Аналар сайысы
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Барлық сыныптар
барлық сынып жетекшілеріне қажет. аналар арасында өткізілетін сайыстың презентациясы мен электронды нұсқасы
Облысы: АқмолаАуданы: БұландыҚала: МакинскҚызметі: Бастауыш сынып мұғаліміАты жөні: Сагидолда Бахытгул Отбасы – алтын діңгек Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру. Сайысқа қатысу ретін анықтау 1 2 3 4 5 6 Әділ қазылар алқасы 1 бөлім — Таныстыру 2 бөлім — «Бала арманы» үй тапсырмасы 3 бөлім — «Жағдаяттар» сұрақ-жауап сайысы 4 бөлім — «Адамзатқа көмек» атты шығармашылық тапсырма сайысы. 1 — бөлім Таныстыру 2 — бөлім Бала арманы 3 — бөлім Жағдаяттарды шешу Марат пен Саматқа «жас техниктер» үйірмесінде ұшақтың макетін жасау тапсырылды. Мараттың жасаған макеті барлық баланы қызықтырып, таң қалдырды. Ал Самат қанша талпынғанымен, өзі жасаған макетке көңілі толмады. Бұған Самат қатты ренжіді. (балаларға татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болады?) Сіздің балаңыз атасы мен әжесінің тәрбиесінде болған, ал кәзір балаңызды өз қолыңызға алдыңыз, бірақ, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз? Жарас балалармен де тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Жараспен ойнағысы келетін. Барлық уақытта сыныптастарына ықтиярмен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын. Ал Қанат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болумен шаршайтын. Қанатқа осындай қылықтарынан соң балалар да көп жоламайтын болды. ( Қанатты қалай көпшіл болуға үйретуге болады?) Жарас Қанатқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Қанат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды. (достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?) Арман мен Ардақ автобуста келе жатыр еді. Автобуста бір әжей өзін нашар сезінді. Ардақ әжейге жүгіріп барып «Әже , сәл шыдаңыз, мен қазір жедел жәрдемге телефон соғамын» деді де жедел жәрдем шақырды. Жедел жәрдем әжейді ауруханаға алып кетті. Арман Ардақтан : сен әжейді танисың ба? — деп сұрады. Ардақ ол әжейді мүлдем танымайтын еді….(Арманға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңыз?)( Сыныпта енді ғана орнатқан желдеткіштің тұтқасын байқаусызда сындырып алдың. Айналаңда өзіңнен басқа ешкім жоқ. (Сенің әрекетің?) 4 — бөлім Адамзатқа көмек
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.