Якобиншілдер диктатурасы | Скачать Материал

0

Якобиншілдер диктатурасы

Якобиншілдер диктатурасы. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке
якобшілдер келді. Революция жаңа күштерді жинай бастады. Елде революциялық
диктатура өкіметі құрылды. Ол буржуазиялық-демокра-тиялық революцияның
жетістіктерін нығайтуда батыл шаралар қабылдады.
Монтаньярлар аграрлық мәселелерді шешу арқылы якобиншіл Конвенттің
халық бұқарасымен байланысын нығайтуға тырысты. 1793 жылдың 3 маусымында
шет елге қоныс аударғандардың иеліктерін мүмкіндігінше ұсақ бөліктермен 10
жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылдайды.
10 маусымда қабылданған заң бойынша барлық қауымдастық жері қауым
шаруаларының жеке меншігі деп жарияланды. Шаруалар кезінде мырзалар олардан
тартып алған жерлерін қайтаруды талап етті. Егер бұл шешімді тұрғындардың
үштен бірі қолдаса, онда барлық қауымдастық жер әр шаруаға жеке иелікке
бөлінуге тиіс. Ақыр соңында, 1793 жылдың 17 шілдесінде қабылданған декрет
барлық феодалдық қалдықтарды толығымен жойды.
1793 жылдың маусымында Конвент Францияның жаңа конституциясын
қабылдады. Конституция республика өкіметінде бір палаталы жиналыс болуын,
төтенше сайлау жүйесін және де сайлануға қатысатын ерлердің жасы 21-ден
темен болмауын қарастырды. Сондай-ақ демократиялық құқықтар мен еркіндіктер
жарияланды. Революцияның өрлеу кезінде пайда болған якобшілдердің
буржуазиялық-демократиялық конституциясы халықтың барлық талаптарын
қанағаттандырды.
Бірақ та осының барлығына қарамастан, шілде-тамыз айларында
республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскері республикаға қарсы
шықты, сөйтіп, экономикалық жағдай нашарлап, азық-түлік дағдарысы басталды.
1793 жылдың шілдесінде Конвент қоғамдық құтқару комитеті түрінде қайта
сайланып, бұл оның өкілдігін кеңейтті. Комитетті Робеспьер басқарды.
5 қыркүйекте санкюлоттар өкілдерін бастаған Шометт пен Эбер Конвентке
халық талабын жеткізеді.
17 қыркүйекте «сенімсіздер» жөнінде арнайы заң шығарылады, ал
«сенімсіздердің» қатарына бұрынғы дворяндар жатты.
Әлеуметтік-экономикалық салада якобиншілдер диктатурасы қалың бұқараның
қысымымен бекітілген айналым саласын реттеуді жүзеге асыра бастады. 1793
жылдың 28 қыркүйегінде жалпыға ортақ жоғары баға жөніндегі заң қабылданады.
Якобиншілдер тобының революцияға қарсы күштермен күресі және оларға
қарсы жүргізген зорлық-зомбылығы күнделікті іске айналып кетті.
1793 жылдың қыркүйегінде Жак Ру және Жая Барле абақтыға қамалып, кейін
олардың жақтастарының басына да осы күн тудырылды.
1793 жылдың қараша айында Конвент жаңа республикалық күнтізбе мен жыл
санауының жаңа жүйесін кіргізеді. Жаңа ғасыр республиканың бірінші күнінен,
яғни 1792 жылдың 22 қыркүйегінде республиканы жариялаудан басталатын болды.
Якобиншілдер халықтық білім беру жүйесіне де көп көңіл бөледі. 1793 жылдың
19 желтоқсанында Францияда тұңғыш рет жалпыға бірдей тегін бастауыш білім
беру туралы заң қабылданады. Мемлекеттік мекемелер оқу орындарын ашу, оның
ішінде саяси мектеп, өнер және қолөнер институтын, ән-күй консерваториясын,
Луврда (бұрынғы король сарайында) мұражай ашуға байланысты, ұлттық
кітапхана мен ұлттық мұражай ұйымдастыруға қатысты бірқатар шаралар
өткізеді. Якобиншілдер үстемдігі республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз
етіп, елдегі барлық қарулы күштерге өзгерістер енгізді. Ең алғаш рет
Францияда қысқа мерзімде жалпыға ортақ Ұлттық гвардия құрылды.
Якобиншілдер диктатурасы 14 үлкен армия бөлімшесін ұйымдастырды. 1793
жылдың күзі мен қысыңда барлық майданда елеулі алға жылжу байқалды.
Якобиншілдер маңындағы әр түрлі қоғамдық топтармен соғыс аяқталуға таянды.
Осы кезде якобиншілдердің өз ішінде қайшылықтар мен алауыздық күшейе түсті.
Якобиншілдер партиясының негізгі басшылары Робеспьердің сыбайластары болды.
Олардың идеалдары ұсақ және орта кәсіпкерлер еді.
1793 жылдың күзі мен қысында якобиншілдердің ішінде «қайырымдылар»
ағымы қалыптасып, ойы Жорж Дантон басқарады. «Қайырымдылар» якобиншіл төбел
топтарының диктаторлық тәртібін тез арада ауыстырып, жұмсартуға тырысты.
«Қайырымдыларға» «нағыз» революционерлер қарсы шығып, максимум
жөніндегі заңды қатал сақтауды және мемлекеттегі тәртіпті одан әрі қатайта
түсу шараларын іздеу кажет деп санады. «Нағыздар» қатарына Париждік
секциялар, Коммуналар, Коммуна жетекшілері Шометт, Эбер және басқалар
жатты.
Якобиншілер үкімет басына француз революциясының ең қиын-қыстау
кезеңінде келді. Европалы колтревомациясының коалициясының
үлкен жеңуші күштері шегініп жатқан француз әскерлерін ығыстырып
шығарды. Вандейде, Бретанда, Нормандияда монархиялық көтерілістер
нығая түсті. Жирондистер Францияның оңтүстігінде және оңтүстік
батысында көтеріліс ұйымдастырды. Англия флоты француз жағалауын
қоршап алды. Англия көтерілісшілерді ақшамен және қару-жарақпен
қамтамасыз … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz