Орта Азия көшпенділері сүйіп ойнаған Шөген – бүгінде Аргентинаның ұлттық ойыны
Бабыр сұлтанның заманында жетісулық моғолдар Үндістанның бір бөлігін жаулап алды. Осылайша, Үнді жерінде ойнала басталған шөген ойыны Үндістанды бодан қылған ағылшындардың назарына ілікті.
Байыбына барып, көзі жеткендер санаулы шығар. Бүкіл әлем «Шөгенді аргентиналықтар ойлап тапты, солардың төл спорты» деп таниды. Олардың кәсібилігіне қайран қалып, мойындайды. Бірақ, бұл пікірдің ақиқаты басқа. Шөген – көшпенді бабамыздың сүйіп ойнаған ойыны. Солай болса, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мұхиттың арғы жағындағы елге шөген қалай жетті?
Бабыр сұлтанның заманында жетісулық моғолдар Үндістанның бір бөлігін жаулап алды.
Осылайша, Үнді жерінде ойнала басталған шөген ойыны Үндістанды бодан қылған ағылшындардың назарына ілікті.
Англия бұл спортты көп дәріптеді. Ең алғаш елде осы спорт түрінен клуб ашылып, өзара турнирлер ұйымдастырыла бастады.
Уақыт өте қатарға көршілес Ирландия шөгеншілері қосылды. Екі елдің атсалысуымен Аргентинада 1875 жылы бұл спорт түрінен чемпионат өтті.
Осы кезеңде шөгенді ойнауға құмартқан аргентиналықтар бірден осы ойынды ойнауға қызығушылық танытып, ойынның қыр-сырын бірден меңгеріп кетті.
Уақыт өте шөген шеберлеріне айналған олар ат спортының жаңа түрі ретінде шөгенді «Поло» деп өзгертіп өздеріне патенттеп алды.
Міне, Орталық Азиядан бастауын алған спорт түрінің Аргентинаның ұлттық ойыны болу тізбегі осындай. Назарларыңызға кезекті шөген турниріндегі жарқын сәттерді ұсына отыра, осы спорт түрінің ережелері мен ерекшеліктерін көрсетпекпіз.
Бүгінде Шөген ойынын дамытуға мемлекет көңіл бөліп, төл спортты жаңғыртуға күш салып жатыр. Елімізде 2012 жылы құрылған Поло федерациясы бүгінгі күнге дейін бірнеше турнир ұйымдастырып та үлгерді. Федерация ұйымдастыратын турнирлердің көбісі Алматы облысы, Талғар ауданы, «Ақ бұлақ» ат спорты кешенінде өтеді.
Төрт-төрт адамнан құралған екі команда ойыншыларының негізгі мақсаты — осы бір допты қақпаға кіргізу. Ұлы миссия жолында алаңға шыққан спортшылардың ойынымен жақынырақ танысайық.
Дереккөзі: massaget.kz
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/