Назарбаев: Жалғыз бір ғана Құдай бар, одан басқа ешкім жоқ
Қазақстан республикасы президентінің телерадиокешені Елбасының дінді қалай түсінетінін және қабылдайтынын айтқан видеоны жариялады деп жазады NUR.KZ.
«Мен де кемпір мен шал тәрбиелеген, ауылда өскен адаммын. Әжем де, шешем де «Бір Құдай бар жалғыз, одан басқа ешкім жоқ » деп үйреткен.
Жүректе сенім бар. Сол сеніммен жүру керек, сену керек.
Діннің тарағаны, діннің болғаны қазақты имандылыққа, елді бірлікке шақыратын, жақсылыққа шақыратын, туған-туысқанға жақсылық істеуге, қамқорлыққа шақыратын болса, елге де пайдасын тигізеді. Осыған біз көңіл аударуымыз керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.