Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі | Скачать Реферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА және МӘДЕНИЕТ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Дүниежүзінің шаруашылық географиясы
ОРЫНДАҒАН:ЗАТЫБЕКОВА АЛМА
ТОБЫ:П және МФ 06-9К2
ҚАБЫЛДАҒАН: БУГЕНБАЕВА САНИЯ
ШЫМКЕНТ-2009
Дүние жүзінің шаруашылық географиясы
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
А)Дүние жүзілік шаруалықтың географиялық моделі
Ә)Халықаралық экономикалық интеграция
3.Қорытынды
Дүние жүзінің шаруашлық географиясы
Дүниежүзілік шаруашылық ұғымы. Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы
іс жүзінде адамзаттың бүкіл тарихын қамтиды.
Ұлы географиялық ашылулардың нәтижесінде халықаралық сауда Еуропа мен
Азиядан соң жер шарының басқа да аймақтарын қамтыды. Олардың арасындағы
өнім айырбасы дүниежүзілік рыноктың құрылуына әкеліп соқты. Бұл рыноктың
мұнан әрі кеңеюі көліктің дамуына мүмкіндік туғызады. Теңіз көлігі барлық
материктерді бір-бірімен байланыстырды. XIX ғасырдың екінші жартысында
темір жолдардың ұзындығы тез өсіп, олар континенттердің ішкі бөліктерін
байланыстырды, Генрик Гейненің бейнелеп айтқанындай, кеңістікті өлтірді.
Алайда дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуындағы басты орын XVIII
ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Батыс Еуропаның бірқатар елдері мен
АҚШ-та оларда өткен өнеркәсіп төңкерістерінен кейін туған ірі машина
индустриясына тиді. Демек, дүгиежүзілік шаруашылық XIX ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың басында ірі машина индустриясының, көліктің және дүние жүзілік
рыноктың дамуы нәтижесінде құрылды.
Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі. Бұл модель бірітіндеп
күрделене түсуде. XIX ғасырдың аяғына дейін барлық көрсеткіштері бойынша
бір орталық – Еуропа басым болды; И.А. Витвердің бұл кезеңді
еуропацентрлік деп атауы тегін емес.Одан соң дүниежүзілік екінші орталық
құрылып, көп кешікпей басты орталыққа айналды, ол – АҚШ. Дүниежүзілік екі
соғыстың арасындағы кезеңде дүниежүзілік маңызы бар жаңа орталықтар пайда
болды, олар – КСРО мен Жапония. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытай,
Үндістан, Оңтүстік-Батыс Азияның мұнай өндіретін елдер тобы, Канада,
Аустралия, Бразилия секілді орталықтар қалыптаса бастады. Соңғы жиырма
жылдықта төрт Азия жолбарысы — Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур
бастаған ұлттық-интеграциялық елдер дүниежүзілік аренаға шықты. Осының
арқасында Азия-Тынық мұхит аймағының дүгинжүзілік шаруашылықтағы рөлі
бұрынғыдан да өсе түсті. Сөйтіп, қазір дүниежүзілік шаруашылықтың
географиялық моделі көп орталықты сипат алып отырады.
Таяу уақытқа дейін дүниежүзілік шаруашылық ішіндегі өзара қарым-
қатынастар, бейнелеп айтқанда, төрт полюстің болуына қарай анықталған:
капиталистік Батыс пен социалистік Шығыс, бай Солтүстік пен кедей
Оңтүстік. Қазір Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы, өзгертіп айтқанда,
орталық пен шет арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі
өсіп келе жатқан алшақтықты негізгі ішкі қайшылық деп есептеу керек.
Мысалы, 90-жылдардың басына қарай дүниежүзілік жалпы өнім ішкі өнім
мен өнеркәсіптік өнімнің 15℅-і ғана және ауылшаруашылық өнімінің 30%-і
дүниежүзілік шаруашлықтың бүкіл шет аймағына келетін. Жан басына шаққанда
жалпы ішкі өнім орта есеппен 1 мың долларға жетпейді, ал Батыстың
экономикасы дамыған елдерінде – 14 мың доллардан асады.
Сондықтан дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделін
жетілдірудің басты бағыты – оның шеткі аймақтарын жедел дамыту болып
табылады.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі туралы ұғым. Географииялық
еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н.Н. Баранский
оны экономикалық географиялық негізгі ұғымы деп атады.
Географиялық еңбек бөлінісі – адам қоғамы дамуының тауарлы өндіріс
пен айырбастың өсуіне туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке
территориялардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол
айырмашылықтар, біріншіден, географиялық жағдайына, екіншіден, … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz