Сабақ жоспары Электр тогы, электр тогы көздері 8 сынып

0
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.3 А Тұрақты электр тогы Мектеп: №119 «Маятас» жалпы орта мектебі Күні:14.01.19ж. Мұғалімнің аты-жөні: Рахымбаева Балнур Сынып: 8 А,Ә Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы Электр тогы, электр тогы көздері Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.4.2.1— электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Электр тогы, ток көзі, ЭҚК –і туралы білу Электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру ЭҚК формуласын қолданып есептер шығару Ойлау дағдыларының деңгейі Білу , түсіну, қолдану. Бағалау критерийі:
  • Электр тогы, ток көзі, ЭҚК –і туралы біледі.
  • Электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіреді
  • ЭҚК формуласын қолданып есептер шығара алады
  • Тілдік мақсаттар Пәндік лексика және терминология:Тұрақты ток, электр тогы, ток көзі, ЭҚК, ішкі кедергі, өткізгіштер, диэлектриктерДиалог үшін қажетті тіркестер:Электр тогы – зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.Ток көзі қандай да бір энергия түрін электр энергиясына түрлендіретін құрылғылар.Электр қозғаушы күш – тұйық тізбекте бірлік оң зарядтың орын ауыстыруы барысында бөгде күштер жасаған жұмыс Құндылықтарға баулу Зайырлы қоғамда оқушыларды ізденіс арқылы өмір бойы білім алуға ынталандыру Пән аралық байланыс Есептер шығаруда математика пәнімен байланысады Бастапқы білім Электр өрісі, электр заряды ұғымдарымен 8 сыныптың физика курсынан таныс. Жоспар Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы5 минут І.Ұйымдастыру кезеңі;1. Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.2.Топқа біріктіру «Пазлдар» әдісі арқылы топтарға біріктіремін.

    II. «Сұрақты тап » әдісіҮй тапсырмасын сұраймын.Тапсырма1

  • Дененің заттарды өзіне тарту қасиеті (электрлену)
  • Электр тогын өткізбейтін зат (диэлектриктер)
  • Екі нүктелік зарядтардың өзара әсер күшін есептейтін заң (Кулон заңы)
  • Зарядталған еркін бөлшектер бар (диэлектриктер)
  • Электрленген денелерде пайда болатын өріс
  • Дескриптор:

  • Электрлену құбылысын біледі.
  • Өткізгіштер мен диэлектриктерді ажырата алады.
  • Зарядтардың өзара әсер күшін есептейтін формуланы біледі.
  • Электр өрісі түсіндіре алады.
  • Бағалау: Смайликтер арқылы оқушыны ынталандырып, бағалаймын.

    Түрлі түсті фигура қиындылары

    смайликтер

    Сабақтың ортасы30 мин

    білу, түсіну

    Білу, түсіну

    Білу, түсіну, қолдану

    IІI «Не білесің» әдісіТапсырма №2Электр тогы , ток көздері тақырыбын электронды оқулық арқылы көрсетіп, түсіндіремін. Оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін «Сіздің не білетініңізді көрсету» әдісі бойынша анықтаймын.Электр өрісіндегі зарядталған бөлшектерге электр күштері әсер етеді. Зарядталмаған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады. Электр тогының бағытына шартты түрде өткізгіштегі оң зарядтың бағытына алынады. Қандай да бір энергия түрін электр энергиясына түрлендіретін құрылғыларды ток көздері деп атайды. Электр тогы пайда болуы үшін мына шарттардың орындалуы жеткілікті:1. Ортада зарядталған еркін бөлшектердің болуы.Тұйық тізбекте бірлік оң зарядтың орын ауыстыруы барысында бөгдекүштер жасаған жұмыс электр қозғаушы күш (ЭҚК) деп аталады.

    Күн батареяларында механикалық энергия электр энергиясына айналады.Бөгде күштің есебінен ток көзінде ішкі энергия жинақталады.

    Дескриптор

  • Электр тогы туралы біледі.
  • Ток көзі, ток көзінің түрлерін біліп, ажырата алады.
  • Электр қозғаушы күштің тұжырымдамасын, формуласын біледі.
  • IV «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісіБерілген сұрақтар бойынша өз ойларын флипчартқа түсіріп, сыныпқа таныстырады.

    № 1 топЭлектр тогы, электр тогының пайда шарттарын түсіндіру.№2 топТок көзі, оның түрлері және токтың әсерлері№3 топЭлектр тогының қасиеттеріне сипаттама беріп, ажыратып, түсіндіру.№4 топЭлектр қозғаушы күш тұжырымдамасын, формуласын түсіндіру

    Дескриптор

  • Электр тогы, электр тогының пайда болу шарттарын айта алады.
  • Ток көздері, ток көздерінің түрлеріне сипаттама беріп және ток көзінің адам өміріне әсерін айта алады.
  • Электр тогының қасиеттеріне сипаттама беріп, түсіндіре алады.
  • Электр қозғаушы күш тұжырымдамасын айтып, формуласын түсіндіре алады.
  • Бағдаршам әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын V «Есептер қобдишасы» әдісі Тапсырма №3

  • Ток көзінің электр қозғаушы күші 4,5 В болса, 1,5 Кл зарядтың орнын
  • ауыстыру үшін бөгде күштер жасайтын жұмысты табыңдар.

  • 2,5 Кл зарядтың орын ауыстыруы үшін бөгде күштер жасайтын жұмысы 15кДж болса ток көзінің электр қозғаушы күші неге тең?
  • Ток көзінің ЭҚК-і 250Дж-ға тең, заряды 20нКл зарядты бөлгенде бөгде күштердің жасаған жұмысы неге тең?
  • Ток көзі ішінде 10Кл зарядты бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30Дж жұмыс атқарады. Тоқ көзінің ЭҚК-і неге тең?
  • Дескриптор

  • Есептің берілгенін түсініп, шартын түзе алады.
  • ЭҚК –ті табу формуласын және формуланы түрлендіруді біледі.
  • Математикалық есептеулер жүргізеді.
  • Өлшем бірліктерді түрлендіре алады.
  • «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалаймын

    Электронды оқулық

    Флипчарт, тапсырмалар

    Есептер жазылған кеспе қағаздар

    Сабақтың соңы5 мин

    Үйге тапсырма:

    Кері байланыс «БББ» кестесіОқушылар сабақтан алған әсерлерін төмендегі кестеге түсіреді.

    Электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру

    кесте

    Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулықжәнеқауіпсіздік техникасының сақталуы Сабақ барысындағы әдістер мен тапсырмаларды оқушыларымның қажеттілігі мен қабілетін ескере отырып жоспарладым. «Не білесің» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша өмірмен байланыстырып өз ой-пікірлерін айтады. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісінде берілген топтар бірлесе орындай отырып электр тогы мен пайда болу шарттарын, қасиеттерін тереңірек меңгертемін. «Есептер қобдишасы» әдісінде оқушылар тапсырманы әр түрлі қарқынмен орындап, нәтижеге жету жолында жұмыс жасайды. Сабақ барысында қабілетті оқушылар мен тапсырманы орындауда қиналатын оқушыларды жұптастыра, топтастыра отырып барлық оқушының тақырыпты меңгеруіне жағдай жасаймын, сөзбен қолдау көрсетіп, ынталандырып отырамын. Смайликтер беру және «Басбармақ» , «Бағдаршам»әдістері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім деңгейін қадағалап, реттеуге мүмкіндік береді. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды тиімді кері байланыс ұсыну арқылы жүргізіп отырамын. Техника қауіпсіздік ережелері

    Сергіту жаттығулары