Алматы облысында «Халық емшісі» пациентінің өліміне қатысты күдікке ілінді
Алматы облысында 28 жастағы ер адамның өлуіне себепкер болған халық емшісі қамаққа алынды.
12 қаңтар күні өз үйінде тұрғылықты азаматтың мезгілсіз көз жұмуына байланысты ақпарат Қарасай ауданында тіркелген. Сот-медициналық тексеруінің нәтижесінде кеуде қуысының тұйық жарақаты, қабырғаларының сыныуы мен өкпенің жарақаттануы ер азаматтың өліміне себепкер болған. Жәбірленушіге түрлі ауыр дене жарақатын салу барысында оның өліміне әкелуге қатысы бар деген күдікпен полицейлер «халық емшісінің» үстінен қылмыстық іс өндірісін қозғады. Бұл туралы zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
“Полицияға қайтыс болған азаматтың туыстарынан әлі күнге арыз түскен жоқ. Алайда бұл факті бойынша РҚ Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істе күдікті ретінде дәстүрлі емес медицина қызметімен айналысатын 63 жастағы ер адам айыпталуда” — деп атап өтті Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кеткен жөн, «халық емшісіне» жәбірленушіні оның туыстары алып келген. Олардың пікірі бойынша, жас азаматқа жын кірген және ол соңғы үш жыл ішінде сол жын әсерінен қиындық көрген. «Халық емшісінің» 5 күн ішінде түрлі әдістерді қолдану арқылы жас азаматтан жынды шығару салдарынан жәбірленушінің көз жұмуы мүмкін.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, бұл іс Қарасай ауданы полициясының өндірісінде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/