Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу | Скачать Материал

0

Реферат

Менің бітіру жұмысымның тақырыбы Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу
деп аталады. Бітіру жұмысы 55 беттен құралады. Бітіру жұмысы екі тараудан
және кіріспе мен қорытынды бөлімдерінен тұрады. әр тарау жеке – жеке
тақырыптары бар бөліктерге бөлінген.
Бірінші тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджетті жоспарлаудың және
атқарудың құқықтық негіздері, реттеу туралы баяндалады. Екінші тарауда,
мемлекеттік бюджеттік бақылаудың түсінігі және түрлері, іс жүзіне асыратын
органдардың құзыреті жөнінде баяндалады.
Сондай-ақ, бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік
құқықтық актілер тізімін құрайды.
Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де
Заңдарына сүйене отырып жазылған.
Сонымен қатар, бітіру жұмысын жазуға ғылыми әдебиеттер және Қазақстан
Республикасы бюджеттік бақылауды құқықтық реттеуге қатысты шығарылған
қаулылар, ережелер және бағдарламалар қолданылды.
Бітіру жұмысында көп кездесетін сөздер: бюджет, қаржы, орган, мемлекет,
бақылау, құқық, экономика, құзыреті, жоспарлау, және т.б.

Жоспар

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … .3-5

І.Тарау. Бюджетті жоспарлаудың және атқарудың құқықтық негіздері
І. 1. Бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері … … … … … …5-1 9
І.2. Бюджеттің атқарылуы құқықтық реттеу … … … … … … … . ..19-
38

ІІ. Тарау.Мемлекеттік бюджеттік бақылаудың түсінігі және түрлері
ІІ. 1. Бюджеттік бақылаудың түсінігі, қағидалары және іс – жүзіне асырудың
құқықтық негіздері … … … … … … .. … … … … … … … 39-
40
ІІ.2. Бюджеттік бақылаудың
түрлері … … … … … … … … … … … 40-47
ІІ.3. Бюджеттік бақылауды іс–жүзіне асыратын органдардың
құзыреті … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … …48-52

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … ..53-54
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … 54-56

Кіріспе

Бюджеттік бақылауды хұқпен реттеу дегеніміз, бюджеттерді қаыптастыру
және бөлу, сондай-ақ бюджеттік қаржыларды пайдалану процестерінің заңды
түрде, және мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеретін мемлекеттік органдардың
қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін
қалыптастыру және бөлу кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар реттейді.
Түсінігіне келсек, бюджеттік кірістерді және шығыстарды хұқпен реттеу
дегеніміз, мемлекеттік бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін қалыптастыру және
бөлу кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін бюджеттік хұқтың
бір бөлімі болып табылады.
Әдетте, мемлекеттік бюджеттің кірісін құрайтын ең басты түсім көздері
салықтар, алымдар, салық емес басқа кірістер сондай-ақ міндетті түрдегі
басқа да төлемдер болып табылады. Бюджеттің кірістерінің құрамы мен
құрылымы мемлекеттің фискалдық саясатының жүзеге асырылу бағытына
байланысты болады.
Мемлекеттік бюджеттік бақылау бюджеттік бақылау – тексерулерді жүзеге
асыруға хақы бар уәкілетті мемлекеттік органдар мен бюджет органдарының
жүйесі мен құзыреттерін, бюджет бақылаудың нысандары мен түрлерін, сондай-
ақ бюджеттік тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындатын
бюджеттік құқықтың нормаларының жиынтығы болып табылады.
Бюджеттік бақылау мемлекеттің бюджет қызметінің құрамдас бөлігі болып
саналады және бюджеттік бақылау бюджет органдарымен мен басқа да тиісті
уәкілеттілігі бар мемлекеттік органдар жүзеге асыратын мемлекеттік
бақылаудың, дәлірек айтсақ қаржылық бақылаудың арнаулы бір түрі болып
табылады. Негізінде бюджеттік бақылау кең мағынада айтылады.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік –
экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді
болмау үшін Ұлттық қор құрды.
Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 миллирд доллар жинақталып отыр. Ұлттық
қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда,
14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Осыдан 10 жыл бұын бұл жайында
армандаудың өзі қиын еді.[1]
Осы бюджеттік бақылау аясында мемлекеттің материалдық мүддесі айрықша,
айқын көрінісін табады. Өйткені, мемлекет әрқашанда бюджеттік қатынастардың
бір жағында тұратын қатысушы, сондай-ақ қоғамның саяси жүйесінің субьектісі
ретінде бақылай отырып тексеріп, тексере отырып қадағалап, салықтардың және
басқа да төлемдердің бюджетке уақытылы жиналуын және олардың толық мөлшерде
тиісті бюджеттердің кірістеріне түсуін қамтамасыз етіп, өзінің және
қоғамның ақша қаражаттарына деген қажеттілігін қанағаттандырады. Бұл жерде
айта кететін тағы бір қызық жәйт, мемлекет қандай да болмасын бюджеттік
құқықтық қатынастардағы тараптардың бірі – тұрақты субьектісі болып
саналғанымен, егер салық және басқа да бюдетке төленетін төлемдерді төлеуші
және бюджеттен бөлінетін ақша қаражаттарын пайдаланатын тұлғалар мен бюджет
органының арасында белгілі бір дау-дамай туындаған жағдайда оны әділ шешуге
тырысатын ара би болып табылады.

І. Тарау. Бюджетті жоспарлаудың және атқарудың құқықтық негіздері.

І.1. Бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері.

Бюджет жүйесі – бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Бюджет процесі – бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау,
түзету, жөніндегі бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін
жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырлыған гранттарды
жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет
заңдарымен реттелген қызмет.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді. Егер Қазақстан Республикасы бектікен
халықаралық шартты заңдардан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық
шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
бүкіл аумағында қолданылыста болады және барлық жеке заңды тұлғаларға
қолданылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы
органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті
қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды
негізде ақша бөлу туралы ержелерін қоспағанда, ағымды қаржы жылы
аяқталғаннан кейін күшін жояды. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар,
тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың
шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың
шешімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті
атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының
1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
В.И. Белинский бюджеттік қаржыларды экономикалық категория ретінде және
қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор
бюджеттік қаржыларды ақша құжаттары қорларын құру және оларды
орталықтандырылыған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде
туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Бюджеттік қаржылардың
материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар
бюджеттік қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір
шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құныдылық
категорияларымен болуы. Кейбір экономистер бюджеттік қаржыларға ақша
қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және қорларын жатқызады.
Бюджеттік қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне
ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты обьектісі ақша
қорлары болып табылады.
Ал бюджеттік қаржылардың пайдаланылуы негізіне белгілі бір кезеңдегі,
яғни қазіргі кездегі обьективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және
қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда
көрініс табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А-Т-А) ұдайы
өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жүргізілетін қоғамдық қызметтің
саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн
нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды
көрсеткендіктен шаруашылық механизмінің белгілі бір элементтерін құрайды.
Бюджеттік қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай – бюджеттік
қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі
болып табылады.
Бұл жерден байқайтынымыз, бюджеттік қаржылардың ақшалай қатынастарға
негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде
көрініс табуы.
Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары
қаржылар жөніндегі ғылымның обьектісі болып табылмайды. Бюджеттік
қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан
бөлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген
экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде бюджеттік қаржылардың
өзіне тән функциясы – бөлу және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор
үшінші функция жөнінде, яғни жұмылыдру функциясы туралы сөз қозғамаған. Ал
ақшалар тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: құн
өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау
құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.
Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына
қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір
шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.
Бюджеттік қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан
айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу және
пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекше
аясын көрсетеді. Алайда бюджеттік қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық
маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік
және кассалық жоспарларда мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық
жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының
сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық
нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан бюджеттік қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда
оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы
кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін
байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И.
Ресейлік ғалым Горбунов О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық
қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бөлу процестері
ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс, яғни
кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен
оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылады дейді.
Мемлекеттік бюджеттік қаржыларды өзінің материалдық мәні бойынша ақша
қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру, қайта бөлу.
Сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың
атқарылуымен тікелей байланысты болады.
Горбунов О.Н. мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік процестерін
басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға ақша
нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей, қаржыларды
ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын жинастыру, қайта
бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы қатынастар болып
табылады деген. Бұл жердегі көзге ұрып тұрған кемшілік бюджеттік қаржылар
экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда
бюджеттік қаржылар тек мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының
жиынтығы деп айта аламыз.
Бюджеттік қаржылар жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлетін
экономикалық құрал болып табылады.
Мемлекетті реттеудің ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының көмегімен
реттеу болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттеу және ақша қорларын
құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген
тараптарға қаражаттарды бөліп, пайдалану арқылы мемлекет көптеген аялардағы
қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.
Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және жеке
мекемелердің ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану жөніндегі экономикалық
қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының өзара
байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп көрсеткен.
Ресейлік ғалым О.Н.Горбунов бюджет жүйесін екі тұрғыдан қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық
институттардың жиынтығы;
ә) өздерінің құзыреттерінің шегінде бюджеттік қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.
Ал бюджеттік институттардың жиынтығы өзіне орай мемлекеттік бюджет
жүйесін құрады. Бюджет жүйесі мемлекеттің нарыққа өту жағдайында дамуының
ерекшеліктерін көрсете отырып мынадай буындардан тұрады:
1. федералдық, федерация субьектілерінің бюджеттерінен және
муниципалдық бюджеттерден тұратын бюджет қоры;
2. бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
3. бюджеттен тыс орталықтандырылмаған мақсатты қорлар;
4. шаруашылық субьектілер мен салалардың қаржысы;
5. мүлікті және жеке басты сақтандыру;
6. мемлекеттік және банктік кредит;
Бюджет жүйесі мемлекеттің қаржылық қызметін тікелей жүзеге асыратын
қаржылық органдар мен кредиттік, яғни мемлекеттік органдар мен мекемелердің
жиынтығы деген пікірге көптеген авторлар қосылуда. Худяков А.И.
ұйымдастырылуы бойынша бюджет жүйесін мемлекеттің қаржылық мекемелері, яғни
қаржылық ведомствалар, салық органдары, мемлекеттік банктер, мемлекеттік
сақтандыру компаниялары құрайды деп түсіндіреді.
Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады. Қаржы
министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару органдары,
қазынашылық, қаржыларды басқаратын бірыңғай мемлекеттік басқару
органдарының жүйесі болып табылады. Ұлттық банк басқаратын кредиттік
мекемелер, қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын салық органдары мен кеден
мекемелері де қаржылық қызметті жүзеге асырады.
Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімдерді бөлуге
байланысты экономикалық қатынастардың едәуір аумағын қамтиды. Бюджеттік
қаржылардың ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық
категориясына жататыныдығын және оларды экономикалық құндылық категориясына
жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын
көрсетеді. Бюджеттік қаржыларды экономикалық категория қатарына бөліп, жеке-
дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп білуіміз қажет.
Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін
ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз. Ал
экономикалық қатынастар өндірістік қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық
қатынастар жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Сондықтан бюджеттік
қатынастар өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде базистік
қатынастарға жатады.
Қазақстандық экономист – ғалым Мельников В.Д. бюджеттік қатынастардың
қалыптасуын және туындауын былайша көрсетеді: қоғамдағы ұдайы өндіріс
процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді төрт сатыдан
тұрады: өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну.
Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе,
онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
1) бірлік принципі- Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан
Республикасының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде
бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай
рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету; 2) толықтық принципі – Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды
бюджеттерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет
қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты
бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу; 3)
реалистік принципі – бекітілген бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді
фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік –
экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген өлшемдері мен
бағыттарына сәйкес келуі; 4) тарнспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе
заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда,
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді,
мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде
жариялау бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;
5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған
шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы; 6) тиімділік және
нәтижелілік принципі – бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен
көзделген бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет
қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін
пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген
көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету; 7) басмыдық
принципі – бюджеттік процесті республиканың немсе аймақтың әлеуметтік –
экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру; 8)
жауапкершілік принципі – бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан
Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту; 9)
бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында
түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және Кодекске сәйкес
олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық
деңгейлерінің Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы,
жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді
заңда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жергілікті бюджеттер қаражатының
бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі,
тиісті өтемсіз төмен тұрғыдан бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол
берілмейтіндігі.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган –
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікті
әлеуметтік – экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу функциясын
жүзеге аысратын атқарушы орган;
Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау
жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процессі болып табылады. Бюджет бір қаржы
жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір
мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге бюджеттің болжамы жасалады. Республикалық
бюджеттің әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бюджетті жоспарлау принциптері: сабақтастық принципі — бюджетті
алдыңғы кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясат бағыттарын
сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетінің атқарылу нәтижелерін
ескере отырып жоспарлау; басымдылық принципі – бюджетті алдағы орта
мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік – экономикалық дамудың басым
бағыттарын сақтай отырып жоспарлау; негізділік принципі – бюджетті
нормативтік құқықтық актілер және бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді
немсе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде
жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі бюджетті жоспарлаудың
негізгі принциптері болып табылады.
Орта мерзімді фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық
– бюджет саясатын, соның ішінде: мемлекеттік, республикалық және жергілікті
бюджеттердің болжамдық көрсеткіштерін; бюджеттік бағдарламалардың өткен
кезеңнің ішінде іске асырылу тиімділігін бағалау нәтижелерін; бюджет
қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын; республиканың немесе аймақтың
әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асырудың
тәсілдерін; бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын; мемлекеттік және
мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты; ықтимал
фискалдық тәуекелдерді айқындайтын құжат болып табылады.
Орта мерзімді фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта
мерзімді әлеуметтік – экономикалық даму жоспары негізінде, өткен қаржы жылы
бекітілген орта мерзімді фискалдық саясат, мемлекеттік, салалық, аймақтық
бағдарламалар, өткен қаржы жылы ішінде бюджеттің атқарылуын талдау мен
бағалау ескеріле отырып, оның негізгі бағыттары жыл сайын түзетіліп үш
жылдық кезеңге әзірленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған
орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы
жылдың 1 маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға
жатады.
Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта
мерзімді фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1
шілдесіне дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.
Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейлі.
Заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес
игіліктерді тұтынудың немсе пайдаланудың заттай көрсеткіштері. Заттай
нормаларды қолдану бюджетті жоспарлау мен атқару кезінде міндетті болып
табылады.
Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді.
Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджеттің және республиканың,
әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштерін ескере отырып,
Республикалық бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды өзгерту немсе
олардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Бюджет түсімдерін болжауды республиканың немесе аймақтың орта мерзімді
әлеуметтік – экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге
арналған орта мерзімді фискалдық саясат бюджеттік жоспарлау жөніндегі
уәкілетті орган жүзеге асырады. Тауарлардың құны түріндегі бюджетке
түсімдерді көрсетуге гранттар алған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шартта көзделген жағдайларда жол
беріледі.
Бұл реттеу шығыстарда бюджеттік бағдарлама алынған тауарлардың құнына
тең көлемде көзделуге тиіс. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бюджеттік
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Бюджет
түсімдерінің алдағы қаржы жылына арналған болжамды көрсеткіштерін бюджет
комиссиясы қарап, мақұлдайды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орта мерзімді фискалдық
саясат негізінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму
бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін қалыптастырады. Бюджет
шығыстарының лимиттерін бюджет комиссиясы қарап, мақұлдайды. Бюджет
шығыстары лимиттерін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және бюджеттік
даму бағдарламаларына арналған шығыстар лимиттерін бюджеттік инвестициялық
жобаларды іріктеу үшін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға
жеткізуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бюджеттік өтінім бюджетті әзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламалардың
қажеттігін негіздеу және оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшін алдағы
қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері жыл сайын жасап, табыс ететін құжаттар жиынтығы болып табылады.
Бюджеттік өтінім: бірыңғай бюджет сыныптамасы;бюджет шығыстарының
лимиттері; өткен қаржы жылы бюджеттік комиссия мақұлдаған үш жылдық кезеңге
арналған бюджеттік өтінім; республиканың немесе аймақтың орта мерзімді
әлеуметтік – экономикалық даму жоспары және орта мерзімді фискалдық саясат;
басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесі негізінде жасалады. Кодексте
көзделген бюджетті нақтылау жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама
әкімшісі жыл сайын бір ғана бюджеттік өтінім жасайды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімі: бюджеттік
бағдарламалардың тізбесін және олар бойынша шығыстар сомасын; бюджеттік
бағдарлама түсіндірме жазбаны; бюджеттік өтінімге енгізілген бюджеттік
бағдарлама паспортының жобасын; кредиторлық берешектің жалпы сомасын оның
пайда болуының негізгі себептерін көрсетіп, жылдар бойынша міндетті түрде
бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
кредиторлық берешек туралы ақпаратты; дебиторлық берешектің жалпы сомасын
оның пайда болуының негізгі себептерін көрсетіп, жылдар бойынша міндетті
түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
дебиторлық берешек туралы ақпаратты; гранттар сомасын жұмсалу бағыттары
бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы
жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы
ақпаратты; бюджеттік өтінімге енгізілген бюджеттік бағдарлама бойынша
шығыстар есептерін; басқа да ақпаратты қамтиды.
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды сатудан түскен өздерінің иелігінде
қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының тиісті қаржы жылына арналған
болжамы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген
нысан бойынша жасалып, бюджеттік өтініммен бірге табыс етіледі.[2]
Бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленген нысанда өткен жылғы
есептілік деректерін, ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерді және
алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерді көрсете отырып,
алдағы үш жылдық кезеңге әкімші жоспарлайтын бюджеттік бағдарламаларды
айқындайды. Бюджеттік бағдарламағы түсіндірме жазба жоспарланып, отырған
бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасын айқындайды, оның мәнін,
республиканың немесе аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына қажеттігі
мен рөлін ашып көрсетеді, өткен жылғы бюджеттік өтінімнен ауытқу себептерін
көрсетеді.
Бюджеттік бағдарлама паспортының жобасы бюджеттік бағдарламаның
мақсаттарын, міндеттерін, нормативтік-құқықтық негіздемесін, күтілетін
нәтижелерін, іс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындау мерзімдерін,
ұлттық валютамен көрсетілген құнын, қаржыландыру көздерін айқындайтын құжат
болып табылады. Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың есебі бекітілген
заттай нормалар ескеріле отырып айқындалатын бюджеттік бағдарламалардың
сандық және құндық көрсеткіштерін ашып көрсетеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік
кредит беру арқылы іске асыруды ұсынған жағдайда, осы бюджеттік
бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінім мынадай құжаттарды, соның ішінде
инвестициялық жобаларды дайындау мен іріктеу кезінде қалыптастырылыған
құжаттарды:
1) бюджеттік кредит берудің мақсатына, принциптеріне, өлшемдеріне,
бағыттарына бюджеттік бағдарламаның сәйкестігі негіздемесін
қоса алғанда, бюджеттік бағдарламаны бюджеттік кредит беру
арқылы іске асырудың мақсатқа сай екендігінің негіздемесін;
2) бюджеттік кредит беру обьектілеріне және бағыттарына қажеттілік
негіздемесін;
3) бюджеттік кредиттер шарттарының негіздемесін;
4) бюджеттік кредит беру өтелімділігінің есебін;
5) жұмысқа тартылған жағдайда, сенім білдірген өкілдің көрсеткен
қызметіне ақы төлеу мөлшерінің негіздемесін қосымша қамтуға
тиіс.
10) Бюджеттік өтінімді жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Бюджеттік өтінімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган
қарап, оларға бағалау жүргізеді және солар бойынша тиісті қорытынды
дайындайды.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік өтінімді шығыстар лимиті
шегінде енгізуге міндетті.
Бюджеттік комиссия бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік жоспарлау
жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын қарап, олар бойынша шешім
қабылдайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау
жөніндегі уәкілетті органның арасындағы келіспеушіліктерді бюджеттік
комиссия қарайды.
Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті шешім
қабылдағаннан кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қосымша өтінімдерді
ұсынуға құқылы емес.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті Республикалық бюджеттік
комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде алдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны Республикалық
бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті
нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы
жылдың 1 тамызынан кешіктірмей аяқталады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы закң жобасының
мәтінінде: алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кірстерінің,
шығындарының операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің қаржы
активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының,
тапшылығын қаржыландырудың көлемдері.
Жалақының, зейнетақының айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшері.
Жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлар
көлемі; республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік
субвенциялар көлемі; Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві мөлшері;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша
міндеттемелерді орындау сомасы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік
кепілдіктер беру лимиті; үкіметтік борыш лимиті; басқа да ережелер болуы
тиіс. Тиісті қаржы арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасына:
кодексте белгіленген құрылым бойынша тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджеттің жобасы қоса тіркеледі. Бұл реттеу түсімдер –
санаттар, сыныптар және ішкі сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар
функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілер және бюджеттік
бағдарламалар бойынша баяндалады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру” бөлімі
жалпы сомамен ұсынылады; республикалық бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан
түсетін түсімдер көлемі; республикалық меншікте тұрған және кен өндіруші
және өңдеуші салаларға жататын мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер
көлемі. Жергілікті бюджеттердің әлеуметтік маңызды бағдарламаларға арналңан
шығыстарының ең төменгі көлемдері. Республикалық бюджеттің бюджеттік даму
бағдарламаларының бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға
бөлінген тізбесі; республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару
процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік
бағдарламалар тізбесі, басқа да деректер қоса тіркеледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін
тапшылығының мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде және процентпен
көрсетіледі. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңның жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган
ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының
Үкіметіне қарауға табыс етеді.
Орталық мемлекеттік органдар жаңа қаржы жылы басталғанға дейін алдағы
үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердің
болжамды көрсеткіштерін ескере отырып, орындалуы бюджет қаражатының қосымша
жұмсалуына әкеп соғатын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге талдау
жүргізеді және олардың күшін жою, тоқтата тұру немесе оларға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы ұсныстар әзірлейді.[3]
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы
қабылданған шешімдері бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті
нұсқасын жасап, оны облычстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау айқындау
жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен
кешіктірілмей аяқталады. Шешім жобасының мәтінінде: алдағы қаржы жылына
арналған бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза
бюджеттік кредит беруінің қаржы активтерімен жүргізілетін, операциялар
бойынша сальдосының, тапшылығының, тапшылығын қаржыландырудың көлемдері.
Облыстық бюджеттен аудандар бюджеттеріне берілетін бюджет субвенцияларының
көлемдері және аудандар бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджетке алып
қоюлар көлемдері. Жергілікті атқарушы органның резерві мөлшері. Облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының
тиісті қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша борыш лимиті. Басқа да
ережелер болуға тиіс. Облыстық республикалық маңызы бар қаланың, астананың
бюджеті туралы шешімінің жобасына: Кодексте белгіленген құрылым бойынша
тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджетінің жобасы қоса тіркеледі. Бұл ретте түсімдер санаттар,
сыныптар және ішкі сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық
топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар
бойынша баяндалады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру” бөлімі жалпы сомамен
ұсынылады. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджетінің бюджеиттік даму бағдарламаларының бюджеттік инвестициялық
жобалар мен бағдарламаларға бөлінген тізбесі. Тиісті қаржы жылына арналған
жергілікті бюджеттерді атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, соның
ішінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі. Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелерін сатудан республикалық маңызы бар қала, астана
бюджетіне түсетін түсімдер көлемі. Қаладағы әрбір ауданның бюджеттік
бағдарламалары. Басқа да деректер қоса тіркеледі. Тиісті қаржы жылына
арналған облыстық бюджеттердің республикалық маңызы бар қалалар астана
бюджеттерінің бекітілетін тапшылығының мөлшеріақшалай түрде көрсетіледі.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар
қала, астана бюджетінің жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті
уәкілетті орган ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына
қарауға табыс етеді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның
бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдер негізінде алдағы қаржы жылына
арналған ауданның бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны ауданның
бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. Алдағы қаржы жылына арналған
ауданның бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау
жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей
аяқталады. Шешім жобасының мәтінінде: алдағы қаржы жылына арналған бюджет
кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит
беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялары бойынша сальдосының,
тапшылығының, тапшылығын қаржыландырудың көлемдері. Жергілікті атқарушы
органның резерві мөлшері. Ауданның бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік
алып қоюлары көлемі. Басқа да ережелер болуға тиіс. Ауданның бюджеті туралы
шешімінің жобасына: кодексте белгіленген құрылым бойынша тиісті қаржы
жылына арналған аудан бюджетінің қоса тіркеледі. Бұл ретте түсімдер
санаттар, сыныптар және ішкі сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар
функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік
бағдарламалар бойынша баяндалады. “Бюджет тапшылығын қаржыландыру” бөлімі
жалпы сомамен ұсынылады. Аудан бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының
бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлінген тізбесі,
тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде
секвестрлеуге жатпайтын, соның ішінде тиісті қаржы жылына арналған облыстық
бюджеттің бекітілген туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген
бюджеттік бағдарламалар тізбесі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
учаскелерін сатудан аудан бюджетіне түсетін түсімдер көлемі. Әрбір қаладағы
аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік
бағдарламалары. Басқа да деректер қоса тіркеледі. Тиісті қаржы жылына
арналған аудан бюджетінің бекітілген тапшылығының мөлшері ақшалай түрде
көрсетіледі. Алдағы қаржы жылына арналған аудан бюджетінің жобасын
бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аығмдағы жылдың 15
қазанынан кешіктірмей ауданның жергілікті атқарушы органына қарауға табыс
етеді
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын
Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың
1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынадай
құжаттарды және материалдарды: 1) әлеуметтік – экономикалық дамудың орта
мерзімді жоспарын. 2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді
фискалдық саясатты. 3) республикалық бюджеттік бағдарламалар
паспорттарының жобаларын, 4) республикалық бюджеттің түсімдері бойынша
негіздемелер мен болжамдық есептерді. 5) соңғы есептілік күнгі жағдай
бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жайы туралы
деректерді. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында
негізге алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы
Парламенті Палатарларының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және
ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына
дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды
қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы
жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы
жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының
Парламенті бекіткенге дейін қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы
жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына кешіктірлмей алдағы қаржы жылына
арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде
бекітіледі.
Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы кодексте белгіленген тәртіппен
жүзеге асырылады.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық
жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған респуболикалық бюджет
сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте аталған
қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітілді.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң
қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының
бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы
қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджетінің жобасын облстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жыл
алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Алдағы қаржы жылына арналған аудан бюджетінің жобасын ауданның
жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1
қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергілікті
бюджеттіңжобасымен бір мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;
2) үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;
3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
4) жергілікті бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер мен болжамдық
есептерді, алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасында
негізге алынңан шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс
етеді.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін
екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітіледі.
Ауданның алдағы қаржы жылына арналған бюджеті тиісті қаржы жылына
арналған облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол
қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей бекітіледі.
Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы
жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына
арналған жергілікті бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде
бекітіледі.
Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы Кодексте белгіленген тәртіппен
жүзеге асырылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған
жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған
жергілкті бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті
атқрушы органдары аудандық мәслихаттар аудандардың бюджеттерін бекіту
туралы шешім қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде бюджеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджет атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін,
сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар мен
бағдарламалардың тізбесін табыс етеді.[4]
Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы
қабылдаған шешімдері қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың
алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары
туралы шешімдері қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Өкілді органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай принциптерді:
негізділік принципін; бюджеттің теңдестірімділігін сақтау принципін
ұстанады.
Негізіділік принципі депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе
толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары, негізделіп жасалған
есептерді оларға қоса тіркей отырып, осы түзетулерді енгізудің қажеттігіні,
олардың әлеуметтік – экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігін жазбаша
баяндаумен қатар жүруге тиіс екендігін білдіреді.
Бюджеттің теңдестірімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына
кез келген өзгеріс пен толықтырулар енгізген кезде бюджет тапшылығының
мөлшерін бюджет жобасында белгіленген деңгейден асырмай сақтау үшін қосымша
түсімдердің нақты көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс
екендігін білдіреді.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жалпы
отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген
адамның Қазақстан Республикасының орта мерзімді әлеуметтік – экономикалық
даму жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша
баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары
уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса
баяндамаларын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары жалпы отырыстарда
алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы
бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының
сөздерін тыңдауға құқылы.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында
кемінде екі оқылымда қаралады.
Талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының орта мерзімді
жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Төрағасының ақша кредит саясаты жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң
жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
Бірінші оқылымда республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының,
операциялық сальдосының, таза кредит беруінің қаржы активтерімен
жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының тапшылығының, тапшылығын
қаржыландырудың жалпы көлемдері бекітіледі.
Келесі оқылымдарда тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы
заңның жобасы баптары бойынша бекітіледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту Қазақстан
Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау
арқылы жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджет жобасы тиіситі мәслихаттың тұрақты комиссияларында
қаралады. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің
арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарын жергілікті атқарушы
органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті
негіздемелерін және есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды тиісті
мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді.
Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың
жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясында шығарады. Бұл ретте
жинақтамаға тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар ғана
енгізіледі.
Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау
тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімнің немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген адамның тиісті, әкімшілік – аумақтық бірліктің орта
мерзімді әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді
фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің
жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген
адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса
баяндамаларын қамтиды.
Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет
бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін
тыңдауға құқылы.
Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту мәслихаттың
шешімін қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

І.2. Бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу.

Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын
қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру жөніндегі іс-
шаралар кенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. Бюджеттің
атқарылы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында
аяқталады.
Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық
негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық
бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар
жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті орган заңда сәйкес жергілікті бюджеттердің
атқарылуына қызмет көрстеуді жүзеге асырады.
Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципі – бюджеттік
бағдарламалардың паспортымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық – құқықтық
мәмілелерімен, нормативтік құқықтық актілермен айқындалып, бюджеттік
бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс – шараларға бюджет
қаражатын пайдалану.
Уақытылық принципі – бюджет түсімдерін есепке алу және бюджет қаражатын
белгіленген мерзімдерде пайдалану. Бюджеттің бірқалыпты атқарылу принципі –
қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу
мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу. Кассаның
бірыңғайлық принципі – түсімдердің барлығын бірыңғай қазынашылық шотқа
есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңғай қазынашылық шоттан
ұлттық валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі
бюджеттері кассаның бірыңғайлығы принципі негізінде атқарылады.
Бірыңғай қазынашылық шот – аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге
асыру және олардың есебн жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау
шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа
да шоттарды қамтиды. Қолма – қол ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті
деңгейінен түскен түсімдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды
есепке алуға арналған.
Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстар мен Қазақстан
Республикасының заң актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке
алуға арналған. Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік
операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде
шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады. Кодексте көзделген
жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол
берілмейді.
Мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелер республикалық
немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен және Кодексте көзделген
жағдайларда өзге де қаражат есебінен қаржыландырылады.
Ішкі істер органдарын қоспағанда, жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен
қаржыландыруға жол берілмейді. Ішкі істер органдарын қоспағанда,
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді
жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.
Мемлекеттік мекемені екі және одан да көп жергілікті бюджеттен
қаржыландыруға жол бермейді.
Бір мемлекеттік мекемені басқа мемлекеттік мекемені қаржыландырудың
жеке жоспары есебінен қаржыландыруға жол бермейді.
Мемлекеттік органдар тек қана республикалық немесе тиісті жергілікті
бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады. Кодекстің мемлекеттік
мекемлерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Баніне және
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.
Бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына
ұлттық валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін ашылған шот. Бюджеттік
инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен
берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушыларға
қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық
жобаны іске асыру кезеңінде бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы
органға ашылатын шот. Шетел валютасымен операциялар жүргізуге арналған
шетел валютасындағы шот. Нысаналы қаржыландыру шоты – ерекше шығыстар
жсауға ақшаны есепке алу және жұмсау үшін республикалық бюджеттің есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекемеге ашылатын шот.
Мемлекеттік мекемелердің шоттары бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органда ғана ашылады. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық
шарттарда көзделген жағдайларда қазақстан Республикасының банк заңдарында
белгіленген тәртіппен шоттар екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.
Бюджет қаражатының қалдықтары – есептілік кезеңнің аяғындағы жағдай
бойынша падаланылмай қалған бюджет қаражаттары. Уақытша бос бюджет ақшасы –
белгілі … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz