Сөз және оның мағынасы, синоним

0
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категория: бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Синоним дегеніміз не?
2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Синоним, антоним, (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: Синонимге мысал келтіре алады
Көпшілік оқушылар: Синонимге мысал келтіреді және ажырата алады
Кейбір оқушылар: Синонимге мысал келтіреді, ажыратады және мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады.
Бағалау критерийлері: Синоним, антоним, омоним сөздерді біледі және олардың мағынасын түсіндіреді, оны сөйлеу барысында қолданады
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды топтық жұмыс кезінде бір – біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру
АКТ қолдану дағдылары: Оқулық, маркерлер, карточкалар, суреттер, тестік қима қағаз.

Сабақтың басы 5 минут
I. Ширату
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға, солға қарады
Үлкен тау деп ойлады

II. «Ой қозғау» әдісі
1. Сөз дегеніміз не?
2. Зат есім дегеніміз не?
3. Сын есім дегеніміз не?
4. Сан есім дегеніміз не?
5. Етістік дегеніміз не?
Сөз табы қандай сұрақтарға жауап береді.
Мысал келтір:

Сабақтың ортасы 7 минут
Ұжымдық жұмыс
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу
Тізбектей оқу
1 — тапсырма
Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазамыз.
Дәптермен жұмыс
Инабатты, ибалы. Ықыласты, ынталы
Сөздік: Бұлтаң – мінездің құбылуы, өзгеруі
Ереже: Синоним — тілімізде білдіретін мағынасы бір – біріне жақын, бірақ дыбысталуы әр басқа сөздер: әдемі, сұлу; алыс, шалғай т. б
2 — тапсырма
Жұппен жұмыс
Рақат қой салқын су (тақырыпты өз ойларымен ашу, сосын автордың ойымен салыстыру)
«Ойлан — жұптас — талқыла» әдісі
Топпен жұмыс
I топ
Ребусты шеш. Шешуіндегі сөздің синонимін тап

Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы
бастауыш пәні мұғалімі
Жолтаева Гаухар Айжарыққызы

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/