Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы | Скачать Реферат

0


Жоспар

I. Кіріспе

II. НеГізгі бӨлім

1). Ертедегі Вавилон мемлекетінің құрылымының алғы шарттары.
2). Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы
3). Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы.
4). Құқықтың негізгі нышандары.
5). Жеке меншік кұкығы.
6). Меншік құқығы.
7). Неке және мұрагерлік құқық.
8). Қылмыс пен жяза.
9). Сотта іс жүргізу.

III. Қорытынды

IV. Қолданған Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Б.э.д. 18 ғасырда Қосөзен шаруашылық және саяси жағынан едәуір көтерілді. Үй жануарлары арасында жылқы пайда болып, жаңартылған соқа шықты,үлкен егісті жерді өсіру үшін қызмет ететін су қөтеру механизмі қеңінен тарады және ирригационды байланыс құрылысының техникасы жаңартылды. Қол өнер едәуір дамып қеледі, әсіресе қара металлургиясы: қола шалғылары қолданыла бастады, ал қолөнершілердің қола құралдары ағаштар мен тастарды өңдеуді жеңілдетті. Вавилонның өзінін ішінде, сондай-ақ Эламон, Сирия, Ассирия және басқа да көрші мемлекеттерде тауар өндірісі және сауда байланысы үлкеюде.
Тауар өндірісінің дамуы жерге деген жеке меншікті нығайтуға әкелді және құлдарды иеленудің дамуына септігін тигізді. Бірақ та жеке меншік әлде де шектулі болды. (мыс. өсиет бостандығы дамыды), ал құл иелену патриархалды мінезде болды. (мысалы құл — өзінің жеке мүлік иеленуге және басы бос әйелге үйленуге мүмкіндігі болды).
Қос өзеннің ертедегі тарихи қезеңіне сай қелетін патшалардың, храмдардың және әулеттік кәсіптің ірі шаруашылықтары жоғалып қетті немесе едәуір көп бөлігі қысқартылды. Шаруашылықтың нысанына тән құлдардың азғана санын эксплуатациялауға негізделген ұсақ және орта шаруашылыққа айналуда. Бас бостандығы тәуелділіктің патриархалды нысаны жоғалуда, егер қанаушылық құлдықты санамағанда, және де гурушейлердің үлкен отряды жоғалуда.
Қоғамға араласушылардың ортасында елдің таралуы иррационалды құрылысқа деген өздерінің негізінен құқықтарын сақтайтын көрші қоғамдастардың тығыз қарым-қатынасын үзеді, бірақ патриархалды жанұя қоғамдастығы әлде де шаруашылықтың негізгі бөлігі болып қалуда. Мүліктік дифференциация, көптеген тұрғындарды мүлікті иеленуге мүмкіндігі жақтарды қоғамдастықтан болып шығаруға әқелді, мысалы кей біреулер жауынгер болды немесе жалға алушы ретінде патшалық шаруашылықта өз орындарын таба алды, ал бірқатар минималды өмір сүруін қамтамасыз ете алмай қанаушы құлга айналып қетті.
Бай тамқорлардың қанаушылығы бірнеше рет Хамурапи шектеуге ұмтылды: мысалы қанаушы құлдың 3 жылдық мерзімен шектелді, ал алып сатарға қарыз болған адамның үйіне рұқсатсыз кіруге және күштеп қарызды алуға құқығы жоқ болды, томқор болса, өзінің көмекшісінің алдағаны үшін үлкен айып алды және т.б. Бұл айтылғган жиналыс еркін кластардың бірлігін нығайту мақсатында және құлдарға қарсы әр түрлі еркін тұрғындардың (елді) тығыз байланысын орнату еді. Бірақ мұндай жиналыстар нәтижесі болмады: Ерте Вавилон дәуірінің тарихынан бізге мәлім, тамқорлар Хамурапи заңдарын бұзғандығы туралы. Ерте Вавилондық қоғамында тек құлдармен еркін кластар арасындағы қайшылық қана тән емес, сонымен қатар еркін класс ішіндегі әр түрлі топтар арасындағы даулар да болды. Ерте Вавилон мемлекеті бірінші мемлекет болып табылған, оны зерттегенде бұл мемлекетте заңдардың қолданылғаны туралы айқын дәлелдер табылған.
II. НеГізгі бӨлім

1). Ертедегі Вавилон мемлекетінің құрылымының алғы шарттары.

Вавилоннын шығуы және көтерілуі Месопотамияда бірнеше саяси көзқарастар болды, яғни алдыңғы ІІ мыңжылдықта Вавилон ертедегі цивилизациянің ірі орталығы болатындығы туралы.
Аморей-малшылардың соққысынан ІІІ-ші Ура династиясымен құрылған орталықтанған Шумер және Акод патшалық мемлекет құлады. Бұзылған оңтүстік Месопотамияді бұл оңай олжаны Эламиттерде пайдалана алмады. Қосөзен территориясында қайтадан көптеген ұсақ және орта патшалықтар пайда болды. Аморей тайпаларының Шумер және Аккад патшалары деп санады. Егер Вавилон патшалығының құрылуы туралы көрсетілген жайлардан басқа да бірнеше мемлекет болды, олардың арасында Ефраттің орта ағысында орналасқан Мари патшалығы мен Исиннің солтүстік — шығысында орналасқан Эшнунна патшалығы. Қосөзеннің барлық мемлекеттерінде аморей династиясы тұрақтанған, олардың негіздеушілері болып жаулап алушы тайраоардың басшылары болды. Уақыт өте қоныс аударушылар жергілікті жерге сіңіп кетті. Бұған дейін бірнеше міндеттемелер тудырды. Мысалы: Исин патшасының заңында Шумер мен Аккадтың жергілікті тұрғындарымен салыстырғанда жаулапалушылар үшін құқықтық артықшылықары болмады. Сондықтан бұл жағдай аморейлердің көтерілуіне әкеліп соқты, бірақ аморейлерді Липитиштара ұрпағы Урнинурталар басын тастады, сөйтіп олар Шумер және Акодтың құл иелінуші әуелетін уақытша күшейте түсті.

2). Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы

ІІІ-ші Ура династиясының құлдырауынан қейін Қосөзеннің оңтүстігінде аморейлер тұрақтанды. Бұл жерде екі аморейлік мемлекет құрылды, яғни Исин және Ларс орталықтары. Исиннің патшалық администрациясының қызметін көрсететін мүсіні Исин Лапиташтра патшасының шумер тілінде құрылған занын білдіреді. Солтустікке қарай Мари және Эшнуына патшалығы орналасты. Бұл барлық мемлекеттер Онтүстік және Орталық Қосөзенде оздерінің үстемдігін көрсету үшін өз араларында күрес тартыстар болды. Бірақ, бұлардың ешқайсысы өздерінің мақсаттарына жете алмады – ойткені Қосөзеннің едәуір бөлігінін бірігуі қезеңінде б.э.д ХІХ ғасырдың басында негізделген Вавилонды аомрей патшалығының пратшалары билік жүргізді. Вавилон патшалары Тигр мен Ефратқа жақын орналасқан, географиялық жағдайы тиімді қалаларды пайдаланды, яғни алдыңғы Азиямен қиылысатын негізгі сауда жолдары, сонымен қатар саяси жағдай вавилон патшаларына тиімді болды: Өйткені Мари және Эшнура күшійген Ашшурмен қуресте әлсіреді, ал Аарса Эламиттердін қысымына шыдауға мәжбур болды. Қос өзен тарихында ерте Вавилон патшалығының (1894-1595 б.э.д.) өмыі сүруы елеулі дәуірді құрайды. 300 жыл аралығында онтустік бөлігі өздерінің шаруашысын даму мен саяси әсер ету жағынан биік шындарға жетті. Ол Қосөзенің барлық алдыңғы мәдени натижелерді өзіне сіңірді. Вавилон, бірінші аморейлік патшалық тұсындағы елеусіз қалашық, Вавилондық династия қезінде ол эллистік дауірге дейін өзінін басқару мәнін жоғалтпаған ірі сауда, саяси және мәдени орталыққа айналды.
Жүз жылдық қурес натижесінде вавилон билігі тусында Қосөзеннын бірігуі Хамурапи патшалыгының (1792-1750ж. б.э.д.) кезінде аяқталды. Вавилонның бірінші патшаларының басты мәселесі болып Акклдтың ірі орталықтарын жаулап алған басқада ұсақ аморейлік княздармен қуресу еді.
Б.э.д. ХVІІІ ғ. ортасында бірігу Хамурапи патшаның тусында аяқталды. Ең алдымен Уруқ және Исин қалалары Вавилонға қосылып, шумер жаулап алынды. Бірақ Шумердің оңтүстіқ эламитендерді басқарған Рамсин билігінде болды. Хамурапидің одақтастығы Мари Зимрилим патшасы болганымен солтустікте Вавилон билігі мықты болмады. Саяси жағдай Хамурапи үшін тиімді болмады. Ол 30 жылы Эшпунды жеңіп солтүстік шекараны қатайта түсті және қелесі жылы Хамурапи Рамсинді бағындырып, барлық оңтүстікті біріктірді. Зимрилим Вавилонның күшейуынен ескеріп Хаммурапиге қүресте көмектеспейді. Сонда Хаммурапи Мари қаласын бұзып Зимрилимге қарсы шықты.
Мариді жаулап алғаннан соң Хамурапи солтүстікке қарай беттеп Ашшур патшалығын бағындырды.
Ежелгі Вавилон патшалығының ішкі тұрақтылығы мен бірлігіне жана жағдайлар арқасында жетті.
Жергілікті Шумер және Аккад әулеті Ура патшалығы тұсында әлсіреген болатын, аморей және аламит жаулап алушылармен жойылды. Содан кейінгі Вавилон патшалары тек қана аморей тайпалары мен шумер – акодтың қалалық және ауылдық қоғамдастың торы ісіне қірісті.
Сөйтіп, Аккод оңтүстік Шумерге қарағанда аз зиян шекті. Өйткені Аккод аморейлерге бөтен болмады, яғни Аккод тұрғындарының тілдері түсінікті, құдайлары бір, және салт дәстүрлері аморейлерге ұқсас болды. Ал Шумер экономикалық қатынаста Аккод тәуелді болды. Вавилонның саяси мәнінің күшейуі оның гүлденуіне себеп болды, өйткені қала географиялық және табиғи жағдайы жағынан жақсы орналасқан.
Сондай-ақ вавилон патшалары Ура, Исин және Ларса патшаларынын административті және саяси біліктілігіне сүйенді. Оны хамурапидің заңдарында бірнеше баптарында Липиташтара заңдарын көруге болады, және сату–сатып алу құжаттарда Шумерлік терминдер мен формулалар қолданылады. Сонымен қатар Хамурапи заңдарымен бірге бірнеше жаңа институттардын туындауына әкелді.
Бұл уақытта деспоттың мемлекетті қолдау үшін жаңа идеология құрылады. Барлық мемлекет үшін Мардұқ атты патша құдайы құрылды. Мардұқ Вавилон қаласынын қудайы болды. Сонымен, мардуқ атты жергілікті вавилон құдайы жоғарғы құдайға айналды.

3). Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы.

Хаммурапи заманында Ванилонда ертедегі шығысқа топ қаталдық қалыптасты. Ел басқару ісі қатаң тәртіпте бір орталыққа бағынды және бүкіл жоғарғы билік заң шығарушы, орындаушы, сот және діни биліктің барлығы патшаның қолында жинақталды. Хаммуранидің өзінің шенеуніктерімен жазысқан қатынас қағаздарына карағанда, басқару ісінің әртүрлі тарауларына, атап айтқанда, қолдан суландыру ісін ұйымдастыруға патшаның өзі басшылық еткен. Атына жазылғаи әртүрлі даулы істер мен шағым арыздарды патшаның өзі қарады. Бұл істер жөнінде патшаның өзі қарар шығарып, шенеуніктеріне тиісті жарлықтар беретін. Тіпті ерекше жарлықтар арқылы күнтізбеге қажетті түзетулер енгізді.
Ел билеу ісінде патша күрделі және бір орталыққа бағынған төрешілдік аппаратқа сүйенді. Бір шенеуніктер орталық басқарманы, екінші біреулері патшаның наместниктері ретінде, мысалы, Сиппар сияқты қалаларды меңгерді. Шакканум дейтін жоғары атағы бар шенеуніктер, ал кішігірім қалалар мен облыстарды рабианумдар басқарды.
Халық әртүрлі салықтар: егістіктен не мал төлеуінен, құрма бақтарынан, күнжүт егістігінен және балықшы қауымдардан алынатын салықтарды төлеуге міндетті болды. Осы салықтармен қатар күмістей алынатын ерекше алымдар және заттай алынатын арнаулы патша алымдары төленді. Осы кірістердің барлығы патша қазынасына түсіп, сарай мүлкін құрады, бұл мүлік шіркеу мүлкімен бірге ерекше заңның қорғауында болды.
Сот билігі айрықша шенеуніктердің қолына жататын. Сот істері шакканумға, рабианумға, аймақтық судьяларға және қаланың ақсақал және дәулетті адамдарынан шыққан айрықша соттарға жүктелді.
Дін судьялары бірте-бірте өзінің маңызын жоғалтып, тек храмдағы құдайлардың бейнелері алдында ант берген сөздерін қабылдаумен гана қанағаттанатын болды. Бірте-бірте сот істерін жүргізуден заңның алғашқы нормалары шыға бастады, бұл нормалар бойынша судьялардың міндетіне ант берген куәлардың көрсетулерін тек жай ғана қабылдап қою емес, істі «оз көзімен көріп, зерттеп, тексеру» жүктелді. Заңның арнаулы баптары өтірік куә болған адамды айыпты етіп, жазалайды, ақырында, сот үкімін өзгерткендігі үшін судьяны жазалап, оған талап етілген соманың мөлшерін 12 есе артық етіп айып салады және бұдан былай сот міндсттерін орындауға рұқсат етпейді.

4). Құқықтың негізгі нышандары.

Саяси құқықтық ойлардың Ежелгі Шығыс (Египет, Үндістан, Қытай, Парсы т. б. ) пен Ежелгі Батыста (Рим, Грския) пайда болып, қалыптасуы ерте қоғамдық даму сатысында, мемлекет пен қоғамның топқа бөліну кезінде-ақ байқалған.
Таң қалдырарлық жәй, саяси құқықтық ойлар шығыс халқында ежелгі египеттіктерде, үндістерде, қытайлықтарда, вавилондықтарда, парсыларда батысқа қарағанда неліктен ерте пайда болды? Қазіргі заманда да озінің көкейкестілік бағытымен қалайша елеулі күшке ие болып отыр? Бұл арада шығыстың халқына да, батыстың халқына да топ нәрсе қоршаған ортаның, табиғат құбылыстарының құпия сырларына жауап бере алмағандығын естен шығармаған жөн. Бүкіл ой айтқаны заң ретінде құдайға келіп тірелді.
Ерте даму сатысында, әрі саяси құқықтық көзқарастың ғылым мен білімге бой ұра қоймаған кезінде сана бүкіл өлемге мифологиялық тұрғыда қалыптасты. Сонымсн бірге ежелгі Шығыстың қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктеріне байланысты құқык, саласында да олардың өзіндік ерекшеліктері болды. Айталық: алғашқы қауымдық құрылыстың ұзақ сақталғаны жеке меншік құқығының әлсіз дамуынан көрінді. Патриархтық отбасының сақталуы, қылмысқа бүкіл ұжым болып (отбасы немесе қауым болып) жауап берді, яғни, ботен бірсудің кіиәсіне жазықсыз екінші біреу күйіп кететін болды. Талион принципі сақталды.
Заңдар жинағы жеке нақты оқиғаларға (казусальді) арналып жазылған. Онда жалпы құқық көрсетілмеді. Нормалардың бәрі де жекелеген оқиғаларға арналды. Бұл жерде, әрине, оларға түсінік беріп, жорудың өзі артық. Бұл құқық, Заңдар жинағы консервативті және формальды сипат алды, құқық нормалары ескі көзқараста және өте жай өзгеріп отырды.
Мифологиялық тұрғыда болса да, Ежелгі Шығыс құқықтың алғаш шыққан жері, құқықтық қатынастар мен құқықтық түсініктер алғаш осы Шығыста қалыптасты.
Таптардың пайда болуына және олардың коғамдағы билікті қолға алуына орай талион принципі бұрмаланды, оның орнына ақшалай айыппұл енді. Бұл шығыста ашылған жаңалық. Айталық, күлиеленуші мемлекет пен құқығына жасалған талдау көрсеткендей, Шығыстың негізгі кодификациялық заңдары — Хаммурапи Заңдары. Үндістанның Maнy заңдарының ертеде пайда болғандығынан, яғни, ол заңдардың мифологиялық түсінік күшін жоймай, ғылыми түсінік орныға қоймаған кезде жазылғандығынан болар.
Тағы бір айта кететін жой — Шығыс құқығы діни сипатта қалыптасқапымен, онда тантық сипат та басым. Ойткені ол заң ерекше қаталдық үстем кезде жазылған еді. Ал оның заңға тигізген зияны көп болды. Себебі Шығыс елдеріне тән қаталдық заңның әділет туын жоғары ұстап, халық мүддесін көздеп жазылуына кері әсерін тигізді. Ал Шығыста қатал тәртіптің ұзақ сақталуының себебінен елдегі саяси құқықтық ұлы ойшылдар үнемі қатаң жазаланып, өлім жазасына кесіліп отырды.
Ал Батыс халықтарының құқықтары Шығыс елдеріне қарағанда прогрессивті еді. Онда адамның жеке меншігіне қол сұғылмауына ерекше назар аударылып, азаматтың жеке басының құқығын қорғауа бағытталды. Бірақ Шығыс елдерінің заңында таптық ерекшелік, реакциялық бағыт басым, ал Батыс елдер заңдарында азаматтық өміршең сипат тән деп қате қорытынды жасауға болмайды. Өйткені мемлекет пен саяси құқықтық ойлар бірінде өте ертеде пайда болса, екіншісінде одан көп кеш қалыптасты.
Ежелгі Вавилон құқығының маңызды ескерткіштерінің бірі болып Хаммурапи патшаның заңдар жинағы деп есептеледі. Бұл ескерткішті 1901 жылы француз ғалымы де-Морган Сузыдан тапқан. Бағананың жоғары белігінде тақта патшалық құрып отырған күн құдайы Шамаштың алдында салтанатты кейіпте тізе бүккен Хаммурапи патшаға осы заңдар жинағын тапсырып тұрғаны кескінделген. Бұл сурет патша заңдары жинағының құдайдан шыққанын көрсетеді деген ойды білдіреді. Кіріспе мен қорытындыда патша заңдары жоғарыдан жіберілген әділ де өзгермейтін заңдар деп көрсетуге тырысады.
Заң жинағы 282 баптан тұрады. Қала алаңының қақ ортасындағы заңдар бағанасы, осында өтетін әділ сотқа қызмет етуді және заңды білмейміз деп ешкімнің сылтау айта алмайтынын ескертіп тұрғандай. Заң жинағының авторы баптарды олардың мағынасына қарай топтауға тырысқан. Мысалы, 1, 2 баптар іс жүргізу сипаттарының жағдайларын қамтыса, 6-126 баптар мүліктік қатынастарды реттеуге арналған, 127-195 баптар отбасы және мұрагерлік құқықтарына қатысты, 196-214 баптар жеке адамды қорғауды көздейді. Бірақ бұлайша бөлуді автордың өзі мақсат тұтпаған, мұны біз тек шартты түрде ғана бөлеміз.
Хаммурапи заңдарының Вавилон заңдарына әсері күшті, ол ертедегі Шумер заңдарының одан әрі жетіле дамуы және жинақталып, тәртіпке салынуы болып табылады.
Әрине, заңдар қоғам өмірінің барлық жақтарын бірдей реттей алмаған. Мысалы, мұнда мемлекеттік және діни қылмыстар туралы ештеңе айтылмайды. Бұл қылмыстар үшін жазаның тұрақты болып қалғаны сонша, Хаммурапи ол туралы өз кодексінде айтуды артық санаған да болуы мүмкін.
Хаммурапи заңдары өз кезеңінен бізге жеткен көптеген құжаттармен қатар, Вавилон қоғамының шаруашылыққа белсенді түрде араласқанын көрсетеді. Жер мен құрылысты сату, бақша мен егістік жерді жалға беру, дала жұмыстарына адам жалдау осының барлығы заңды түрде реттелген.

5). Жеке меншік кұкығы.

Вавилон қоғамында жеке меншік мемлекет пен қауымдікі болып, жер қорын құрады. Жерді сату, жерге жеке меншік Хаммурапи патшаның кезіне дейін болған. Бұл тұжырымды растайтын біздің дәуірімізге дейінгі XXVI ғасырдағы кұжаттар. Ал Хаммурапи кезеңінен бастап бізге көптеген құжаттар келіп жетті, оларда Вавилонда жердің жеке адамдардың меншігіне салғанын растайтын тұстар бар. Мәселен, ұйді, даланы, бақты, құлды сату актілері табылған. Бұндай құжаттардың бірнешеуі Мәскеу, Санкт-Петербург мұражайларында сақтаулы тұр.
Мемлекет жерлері патшаға тиесілі деп есептеліп, сарайға қарайтын болған. Бұндай жерлердің бір бөлігін натуралды төлем ретінде патша ұсақ жер иеленушілерге берген.
26-бап мынаны растайды: «Егер редум немесе байрум патшаның жорығына бармаса немесе өзінің орнына басқа біреуді жіберсе, редум, байрум өлтірілуі тиіс». Оның үйі немесе жері тартылып алынатын. «Дала, бақ және редум үйі патшаның әскери қызметі үшін берілгендіктен, сатылуға жатпайдың (36-бап).
Әкери шенеуніктер мен әскери жасақтарға берілген жер олардың әскери қызметтері балаларына мұрагерлікке қалдырылған, қай жағдайда жерлермен қатар жаулап алынған жерлердің тұрғындарынан еңбек ететін адамдар берілетін.
Шенеунікке, әскери жауынгерге берілген бұндай жерлер, сонымен қатар үй және еңбек құралдары ерекше мүлік қатарына жатқызылатын. Жер, үй және тағы басқа мүліктер айналымнан алынып тасталатын. Оларды сатуға, сатын алуға, әйеліне немесе қызына мұрагерлікке қалдыруға, тұтқындағы жауапкерді сатып алу үшін пайдалануға болмайтын.
Егер шарт жасасып қойылса, кімде-кімнің даланы, бақты және үйді сатып алам деуіне болмайды.
Заң кісіні байқаусыз өлтіріп алуға байланысты кейбір жағдайларды ескерген. Бірақ бұл жазадан мүлде құтылды деген сөз емес. Сонымен қатар дәрігердің жауапкершілігі жайында да бап бар. Топтардың жағдайына байланысты жаза да өзгеріп отырған.
Жеке меншікке қарсы істелген кылмыс өте қатал жазаланатын болған.
6-бап. Сарай, храм мүліктерін ұрлағаны үшін өлім жазасы белгіленген, қой, мал, шошқа тағы басқа жануарларды ұрлағаны үшін 30 есе көлемінде айып төленуі тиіс болған.
8-бап. Төлеуге шамасы келмеген жағдайда ол өлім жазасына кесілетін. Ұрлық кезінде ұсталса, отқа лақтыруға құқық берілді.
Жеке меншік аса қырағылықпен сақталды. Бұл үстем тап мүддесіне сай құлдарға жеке меншіктік басым болғандықтан туған болуы мүмкін.
15-бап. Сарай, храм құлдарын ұрлағаны үшін мушкенум өлім жазасына кесілетін. Сонымен қатар (18-бап) кашқан құлды жасырғаны үшін, үйінде ұстағаны үшін өлім жазасы белгіленген.
Отбасы мәселесіндегі қылмыстарға келгенде, жалпы айта кететін жас-жубайлардың бір-біріне адалдыкы ерекше ескерілген. Сот келісімінсіз қайта некелеспеу мәселесі де көтерілген. Мысалы, 129-бап бойынша, күйеуіне күнә жасаған әйел мен оған қатысушыны қоса байлан, суға лақтыру жазасы қарастырылған. Бұл жерде қылмыстық заң процесі араласын, отбасында әке билігін арттыра түседі.
195-бап. Әкесіне қол котергені үшін баласы қолынан айырылатын.
11 -Бап. Егер өз затын танып, бірақ оны дәлелдейтіп, растайтын куәгерлерді әкелмесе, онда заттың иесі — өтірікші, ол өлуі тиіс деп шешім шықаратын. Бұл жердс бәрін көзбен көріп, қолмен істейтін сот. Тек өз заты скенін дәлелдегенде ғана заң оны мойындайды.
12-бап. Егер саудагер өлін калған болса, сатып алушының сот шешімі бойынша саудагердің үй мүлігінен бес есе құнын қайырып алуға құқығы бар.
13-бап. Сонымен қатар Заң осы істердің барлыкы бір-екі сағатта, 1-2 күнде орындалуы мүмкін болмағандықтан, анық уақыт мерзімін белгілеген.
Сөйтіп озінің затына жекс меншіктік құқығын дәлелдесе ғана заң қолдайды.
Міндеттілік құкығы. Міндеттілік шарты. Хаммурапи дәуірі шарт құқығының дамығандығымен ерекшеленеді. Хаммурапи Заңы Вавилон қоғамында шаруашылық істерге жете мән берілгендігін байқатады.
Жер мен құрылыстың, егін даласы мен бақтың жалға алынуы, өгіздерді дала жұмысы үшін жалға алу заң баптары арқылы және натуралды айырбас болғанын көреміз.
Шарт кұру үшін ерекше салтанатты нысананың қажеті болмаған. Бірақ шарттың кей жағдайда жазбаша түрі міндетті еді.
Сауда-саттық, айырбас, болу т. б. актілерінде ант беру рәсімдері кездеседі. Онда адам шарттық айырбастың бұзылмайтынына ант берген.
Сонымен, шартты орындамаған жағдайда таза мүліктік жауапкершілік, кейде шығынды үш, тіипті алты есе көлемінде төлеуге міндеткерлік еңгізілген.
Қарызға алган шартының ауыр жауапкершілігінен қашып, қарыз алушылар қарызды басқа шарттармен біріктіруге тырысқан.
Хаммурапи Заңында шарттың мынадай түрлері бар:
Сауда-саттық және айырбас. Біздід кезеңге жеткен актілерге қарап, мына тұжырымға келеміз: сауда-саттық кезінде екі жақ ешқандай міндеттеме алмаған. Оны екі жақтың еркі шешкен. Тек символдық белгі ретінде затты беру оған таяк, коюмен белгіленіп отырған.
Сауда-саттықтың объектісіне қозғалатын заттар мен (мал, т. б.) құлдар, дала, бақ, үйлер жататын. Кейде сауда объектісіне балалар да кіретін.
Сауда-саттық шартында сатылған затқа біреу талап ететін жағдай бола қалғанда кеңіл болатын сәттер де кездескен. Екінші біреу өз затым деп араласса, кеңіл болып, ол өз затымен төлейтін. Болмаса материалды шығынды төлеуге уәде беретін.
Мүлікті жалға алу. Заңда мүлік пен жеке жалға алуды айырып көрсеткен. Жалға алу объектісі — жер, бақ, үй, ат-арба, кеме, есек болғад. Сонымен қатар құлдарды жалға алу практикасы да кездескен.
Жер мен бақты жалға алу тек бір жылға кесілетін. Бірақ бақтың уақыты әрине, егер жалға алушы пайда … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz