Елбасының Жолдауы – еліміздің кемел келешегі
Тәуелсіздікке ие болған уақыт ішінде ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмылдырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем тәлім аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сыртқы саяси бағытын дәл нұсқап, қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты.
Биылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында қоғамның барлық саласын қамтыды: білім беру мекемелері жанынан «Сарбаз» әскери-патриоттық тәрбие беретін орталықтар, курстар ашу жөніндегі тапсырмалар берілді. Бұл өз кезегінде өскелең ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, елі мен жерінің шын қорғаны болу жолындағы талпынысты айқындайды. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма алты жыл уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуы Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауларының жемісі.
Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы болып табылады. «Мәңгілік ел» идеясы – қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиарлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі метал өндіру мен өңдеу технологиясы, аң стилі өнері, бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркендеуіне септігін тигізген – Ұлы Жібек жолы жүйесі, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар қазақстандықтар үшін де аса қымбат құндылықтар, ұмытылмас тарих болып табылады.
Түркі әлемі ежелден Қазақстанды – күллі түркі халықтарының қасиетті қарашаңырағы ретінде мойындайды. Ал киелі Түркістан қаласы халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орынның тек біздің елімізде орналасқаны әрбір қазақтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығайуына септігін тигізетініне толық сенімдімін.
Елбасына үлкен үмітпен, салиқалы сеніммен қарай отырып парасатты шешімдеріне алғысымызды айтамыз. Елбасы жолдауы ертеңгі күнге деген сенімімізді нығайта түседі, «Ұлы даланың жеті қыры» секілді мақалалары жастардың түп-тамырымызды жете танудың жолы, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін естен шығармай, біліп жүру мақсатында жарияланған. Отанымыздың кемел келешегіне деген жауапкершілікті Елбасымен бөлісе отырып, алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімізді аямаймыз.
Ғазиз ТУЛЕУШЕВ,
Қорғаныс министрлігі
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы
Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы,
полковник
Дереккөз: http://egemen.kz/