Маңғыстауда екі ер адамды атып кеткен — Қылмыс

0

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында белгісіз біреулер екі ер адамды атып кеткен. Полиция екі күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Осыған дейін Желіде екі ер адамның ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілгені түсірілген видео таралған еді.

Бұл оқиға 14 қаңтарда болған. Полициядағылардың мәліметінше, шамамен кешкі сағат 20.10-да облыстық ауруханаға оқ жарақатын алған екі ер адамның түскені жайлы хабарланған. Олар есін жимастан көз жұмған.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тіркелді. Екі күдікті ұсталды, қалған күдіктілер анықталды. Енді оларды ұстау бойынша шаралар қолданылып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

«Жүрегі нақты қай уақытта тоқтағанын анықтау мүмкін болмағандықтан, дәрігер оларды жедел түрде тірілтпекші болды. Амал не, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz