Әлемнің жұмыс істеуге қолайлы елдерінің рейтингі жарияланды
Әлемнің жұмыс істеуге қолайлы елдерінің рейтингі жарияланды
Жыл сайынғы Expat Explorer агенттігі сауалнамасының деректері бойынша өз Отанынан басқа жерде жұмыс істеуге ең қолайлы ел Сингапур деп танылды, деп хабарлайды Bloomberg.
Атап өтетін жайт, рейтингті құрастыру барысында елдердің тек табыс деңгейі ғана емес, сонымен бірге өмір сүру сапасы да ескерілген. Осындай көрсеткіштер тұрғысынан қала-мемлекет осымен төртінші жыл қатарынан көш басында келеді. Үздік үштікке сонымен қатар Жаңа Зеландия және Германия енген. Канада және Бахрейн ТОП-5 қатарынан табылды.
Сонымен қатар, Агентттік өзге елде еңбек етушілер үшін ең жоғары жалақы төленетін елдердің тізімін жариялады. Тізім бойынша бірінші орында Швейцария (жылына 202 мың доллар) тұр, одан кейінгі орындарға АҚШ (185,1 мың доллар), Гонконг (178,7 мың доллар) және Қытай (172,7 мың доллар) жайғасқан.
Сауалнамаға қатысушылардың 45%-ы өз Отанындағы еңбек ақысымен салыстырғанда басқа елдерде неғұрлым жоғары жалақыға қол жеткізгендерін атап көрсеткен. Орташа есеппен алғанда, өзге елдерде жұмыс істейтіндер жылдық табысына қосымша 21 мың доллар пайда таба бастаған.
Дереккөзі: РИА Новости