Ши тоқу өнері | Скачать Материал

0

Ши тоқу өнері
Ши тоқу өнері көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта
Азия халықтарына көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық
қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді.
Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-
ақ үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданған.
Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланған. Сондай-ақ киіз
үйге төселген киіздің киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы
үшін төсеніш ретінде киіз астына төсеген. Тоқылған шиді қазақтар сияқты
көшпелі басқа шығыс халықтары да кеңінен пайдаланған. Мәселен, оны құрт
жайып, тары сүзу сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан – ақ
қолданған. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне
тұтқан. Ши өңдеу, тоқу өнермен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы
басқа да халықтарда көбінесе әйелдер айналысқан. Ақ шиден өзіне керекті
күнделікті күнделікті тұрмыста пайдаланатын затты әрбір әйел өздері тоқып
алған. Шиді күзге қарай дайындаған. Ши тоқу үшін ағашты белгілі қашықтықта
тіке қадап, екі ортаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым
қондырғы пайдаланған. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың
астына орнатқан. Қазақ халқының қолөнер саласына ши өңдеу, оған жүн орап,
өрнектеп безендіру, ою салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас
болып келе жатқан ұлттық өнер болып табылады. Ши бұйымдары жалпы сырт
көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши деп үш топқа бөлінеді.
Мұндай ши түрлері қазақ арасында өз орнымен әр түрлі мақсатта
пайдаланған. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшік,
т,б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгі жасау үшін, үйдің төбесін біртегіс сылауға
ыңғайлы болу үшін қолданған. Түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши
киіз үйдің сәнді жиһаздарын әшекейлеуге пайдаланылған. Ал оның бойы тұтас
оралмай, әр жерінен оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыда айтылған шидің
соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылған. Шым шиді кейде жез ши
деп атайды. Шым ши тоқу – қазақтың қолөнер саласындағы ерекше бір түрі.
Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында
болсын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғилығымен
көзге түскен. Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының
маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ ісмерлерінің қолданып жүрген қазіргі
барлық ою түрлері композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, екі
жақты ұзынша ою болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде көбіне геометриялық
фигуралардағы: төртбұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, көпбұрышты, т.б. оюлар
қолданылған. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге арналған. Геометриялық
элементтер, өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюларды салуға болады. Шым
ши тоқуда геометриялық ромб, төртбұрыш, көпбұрыш немесе сүйір бұрыштанып
келген ою элементтері төрт құбыланы білдіреді. Мұндай оюлар ерте заманнан
керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде: алаша, кілем,
киіз өрнектеу салаларында жақсы сақталған.
Ши тоқу өнерінде аршу деп тоқудың алдында ши сабағының қабығын аршуды
айтады. Шиді аршыған соң, оның ішінде жүн орауға жарамдысы да, жарамсызы да
болады. Жарамдысын таңдап, бөлшектеп орап алуды сұрыптау деп атайды. Ал
шиге өрнек салуды, оны алдын ала өлшеп алып, жір оралатын жерін белгілеуді
сызу деп атайды, оны көбінесе пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ отпен
күйдіріп белгілейді. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген түрлі түсті
жүнді шиге орап, үлгі салып шығуды түр салу деп атайды. Оралған шиді
салынға белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастыруды
шеберлер тізу деп атаған. Ши тоқығанда, ши сабақтарын белгіленген, яғни
күйдіріп белгіленген жеріне қарай бірінен кейін бірін қарапайым құрал
арқылы 12-15-тен жіппен шалып, байланыстырып отырған.
Ши есік шым шиді киізге тігу әдісімен киіз үй есігінің ішкі жағын әсемдеу
үшін пайдаланылады. Өрнекті шым ши тоқу үшін шиді дайындаған да, өте ұқыпты
түрде ши сабағының әрі ұзын, әрі жіңішкесін сұрыптап жинайды. Оны бір-
бірлеп түрлі түске боялған қой жүнімен немесе көктемгі көпсіп тұрған түйе
жүнімен ораған. Дәулетті, тұрмысы жақсы кісілер жібекпен де орайтын болған.
Мұны ши орау дейді. Тоқылған шым шиді қазақтар өте жоғары бағалайды және
өте ұқыпты тұтынған. Өйткені оны жасау үшін көп уақыт және айтарлықтай
еңбек жұмсалады.
Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты ши тоқуды үйренетін арнаулы
орын болмаған. Тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша дарыған. Қыздар мен жас
келіншектер шешелері мен әжелеріне көмектесе жүріп, олардың өнеріне зейін
қойып, үйреніп алатын болған. Қазақтың өрнекті шым шиі, ең алдымен өзінің
сәндік қызметімен ерекшеленеді. Шым ши тоқу кезінде көп қолданылатын
жоғарыда аталған оюлардың ішінен тұтас ою формасын “шаршы ою” деп атайды.
Оған белгілі геометриялық фигуралардағы төртбұрышты, дөңгелек, үшбұрышты,
тағы да басқа көпбұрышты оюларды жатқызуға болады. Оларды шым шидің ішін
тұтас безендіруге қолданылады.
Қазақ шеберлері өрнектеп ши тоқу өнерін де қолданған. Өрнектеп ши тоқуда
дәстүрлі тәжірибесі мол шеберлер табиғи таланты мен өнерпаздық
дарындылығының арқасында алуан түрлі композициялы өрнек туындыларын жасай
білген.

Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы
Гобелен өнерінің шығу тарихы ХХ ғасырдың басынан басталады. Атап
айтқанда, бұл өнер Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде жақсы
дамыды. Кейінірек ол Прибалтика, Кавказ және Ресейде де кең өріс алды.
Гобелен тоқуда кендір жіп, теңіз шөптері және жүннен иірілген жіп
пайдаланылды. Прибалтика елдері гобелен тоқуда композициялық суретті толқын
тәрізді бедерлесе, Кавказ гобелен тоқымашылары өз шығармаларында тарихи
оқиғаларды, эпостарды бейнелеуге тырысты. Ресей суретшілері гобеленді тықыр
кілем үлгісімен тоқып, оны сюжеттік суреттермен бедерледі.
Гобелен көркем шығармашылық туындыға жатады. Сондықтан гобелен өнерінің
сәндік-қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Гобелен өнерінің қазақ
қолөнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970 жылдардан басталды. Осы
жылдары біздің елде тақырыптық, терең философиялық мазмұнды көркем
туындылардың алғашқы ыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде
жаңа сипатқа ие болып, Гобилен өнерімен тоғысты.
Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері ретінде
К.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, О.Бапанов, С.Бапанова, Л.А.Анисимова,
К.Жұбаниязова, С.Г. Иляева, А.Иханова, Е.П.Николаева, Н.И.Павленко,
Б.Өтепов, ІІІ.Қожаханов, т.б. атауға болады.
Құрасбек Тыныбеков (1947 -1980) шығармашылығының дамуы тікелей гобелен
тоқу өнерімен байланысты. Оның шығармашылық ізденісіндегі басты жетістігі –
классикалық гоболен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүріме сабақтастыру болып
табылады. Ең алғаш орындалған гоболендері: “Шопан” (1970), “Отбасы”(1973),
“Көктем”(1974), “Тау мен дала” (1975). Осы туындылар қазақ гоболен
өнеріндегі композициялық құрылымы күрделі, бояу үндестігі басым туындылар
болып табылады. Сондай-ақ «Өмірағашы» (1976), «Байқоңыр ырғақтары» (1977),
«Аққу ән”(1980), “Композиция”секілді гобелендері де өздерінің
терең философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Олардың композициялық
құрылымында фольклорлық сарын басым.
Қ.Тыныбековтің шығармашылығының бас кезі өнердің жаңа түрі
гобеленнің жаңғыру, қалыптасу, өзіндік бейнелеу құралдарын кездестіру
кезеңіне сәйкес келді. 1970 жылы студент кезінде-ақ Қ.Тыныбеков Қазақ КСР-
інің 50 жылдығына арналған Республикалық халықтық сән және қолөнер
көрмесінде өзінің тұңғыш жұмысын көпшілік назарына ұсынды. Бұл оның өнерге
бағыштаған жарқын ғұмырының бастамасы еді. Қ.Тыныбековтің шығармашылық жолы
ғажайып тиянақтылығымен, тұтастығымен ерекшеленеді. Суретшінің алғашқы
жұмыстарының өзі-ақ ән бойында жеке нақыштарды, кейінгі шығармаларда
байытылып жататын айрықша композициялық сапаларды жинақтады. Қ.Тыныбеков
гобелендер, текеметтер, батиктер (алуан өрнектермен безендірілген маталар)
жасау барысында әр түрлі техникада жұмыс істеді.
Халық өнерінің дәстүрлерін шығармашылықпен тең өрістетудегі екі бағытты
Қ.Тыныбековтің киізден басқан бұйымдарының да үлгісінен байкауға болады.
«Дала әуені» (1972) текеметі шебердің киіз басу тәсілінің тосын
эффектілерін: көмескілікті, басыңқылықты, суреттердің құбылмалылығы мен
бояулар ауысуының толқымалылығын тап басып көрсетеді. Ал «Аспан» (1973)
текеметінің стилистикасы XX ғасыр өнеріне жатады. Суретші түзген
абстрактілі композицияда көне материал жаңа дәуірдің көркем идеяларымен
үйлесім тамаша құралға айналған.
Сонымен Қ.Тыныбековтің шығармашылығында дәстүрлерді игерудің екі деңгейі
көрінеді. Егер оның біріншісі үшін халық өнері үлгілеріне етенелік тән
болса, екіншісіне — дәстүрі тәсілдерді шығармашылықпен қолдана алатын
қазіргі заман суретшісінің дербес ой түюі маңызды. Ол өз алдына нақ бір
көне белгілер құрылымына қазіргі кезде ұмыт болған әу бастағы мән-мағынасын
қайтару міндетін қойғандай боп та көрінер еді.
Оның алғашқы «Шопан», «Отбасы” гобелендерінен біз бұл
ұмтылысты біршама сезінгендей боламыз. Шопанның қолын қошақан жартылай
жануар, жартылай ою түрінде бейнеленеді, ол «қошқар мүйіз» оюына жақын.
Аспандағы бұлт ою түрінде ұшып барады. Жеке оюлық мотивтер бірде аспандағы
жұлдыздарды, бірде желдің ұйытқуын, бірде киім бүрмелерін бейнелей отырып,
Қ.Тыныбеков гобелендерініңін тұтастай қанықтырып жатады.
Бәтима Зәуірбекова (1946 жылы туған) ең алғашқы туындыларында сәндік
ұлттық ою-өрнектерді сюжеттік көрініске ұластырып көзге түссе, кейіннен
тақырыптық дүниелер жасауға бел байлады. Б. Зәуірбекованың гобелендері
нәзік бояуларымен дараланады. Оның гобелендері … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz