Сөз дәлдігі ойдың айқындылығы
Сабақтың атауы: Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы
Мақсаты: Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы туралы түсінік
Көрнекілігі: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Топқа бөлу: Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
— өз ойларын ортаға қорғайды
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту аза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек.
Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергенімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, кез келген әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал — мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.
Әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік, көңіл — күй одағайы, т. б. немесе мағынасы бір — біріне жуық, мәндес сөздер болғанымен, синонимдер көп жағдайда бірінің орнына бірі жүре алмайды.
Ал бір — біріне кереғар, қарама — қарсы мағынадағы антоним сөздер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құрамы болып есептеледі.
Кез келген тілде дыбысталуы бірдей, бірақ басқа — басқа мағыналарды білдіретін сөздер қаншама! Ондай сөздерді омонимдер деп атайды. Омонимдерді орнымен қолдану сөйлеуде қателік жіберуден сақтандырады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал — мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындалғанымен қоса, сөйлеудің көркемділік деңгейін көтереді.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/