​Ағзаға ең пайдалы өнімдер

0
Британиялық диетологтар адам ағзасына ең пайдалы өнімдерді атады. Олар көңіл-күйді көтеріп қана қоймайды, созылмалы аурулардан құтылуға көмектеседі.

Диетологтардың тізімінде ең пайдалы өнімдердің көшін балдыркөк пен жаңғақ майы бастаған. Біріншісінде ағзаға антидепрессант ретінде әсер ететін зат болса, екіншісінде миға қажетті ақуыздар мен майлар бар.

Сондай-ақ пайдалы өнімдердің қатарында манго, авокадо, жұмыртқа, кешью жаңғағы, бұқтырылған ет, шоколад бар. Диетологтар күн сайын нақты өнімдерді тұтыну арқылы ағза өзін тазалайды, мидағы қан айналымы жақсарады дейді.

Дереккөз: life.ru