ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Аннотация
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелерін қамтитын жұмыста
келесі автор қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы мен түрлерін, жаза
тағайындаудың жалпы негіздерін, жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-
жайларды талдайды. Сонымен қатар тәжірибелік мән жайлар ескеріле отырып,
үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезіндегі әдістер мен
ережелер,үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты
сақтау мәселелері қарастырылады.
Автор үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелерін айқындап,
үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау институтын жетілдіру бойынша
ұсыныстар жасайды.
В работе, посвященной вопросам назначения наказания по совокупности
приговоров, автор анализирует вопросы уголовно-правового значения
наказания, основы назначения наказания, обстоятельства, отягчающие и
смягчающие уголовную ответственность. С учетом практики применения
законодательства, рассматриваются вопросы применения способов и правил при
назначении наказаний по совокупности приговоров, по соблюдению законности
при назначении наказаний по совокупности приговоров.
Автор определяет правила назначения наказаний по совокупности
приговоров и предлагает меры по совершенствованию института назначения
наказаний по совокупности приговоров.
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .. 4
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ … 6
1.1 Қылмыстық-құқықтық жаза мәні мен
мақсаттары … … … … … … . … … ..6
1.2 Жаза тағайындаудың жалпы
ережелері … … … … … … … … … … … … … …11
ІІ СОТ ҮКІМІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ
МӘНІ … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … … … … … .20
2.1 Сот үкімінің түсінігі және
мәні … … … … … … … … … … … … … … … … … .20
2.2. Сот үкімінің құрылымы мен
түрлері … … … … … … … … … … … … … … …24
ІІІ ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … 36
3.1. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
әдістері … … … … …36
3.2 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтау
мәселелері … … … … … … … … … … … … … … … … … … . 37
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … .42
Қолданылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… 44
КІРІСПЕ
Қылмыстық жазаның қылмыстылықпен күресудегі ролімен байланысты
мәселелерді түсіну мен шешудің жаңа жолдарын іздестіру өзекті болып
табылады. Яғни осы мәселе аса өзекті болып тұр. Жаза туралы ілімде
түсініксіз әрі даулы жақтар өте көп.ҚР Конституциясы конституциялық құрылым
негіздерін, адамгершілікті, денсаулықты, өзге тұлғалардың құқытары мен
міндеттерін, ел қоорғанысын қамтамасыз және мемлекет қауіпсіздігін
қылмыстық қол сұғушылықтардын қорғау қажеттілігімен негізделген адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіндігін қарастырады.[1]
Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу
үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс
үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi
қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым
қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше
бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза қылмыстық
кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе
үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн
қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен
қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз оқылмыстық кодекстiң 55-
бабында белгiленедi. [2]
Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк
дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi
және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және
ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның
түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк
жағдайына ықпалы ескерiледi.
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде заңдылықтың қатаң
сақталуы жаза мақсаттарына жетуге кепіл болады.
Жұмыстағы теориялық мәселелерді талдаған кезде отандық , кеңестік,
ресейлік келесі авторлардың еңбектері қолданылады: У.Жекебаев, С.Рахметов,
Р.Нұртаев, И.Рогов, С.Молдабаев, Р.Орынбаев, М.И. Бажанов, Я.М. Брайнин,
Ф.Г. Бурчак, И.М. Гельперин, Б.С. Волков, В.К. Глистин, А.С. Горелик, Н.С.
Дагель, Н.Д. Дурманов, А.Ф. Зелинский, Т.Э. Караев, М.И. Ковалев, Ю.А.
Красиков, П.К. Кривошеин, В.Н. Кудрявцев, Б.А. Куринов, А.Н. Леонтьев, В.П.
Малков, А.С. Никифоров, Н.А. Стручков, А.Н. Трайнин, А.М. Яковлев.
Жұмыс мақсаты үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелерін
айқындап, үкімдер жиынтығы бойынша жза тағайындау институтын жетілдіру
бойынша ұсыныстар жасау, заң нормаларының түсініспеушіліктері мен
қайшылықтарын жоюға талпыныс жасау болып табылады.
Жұмыста келесі міндеттер қойылып, шешімін тапты:
— қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы мен түрлеруне щолу жасау;
— жаза тағайындаудың жалпы негіздероін талдау;
— жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды таладу;
— үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезіндегі әдістер мен
ережелер;
— үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтау
мәселелері.
Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеу объектісіне үкімдердің жиынтығы
бойынша жаза тағайындаумен байланысты қоғамдық-құқықтық қатынастар болып
табылады. Зерттеу пәні ретінде үкімдердің жиынтығы бойынша жаза
тағайындауды реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалар жиынтығы, сонымен қатар
сот-тергеу тәжірибесі қарастырылады.
Зерттеу әдістері. Диалектикалық- материалдық, салыстырмалық,
логикалық-құқықтық, жүйелік, тарихи ғылыми зерттеу әдістері жұмысты орындау
барысында қолданылды.
І . ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫ ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қылмыстық-құқықтық жаза мәні мен мақсаттары
Қылмыстық заңнамадағы жаза ұғымының даму тарихы көрсететіндей,
қылмыстық жазаның мақсаттары мен міндеттеріне жалпы талаптар нақты тарихи
жағдайларға қатысты өзгеріп отыратын.Кеңес өкіметінің орнауының алғашқы
жылдарында кеңес соттары үкімдерді шығару кезінде өздерінің революциялық
намысы мен революциялық құқықтық санасын басшылыққа алған. Қазақстанда
жергілікті соттар әдетте әдет құқығы нормаларына жүгінетін.
Қылмыстық жаза- мемлекеттік мәжбүрлеудің неғұрлым маңызды шарасы болып
табылады. Ол жөнінд тарихи тәжірибе де куә. Қылмыстар мен жазалар туралы
трататында Чезаре Беккариа жазғандай, тек қана заңдар қылмыс үшін жаза
белгілей алады және оларды шығару билігі тек қана заң шығарушыға ғана
тиесілі болуға тиіс. Ешқандай судья әділеттікті бұзбайқоғамның өзге
мүшелеріне жаза белгілей алмайды. Заң шектеріне тыс шығатын жаза әділетсіз,
себебі ол заңмен белгіленбеген өзге жаза болып табылады.
Осы көзқарас тұрғысынан мемлекет тарапынан жазаланған тұлғаға сын
көрсетілген және ол заңмен қарастырылған бегілі бір құқықтық шектеулерге
тап болады.
Жаза мақсаты- әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сондай-ақ
сотталған адамды түзеу және соталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа
қылмыстар жасауынан сақтандыру, яғни Қылмыстық кодекс баптарының
санкцияларында оларды белгілеп, кінәлі тұлғаға нақты жаза шарасын қолдану
арқылы заңшығарушы мен сот көздеген әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу. (ҚР
ҚК-ң 38 бабының 2 бөлігі).
Жазаның мақсаттары мен мәні турла ілім- тарихтағы да, қылмыстық
құқықтың қазіргі кезеңдегі ғылымындағы да неңғұрлмы даулы тақырыптардың
бірі. Жаза өткенге жататын болғандықтан, ол өтем, айыру болады, мемлекет
оны қолдана оатырып, адам өмір сүру ортасының заңдылықтарына бағынады, ол
мемлекеттң бас тарта алмайтын міндеті десе де болады. Жаза болашақққа
қатысты болса, ол белгілі мақсаттарға қол жеткізу болып табылады, ол
мемлекеттің ақылға қонымда негіздерде пайдалануға тиісті құқығын жүзеге
асыру ретінде де қарастырылады.
Атақты құқықтанушы Чезаре Беккария жаза мақсатын адамды қорлау немесе
азаптаудан емес, және жасалып қойған әрекетті жасалмаған етіп қоюға
тырысудан емес, кінәліні қоғамға қайтадан зиян келтіруін болдырмаудан және
одан қоғамның өзге мүшелерін сақтаудан көретін.[3]
Аталған дискуссия кеңестік қылмыстық құқықтық ғылымда пайцда болды.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, жаза мақсаты сотталғандары түзеу және қайта
тәрбиелеу, соынмен қатар жалпы және арнайы превенция болып табылады.
Ғалымдар тобы (Н.А. Беляев, И.И.Карпец, В.Г. Смирнов, П.П. Осипов және
т.б.) аталған мақсаттарға қоса тағы біреуін- жазасын беруіді көрсетеді.
Жазасын беру ессіз өлім үшін өлім деген формуламен байланысты емес,
алайда қылмыскер жасағаны үшін тартыратын жаза алады. Сонымен қатар, оның
жазасында әдетте жәбірленушінің жақындары мүдделі болып табылады. Және де
жаза жазасын тарттыру мақсатын көдейтіндігінің тағы да бір себебі ол
құрамдас бөліктері ішінде жазаның өзі жазасын тартыруды қамтиды.
И.И. Карпец айтқандай, ол мақсат неғұрлым нақты көрінетін жазалар ол
өлім жазасы мен бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімі.[4] Б.С. Никифоров
қылмыспен бұзылған қоғамдағы әлеуметтік-психололгиялық тәртіпті қалпына
келтіру және әділеттілік сезімін қанағаттандыру мақсаттарын көрсеткен.
Сонымен қатар абайсызда жасалған қылмыстарға жаза мақсаттары туралы
дискуссия орын алады.
С.И. Дементьев пікірінше, бұл жағдайларда жаза мақсаты ретінде жалпы
алдын алу және сазайын тарттыру болып табылады, ал С.В. Полубинская- жалпы
және арнайы алдын алуды, соынмен қатар қоғамдағы әлеуметтік-психололгиялық
тәртіпті қалпына келтіруді көрсетеді.
В.Е. Квашис тек қана жалпы алды алуды көрсетеді.
М.Д. Шаргородский пікірінше, жаза мақсаты тек жалпы және арнайы алдын
алу, ал сотталғанды қылмыстық жаза арқылы түзеу немес қайта тәрбиелеу
мүмкін емес дейді. Ол сазасын тарттыруды жазаның мәні ретінде қарастырды,
жалпы және арнйы алдын алуды оның негізгі мақсаттары ретінде, ал
соталғандарды түзеу және қайта тәрбиелеуді- ол мақсаттарға жету құралдары
ретінде қарастырды.
Осы көзқарасты А.А. Герцензон, А.А. Пионтковский, А.А. Ременсон
қолдайды. [5]
1997 жылғы ҚР қылмыстық кодексі осы даудағы нүктесін қояды- 38 бапқа
сәйкес жаза әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған
адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар
жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады.
Әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру мақсаты мемлекетті, қоғамды және
әр тұлғаны жеке қылмыс озбырлығынан сақтау болып табылады. Кінәліні жазалау
қоғамдағы әділдік пен заңдылық үстемдігі туралы куәландыру керек,
құқыққорғау органдарының қызметінің өзі ең алдымен қоғамдық қауіпті
сипаттағы құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде бұзылған әділдіктің қалпына
келтіруге бағытталған.
Сотталғанды түзеу меқсаты бойынша оған қатысты жаза қолданып жатқан
тұлға қоғам заңдарын сыйлайтын толыққанды дұрыс мүшесі етуін көздейді.
1997 жылғы қылмыстық кодекс жаза мақсаттарын қайта тәрбимелеумен
ұштастырмайды, себебі тәрбиелеу- ол ұзақ процесс, ол өмір бойына созылады,
сондықтан сотталғанннан 3-5 жыл арасында қайта тәрбиелеуді күту шындыққа
жанаспайды.Ең маңыздысы- оның қайта қылмыс жасамауы, ал қандай себеп
бойынша, түзелгендігініен ненемес жазадан қорыққандығынан ба, маңызды емес.
Дәстүрлі түрде жазаның неғұрлым маңызды мақсаттарына қылмыстың жалпы
және арнайы алдын алу болып табылады. Ғалымдар пікірінше, жазаның алдын
алушылық маңызы оның қатаңдығында емес, оның міндетті түрде
басталатындығында.
Жеке алдын алу ретінде сотталғанның өзіні тарапынан жаңа қылмыстарды
жасауын болдырмау болып табылады.
Жеке алдын алу міндеттері туралы екі түрлі көзқарас орын алады.
Біріншіден, оның міндеті жазаны өтеу кезінде жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін
жаққа шығаратын ерекше жағдайлар жасау.
Екіншіден, жеке превенция ретінде тек қана жазалау кезінде қылмыс
жасау мүмкіндігін жоятын жағдайларды жасау.
Жеке алдын алуды түзеуден ажырату керек. Түзеу кезінде басты міндет
алдыңғы кезеңде қылмыстарды жасатпай болып табылатын болас, жеке превенция
кезінде ең бастысы қылмыскерге құқықққа қарсы тәртіп үшін ол міндетті түрде
жазаланатындығын көрсетуде.
Жазаны қолдану саласындағы қазіргі заманғы қылмыстық саясатта үш бағыт
бар, олар арқылы алдынт алу мақсаты жүзеге асырылады:
— бас бостандығынан айыруды нақты қолдануды қысқарту;
— бас бостандығығнан айырумен байланысты емес жазаларды қолдану
мүмкіндіктерін кеңейту, әсіресе түзеу жұмыстары мен айыппұлдың;
— бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны дифференциациялау.
Жаза мақсаттарына оны тағайындау мен атқарудың органикалық бірлігі
арқылы қол жеткізіледі.
Жаза әділ, жасалған әрекеттің ауырлығы мен кінәлінің қоғамға
қауіптілігіне сай болуға тиісті.
Бүгінгі күні заңшығарушы қылмыстық құқық теориясында дәстүрлі болып
қалған жаза концепциясын- мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын бекітті.
Оны Н.А. Беляев, В.И. Курляндский, А.Е. Наташев, И.С. Ной, Н.А.
Стручков, М.Д. Шаргородский және т.с.с. ғалымдар қолдаған. [6]
Сонымен қатар олардың бірі жазаны сазайын тарттырумен теңдестірсе,
екіншілері сазайын тарттыруды қылмыстық жазаның маңызды тек жалғыз емсе
компоненты ретінде де қарастырған.И.С. Ной сазайын тарттырудан өзге жаза
мазмұнына сазайын тарттырудан тәуелсіз мәжбүрлеу мен сендіруді қосқан, ал
жаза ұғымы мәнін қарама қарсы элементтердің болуында, яғни мәжбүрлеу мен
сендіруді болуында көрген. М.Д. Шаргородский пікрінше жаза ол сазайын
тарттыру болып табылады, алайда онымен ғана шектелмейді. Ол жазғандай жаза
мазмұына сазайын тарттыру да, тәрбиелеу де кіреді. С.И. Дементьев, А.С.
Ременсон артынша жаза ол сазайын тарттыру деген. Сазайын тарттыру ұғымы
көптеген авторлармен азап шектіру мақсатымен жасалатын мәжбүрлеу ретінде,
кінәліге заңмен белгіленген айырулар мен шектеулер ретінде түсіндірілетін.
Істегі қылмыстық заңнамада сазайын тарттыру түсінігі
қарастырылмаған. Заңшығарушының ол ұғымнан бас тарту себебін бірқатар
авторлар келесіден көреді- жаза мен сазайын тарттыру синонимдер болып
табылады, оған байланысты жазаның сазайын тарттыру ретіндегі анықтамасы
оның мазмұнын анықтауға септігін тигізбейді.
Жазалар жүйесі дегеніміз қылмыстық заңмен бекітілген салыстырмалы
ауырлығына байланысты белгіліі бір тәртіпте орналастырылған соттар үшін
міндетті және толық көрсетілген жаза түрлерінің тізімі. ҚР ҚК-ң 39 бабының
1 бөлігінде жазалар жүйесі көрсетілген.
Жазалар жүйесін белгілеу сот әділдігі міндеттерін шешу үшін елеулі
методологиялық және тәжірибелік мәнге ие. Методологиялық мәні келесіде,
жазалардың шарттарын бекіте орып, нақты шектерін және қолдану тәртібін
белгілей отырып жазалардың толық тізімін бекіту қылмыстылықпен күресуде
жазалаушы саясаттың біртұтастығына, соттар қызметіндегі заңдылыққа септігін
тигізеді.
Тәжірибелік мәні келесіде, онда жазалардың барлық түрллері бірінен
соң бірі (жеңілінен ауырына қарай) аталған, ол соттарға заң негізінде сот
тәжірибесін, қоғамдық құқықытқы сананы және ғылыми ұсыныстарды ескере
отырып сотталушыға әсер ету шараларын рационалды әрі тиімді қолдануға
мүмкіндік береді.
Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңызы келесіде, оған сай қай
жаза неғұрлым жеңіл, қай жаза неғұрлым ауыр болып табылатындығын анықтауға
болады. Ол тек қана жазаны тағайындау да ғана емес, сонымен қатар, жазаның
өтелмеген бөлігін жеғұрлым жеңіл жазамен алмастыруға да көмегін тигізелі.
Жаза түрлерінің жүйесі түгелімен және жазаның әр жеке түрі
сотталушыға әсер ету шараларының кешенін қамтиды, ол сотқа қылмыстылықпен
күресу үшін неғұрлым тиімді шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Осы
жүйеге сәйкес соттар ауырлығы бойынша әртүрлі жазаларды қауіптілігі
неғұрлым төмен қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қолдана алады. Соынмен,
жаза түрлерінің салыстырмалы түрдегі көпсандығы қылмыстардың да,
қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеруге және мақсаттарына жетуге
қолайлы неғұрлым әділ жаза қолдануға мүмкіндік береді.
Жазалардың түрлері мен жүйесі сонымен қатар қоғамдағы үстем орын
алатын қылмыстылықпен күресуге және қылмыскерге көзқарастардың көрінісі
болып атбылады.
Тарихта жазаның түрлері мен нысандарының түрлері көп болғандығын
көре аламыз. Жаза объектілері ретінде адам өмірі, тәні, еркіндігі, ар-
намысы, абыройы, оның мүлкі болған; жаза қолдану салдары ретінде — өлім,
тән жарақаты, тән азабын келтіру, қамау, қуып салу, мүлкінен айыру болған.
Сонымен қатар әрқашан жаза мемлекет тарапына сынау теріс баға берумен
ұштасатын. Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем орынға ие болған көзқарастарға
және оның өмір сүру жағдайларына сәйкес келеді. Қылмыстық заң және жаза
адам өмірлерінің кейпіне, қоғамдық қатынастарға, сол қоғамның идеологиясы
мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының жағдайына, қайсібір
этикалық және құқықтық көзқарастарына жауап беруге тиісті.
Жаза мақсаттарының мәселесі қылмыстық құқы ғылымында неғұрлым
дискуссиялық болып табылады. Әдебиетте көрсетілгендей, қылмыстық жаза
институты қанша уақыт өмір сүрсе, сонша уақыт бойына оны қолдану мақсату
туралы сұрақ орынды болады.
Сонымен қатар келесі бір пікірмен де келіспеуге болмайды: Ескіріп
қалған, бұрыннан шешіліп қалған болып көрінетін принципиалды мәселелер
бойынша (жаза мақсаттары туралы) бір ойдың болмауы – біздің қылмыстық
құқыққтық ғылымның алға қарай сәтті дамуына елеулі кедергәі болыпи
табылады.
Қазіргі уақытта ғылыми еңбектерде жиі қылмыстық жазаның келесі
мақсаттары көрсетіледі: қылмыскерді түзеу (моралды және заңды), сазайын
тарттыру; сотталғанды ресоциализациялау; қылмыстардың алдын алу (жалпы және
арнайы) және алда көрсетіліп кеткен өзге де мақсаттар.
Жаза сонымен қатар қылмыстың жасалу сатысы, қылмысқа қатысушылық
белгілерінің бар-жоғы, кінә нысаны және түрі,сонымен қатар Қылмыстық
кодекстің Жалпы бөлімінің өзге де ережелері ескеріле отырып тағайындалады.
Қылмыстық жазаның ерекше белгісі- оның тек қана сот органдарымен
тағайындала алу мүмкіндігі.Ол ережеге сай ешқандай өзге мемлекеттік немесе
қоғамдық ұйым қылмыстық жазаны тағайындай алмайды.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мемелкеттік, қоғамдық, жеке
кәсіпорындар мен ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға міндетті және ҚР барлық
аумағында орындалуға жатады. Билік өкілдерімен, мемлекеттік қызметшілермен,
мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, коммерциялық немесе өзге ұйымдармен
ұйымдармен заң күшіне енген сот үкімін, шешімін орындамау үшін немес оның
орындалуына кедергі жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.[7]
Қылмыстық жазаны белгілеп, оны қолдану үшін негіз қылмыс болады.
Қылмыстық жазаланатындығы қылмыстың міндетті белгілі болып табылады. Егер
қылмыс болмаса, әрине, жаза да орын алмайды. Алайда жазаланатындығы тек
қылмыстық заң санкцияларында белгіленген жазалау және оны жүзеге асрыу
қаупін білдіреді. Қылмыстық жаза тек қана қылмыстың құқықтық салдары болып
табылады, бірақ кез келген қылмыс жазалауға алып келмейді. Өзге де құқықтық
салдар басталуы мүмкін. Қылмыстық жаза шартты түрде де белгіленуі мүмкін,
жазаны өтеу кейінге қалдырылу мүмкін. Қылмыс жасауға кінәлі болып табылған
тұлға айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кеткендігіне байланысты
қылмыстық жазаны өтеуден босатылуы мүмкін. Сонымен қатар, қылмыстық заң тек
қана қылмыстық жазадан ғана емес, қылмыстық жауаптылықтан босату негізін
де қарастырған. Қылмыстық жаза тек қана қылмыс жасағанына кінәлі болып
табылған тұлғаға, яғни қасақана немесе абайсызда қылмыстық заңмен көзделген
іс-әрекет жасаған тұлғаға қатысты ғана қолданыла алады. ҚР ҚК-не кінәсіз
тұлғаға жаза белгілеуге қатаң тыйым салынады.
Жазаның маңызды белгісі ретінде кінәлінің жасаған қылмысын мемлекет
атынан теріс бағалау болады. Ол бағалау айыптау үкімінде орын алады және
жария сипатта болады.
Айыптау үкімін шығару сонымен қатар қылмысты жасауда кінәлі тұлға ол
жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғанын және қылмыскердің
өзі мемлекет тарапынан сотталғандығын білдіреді. Сөйтіп, қылмыскерге
қылмыстық жаза тағайындау фактісі тұлға мемлекет тарапынан теріс
бағаланатын іс-әрекет жасағандығын білдіреді.
Қылмыстық жауаптылық және қылмыстық жаза өзара қатаң байланысты.
Қылмыстық жауаптылық әдетте қылмыстық жазадан көрініс табады. Егер де
қылмыстық жаза орын алған болса, онда қылмыстық жауаптылық та орын
алғандығын куәландырады. Алайда қылмыстық жауаптылықты айыптау үкімінде
жаза тағайындамай да көрсетуге болады, мысалы, кәмелетке толмағандарға
қатысты тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық жаза салдары ретінде соттылық секілді теріс заңды салдары
бар.
ҚК-ң 77 бабына сай қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айптау
үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау
кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Егер тұлға жазадан босатылғант
болса ол сотталмаған болып есептеледі. Тұлға сотталған болып есептелетін
мерзім жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне және жасалған қылмыстың
ауырлығына байланысты болады.
Сонымен қатар соңғы уақытта әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру
мақсаты жиі талқыланады, ол өз кезегінде біздің заңнамада да көрініс тапты.
ҚР ҚК-да көрсетілген жаза мақсаттары жазалардың барлық түрлеріне тиесілі,
тек қана өлім жазасы тағайындалған кезде қылмыскерді түзеу мақсаты жоққа
шығарылады.
Сонымен қатар жазаның әр түрі өзіндік ерекшеліктерге ие, ол
мақсаттарын белгілеуге де байланысты. Біздің пікірімізше, жазаның нақты
түріне қатысты өзіндік мақсаттары және әр жазаның түрінің нақты мақсаты
туралы айтуға болады. Алайда заң әдебиетінде осы аспектлірге көңіл
ешқандай бөлінбейді. Сәйкесінше, заңнамада әртүрлі жаза түрлерін
тағайындау ешқандай белгіленбейді.
1.2 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Сотталғанның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немес оларды шектеу
жазаның мәні болып табылады.
ҚР ҚК-е сәйкес қылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын жаза және өзге де
қылмыстық құқықтық сипаттағы шаралар мақсаты ретінде тән азабын шектіруді
және адамның қадір-қасиетін қорлауды қарастырмайды.
Алайда осы күнге дейін жазаны атқару процесі іс жүзінде азап
келтірумен ұштасады. Олар қайсібір жаза түрлерінің ерекшеліктерімен
байланысты, қазіргі кезеңдегі пенитнциарлық жүйе ерекшеліктерімен
байланысты, кейбәірлеулері міндетті түрде алда да азап келтіреді, себебі
бір түрдегі жазаны әр түрліі адамдар өз бетінше қабылдайды. Біреулер үшін
бас бостандығынан айыру орындары- ол үйреншікті өмір кейпі болса туған
үйі, бірақ одан ол жаза болуын тоқтатпайды, ал басқалар үшін ол қатты
азап, қиналу болып табылады.
Сонымен қатар өз үйінде тұру, өз қаласында тұру және жақсы көретін
кәсібімен айналысу мүмкіндігінен айыру біреулер үшін қорлық болып табылады,
ал басмқалар үшін ол немқұрайлы оқиға болады.
Құқықтар мен бостандықтардын айыру және оларды шектеу ұғымының
мағыналығына қарамастан жаза олармен таусылмайды. Қылмыстық жаза- ол
өзінде екі қарама қарсы түсінікті қамтитын күрделі ұғым болып табылады.
Жаза мазмұны мәжбүрлеу мен сендірудің диалектикалық бірлігін құрайды. Осы
диалектикалық қайшылықта қылмыстық заңнаманың ары қарай дамуының ішкі
енгізі салынған.
Қылмыстық заңды аналогия бойынша қолдануға жол берілмейді. Қылмыстық
жаза Қылмыстық кодекстің іс әрекетті саралайтын Ерекше бөлімінің
санкицясына қатаң сай келу керек. Тек қана қылмыстық мақсаттары мен
ниеттеріне, кінәлінің қылмыс жасаудағы роліне, оның қылмыс жасалу алдындағы
эжәне одан кейінгі мінез-құлқына және қылмыстың қоғамға қауіптілігін елеулі
түрде кемітетін өзге де ерекше мән-жайлардың болуына, соонымен қатар
тұлғаның қылмысты ашуға белсене қатысуына байланысты сот кінәліге қылмыстық
заңда қылмыстың осы түріне көзделгеннен де төмен жаза тағайындай алады
немесе өзге неғұрлым жазаға ауыса алады. Баптың санкциясы шектерінде
жазаны таңдау туралы мәселені шешкен кезде сот жасалған қылмыстың сипаты
мен қоғамға қауіптілігін, кінәлінің жеке басын және жазаны ауырлататын
немесе жеңілдететін өзге мән-жайларды , таңдалған жазаның сотталушының
түзелуіне және оның отбасының жағдайларына әсерін ескеруге тиісті.[8]
Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға қылмыстық кодекстiң Ерекше
бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте және қылмыстық кодекстiң Жалпы
бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.
Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу
үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс
үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi
қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым
қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше
бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза қылмыстық
кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе
үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн
қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен
қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз оқылмыстық кодекстiң 55-
бабында белгiленедi. [9]
Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк
дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi
және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және
ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның
түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк
жағдайына ықпалы ескерiледi.
Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп
танылады:
а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм
ауырлықтағы қылмыс жасау;
б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;
в) жүктiлiк;
г) айыпкердiң жас балалары болуы;
д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге
де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен
моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды
жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;
е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының
салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;
ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық,
қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;
з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк
қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi
орындау жағдайында қылмыс жасау;
и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы
немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;
к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа
басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған
мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.
Аталған негіздер қылмыстық заңда нақты тізіммен келтірілген, алайда,
көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде
ескерiлуi мүмкiн.
Егер жеңiлдететiн мән-жай қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi
бабында қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза
тағайындау кезiнде қайталап ескерiле алмайды.
Қылмыстық кодекстің 53 баптың бірінші бөлігінің д) және к)
тармақтарында көзделген жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және
ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзімі немесе мөлшері
қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның
неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің ауыр емес
және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде — жартысынан, ауыр қылмыс жасаған
кезде — үштен екісінен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшінен
аспауға тиіс.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар
Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп
танылады:
а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;
б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;
в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан
топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс
жасау;
г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;
д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын
ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды
қылмыс жасауға тарту;
е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздың себебi бойынша,
басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа
қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;
ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты,
сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не
айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;
з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын
өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;
и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi
қинап қылмыс жасау;
к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi
құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және
жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де
химиялық-фармокологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп
немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;
л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын
пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;
м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс
жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға
құқылы;
н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс
жасауы;
о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне
көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;
п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс
жасау.
Егер көрсетiлген мән-жай қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi
бабында қылмыс белгiсi ретiнде көрсетiлген болса, ол жауаптылық пен жазаны
ауырлататын мән-жай ретiнде қайталап ескерiлмеуi керек.
Жаза тағайындау кезiнде сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген
мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.
Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк
дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi
және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және
ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның
түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк
жағдайына ықпалы ескерiледi.[10]
Сот, жаза тағайындай отырып, мән-жайлардың келесі үш тобын ескеруге
тиіс:
1) қылмыстық іс-әрекеттің сипатына қатысты- оның сипаты және қоғамға
қауіптілік дәрежесі;
2) кінәлінің жеке тұлғасына қатысты – оның әлеуметтік мәртебесі;
3) кінәлінің жауаптылығының дәрежесіне әсер ететін – жауаптылықты
ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар.
Қылмыстық құқық теориясында қоғамдық қауіптілік сипаты ретінде барлық
қылмыстарға тән белгіні айтады, ол бірінші кезекте қылмыстық әрекеттер
объектісі болып табылатын заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастың маңызы мен
мәнімен анықталады.
Соттар жазаның түрi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мәнi бар
сотталушының жеке басының мәлiметтерiн жан-жақты, толық және объективтi
түрде тексеруi керек. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке
қабiлеттiлiгi мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәлiметтердi
анықтау керек. Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейiн, соттар ҚК-
тің 52-бабының 3-бөлiгiне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған
жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер
ететінін ескеруi керек.
ҚК-тiң 54-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жауапкершiлiк пен
жазаны ауырлататын мән-жайлардың тiзiмi түпкiлiктi болып табылады. Осыған
орай, қылмыс жасалған кездегi немесе сотталушыны сипаттайтын басқа да сот
анықтаған жағдайлар (маскүнемдiкке салыну, қоғамдық тәртiптi бұзу,
отбасына, жұмысына, оқуына немқұрайлы қарау т.б.) жаза тағайындалған кезде
ескерiледi, бiрақ жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде
танылмаЙды.
ҚК-тiң 54-бабы бiрiншi бөлiгiнiң «м» тармағына сәйкес қылмыстың
сипатына қарай сот қылмысты мас күйiнде жасауды жауапкершiлiк пен жазаны
ауырлататын мән-жай ретінде танымауға құқылы. Бұл мәселенi шешу барысында
соттар жасалған қылмыстық әрекеттің өзінің сипаты бойынша кінәлінің
мастығына қатысы бар-жоғын, сондай-ақ оны осындай күйге алып келген
жағдайларды ескеруi тиiс. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған адамның қылмыс
жасаған кезде мас болуы, егер оны бұндай күйге арақ, есiрткi немесе басқа
да есеңгiртетiн заттарды пайдалану арқылы ересек қылмысқа қатысушы
жеткізсе, жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын жағдай ретiнде есептелмейді.
Егер ҚК-тің 53 немесе 54-баптарында көрсетiлген мән-жайлар қылмыстың
бiр белгісі ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше
бөлiмiндегi баптың диспозициясында көрсетілген болса, онда ол сол қылмыс
үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңiлдететiн немесе ауырлататын
мән-жай ретiнде ескерілмейдi.
Бiріншi қылмысы бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тарту мерзiмi өтіп
кеткен жағдайда, заңмен бекiтiлген тәртiпте сотталғандығынан арылған немесе
оны алып тастаған немесе заң бойынша бұрын жасаған қылмыстық әрекетi үшiн
қылмыстық жауапкершiлiк жойылған болса, сондай-ақ ҚК-тiң Жалпы бөлiмiнде
көзделген негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен және жазадан
босатылған жағдайда, қылмыс жасаған адамның бұрын сотталғандығы
жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қаралмайды.
Егер адамды кінәлi деп таныған заң санкциясында жазаның әр түрi
(баламалары) көрсетiлген болса, онда соттар ҚК-тiң 52-бабының екiншi
бөлiгiне сәйкес жасалған қылмыс үшiн көрсетiлген жазаның неғұрлым ауыр түрi
тек, егер оның жеңiл түрi жазалау мақсатын қамтамасыз ете алмаса немесе
жазаның ең ауыр түрiн тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана
тағайындалатынын ескере отырып, соттар олардың арасындағы неғұрлым
жеңілірек жазаны тағайындау туралы мәселенi талқылауы және үкiмде
қабылданған шешiмдi дәлелдеуi тиiс.
ҚК-тiң 55-бабына сәйкес жазаны осы қылмыс үшiн тиiстi бапта (бап
бөлiгiнде) белгіленген төменгі шектен төмен немесе қылмыс дәрежеленген ҚК
бабының (бап бөлігінің) санкциясында көрсетiлмеген жазаның неғұрлым жеңiл
түрiн тағайындау немесе міндетті түрде көзделген қосымша жазаны қолданбау
тек әрекеттiң қоғамдық қауіптілiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын ерекше мән-
жайлар анықталған жағдайда, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған
қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен жағдайда ғана мүмкiн болады. Жазаны
жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше
мән-жайлар деп танылуы мүмкiн. Сот ҚК-тiң 55-бабын қолданғанда, iс бойынша
анықталған қандай жағдайларды ерекше деп танығанын және оларды
айыпталушының жеке басы туралы қандай мәлiметтермен бiрге негізге алғанын
үкiмде көрсетуге мiндеттi.
Бірнеше қылмыс жасаған кiнәлi адамға жазаның заңда көзделген неғұрлым
жеңiл түрiн тағайындаған кезде, әуелi бiр немесе бiрнеше қылмыстың
әрқайсысына ҚК-тiң 55-бабын қолдану арқылы жаза тағайындалады, сонан кейiн
ҚК-тiң 58-бабының ережелерi бойынша түпкiлiктi жаза белгiленедi.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың жасалуы өздiгiнен ерекше мән-жайлар
болған жағдайда кiнәлі адамға төменгі шектен төмен жаза тағайындауға
кедергi болып табыла алмайды. ҚК-тiң 55-бабын қолданып жаза тағайындаған
кезде қылмыстардың рецидиві, қауiптi рецидивi немесе аса қауiптi рецидивi
болған жағдайда ҚК-тiң 59-бабы 2-бөлігінің ережелерi қолданылмайды.
Соттың ҚК 55-бабын қолданып белгiлеген жазасының мөлшерi қандай
жағдайда да заңмен белгiленген осы жаза түрiнiң ең төменгi мөлшерiнен төмен
бола алмайды.
Қылмыстық заңдарда қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстарға санаттарға
бөлуге негіз болып табылады. Яғни қылмыстық кодекстің 10 бабына сәйкес
қылмыстар төрт санатқа бөлінеді: онша ауыр емес, ауырлығы орта дәрежедегі,
ауыр және аса ауыр қылмыстар болып.
Жасалған әрекетте ауырлатылған құрамды жасағаны үшін жауаптылық
көздейтін ҚК бабында көрсетілген қылмыстың белгілері (мысалы, адам өлтіру
кезіндегі аса қатыгездік) және сонымен қатар осы әрекетті жеңілдететін мән-
жайлар бойынша (мысалы, жан күйзелісі жағдайында) саралау үшін негіз болып
табылатын басқа да белгілер анықталған кезде қылмыстар жиынтығы болмайды.
Мұндай жағдайларда әрекет осы қылмысты жасағаны үшін қатаңдығы төменірек
жауаптылықты көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға жатады (мысалы, жан
күйзелісі жағдайында аса қатыгездікпен адам өлтіру ҚК 98-бабы бойынша ғана
саралауға жатады).[11]
Белгілі бір қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін
әр түрлі саралаушы белгілер ҚК бірнеше баптарында көзделген жағдайларда,
әрекет қатаңдығы төменірек жауаптылықты көздейтін ҚК бабы бойынша саралауға
жатады. (Мысалы, қажетті қорғаныс шегінен тыс және жан күйзелісі жағдайында
адам өлтіру ҚК 99-бабы бойынша саралауға жатады).
Қылмыстардың қайталануы, қауiптi қайталануы және аса қауiптi
қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезiнде бұрын жасалған қылмыстардың
саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның
түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ
жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi
ескерiледi.
Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшiн жазаның
мерзiмi мен мөлшерi жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең
жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен бірінен төмен, ал қылмыстардың қауiптi
қайталануы жағдайында — үштен екісінен төмен, ал қылмыстардың аса қауiптi
қайталануы жағдайында — төрттен үшінен төмен болмауы керек.
Егер Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң бабында (бабының бөлiгiнде)
айқындаушы белгi ретiнде қылмыс жасаған адамның соттылығына сiлтеме болса,
сондай-ақ Қылмыстық кодекстiң 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар болған
кезде қылмыстың қайталануы, қауiптi қайталануы немесе аса қауiптi
қайталануы кезiнде жаза осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген ережелердi
ескермей тағайындалады.
Егер сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық
өтегенге дейiн жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкiм бойынша сот
тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкiмi бойынша жазаның өтелмеген бөлiгiн
толық немесе iшiнара қосады.
ҚК-тiң 54-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жауапкершiлiк пен
жазаны ауырлататын мән-жайлардың тiзiмi түпкiлiктi болып табылады. Осыған
орай, қылмыс жасалған кездегi немесе сотталушыны сипаттайтын басқа да сот
анықтаған жағдайлар (маскүнемдiкке салыну, қоғамдық тәртiптi бұзу,
отбасына, жұмысына, оқуына немқұрайлы қарау т.б.) жаза тағайындалған кезде
ескерiледi, бiрақ жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде
танылмайды.
ҚК-тiң 54-бабы бiрiншi бөлiгiнiң «м» тармағына сәйкес қылмыстың
сипатына қарай сот қылмысты мас күйiнде жасауды жауапкершiлiк пен жазаны
ауырлататын мән-жай ретінде танымауға құқылы. Бұл мәселенi шешу барысында
соттар жасалған қылмыстық әрекеттің өзінің сипаты бойынша кінәлінің
мастығына қатысы бар-жоғын, сондай-ақ оны осындай күйге алып келген
жағдайларды ескеруi тиiс. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған адамның қылмыс
жасаған кезде мас болуы, егер оны бұндай күйге арақ, есiрткi немесе басқа
да есеңгiртетiн заттарды пайдалану арқылы ересек қылмысқа қатысушы
жеткізсе, жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын жағдай ретiнде есептелмейді.
Егер ҚК-тің 53 немесе 54-баптарында көрсетiлген мән-жайлар қылмыстың
бiр белгісі ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше
бөлiмiндегi баптың диспозициясында көрсетілген болса, онда ол сол қылмыс
үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңiлдететiн немесе ауырлататын
мән-жай ретiнде ескерілмейдi.
Бiріншi қылмысы бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тарту мерзiмi өтіп
кеткен жағдайда, заңмен бекiтiлген тәртiпте сотталғандығынан арылған немесе
оны алып тастаған немесе заң бойынша бұрын жасаған қылмыстық әрекетi үшiн
қылмыстық жауапкершiлiк жойылған болса, сондай-ақ ҚК-тiң Жалпы бөлiмiнде
көзделген негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен және жазадан
босатылған жағдайда, қылмыс жасаған адамның бұрын сотталғандығы
жауапкершiлiк пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қаралмайды.
Егер адамды кінәлi деп таныған заң санкциясында жазаның әр түрi
(баламалары) көрсетiлген болса, онда соттар ҚК-тiң 52-бабының екiншi
бөлiгiне сәйкес жасалған қылмыс үшiн көрсетiлген жазаның неғұрлым ауыр түрi
тек, егер оның жеңiл түрi жазалау мақсатын қамтамасыз ете алмаса немесе
жазаның ең ауыр түрiн тағайындау заңда арнайы көзделсе ғана
тағайындалатынын ескере отырып, соттар олардың арасындағы неғұрлым
жеңілірек жазаны тағайындау туралы мәселенi талқылауы және үкiмде
қабылданған шешiмдi дәлелдеуi тиiс.
ҚК-тiң 55-бабына сәйкес жазаны осы қылмыс үшiн тиiстi бапта (бап
бөлiгiнде) белгіленген төменгі шектен төмен немесе қылмыс дәрежеленген ҚК
бабының (бап бөлігінің) санкциясында көрсетiлмеген жазаның неғұрлым жеңiл
түрiн тағайындау немесе міндетті түрде көзделген қосымша жазаны қолданбау
тек әрекеттiң қоғамдық қауіптілiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын ерекше мән-
жайлар анықталған жағдайда, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған
қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен жағдайда ғана мүмкiн болады. Жазаны
жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше
мән-жайлар деп танылуы мүмкiн. Сот ҚК-тiң 55-бабын қолданғанда, iс бойынша
анықталған қандай жағдайларды ерекше деп танығанын және оларды
айыпталушының жеке басы туралы қандай мәлiметтермен бiрге негізге алғанын
үкiмде көрсетуге мiндеттi.
Соттар жазаның түрi мен мөлшерiн белгiлеу үшiн елеулi мәнi бар
сотталушының жеке басының мәлiметтерiн жан-жақты, толық және объективтi
түрде тексеруi керек. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке
қабiлеттiлiгi мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәлiметтердi
анықтау керек. Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейiн, соттар ҚК-
тің 52-бабының 3-бөлiгiне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған
жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер
ететінін ескеруi керек.
Бірнеше қылмыс жасаған кiнәлi адамға жазаның заңда көзделген неғұрлым
жеңiл түрiн тағайындаған кезде, әуелi бiр немесе бiрнеше қылмыстың
әрқайсысына ҚК-тiң 55-бабын қолдану арқылы жаза тағайындалады, сонан кейiн
ҚК-тiң 58-бабының ережелерi бойынша түпкiлiктi жаза белгiленедi.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың жасалуы өздiгiнен ерекше мән-жайлар
болған жағдайда кiнәлі адамға төменгі шектен төмен жаза тағайындауға
кедергi болып табыла алмайды. ҚК-тiң 55-бабын қолданып жаза тағайындаған
кезде қылмыстардың рецидиві, қауiптi рецидивi немесе аса қауiптi рецидивi
болған жағдайда ҚК-тiң 59-бабы 2-бөлігінің ережелерi қолданылмайды.
Соттың ҚК 55-бабын қолданып белгiлеген жазасының мөлшерi қандай
жағдайда да заңмен белгiленген осы жаза түрiнiң ең төменгi мөлшерiнен төмен
бола алмайды.
Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау мәселесiн қараған кезде соттар
қылмыстық жазаның тек ҚК-тiң 79-бабында көрсетiлген түрлерi ғана
қолданылатындығына және олардың мерзiмдерi мен мөлшерi сол бапта
белгiленген шеңберден аспайтындығын назар аударуы керек. Сондай-ақ ҚК-тiң
80 және 81 баптарында көрсетiлген жағдайларды да қосымша ескере отырып және
әр нақты жағдайда істің және кәмелетке толмаған сотталушының жеке басының
жағдайларын талқылап, оларға ҚК-тің 82-бабында көрсетiлген тәрбиелiк әсерi
бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіншілігін қарастыру қажет. [12]
Қылмыстардың жиынтығы жөніндегі істерді талдау сот тәжірибесінде және
жаза тағайындаудың өзге де жалпы негіздері әр кезде толығымен
сақталмайтындығын байқауға болады. Неғұрлым қайшылықты түрде екі мән-жайды
ескеру жөніндегі мәселелер шешіледі: қылмыстық жауаптылықты ауырлатаны және
жеңілдететін мән-жайлар.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша істерді қараған кездегі жаза
тағайындаудың жалпы негіздері дұрыс түсіну жауаптылықты жекелеудің, заңды
және негізді үкім шығарудың алғышарты болып табылады.
ІІ СОТ ҮКІМІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ
2.1 Сот үкімінің түсінігі және мәні
Сот үкімі — қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қорытындысы
шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады.
Конституциялық қағидаларға сәйкес үкім Қазақстан Республикасының атынан
шығарылады әрі заңды және негізді болуға тиіс.
Үкімдерді дайындау практикасын зерделеу олардың көбінің заң
талаптарына сәйкес қабылданатынын көрсетті. Сонымен қатар, кейбір соттар
үкімдерді дайындаған кезде олардың нысаны мен мазмұны жөнінде қойылатын заң
талаптарын әрдайым сақтай бермейді. Мұның өзі үкімдердің өзгертілуіне және
бұзылуына әкеп соғуда.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасын жинақтаудың
нәтижелерін талқылай келе, орын алған кемшіліктерді жою және үкімдердің
сапасын жақсарту мақсатында қаулы етеді:
Заң бойынша үкім — Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының
3-тармағында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
2-тарауында көрсетілген әділ сот принциптерін сақтай отырып, сотталушыға
қатысты оның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі, қылмыстық жазаны оған
қолдану немесе қолданбау туралы бірінші сатыдағы соттың сот мәжілісінде
Қазақстан Республикасының атынан шығарған қылмыстық іс бойынша шешімі болып
табылады.
Үкімді бұлжытпай орындау ешқандай ерекшеліксіз барлық мемлекеттік
органдарға, жергілікті өзін өзі басқару органдарына, заңды тұлғаларға,
лауазымды адамдар мен азаматтарға міндетті болып табылады.
Үкімнің мемлекет атынан шығарылуы, оның маңыздылығы судьялардан оның
заңдылығы мен негізділігі үшін ерекше жауапкершілік сезінуді талап етеді.
Үкім, егер ол оның сотқа қарастылығы ережелері сақталып, тараптарға
дәлелдемелерді тең негізде зерттеуге мүмкіндік беру қамтамасыз етіле
отырып, тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принциптерінің
негізінде сот талқылауын жүргізу туралы қылмыстық іс жүргізу заңының
талаптарына сәйкес, құқық нормалары дұрыс қолданыла отырып соттың заңды
құрамымен шығарылса заңды болып табылатынын соттардың ескергені жөн.
Заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында
толық, жан-жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға
берілген дәлелдемелерге негізделген, тұжырымдары дәлелденген үкім негізді
болып табылады.
Сот қабылдаған шешімдердің мазмұнын неғұрлым толық ашуға әсер ететін
үкімнің процессуалдық нысанын сақтау маңыздылығына соттардың назары
аударылсын. Ол нысаны мен мазмұны бойынша ҚІЖК-нің 377-383-баптарына сәйкес
келуі тиіс. Үкім сот отырысы … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz