Home›Білім›Педагогикалық кеңес. Баяндама. Бастауыш сынып оқушыларыныңшығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
Педагогикалық кеңес. Баяндама. Бастауыш сынып оқушыларыныңшығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
13 Қаңтар, 2019, 04:54
0
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Педагогикалық кеңес. Баяндама. Бастауыш сынып оқушыларыныңшығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.
Автор: Масалимова Гульжаз Ахметбековна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Баяндамалар, реферат Сыныбы: 2 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-12
Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұсаздарға тәжірбие бөлісу мақсатында ұсынылады. Оқушының шығармашылығын дамытудың жолдары өте көп. Әркім өз таңдауы бойынша іске асырады.
Педагогикалық кеңеске баяндама.Бастауышсынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыружолдарыБүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өрталабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талапетіпотыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талапетеді.Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жолбермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнынтабуға көмектеседі. Өйткені адамтуынды ғана емесжаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілікартатынкүрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізеалатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатыназаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы бастауышсыныптарданбастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тысшешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.Шығармашылық —бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезіненбастап, бүгінгі күнге дейінжеткенжетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткенжетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде солжетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіреотырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер бастынысанаболып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруытиістідепойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасынадамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларыболыпсаналатынбастауыш мектептің орныерекше.Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертедензерттеліпкеледі. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегінежеткендеп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен сонышешімдеріздестіруболыптабылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініпалуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілібір әрекеті орындауға жағдай жасайтынжекееркешеліктерідейкеле, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.Демек, бастауышсынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекшемына жағдайларға айрықша тоқталу жөн.Бірінші—адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдейемесекендігінсыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Біріесепке жүйрік болса, екіншісітілге бай, ал ендібіреулерісурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басымбалалардаойлауоперациялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларданақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілербасымболады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларыменерекшеленеді.Екінші — адамдарбойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола мадегенсауал төңірегіндегі пікірлержайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адамбойында әрекеттің бірнеше түрін оындайалу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
Шығармашылық — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенгекеліпсаяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізудеп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі.Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдарбойы шығармашылық барлық адамның қолынан келебермейдідеп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілібіршарттар орындалған жағдайда кезкелгенбаланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.Бастауышсынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кезкелген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезгедейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кезкелген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы—ол баланың өзін-өзі қалып тастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешугеталпынысжасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауышсынып оқушыларының кезкелгені шығармашылық тапсырмаларшешудітабыспенмеңгереалады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуыбастынысанаболыпалынуыменбайланысты, оқулықтарда берілгентапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеденжалпыны шығару, жалпыныжекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестіккебаулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіскесалатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліпотырылуыбіз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.