Ел болашағы — білімді ұрпақ — Тәрбие сағаты — Bilim

0

Ел болашағы — білімді ұрпақ

Қызылорда қаласы №8 мектеп-интернат

Тәрбиеші Аяпова Раушан 


       
Сабақтың мақсаты: Биік шыңдарға біліммен, танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлерін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрету. 

Сабақтың түрі: «Дарабоз зияткерлік» ойыны. 

Сабақтың әдісі: сұрақ–жауап, топтау.

Сабақтың көрнекілігі: слайд– шоу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын, математика, тарих.

Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру

2. Кіріспе сөз

3. «Дарабоз» зияткерлік ойыны:

а) 1 – айналым «Бәйге»

ә) 2 – айналым «Дода»

б) 3 – айналым «Жорға» 

4. Сергіту сәті 

5. Қорытынды.                                                                                                                                                                            

1. Кіріспе сөз. 

Оқысаң – озарсың,

Оқымасаң – тозарсың.

Білімдіні бала болса да, аға деп біл.

Адамның көркі киім емес, білімі.

Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға, еркін сссөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір–бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір–бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты құндылықтарымен бірге, күнделікті сабақтан хабардан болып отыруға тиіссіздер. 

Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?

1. Білім алу.

2. Отанды сүю.

3. Ана тілін сүю, құрметтеу.

4. Ұлт жанды азамат болу.

5. Атамекенді, туған жерді сүю.

6. Денсаулығы мықты азамат болу.

— Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер ? 

Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол  тағы басқа аға–апаларымызды білеміз.

2 . «Дарабоз» зияткерлік ойыны

I – «Бәйге» Әр бала бір сұраққа тез жауап береді. ( он бес сұрақ берілді, әр жауап – бір ұпай)

1. Білім күні қай күн?

2. Бес қаруды ата.

3. Еліміз Тәуелсіздік алған күн?  

4. Жеті қазына ата

5. Бейнелеу ауданының әкімі кім?

6. Үш қуатты ата.

7. ҚР–ның рәміздерін ата.

8. Төрт кітапты атап бар.

9. Желтоқсан құрбандары кімдер?

10. Маңғыстау облысының әкімі кім?

11. ҚР–ның ата заңы қашан қабылданды?

12. Бес жаратылысты ата.

13. Астананың туған күні?

14. Үш көзді ата.

15. Күн көзі жылына неше рет шығады?                                                                                                              

Жауаптары:

1. 1 – қыркүйек.

2. Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

3. 1991 ж. 16 желтоқсан

4. Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.

5. Басшы Әзірханов  

6. Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.

7. Әнұран, елтаңба, ту.

8. Тәурат – Мұсаның кітабы, Забур – Дәуіттің кітабы, Інжіл – Исаның кітабы, Құран Мұхамедтің кітабы.

9. Қайрат, Лаззат, Сабира, Ербол.

10. Бауыржан Мұхаметжанов

11. 1995 ж. 30 тамыз

12. Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.

13. 6 – шілде.

14. Су анасы – бұлақ , Жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.

15. 365 – 366.

II – «Дода» Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар. Әр жауапқа 5 – ұпайдан 15 ұпай беріледі.

1. Қабат – қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап – книга – book)

2. Жеті қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы (ит – собака – dog)

3. Жүз теңгең болғанша, Жүз …. болсын. (дос- друг – friend )

4. Тұмсығымен қозғалар. Соңынан аппақ із қалар. (бор –мел – chalk)

5. Тіс жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (қаламсап – ручка – pen)

6. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. (қоңырау – звонок – bell)                                                                                                                               

III. «Жорға» Ұяшықтардың ішінде қазақ тілі мен әдебиеті, математика, тарих пәндерінен сұрақтар берілген. Әр пәндерді кезегімен таңдай отырып ұяшықтағы сұрақтарға жауап береміз.

Қазақ тілі мен әдебиеті

1. Жылдың төрт мезгілінде де өлең шығарған ақын. (Абай Құнанбаев)

2. Қазақ тілдің тіл байлығын, сөз мағынасын зерттейтін сала (Лексика)

3. Синоним мен антонимнің айырмашылығы қандай?

4. Әуес көріп жүргірген жас балалар

Беті қолы домбығып үсік шалды

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай теріс айналды. ( Абай Құнанбаев « Қыс»)

Математика

1. Екі жарым таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)

2. Әсем поездың басынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Әлкен поездың соңынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Сондақыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? ( Поезда 13 вагон болған.)

3. Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалайша теңестіруге болады? (12 өріктен бөлінеді)

4. Отбасында 4 бала бар. Олар: 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортвқ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста? (Арай 3, Еңлік 9 , Сағи 15, Меруерт 5 жаста)

Тарих пәнінен

1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты? (мерген)

2. Қазақтың даңқты ұшқыш қызы кім? (Хиуаз Доспанова)

3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ  Кенес Одағының Батыры атағын алды? (97)

4. Соғыс жылдарында қанша Қазақстандық майданға аттанды? (1 млн. 200 мың)

4. Сергіту сәті

Қорытынды.

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағына үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық.




Дереккөз: Bilim All