмұны
антисемитизм, национализм, арий нәсілінің артықшылығы, либералдық
партиялардағы жек көрушілік және фюрерлік принцип болды. Бағдарлама кімде
кішкентай наразылық болса тарта алатындай өте сәтті жасалды. Ол нацистік
партияға-свастика символын және өзінің алдындағы билеушілерге еліктеп
«Хайль» деп сәлемдесуді енгізді. Ол партияның көзқарастарын кең тарату үшін
«Фелькшпер беобахтер» газетін шығаруға тырысты. Партия жинаған қорын қорғау
мақсатында қоңыр көйлектілер отрядын құрды. Бұл отрядты оның жақын досы
Эрнс Рема басқарды. Келесі ұйым Гитлердің жеке гвардиясын болды. Оның
мүшелері өз фюрерінің мүддесі үшін қасық қаны қалғанша күресуге ант
берісті.
1923 жылдың соңына қарай Гитлер Веймар республикасының күреу алдында
тұрғанына анық көзі жетті және «Берлинге марштың» кезі келгенін түсінді
[11]. Сөйтіп, «еврейлік-маркстік сатқындардан» тұратын үкіметті құлатуды
мақсат етті. Армияның қолдауымен ол Германияда нацистік бақылау орнатпақшы
болды. Гитлер өз жосспарын жасауда хатшының және әскерінің ішінде әйгілі
генерал Эрих Людендорфтың көмегіне сүйенеді. Эрих Людендорф I дүниежүзілік
соғыстың ардагері, революционер және милиторист болатын. Гитлер және
Людендорф саяси дағдарысты пайдалана отырып Мюнхенде төңкеріс ұйымдастырды.
8 қазан күні кешке 3000 адам «Бюргербраукеллер» орына жиналды. Бұл
Мюнхендегі сыра ішетін залда Бавария үкіметінің мүшесі Густав фон Кара мен
бірге жергілікті жоғарғы шенеунік-Ген Отто фон Лоссов болды. Отто фон
Лоссов Баварияның әскери күшетірінің басшысы болатын. Сонымен қатар,
Бавария полициясының басшысы ханс фон Шайссер болды. Кара трибунада сөйлеп
жатқан кезінде 600-ге жуық қаракөйлектілердің штурмавиктері залды байқатпай
қоршап алды. Нацистердің лидері А.Гитлер өз жақтастарымен залға
қараңғылықты жамылып кіріп алды. Столдың үстіне шыққан А.Гитлер «ұлтшылдық
революциясы басталды» деп айқайлады. Сонан соң көпшілікке: «Залда 600 адам
бар. Ешкімге кетуге рұқсат етілмейді. Бавар және Берлин үкіметі құлады. Дәл
қазір жаңа үкімет құрылады. Рейхсвер казармасы және полиция алынған.
Барлығы свастика белгісінің агтында жаңа күреске көтерілуі тиіс» дейді.
Трибунаға бұрылған Гитлер фон Караға, фон Лоссовка және фон Шейссерге
келесі бөлімге өтуіне дөрекі бұйырды. Бұл жерде Гитлер өзінің фон Эрихпен
және үкімет құратындығын және олардың тұтқындалатынын мәлімдеді. Бүған
қарсылық білдірген көпшілікке ашуланған Гитлер нацистік үкіметті қалайда
құратындығын мәлімдеді.
Мюнхендегі оқиға Берлинге мәлім болған кезде Рейхсвер басшысы Ген Ханс
фон Зеект жергілікті үкімет еш шара қолдана алмаса, көтерілісті өзі
басатындығын айтты.
Таңертең Гитлер қолдау таппаған көтерілістің сәтсіздігі туралы естіді.
Бірақ Людендорф кері шегінудің қажетсіздігін түсінді. Таңертең сағат 11
жиналған ұлтшылдар Мариенплац орталығына қарай жөнелді. Колоннааның бас
жағында Гитлер, Людендорф, Геринг және Юлиус Штрайхер жүріп келе жатты.
3000 ұлтшылдарға 100 жуық полицейлер қарсы тұрды. Гитлер полицейлердің
берілуін талап етті. Жауап ретінде оқ атылды. Бірнеше мезеттен кейін 16
ұлтшыл және үш полицей мерт болды. Көптеген адам жараланды. Герингтің
жанбасына оқ тиіп құлады. Гитлерді жақтастары қауіпсіз аймаққа алып кетті.
Людендорф басын иместен алға қарай жүрді. Полицейлер әйгілі соғыс
ардагеріне оқ атпады.
«Пивной путч» сәтсіз аяқталғанмен, белгілі бір саяси жетістіктерге жете
алды. Гитлер ашық іс-әрекетке көшу саяси билікке жетудің оңтайлы әдісі емес
екенін түсінді. Маңызды жеңіске жету үшін бұқара халықтың көмегі және
финанстық пен өндіріс магнаттарының саны қажет болды. Тек осы жоспар саяси
олимпке жетуді көздеді.
1924 жылы 26 ақпанда Гитлерді отанына опасыздық жасағаны үшін соттады.
Гитлер керемет шешендік қасиетін өзін адвокат ретінде танытты: «Менің
позициям мынандай: франциялық қылыштан өлгенше, большевиктік Германияда
асылып өлгенді қалаймын,»-деді Ұлтшылдардың құрамына көпшілік өте бастады.
Роталар батальонға (атальондар полкке, полктар дивизияға айнала бастады.
Гитлерді бір жылға бас бостандығынан айырды. Оның сот залындағы тәртібі
немістерді таң қалдырды. Оны ұлы ұлттық батыр деп санады. Гитлер
Ландабергтегі абақтыда тоғыз ай отырды. Оған жайлы камера берілді. Ол жерде
ол оқ қателіктерін сараптады. Бұл жерде ол «Майн камф» еңбегін жазды. Кейін
Бұл еңбек нацистік қозғалыстың библиясы болды. Бұл кітабында Гитлер өз
өмірі жайында, бағдарламасын, өзіндік философиялық ойларын жазды. Гитлерді
дарвинизм үлгісінде жазды: тұлға, халық өмір сүру үшін жалғасып жатқан
күрестік субъектісі болып табылды. Мораль ақымақтық, үстем болуы күште.
Нәсілдік үстемдікте немістер еврейлерді қаралады. Егер Германия өзінің ішкі
жағайына аянбай күрес жүргізсе қайта ұлы атанады. Тек қана халық қолдауына
сүйенген диктатордың арқасында Германия «өмір сүру аймағын» сыртық
жаулардан тартып ала алады. Жаңа нацистік қозғалыс Германияның болашпақ
дамуына стратегияны енгізуі тиіс болды. «майн камф» еңбегі көп сөзді
болғанымен, оның атағы бірті-бірте шыға бастады. 1939 жылы бұл кітап он бір
тілге аударылды, жалпы тиражы 5,2 млн дананы құрады [12]. Гонарар Гитлерді
бай етті.
1923 жылғы оқиғаның жеңілісі нацистік партияның уақытша тоқырауын
тудырды. Алайда, 1924 жылы желтоқсанда Ландсбург түрмесінен босанып шыққан
Гитлер нацистік қозғалыстың қайта жандануына ат салысты. Өзінің жақын
жақтастарының Виртуоз, пропагандис Пауля Иозеф Геббельстің, I дүниежүізілік
соғыстың батыры, ұшқыш-капитан Герман Герингтің қолдауымен Гитлер халықтың
қолдауын табуға кірісті. Олардың алдында екі жол тұрды: Грегор Штрассер
басқаратын солтүстік социалистер және Мюнхендегі оңшыл ұлтшылдарды таңдау
мәселесі тұрды. 1926 жылы ақпанда партия конференциясында Гитлер Штрассерді
алады. Осылайша нығайып келе жатқан социалистік қозғалысқа ықпалын азайтты.
Өзінің шешендік қасиетімен және саяси көрегендігімен Гитлер оң және сол
қанатты өзіне тарта алды. Ол аз қамтылған тапты қолдады. Оның заңды жолмен
билікке келу әрекетінің арқасында алған «Адольф-законник» атағы
консерваторлар мен нациалистердің арасында атағын шығарды. Халықтың
сеніміне кіре білу және оңшыл консерваторлармен ынтымақатстығы Гитлерді
саяси биліктің шыңына жетеледі. Ол «Пивной путч» сыраханасында болған
қателіктерін қайтамалауға тырсты. Гитлердің қолдаушылары көбее түсті. Оны
ірі жеке иеліктері бар адамдар қолдай бастады. Мюнхенге ірі идустриалды
иелігі бар екі адам көшіп келеді. Бұл-темір трестінің қожайыны Дриц Тиссен
және концерн директоры Стиннес Минуболды. Тиссен нациалистік партияға 100
мың алтын марка бөлді. Инфляция дәуірінде бұл үлкен қаржы болатын.
Бұл кезде Гитлерге «қарыз берушілерінің» құрамына химиялық
фабриканттар, «ИГ Фарбениндустри», ірі Берлиндік өндіріс иесі Эдуард фон
Бюрдиг, орыс ақ гвардияшылары, тіпті шетел саясатшылары кіреді. Бұның бәрі
күрделі жүйелілікпен жасалды. 1929 жылғы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
Германияда кең етек жайды. Дағдарыс елінің барлық финанстық сфересан
тоқырауға ұшыратты. Өндіріс көлемі екі есе қысқарды. Жұмыссыздық саны 7,5
млн адамға жетті. Тек жұмысшылардың емес, орта таптағы қала тұрғындарының
да жағдайы күрт төмендеді. Мыңдаған ұсақ буржуазия күйреді.
Елдің аграрлық саласында болып жатқан дағдарыс аграрлық салаға да
тартады. Дағдарыс елдің әлеуметтік жағдайын шиеленістірді. 1931 жылы қаңтар
Руда кеншілерінің көтеріліс болып өтті. Оған 350 мың жұмысшы қатысты. Бүны
ұйымдастырған Германияның коммунистік партиясы еді. 1930 жылы КПГ «Неміс
қалаларын әлеуметтік және ұлттық азат ету» бағдарламасын жасап шығарды:
банктерді және өндіріс саласын национализациялау, салықты төмендету,
помещиктік жерлерді тәркілеу және бұл жерлерді шаруаларға үлестіру. Билеуші
тап Германияның буржуазиялық демократиялық жүйесі елді басқару елде қажет
емес көзқарасқа бет бұра бастады. Бұл билеуші тап ресми түрде ұлттық-
социалистік деп аталған партия болатын. Фашистер буржуазиялық демократияның
жойылып, орнына диктатураның орнауын талап етті. Гитлерлік фашистік партия
монополияның мүддесін қорғады.
Гитлершілер халықтың және елдің мүддесін қорғауға уәде берді. Версаль
келісіміне бұқаралық наразылықты пайдалған фашистер «Версаль жүйесі
жойылсын» деп лозунг көтерді. Жұмысшылардың ауыр жағдайын ескере отырып,
олар жалақыны көтеруге және жұмыссыздықты жоюға уәде етті. Солдаттар,
буржуаздарға, шаруаларға уәдені үйіп төккен фашистер өздеріне бүқаралық
база құра алды: Зорлық-зомбылық, басқа көзқарастағы адамдарды қуғындау
жаппай етек алды. Фашистік жастардың құрған «Гитлерюгенд» сияқты ұйымдары
пайда бола бастады [13].
1932 жылы Гинденбургтің президенттік мерзімі аяқталды. Жаңа сайлау
науқаны 1932 жылдың наурызына белгіленді. Буржуазиялық партиялар
Гинденбургтің кандидатурасын қайта ұсынуға шешім қабылдады. Гинденбургты
неміс халықтық партиясы, бавар халықтық партиясы, бұрынғы демократиялық
партия, социалистік демократиялық қолдады. Коммунистер социалистік
демократтарға өздеріне қосылып, прусс үкіметінің президенті социалистік
демократ Браундты тағайындауға шақырды. СДПГ Бұл ұсынысты қабылдамады.
Сондағы сылтауы Гинденбург үкіметі немесе Гитлер үкіметі басына келмеу үшін
Гинденбургқа қарсы дауыс беру керек еді. Коммунистік партия Тельманның
кандидатурасын ұсынды. Коммунистердің ұйымдастыруымен елде антифашистік
қозғалыстар болды.
1932 жылы 13 наурызда сайлау болды. Эрнст Тельман 5 млн, Гинденбург
18,6 млн, Гитлер 11,3 млн дауыс жинады. Ал национистердің лидері Дюстерберг
2,5 млн дауыс жинады. Гитлер кандидат болуға құқығы болмағанын айта
кетуіміз қажет. Өйткені ол Германияның азаматы емес еді (ол Австрияның
азаматы болатын). Алайда, Бруаншвейгтің фашистік үкіметі оған герман
азаматтығын берген болатын. Фашистердің сайлау қорын капитал магнаттары
қаржыландырды.
Сайлау қорытындысы бойынша ешқайсы кандидат көп дауыс жинай алмады.
Сондықтан сайлаудың екінші туры болды. Президент болып Гинденбург сайланды.
Бірақ Гитлер 13,4 млн дауыс алды. Осылайша Гитлерді қолдайтын бұқаралық
база бар екендігі анықталды.
1932 жылы 30 мамырда Брюнинг үкіметі отставкаға кетті. Германияның
канцлері болып фон Пакен сайланды. Ол реакциялық католиктік партияның
көрнекті тұлғасы болатын. Брюнинг 1930 жылдың нацистік партиямен тығыз
байланыста болатын.
Компартия фашистермен соғысқа қарсы күресу үшін барлық күштерін
мобилизациялай бастады. 1932 жылы 12 маусымда Берлинде компартия
басшылығымен антифашистік конгресс өтті. Конгреске 1465 адам қатысты.
Олардың 379 КПГ мүшесі еді. 132 СДПГ мүшесі, 964 адам адам партиядан емес.
Конгресте антифашистік комитет құрылды.
Фашизммен күреске халық белсене қатыса бастады. Вупперталдегі
антифашистік қозғалысқа 70 мың адам қатысты. Эссенде-60 мың, Дортмунде-30,
Эрфуртте-40 мың адам антифашистік қозғалысқа қатысты. Компартия СДПГ-ға
бірлесіп, фашизммен күресуге шақырды. Алайда СДПГ бұл ұсынысты қабылдамай
тастады. Бұл СДПГ позициясының әлсіреуіне алып келді. 20 шілдеде Пакен
Пруссияның социал демократиялық үкіметін таратты. Сөйтіп өзін империя
коммисары етіп жариялады.
Пакен Рейхстагты 1932 жылы 31 шілдеде таратып сайлау өткізді.
Коммунистер 5,3 млн дауыс, фашистер 13,7 млн дауыс жинап парламентке 230
депутат енгізді. Алайда бұл фашистердің үкімет құруына жеткіліксіз еді.
Пакен Рейхстагты тағы таратып, 6 қазан 1932 жылы сайлау өткізді.
Коммунистер-6 млн дауыс, социал демократтар-7,2 млн дауыс алса, фашистер-2
млн дауыстан айырылды. Олардың мандаттарының саны 230-дан 196-ға дейін
түсіп кетті. Бұл фашистер арасында үрей туғызды.
Алайда герман басшылығы фашистердің үкімет басына келуіне мүмкіндік
туғызды. Қазандағы сайлаудан Пакен отставкаға кетті. Шмейхер тағайындалды.
Бұл фашистерге жақын үкімет болды. 1933 жылы 5 ақпанда Кельндегі банкир
Шредердің вилласында Пакен, Тиссен және Гитлердің кездесуі өтті. Гитлер
үкімет басшысы болу керек деп шешілді.
Бұған қарсы КПГ ОК Берлиндік пролетариатты фашизмге күресуге шақырды.
1933 жылы 25 ақпанда 150 мың жұмысшы Берлин көшелеріне ереуілге шықты.
Алдыңғы қатарда Э,Тельман, В.Ульбрихт, Д.Шеер, В.Флорин болды.
1933 жылы 30 қаңтарда президент Гинденбург Гитлерді рейхканцлер етіп
тағайындады.
Гитлершілердің үкімет басына келген кезі Германия тарихында ең көмескі
кезең болып табылады. Елде Агрессивтік диктатура орнады. Фашизм жұмысшы
қозғалысын жоюды мақсат етті. Сыртқы саясатта Герман империализмінің
дүниежүзіндегі гегемондығын орнатуды жоспарлады.
Гитлершілердің үкіметі финанстық капиталдың ашық диктатурасын болып
табылады. Оның құрамына моноплистер Гугенберг және Шахт кірді [15].
Алғашқы күннен бастап үкімет жұмысшыларға қырғидай тиді. 1933 жылы 1
ақпанда рейхстаг таратылып жаңа сайлау өткізілді. 4 ақпанда президент
Гинденбург белгісіне кез-келген жиналысты және бұқаралық ақпарат құралдарын
жабатын құқық беретін декретке қол қойды.
Бұл декрет бірнеше күннен кейін, полицейге қару қолдану құқығын және
фашистік отрядтардан құралған көмекші полицей құру құқығы қосып қабылданды.
Фашистер өз саясатына қарсы көзқарасты адамдарды қудалай бастады. Гитлер
билік құрған алғашқы күннің өзінде түрмеге 18 мың антифашистер қамалды.
Қамалғандардың ішінде сонымен қатар социал-демократтар, интеллегенция
болды.
Фашистердің өздеріне қарсы көзқарастағы адамдарды қуғынға ұшыратқанына
қарамастан антифашистер күресін одан әрі жалғастырды. Гитлердің үкімет
басына келген күні КПГ жұмысшылары бүкілхалықтық ереуілге шақырды. 7
ақпанда Цойтенде болған КПГ ЦК пленумының ашылымында Э.Тельман өз сөзінде
фашистік үкіметі жаңа соғыстың және буржуазияның диктатурасының үкіметі деп
айтты. Компартия фашистік режимге қарсы бұқаралық қарсылықты тудыруға
тырысты. КПГ ОК-ті СДПГ-ға бүкілхалықтық бірігіп, фашизмге қарсы бірлесіп
майдан ашуды ұсыныс жасады. СДПГ басшылары бұл ұсынысты қабылдамады. Олар
тек қолайлы сәттің тууын күтті. 27 ақпанда Э.Тельман социал-демократиялық
партияға, христиандық партия және ерікті кәсіподақтың мүшелеріне біріккен
антифашистік майдан құру туралы ұсыныс жасады. Бірақ бұл үндеу келесі
үндеулер сияқты СДПГ және кәсіподақтар тарапынан қабылданбай тасталынды.
Жұмысшы тобының және еңбекшілердің ынтымағының болмауы фашистердің үкіметі
басына келіп нығаюына мүмкіндік жасады.
Үкіметтің билік құрған күндерінде жағдайы жақсы болмады. Фашистер
рейхстагтағы келесі сайлауда жеңіліп қалмауға тырысты. Олар тағы да елдің
жеткші монополияларына үміт артты. 20 ақпанда Гитлер Германияның ірі
өндіріс иелерінің жиналысына шақырды. Бұл жиналыста рейхстагтағы сайлау
компаниясы үшін фашистік партияның қорына 3 млн марка жиналды.
Сайлау алдында гитлершілер құбыжық жоспар құрды. 27 ақпан 1933 жылы
түнде Геринг басшылығымен фашистер рейхстагты өртеді. Бұған гитлершілер
коммунистерді айыптап, жалпыға бірдей қүғын-сүргін жүргізді. Тек Берлиннің
өзінде бұл түні 1500, ал бүкіл елде 10 мыңнан астам коммунистер
тұтқындалды.
1933 жылы 3 наурызда гитлершілер жұмысшы қозғалысына маңызды соққы
берді. Германия коммунистік партиясының төрағасы Э.Тельман тұтқындалды.
1933 жылы 5 наурыздағы Рейхстагтағы сайлау репрессиямен және террормен
қатар жүрді. Бірақ компартия күресін одан әрі жалғастырды олар қарулы
қақтығыспен жалғасқан ереуілдер, шерумен үлкен ерлікпен өз дауыстарын
берді. Социал-демократиялық партия-7 млн 180 мың, ұлттық-социалистік партия-
17 млн 200 мың дауыс жинады.
Компартия үкіметі тарапынан қуғын көріп таратылды. Э.Тельманның
жақтастары: В.Пик, В.Ульбрихт, Д.Шеер, В.Флорин эмиграцияда жүріп, өз
күрестерін одан әрі жалғастырды. КПГ Ок өз саясаттарын жүргізетін «Роте
фане» газетін шығарды.
Сайлаудан соң Гитлер жақтастары қуғын-сүргінді одан әрі жалғастырды.
Эсестер тобы халықтың гитлершілер үкіметінің алдында үрейін тудыру үшін
көшелерде адамдарды қорлық-зомбылыққа, ұрып-соғуға ұшыратты. түрмелерге
сотсыз және айыптаусыз жұмысшылар және интеллегенциялар жабылып жатты.
24 наурызда рейхстаг өзіне төтенше жағдайдағы өкілеттік туралы заң
қабылдады. Бұл рейхстагтың жойылуын және коституцияның қалдықтарының
жойылуын білдірді. Рассалық және саяси белгісіне қарап мемлекеттегі билік
аппараты тазартылды.
2 мамырда фашистер кәсіподақтарды жойды. Олардың мүліктері тәркіленіп,
басшылары концлагерлерге тасталынды. Кәсіподақтар зорлықпен германдық еңбек
майданында біріктірді. Бұл фашистік партияға бағынышты болды.
1933 жылы 23 маусымда СДПГ тартылды. Жұмысшы тап толығымен өз ұйымдары
мен партияларынан айырылды. Шілде айында елде тек национал-социалистік
партия ғана өмір сүрсін деген заң шығарылды. 1933 жылы желтоқсанда шыққан
«Мемлекеттің және партиялардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету туралы»
заңның шығуымен национал-социалистік партия елдің билеуші ұйымы болып
табылды.
1933 жылы қыркүйекте рейхстагтың өртелуіне байланысты
правонационалистік сот процесін жүргізді. Коммунистерді айыптай отырып,
олар дүниежүзілік қауымдастықты алдында Германиядағы террорлық іс-
әрекеттерді ақтау үшін және «әлемдік коммунизммен» күресуде «жеңіпаз» болып
көрінгісі келді.
Сот процесі Лейцпцигте 21 қыркүйектен 23 қыркүйекке дейін болды. Басты
айыпкер болып, халықаралық коммунист Георгий Димитриев саналды. Ол
Германияда эмиграцияда жүрген болатын. Фашистер Димитриевті айыптау үшін
бар мүмкіндікті пайдалануға тырысты.
Г.Димитриев қорғау үшін елдің барлық аумағында қозғалыстар болды. Бұл
қозғалыстың басында КСРО тұрды. Қозғалысқа тек жұмысшылар емес сонымен
қатар қала тұрғындарының орта табын және алдыңғы қатарлы интеллегенцияны
қамтыды. Г.Димитриевтің түрмеде жатып анасына, әпкесіне, Анри Барбюуға,
Ромен Ролланға жазған хаты қозғалыстың өртіне май құйды. Парижде гитлерлік
фашизмнің құрбаны болған жандарға көмек көрсететін Халықаралық комитет
құрылды. Лондонда рейхстагты фашистер жақұқанын дәлелдейтін сот процесі
құрылды. Лейцигтегі сот айыптаушыларды ақтауға мәжбүр болды. Бұл
халықаралық антифашистік қозғалыстың үлкен жемісі болды.
Гитлер және фашистік билік өкілдері бұрынғы берген уәдесін
орындамайтындығы айқындала түсті. Ұсақ буржуазия арасынан жүргізіліп жатқан
гитлерлік саясатқа көңілі толмайтындары пайда бола бастады. Елде «жаңа
төңкеріс» туралы сөздер шыға бастады. Гитлер наразы топтарды және
оппозициялық көзқарастағы адамдарды жоюға кірісті. 1934 жылы 30 маусымда
Германия тарихына «ұзын пышақ түні» деген атпен енді. Бұл түні 1200 адамнан
астам антифашистік көзқарастағы интеллегенция өкілдері мен жұмысшылар
өлтірілді.
Фашистік Германияның антикоммунистік саясаты Германияны КСРО-ға айдап
салуға құмар болып отырған әлемдік державаларды тартты. Фашизмдік режим
тұсында экономиканы милитаризациялау империялық елдердің әсіресе, Англия
және АҚШ тарапынан қолдау тапты.
АҚШ және Англия тарапынан Германияның бұрынғы қарыздары кешірілді.
Америкалық және ағылшындық фирмалар Германияға әскери-техникалық көмектер
жасады.
1933 жылдан бастап Германия басқа капитлистік мемлекеттер сияқты
дағдарыстан шыға бастады.
Гитлерге үкіметтің шығарған декреттерінің бірқатары ірі монополистердің
құқығын қорғады. ¥сақ бәсекелестерді жойды. Мемлекеттікк-монополистік
капитализм қарқынды дамыды.
Көмір өндіру, темір, болат, мыс, никель және т.б. материалдары
үзіліссіз ұлғайды. 1932-1939 жылға дейін шикізатты шет жақтан әкелу екі есе
өсті. 1936 жылы қазанда енген «төртжылдық жоспар» нәтижесінде стратегиялық
әскери материал саласында тәуелсіздікке жетті. Жаңа әскери зауыттар
құрылысы қарқынды түрде жүргізілді. Бұныменен бір мезетте бейбіт өндірісті
әскери өндіріске айналдырып, әскери техниканы жинақтай бастады.
Гитлердің айтуы бойынша Германия 6 жыл ішінде қарулануға 90 млрд
рейхсмарка жұмсаған. 1938-1939 жылдар ішінде әскери салаға бөлінген қаржы
58% құраса, 1933-1934 жылдары 23% сұраған.
Экономиканы милитаризациялаумен қатар фашистік үкімет бұқаралық үгіт-
насихат жүргізе бастады. Өзінің саяси қарасыластарын жойған фашистер
халыққа өтірік пен уәдені үйіп-төгіп, ықпал ете бастады.
Германдық фашистер әлеуметтік қайшылықтарға көңілі толмайтын халықты
өзіне шебер тарта білді. Халықтың жағдайын көтере алатын қаржыны өзінің
агрессиялық саясатына пайдалана білді. Реваншистік міндетін орындау үшін
фашистер тағы да халықтың наразылығын пайдаланды, яғни халықтың Версальдық
тонаушылық келісіміне деген наразылығын өршіте түсті.
Герман фашистерінің негізгі идеологиясы Гитлердің «Майн камф» («Менің
күресім») деген еңбегінде жазылған. Бұл кітап герман халқының арасында кең
тарады. Онда Гитлер герман халқының ақсүйекке жататынын және осы халықтың
өмір сүру аймағының жеткіліксіз екенін, Бұл жерлдерді жаулап алу үшін
аяусыз күрес, соғыс жүргізудің қажеттігін айтқан. Бұл теория герман
империализмінің агрессиялық саясатын ақтауда маңызды қызмет етті.
Фашистер билікке келген алғашқы күннің өзінде-ақ идеологияға басна
назар аудара отырып, елдің барлық саласына өз үстемдіктерін жүргізді. 1933
жылы наурызда үгіт-насихат жүргізетін арнайы үкімет құрылды. Бұл
министрлікті Геббельс басқарды.
Фашистер өз мақсатына ғылымда да бағындыруға тырсты. Мыңдаған ғалымдар
мен мәдениет қайраткерлері, концлегерьлерге жабылды. Ірі ғалымда А.Энштейн,
М.Борн, Р.Курант, Ф.Габер және т.б. Германиядағы тарихы жазылды. Бұл
тарихта герман тарихының көрнекті тұлғалары фашист болып көрсетілді.
Фашистер өз мақсатында географиялық және т.б. ғылымдарды пайдаланды.
Гитлершілер шовинистік өтірік теория-геополитиканы жсадаы. Ол бойынша
гитлершілердің ресми доктринасы болып табылатын басқа мемлекеттің есебінен
шекараны кеңейтуді дәлелдеуге тырсты.
Мәдениетті минитаризациялау арнайы ұйым мәдениет палатасы арқылы жүзеге
асты. Имперлік басшылық өз жұмысын Ұлы герман жазушыларының Гейненің,
Каннаның және т.б. еңбектерін өртеуден, кітапхананы тазартудан бастады.
Германияның сыртқы саясатының негізгі Еуропаның жаулап алу болатын және
әлемдік гегемондыққа ұмтылды [16].
Фашистік Германия «коммунизммен күрес идеясын» қолады. және бүған АҚШ,
Англия, Франция тарапынан қолдау көрсетілді.
Гитлерлік Германияның белсенді сыртқы саясаты Версаль бейбіт келісім
шартын мойындамауын басталды. Германия алғашқыда құпия, кейіннен ашықтан-
ашық қарулана бастады және бұл салаға көптеп қаржы бөле бастады. 1935 жылы
наурызда Германия авиацияны қаруландыруға тйым салатын норманы
мойындайтынын білдірді. 21 мамырда «қорғаныс туралы» декрет шықты. Шахт
Германияның соғысқа даярлануының қүпия басшысы болды. Елде Версаль шартының
және Локарн келісімінің ережелері қабылданбай тасталынды.
1933 жылы 14 қазанда Германия Ұлттар Лигасынан шықты. 1935 жылғы 18
маусымдағы англо-германдық теңіз келісмі фашистік Германияның әскери флот
құрылысын жасауға кедергі болды.
1936 жылы 7 наурызда фашистік Германия делимитаризацияланған Рейн
аймағына әскер кіргізді. 1936 жылы шілдеде фашистік мемлекеттер Германия
және Италия Испанияға қарсы қарулы интервенция бастады. Әсіресе Испания
оқиғасы кезінде күшейіп кеткен батыс елдерінің араласпау саясаты Гитлердің
агрессиялық әрекетін күшейтті. 1936 жылы 25 қазанда Германия және Италия
«антикоммунизмді» бет перде етіп байланысты нығайтты. Бұл пакт тариқа «Ось
Берлин-Рим» деген атпен енді. 1936 жылы 25 қарашада Германия мен Жапония
антикоминтерндік пактіге қол қойды.
Бұл кезеңде Германия Дунай бассейінде және Балкан жартыаралында өз
саясатын күшейтіп жатқан болатын. Гитлерлік Германия Балканға
экспанциясымен қатар, Австрия және Чехословакияны жаулап алуды жоспарлады.
1936 жылы 11 маусымда Австриямен келісімге келе отырып, Австрияның сыртқы
саясатын өзіне тәуелді еіті. 1937 жылы 19 қарашада Англиямен келісм бойынша
Ағылшын үкіметі Германияның Орталық Еуропадағы саясатына кедергі
келтірмейтіндігін білдірді.
1938. жылы 11 наурызда Германия Австрияны жаулап алды. Австрияны жаулап
алғаннан кейін герман империализмі Чехословакияға агрессияны
жоспарлады. 1938 жылы 30 қыркүйекте Мюнхенде Германия, Англия, Франция
және Италия арасында келісім болды. Ол бойынша Германиямен шекаралас
Чехословакияның барлық аудандары Германияға берілетін болды және ондағы
қару-жарақ құрылғыларының барлығы Германияның меншігі болып табылатын
болды. Сонымен қатар, англо-германдық бір-біріне шабуыл жасамау туралы
туралы келісімге қол қойылды. 1938 жылы 6 желтоқсанда Франциямен дедәл
осындай қол қойылды. Осылайша ағылшындық және франциялық үкіметі
Германияны КСРО-ға қарсы айдап салуға ұйғарды. 1939 жылы 15 наурызда
Германия Чехословакияны бүкіл территориясын жаулап алды. Елдің барлық
саласын германизациялау басталды. 1939 жылы жазда фашистік Германия
КСРО-ға бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісімге қол қоюға ұсыныс
жасады.
1939. жылы жазда Имперлік кеңесте ең даярлық мәселесі және таяудағы соғыс
жоспары талқыланды.
2. ІІ-дүниежүізілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік режимнің
күйреуі.
1939 жылы жазда фашистік Германия соғысқа дайындықты аяқтады.
Германияның экономикалық саласы соғыс жағдайына бейімделді. Жаяу әскердің,
жаңа қару тұрлерінің әсіресе танк және үшақтардың саны мен сапасы жағынан
Герамния өзінің Еуропадағы бәсекелестері Англия мен Франциядан асып түсті.
Ал Флот саласындағы Германия өз бәсекелестерінен тұрмады. Бұл А.Гитлерді
қорқытпады. Соғыстың тағдыры құрлықта шешілер деп ойлады Гитлер.
Гитлердің соғыс жоспары бойынша ең алдымен Польшаға шабуыл жасау қажет
болды. 1939 жылы 11 сәуірде Гитлер «Ақ жоспарға» қол қойды. Ол бойынша
«қарулы күштің міндеті Польша әскерін жою болып табылады» делінген.
Польшаға шабуылды 1 қыркүйектен қалдырмай бастайтын болып келісілді.
Мюнхен тәжірибесіне сүйене отырып, Гитлер Польшаға Англия және Франция
қолдау көрестпейді деп болжады. 1938-1939 жылдары Чехословакияны жаулап алу
кезінде Англия және Франция көмек көрсетпеген болатын [17].
31 тамызда Польша формасын киген топ немістің Глейвица қаласындағы
радиостанцияны басып алды. Осылайша Гитлер Польшаға шабуыл жасауға сылтау
тапты. 1 қыркүйек 1939 жылы таңертең Германия Польшаға шабуыл жасады. 1939
жылы 3 қыркүйекте Англия және Франция Германияға соғыс жариялады.
II дүниежүізілік соғыс басталды. Фашистік Италия Германияның
соғыспайтын одақтасы екендігін білдірді. АҚШ өзінің бейтараптығын көрсетті.
Англия және Франция соғысты қазір бастамайды деп болжаған Германия
басыт майданда аз санды қарулы күш қалдырып, барлық күшті біріктіріп,
Польшаға үш бағытта шабуыл жасады. Польшаға танк және авиация бойынша басым
5 неміс әскері (армиясы) жіберілді. 62 неміс дивизиясына, сонымен қатар 7
танк, 4 жылжымалы дивизияға Польшаның 30 жаяу әскери дивизиясы және атты
әскері қарсы тұрды. Польшаның әскері әлі мобилизацияланып үлгермеген еді.
Польша қарулы күштерінің техинкалық жабдықталуы Германия әскерінен көш
кейін еді. Польша өзінің «армия королі» деп аталған аты әскеріне сүйенді.
Неміс авиациясы Польша әуе күштерінен 5 есе көп болды.
Польша әскерлері ерлікпен күресті. Атты әскерлері неміс танкілеріне
қарсы шапты. Алайда герман әскері басым болды. Варшава 20 күн ерлікпен
шайқасты. 28 қыркүйекте Варшава алынды және қазан айының басында барлық
қарсылықты түпкілікті жойды. Польша бұл шайқаста жеңіліс тапты.
КСРО бейбітшілікті сақтау мақсатында Германиямен ымырауға келуге
тырысты. 18 қыркүйекте Германия және КСРО басшылығы Польшадағы кеңес-гермен
әскерлерінің іс-әрекеті «бір-біріне шабуылға жасамау туралы» пактіге қайшы
келмейтіндігін мәлімдеді. Польша территориясында герман және кеңес
әскерлерінің демаркациялық шебі белгіленді. 1939 жылы 28
қыркүйекте Мәскеуде совет-герман бірлескен «достық және шекара» туралы
келісімге қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес шекара «Керзон линиясы» бойынша
белгіленді. 1939 жылы 1 және 2 қарашада батыс Украина және Батыс Белоруссия
КСРО құрамына енді.
Германиямен достық келісімінің салдары өте көп болды. Онда КСРО
территориясына дейінгі Польша аймағында демократиялық жүйені жойып,
Германия өз тәртібін енгізді.
Эстония, Латвия, Литва басшылығы КСРО мен бір-біріне көмек көресту
туралы пактіге қол қойды. КСРО аталған елдерде өз әскери горнизонын
орнатуға құқық алды.
Финляндия үкіметі КСРО тарапынан көмек алудан бас тартты. Кеңес-
Финляндия қатынасы шиеленісті. 1939жылы 30 қарашада КСРО Финляндия шабуыл
жасады.
Сол кезде, Германия Польшаға соғыс ашқан кезде батыста таңғажайып соғыс
(странная война) жүріп жатты. Англия және Франция әскерлері Германияға
шабуыл жасамады. Англия және Францияның 110 дивизиясы Германияның 23
дивизиясы қарсы тұрған болатын.
Польша жеңілгеннен кейін де «таңғажайып соғыс» жалғасты. Англия және
Франция басшылығы қорғанысты жөн көрді. Англия және Франция басшылығы
Германияның КСРО-ға шабуыл жасауынан үміттерін үзбеді. Француздық генерал
де Голльдің пікірінше «Кейбір топтар жаулық іс-әрекетті Гитлерден емес
Сталиннен іздеді» деп айтады [18].
Кеңес-Финляндия соғысы кезінде Ұлыбритания және Франция басшылығы
Финляндияға көп мөлшерде әскери қару-жарақтар жіберді. 1940 жылы 5 ақпанда
олар Финляндияға әскер жіберіп КСРО-ға шабуыл жасамақшы болды. КСРО-ны
¥лттар Лигасы мүшелігінен шығарды. Англия және Франция кеңестік Кавказдағы
мұнай ошақтарына шабуыл жасамақ болды. Ол үшін Сириядағы, Ирактағы,
Турциядағы әскери базаны жабдықтады. Сонымен қатар англо-француздық суасты
кемелерінің Қара Теңіздегі іс-әрекеттері жоспарланды.
Бұл жоспарлардың барлығы іске аспады. 12 наурызда Кеңестер Одағы мен
Финляндия арасында бейбітшілік туралы келісімге қол қойылды. Карельдік
перешайка КСРО құрамына Ленинградтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында берілді.
Таңғажайып соғыс кезінде Германия Францияға шабуыл жасауға даярлануды
аяқтады. Сонымен қатар Батыс Еуропаның басқа мемлекеттерін жаулап алуға
дайындықта бітті. I дүниежүзілік соғыс кезіндегідей Францияға шабуыл ең
алдымен бейтарап елдер Голландия және Бельгия шабуыл арқылы іске асу керек
болды. Бірақ 1914 жылдан ерекшелігі басты соққыны Люксембург арқылы беру
көзделді. Германияның батыс майдандағы жалпы әскер саны англо-француздық
әскер санымен тең болды. Бірақ Германия әуе күштері бойынша басым болатын.
Екі жақтың танк мөлшері шамамен тең болды. Гитлерлік Германия, Франция,
Голландия, Люксембург және Бельгияны жаулау жоспарымен қатар, Скандинавия
елдерін жаулап алуға бел буды. (Дания және Норвегия). 1940 жылы
9 сәуірде неміс әскері соғыс
жарияламастан Норвегия жеріне енді. Дания өкіметі Германияға қарсылық
көрсетпеді. Ал Норвегия Англия және Франциядан көмек сұрады. Англия және
Франция бірнеше ондаған десантты Норвегия жеріне түсірілгенімен, олар неміс
әскеріне қарсылық көресте алмады. Неміс әскеріне Квислинг бастаған
норвегиялық фашистер қолдау көрсетті. Норвегия әскері жеңілді. Оның
қалдықтары Англияға эвакуацияланды. Норовегия территориясы оккупацияланды.
Норвегия үкіметі Англияға қашып бас сауғалады.
Норвегияны оккупациялап болған Германия Францияға, Бельгияға,
Голландияға шабуылды бастады. 1940 жылы 10 мамырды таңертең неміс әскері
Бельгия және Голландия территоиясында енді. Бельгия және Голландия соғыс
жариялап, Англия мен Франциядан көмек сұрады. Неміс әскерінің шабуылынан
хабардар болған Англия және Франция алдын-ала келісілгендей Бельгияға
жылжыды. 14 мамырда Голландия жеңілді. Францияның билеуші таптарында үрей
пайда болды. 24 мамырда Бельгия капитуляцияланды. 400 мыңдық англо-
француздық әскери топ Францияның солтүстік жағалауындағы Дюнкерн ауданында
қоршауда қалды. Неміс танк дивизиясы Дюнкернді алуға мүмкіндігі бар еді.
Алайда Гитлер танк дивизиясы келесі іс-әрекеттерге қажет болатындығын
айтты. Тек жаяу әскер соғысты. Дюнкерннен англо-француздық әскер
эвакуацияланды. Қоршауға түскен топтың тастап кеткен қару-жарағы Германия
иелігіне өтті.
1940 жылы 5 маусымда Дюнкернді ликвидацияланған Германия шабуылды үдете
түсті. Неміс танкілері еш қарсылық көрместен Парижге жетті. 1940 жылы 10
маусымда Франция үкіметі Парижден Францияның оңтүстік-батысындағы Бордо
қаласына қашып кетті. Париж «ашық» деп жарияланды.
Сол күні 10 маусымда фашистік Италия Францияға соғыс жариялады. Вейган
және Петэн бастаған капитулянттар іс-әрекеттерді тоқтауды талап етті.
Олардың мақсаты жүзеге аспады.
1940 жылы 16 маусымда премьер-министрн болып капитулянт Петэн
тағайындалды. Петэн Германияға бейбітшілік туралы өтініш білдірді. 1940
жылы 22 маусымды Компьен орманында Франция және Германия татулық жөніндегі
шартқа қол қойылды. 25 маусымда Римде франко-итльяндық келісімге қол
қойылды. Франциядағы келісім бойынша Германия Францияның үштен бір бөлігін
алды. Олар Париж, Лотарингия, Эльзас іс-жүзінде Германияға қосылды.
Неміс әскери тұтқындары француз түрмелерінен босатылды. Франция
күндігіне 400 млн франк оккупалиялық ақы ретінде төлейтін болып
міндеттелді. Келісім талабы Францияның толығымен Германия отарына
айналдырды.
Францияның жеңілуі англо-француздық каоалицияның күйреуіне әкеп соқты.
Франко-германдық келісімге сәйкес француздық флот Германияның құрамына
өтеді деп ойлаған. Англия 1940 жьп ы 3 шілдеде Мерс-эль-Кебир атты Алжир
портына ірі әскери теңіз эскадрасына жіберді. Осы жердегі француздық
кемелерін жою жоспарланды. Бұл жердегі француз кемелрін және Англия
портында тұрған француздық кемелер жойылды. Осыдан соң Франция үкіметі
Англиямен дипломатиялық қатынасты жойды. Тез арада Польшаны жаулап алу
фашистерді масайратты. Жеңілген жерлерден көп олжа түсті. 1941 жылы
оккупацияланған елдерден түскен табыс Германяиның ұлттық жылдық кірісінен
екі есе асып түсті.
Неміс монополиясы байыды. Ірі концерндердің рөлі өсті. 6 ірі
концерндердің өндірісінде 2 млн адам жұмыс істеді. Германия құпия түрде
ракеталық және ядролық қару түрлерін өндірді. Ірі әскери жеңістер фашистік
партияны, мемлекетті нығайтты. Халықтың көпшілігі фашистердің үгіт-насихат
ықпалында қалды. Германия басшылығы Францияның жеңілісінен кейін Англия
қаруын тастайтындығына сенімді болды. 1940 жылы жазда Гитлер Англияға өз
еркімен берілуін талап етті. Бірақ Англия үкіметі бұл ұсынысты құрлық
әскерін жабдықтай бастады. Англия мобилизациялана бастады. Англия үкіметі
Гитлердің компрамистік ұсынысын қабылдамай тастағаннан кейін Германия
соғысқа дайындала бастады. Германияның алдында екі жол тұрды: Англияға
немсе КСРО тарапына шабуыл?
1940 жылы Гитлер «Теңіз арыстан» деген жоспарға қол қойды. Ол бойынша
Англияға десант түсіру көзделді. Осылайша авиацияның күшімен Англияның
флотын жеңу жоспарланды. Соғысқа дайындыққа бір ай бөлінді. Кейіннен неміс
флоты Англияға өз уақытында десанттарды жеткізе алмайтындығы және неміс әуе
күштері басымдық алатындай жағдайда емес екендігі белгілі болды. Неміс әуе
күштері үрей туғызу мақсатында Лондонды және басқа да ірі қалаларды
бомбылады. 1940 жылы 15 қыркүйекте мыңнан астам неміс әскери ұшақтары
Лондонға күшті соққы берді. 15 қыркүйекте түнде Ковентри қаласы түгелімен
қирады. Неміс суасты қайықтары әуе күштерінің қолдауымен барлық ағылшын
аралдарын қоршауға алуға тырсты. Олар «қасқыр үйірі» деп аталған тактиканы
пайдалана отырып, олар … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz