Бойжеткен бар құпияны біліп қойып, жігітінің масқарасын шығарды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

330 0 0

Жігіт басқа қызға сезімін білдіріп, демалыстан келген соң бірге болуға уәде берген

АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Ұлыбританиялық бойжеткен жігітінің басқа қызбен жасырын көңіл қосқанын біліп қалып, олардың жазысқан хаттарын Twitter-де жариялап жіберді.

Эмили Уилсон мен оның сүйіктісі бірге демалысқа баруды жоспарлаған, алайда күтпеген жерден жігіттің опасыздық жасап жүргені белгілі болады. Ол көңілдесімен желі арқылы сөйлесіп келген. Жігіт хаттарында демалыстан орала салысымен бірге болатындарын, оған ессіз ғашық екенін және Уилсонмен жай ғана дос болып қалатынын айтқан, деп жазды Сегодня.

Қыз опасыз жігіттің хаттарының скриншотын жасап, Twitter-де жариялап жіберді. 

Сонымен қатар Уилсон жігітінің көңілдесіне хат жазып, бар шындықты айтуын сұраған. 

«Саған өкпем жоқ, тек бәрін білуім керек», — деп жазған ол оған.

Ажырасуға себепкер болған әйел Уилсонмен өзі сөйлеспекші болған екен, алайда жанжал шығып кете ме деп қорыққан. Ол жігітке алданып қалғанын, оның сүйіктісі бар екенін білген бойда онымен қарым-қатынасын үзгенін айтып ақталды.   


Дереккөз: https://sputniknews.kz/