Орта Азия мемлекеттері дұрыс тамақтанбайтын елдердің көшін бастап тұр

0

Зерттеуге сәйкес, жыл сайын елімізде дұрыс тамақтанбағаннан 40 мыңға жуық адам қаза табады екен. Ұлыбританияның DailyMail басылымының хабарлауынша, Өзбекстан дұрыс тамақтанбау салдарынан өлім-жітім көп орын алатын елдер қатарының көшін бастап тұр, ал Испания мен Израиль тізімнің соңында жайғасқан.

Алғашқы 10 елдің ішінде Түрікменстан, Қырғызстан, Украина, Молдова, Әзербайжан, Белоруссия, Тәжікстан және Қазақстан бар. Ал тізімді Израиль, Франция, Нидерланды, Андорра, Дания, Бельгия, Швейцария, Норвегия және Италия қорытындылап тұр.

51 елге жүргізілген зерттеуге сәйкес, Еуропалықтардың көбі тым көп тұз қосылған тағам жегендіктен және организмде көкөністердің жетіспеушілігінен өмірден өтеді екен.

Зерттеушілер жүрек ауруларының қаншауы көкөністерге қарағанда организмде тұзды тамақтардың жоғары болуынан туындайтынын анықтады.

Олардың бағалауы бойынша, 2016 жылы әлемде тіркелген осы аурудан болған 4,3 миллион өлімнің жартысы дұрыс тамақтанбаудан екенін анықтаған.

Ұлыбританияда 100 000 адамға шаққанда 62 адам дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын жүрек ауруларынан қайтыс болады. Осылайша Англия 42-ші орынға жайғасқан.

Зерттеушілер Шығыс Еуропа, Ресей және Орталық Азия елдерін, сондай-ақ Германияны – дұрыс тамақтанбау салдарынан өлім көп болатын елдер қатарына жатқызды.

Global Burden of Disease Study зерттеу нәтижесі осы өңірдегі  2,1 миллион адамның жүрек ауруы олардың жеген тағамымен тікелей байланысты екенін анықтады. Тамақтан көп зардап шеккен елдерде аз зардап шеккен елдерге қарағанда тоғыз есе көп адам өледі. Батыс Еуропа елдерінде жағдай анағұрлым жақсы.

Әйтсе де, Германия Батыс Еуропадағы тамақтану режимі нашар мемлекеттер қатарында саналады. Онда 2016 жылғы 100 000-нан астам адамның өлімі тамақтану рационына байланысты екені анықталды.

«Біз дұрыс тамақтануға тырысуымыз керек, әйтпесе [жүрек] аурулары өлім-жітімнің негізгі себебіне айналады»,  дейді зерттеу авторы профессор Стефан Лорковски.

Зерттеу жұмысы 1990-2016 жылдар аралығындағы деректерді саралап көрген. Соның нәтижесі бойынша, әр елдегі жағдай түрлі екенін анықталды.  Мысалы, ғалымдардың пікірінше Швеция мен Норвегияда тұрғындардың жаңғақтар мен тұқымдардың жеткілікті мөлшерін қолданбауы жүрек ауруларының тудыруға әкеледі. Ал Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде астық өнімдерін шектен тыс тұтынатын көрінеді.  

«Қорыта айтқанда, ақ ұннан жасалған өнімдерді тұтынудың артуы соңғы жылдары жүрек аурулардың көбеюіне әкелді», дейді профессор Лорковски.

Зерттеушілер, сонымен қатар, әйелдерге қарағанда ерлер дұрыс тамақтанбауы әлдеқайда зиянды екенін анықтады.

Дұрыс тамақтанбау әйелдерге 50 жастан асқан кезде денсаулығына зиян келтіре бастаса, еркектерге  жастайынан кері әсер етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, көкөніс өнімдерін тұтыну өлім қаупін біршама азайтады. Сондай-ақ жүректің соғу, инсульт, қант диабетін немесе ішектің қатерлі ісігіне шалдығудың алдын алады. 

Аударған Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/