5 саны және цифры, 5 саны мен цифры, заттың пішіні, геометриялық фигуралар
Бөлімі: «ҚМҚТ», «Көркем әдебиет», «Сөйлеуді дамыту».
Тақырыбы: 5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 — 5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру. Кеңістікті бағдарлау: «алдында», «үстінде», «астында», «артында»
Мақсаты: Балаларды заттарды саны бойынша салыстыруға (қанша, сонша, бірдей), санауға жаттықтыру, пішіндерді бір — бірінен ажыратуға үйрету. Заттарды кеңістікте орналасыуына қарай анықтап салыстыруға үйрету. Балалардың ойлау қабілетін, тілін, танымдық қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Әр баланың өзінің жеке жұмысын жасап қана қоймай, өзге достарына да көмектесуге тәрбиелеу. «алдында», «үстінде», «астында», «артында» түсініктерін бекіту.
Көрнекілігі: Үйшік, тышқан, бақа, қоян, қасқыр, түлкі, көкөністер (муляж) 1 — ден 5 — ке дейінгі сандық карточкалар, ғажайып қоржын, шеңбер, үшбұрыш, шаршы, сопақша.
Билингвальный: аю — медведь, бақа — лягушка, қоян — заяц, түлкі — лиса, қасқыр — вольг.
Мотивациялық — қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Ағаштардан шық түсті,
Терезеден қарады.
Ояндың ба, балақай,
Қайырлы таң, қайырлы таң алақай!
Балалар біз өткен оқу қызметінде 5 санын өттік қане қайталап еске түсіріп жіберейікті, тыңдаңдар
— Үшінші орында қандай ойыншық тұр?
— Қоян нешінші тұр?
— Аю ше?
— Қайсы ойыншық бесінші орында
— Ал маймыл нешінші орында орналасқан?
Ұйымдастырушылық — ізденістік
— Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
Олай болса «Үйшік» ертегісін есімізге түсіріп, ертегі кейіпкерлеріне орманға қонаққа барайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін тапсаңдар біз орманға қандай көлікпен баратынымызды білеміз.
Бір керуен қатарында өңшең түйе,
Ауызынан жалын шығар қара күйе,
Жүрмейді ұрса — дағы басқалары,
Бәріне жалғыз бура болған ие.
Ал балалар пойызға отырып орманға жол шығайық.
Балалар мұнда көптеген шыршалар бар екен қане санап көрейікші.
Балалар біз орманға кіру үшін шыршаларды рет — ретімен қойып тапсырманы орындауымыз керек екен. Орындаймыз ба?
Үш қатардағы жолақшаға шыршаны қойып шығуымыз керек. Үлгіде (үстінде 5еу, астында 3еу, ортасында 4 шырша болады.)
Үстінде 4 шырша
Астында 0 шырша
Ортасында 2 шырша тұр
Неше шырша қосамыз. Шырша қандай пішіндерден құралды.
Жарайсыңдар балалар.
Қане біз пойызымыздан түсіп жаяу орманға кірейік мына көпір бұзылып қалған көрінеді балалар мына ағаштардан көпір құрап көпірден өтуіміз керек.
Мына ағаштың көлем қандай, ал мынау ше. Ағаштың қандай пішінге келеді.
Жарайсыңдар тапсырмаларды орындадыңдар.
Қараңдаршы мұнда үлкен бір үйшік тұр екен қане бұл үйшікке бірінші кім келеді екен бақылайықшы.
Тәрбиешісі: Құлмаханова Аягөз
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 — 5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру. жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/