Алматыда қай жерге және қанша бақылау камерасы орнатылды?

0

Алматы қаласының полицейлері қаланың қай бөлігінде және қанша камера орнатынғанын хабарлады дер жазады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ

Ведомствоның ақпаратынша, оңтүстік астананың тәртібін 119 мың 794 камера бақылайды.

Полиция департаментінің жедел басқару орталығында 156 аналогық камерасы бар жүйе жұмыс істейді.

Қаланың әртүрлі нысандарында 1791 бақылау құрылғысы орнатылған.

Универсиада өткен жерлерде 1173 камера тәртіпті бақылауда.

ААЖ «Жол жүру қауіпсіздігі» жобасы аясында 105 бекет жұмыс істей бастады. Оның ішіне 694 видеокамера кіреді. Сол камералардың 415-сі айырып тануға бағытталса, 279 камера бақылаушы.

Алматылық метрода 348 бақылау құрылғысы бар екен.

Мектептер мен колледждерде 3 449, перинаталды орталықтарда 143 камера жұмыс істеуде.

7,5 мың көпқабатты тұрғын үй ауласында 45 994 камера бақылау жүргізеді. Ал жеке тұрғын үй секторында 30 154, ал жол қиылысында 2 853 құрылғы орнатылған.

Коммерциялық нысандарда 35 892 камера бар көрінеді.

Полиция департаменті 2018 жылы видеобақылаудың көмегімен бір жарым мың қылмыс ашылып, 15 мыңнан аса әкімшілік тәртіп бұзушылақ анықталғанын ерекше атап өтті.